Атырау облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы

Атырау облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы

Share

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы

23/07/2026

«Digital Qazaq: қазақ тілін үйренудегі жаңа мүмкіндіктер» – қазақ тілін заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен тиімді әрі қызықты меңгеруге бағытталған жоба.
Жобамыздың кезекті шығарылымында қазақ тілінің емле нормаларын меңгеруге арналған Emle.kz сайтымен танысамыз. Бағдарлама барысында порталдың негізгі мүмкіндіктеріне тоқталып, оның қазақ тілін дұрыс жазу мен сауатты қолданудағы пайдасын көрсетеміз.

20/07/2026

📚 Білім көкжиегіңізді кеңейтіп, пайдалы ақпараттан құр қалмаңыз!

14/07/2026

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858–1931) – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, философы, тарихшысы, аудармашысы, сазгері. Ол Абай Құнанбайұлының немере інісі әрі шәкірті болып, Абайдың ағартушылық дәстүрін жалғастырған көрнекті тұлға.

05/07/2026

🪕 Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

2018 жылдан бері шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып келеді. Бұл мереке – халқымыздың рухани мұрасын, ұлттық өнері мен төл мәдениетін ұлықтайтын ерекше күн.

Домбыра – қазақтың тарихы мен тағдырын, қуанышы мен мұңын, салт-дәстүрі мен болмысын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті аспап. Қос ішектен төгілген күй халқымыздың асыл қазынасы болып қала береді.

Домбыра

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

📝 Қадір Мырзалиев.

04/07/2026

💫«Орталықта қонақта» айдарының бүгінгі қонағы Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы Бейімбет Каримовпен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

03/07/2026

📚 А2 деңгейіндегі ағылшын тілі курсы басталды! 🇬🇧

Атырау облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында ағылшын тілін меңгеруге ниетті тыңдаушылар үшін А2 деңгейіндегі курс өз жұмысын бастады.

Курс барысында қатысушылар күнделікті қарым-қатынасқа қажетті сөздік қорын молайтып, грамматикалық білімдерін жетілдіріп, тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлесім дағдыларын дамытады.

Барша тыңдаушыларға жаңа оқу кезеңінде сәттілік, жоғары нәтиже және білім жолында табыс тілейміз!

#Атырау #ТілОрталығы #АғылшынТілі #ТілҮйрену #Білім

03/07/2026
Photos from Атырау облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы's post 30/06/2026

💫Мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында “Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік символы” байқауы

30/06/2026

💫Бүгін Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен, “Тіл” оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында “Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздік символы” облыстық байқауы өтті.
Іс-шараны “Тіл” оқу-әдістемелік орталығы басшысының міндетін атқарушы Қанат Хамитұлы Құлшар ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

💫Байқау нәтижесінде ЮН Дмитрий Осипович(Атырау қаласы),Власенко Олеся Олеговна(Атырау қаласы),Сарсенгалиева Вероника Маратовна(Жылой ауданы),Борбова Людмила Семеновна(Махамбет ауданы) алғысхатпен және 🥉lll орын - Мурсеитова Динара Именжановна( Исатай ауданы)
🥈ll орын Стомма Райгуль Александровна(Қызылқоға ауданы),🥇l орын Халменова Виктория Валериевна( Құрманғазы ауданы)🏆Бас жүлде - Кабдулкаримова Полина Андреевна (Атырау қаласы) иеленді. Барлық қатысушылар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпазы республикалық кезеңге жолдама алды.

#тілсаясатыкомитеті
#тілоқуәдістемелікорталығы
#этносөкілдері

29/06/2026

💫«Орталықта қонақта» айдарының бүгінгі қонағы «ATYRAU PRESS» сайтының бас редакторы, ақпарат саласының үздігі - Қаршыға Көшековпен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Want your school to be the top-listed School/college in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Улица Курмангазы 12Б
Atyrau
060000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00