18/12/2025
Russian with Aiym
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Russian with Aiym, Education, Atyrau.
18/12/2025
18/12/2025
Осы жылғы осымен қорытындыладым💖
Мені осы жолда, қиын күндерде қолдап жүрген баріңізге көп рақмет, бұл жолда менің күйеуімнің, отбасымның рөлі тым ерекше.
Бәріне рақмет, бәріміз дүниелі де, рухани да бай болайық🫶🏻
14/12/2025
Айтатын сөздерім көөөп еді ұялдым, салмайыншы дедім, еріндім, тасташ дедім, бірақ жұмыс, блог қырт шырт демей тек жанымдағы “дүние” сыртқа шықсыншы дедім.
Көптен бергі ішімді тырнаған сөздер,
Сезілмейтін сезімдер
Үнсіз жылаған кездер,
Таусылмайтын төзімдер..
Қайтпайтын уақыт,
Айтып келем өзіме “езілме”.
Берілме тым көп деп сезімге,
Қарама деп өзіңе безіне…
16/10/2025
🍂
21/04/2025
Бақыт, ол өзіңдікі… өзімдікі…
Жақсылықтың бәрін көрген көзіңдікі,
Бақыт ол махаббат пен сыйластықты
Шынайы сезе білген сезімдікі…
21.04.2025
#өлеңдерім
09/03/2025
Автор этого поста не я, увидела в тридс, и наконец-то отправила и ответила мужу на вопрос: почему ты говоришь что устала, дети это радость?!
Но правда есть правда, измотанные мамы всегда и везде, самое главное иногда отдыхать, давать себе расслабиться…🤍🫂
05/01/2025
Мазалама мен бүгін демалам, дем алам🫂…
Обновление разума… сердца… каково мне сейчас знает только господь. И человек по воле Аллаха, ставший частью моей жизни…
26/11/2024
Красота-в глазах смотрящего…
Әдемілік-көрушінің көздерінде…
Сізше қалай?
24/08/2024
Еркесі, елігі ең нәзік,
Көркемі, көрінбес ғажабы
Ол да бір жүргендей шын сезіп,
Бөлмейді көңілді, алмайды мазаны…
Бір әлем, бір дүние, бір өмір,
Берілген екенін шын ұқтым.
Түс көріп жүргендей екенмін,
Дауа бол, жаныма қылықтым…
Ешкімге де емес бұл арнау,
Ішімнен шыққан рас сезімдер.
Рұқсат па маған сәл қиялдау,
Мүмкін бәрі өзгеше сезілер…
Тым жақын болмадым әкеме,
Болуы хақ дедім “әкелер”,
Бар дедім, іздейтін “қызым” деп-
Мен бүгін мұқтажбын әкеге…
Менде де бүгін бар екі қыз,
Анасы мен болдым олардың.
Отырып шай ішпейді екенбіз,
Солардың қызықтап “қадамын”…
Енді енді, түсініп, ес кіріп,
Білдіртпей тіреу бар деп жүргем
Папасы жоқ енді, естінің,
Атасы болады деп жүрсем…
23.08.2024
22/08/2024
Енді менде өзіндік бір әлем бар…
Менің “әлемім” бар болғалы 3 жыл болыпты, бұдан алдын да өз отымды түтетіп, әйел болғаныма, бір қыздың ата-анасы болдық дегенге мұнша көңіл бөліп, менің әлемім бар деген ойда болмаппын… Мүмкін ойым далада болған болар…
Басымызға баспана керек, астымызға өз көлігіміз болсын, жұмысымыз болсын, ақшамыз болсын… Неғылған көп сұраныспен өмір сүріппіз, мүмкін менің жолдасымның емес, менің ойымды мазалаған осы дүниелер болар…
Тамыздың 8-і менде ӨЗ отбасым өз шаңырағымыз бар болғанына 3 жыл болған екен, көлігіміз бар, 2 дені сау балапанымыз бар екендігіне де…
Ал, бірер сағаттан кейін осы өмірде менің бар болғаныма 24 жыл толады екен… Бірақ, осынша қалауларым орындалғанымен, оның құнын түсіну үшін әкесіз қалам деп ойламаппын…
Өкпем де, назым да жоқ, тек бұны да бағаламадым-ау деген өкініш кернейтіні болмаса…
24 жасар Айым, жаңа өмір парақтарың кіршіксіз әлем болсыншы, іші мағынаға толсыншы, кірлемесінші…
10/08/2024
Құрсағымда екінші балапанымыз жатқалы ойға салып, қайткенде қалай болады деп көп ойланғанымыз рас.
Тұңғышымызға қарағанда уақыт білінбей, түрлі өзгерістерге куә болып үлгердік. Жақсылығы көп әрине. Алайда, жақсылықтың жанында да бір жүректі ауыртар дүние қалды демесек. Ана атанып, әке болып жауапкершілікті өзімізге мрл алған кезеңіміз.
Аллаһым, тек осы сәбилердің қызығын көріп, жақсылығын жаңалықтауға жазсын.
Ал, әйел адам атаулыға, алдымен анама, бағып қағып өсірген апам, әжеме бөлек бас иемін. Ана болудың жолының өзі, бала қолға тигенше қанша ауыр екенін біле тұра осы ерлікке баратын тек әйел атаулысы ғана. Жүрегімізге жылу сыйлап, құрсағыма сиып біткен екі балапанымыздың ата-анасы болу Аллаһтың берген нығметі мен сиынан екенін ұмытпаймыз…
——
Никто особо не знал об этой новости, кроме близких и друзей, некоторые студенты знали. Конечно, беременность и семейные новости это нечто интимное, сокровенные чувства. Поэтому, если кто не знал, значит пришло время для этого сейчас. Если бы папа мой был бы рядом, в мире этом, он бы был счастливым дедом, который любовался и игрался со своими внучатами …💙
——
Click here to claim your Sponsored Listing.