Intellect_atyrau

Intellect_atyrau

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Intellect_atyrau, Education, Исенова 85 , мкр. Нурсая ЖК СҰҢҚАР, Atyrau.

Photos from Intellect_atyrau's post 19/03/2026
07/03/2026
07/03/2026

Ана мен үшін…
Ана — мейірімнің, қамқорлықтың және шексіз махаббаттың символы. Ол әрқашан жанымыздан табылып, қолдап, дұрыс жолды көрсететін ең жақын жан. Ана жүрегі — ең жылы, ең мейірімді жүрек.

Осы шуақты көктем мерекесінде барлық аналарымызды 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 🌸
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақыт пен береке тілейміз. Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын.

Ана — біздің ең үлкен байлығымыз.
Аман болыңыздар, аяулы аналар! 💐

04/03/2026

3–4 жас балаларына арналған қамырмен жұмыс

Қамырмен ойнау – баланың ұсақ моторикасын, қиялын және сөйлеу қабілетін дамытуға өте пайдалы әрекет 🤍

Пайдасы:

• Саусақ бұлшықеттерін дамытады
• Зейін мен шыдамдылықты қалыптастырады
• Түстер мен пішіндерді ажыратуды үйретеді
• Шығармашылық ойлауын арттырады

Қарапайым тапсырмалар:

– Домалақ, ұзынша пішіндер жасау
– Жеміс-көкөніс бейнелерін мүсіндеу
– Қалыптармен әртүрлі пішіндер шығару
– Қамырды үзу, жапсыру, басу арқылы өрнек жасау

Сабақ барысында балалар еркін ойнап, өз қиялындағы бейнелерді жасайды. Ең бастысы – қауіпсіз, жұмсақ және табиғи құрамды қамыр қолдану ✨

04/03/2026

8 Наурыз – Халықаралық аналар күніне орай МАД тобының бүлдіршіндері ерекше көрініс қойып, аналарға деген шексіз махаббаты мен алғысын сахна арқылы жеткізді 💐

Балалардың шынайы күлкісі, жүрекжарды сөздері мен өнерлері кешімізді одан сайын әсерлі етті.

Осындай мейірімге толы сәттер үшін кішкентай өнерпаздарымызға және жетекшілеріне үлкен алғыс білдіреміз 🤍

27/02/2026

Сабақтарымыз заманауи әдістемелерге негізделген, ал ұстаздарымыз әр баланың қабілетін ашуға бар күшін салады.

Ойын арқылы оқу, логикалық ойлау, шығармашылық тапсырмалар — бәрі баланың жан-жақты дамуына бағытталған.

Photos from Intellect_atyrau's post 27/02/2026

Интеллект оқу орталығында – бақытты балақайлар 💛

Біздің Интеллект оқу орталығында әр бала — ерекше тұлға. Біз үшін ең маңыздысы — баланың тек білім алып қана қоймай, өзін еркін сезінуі, қызығушылықпен үйренуі және қуанышпен дамуы ✨

19/02/2026

Құрметті оқушылар, ата-аналар және ұстаздар!
Интеллект оқу орталығы сіздерді Қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтайды 🌙✨

Бұл ай әр шаңыраққа береке, тыныштық және мейірім алып келсін.
Оразаларыңыз қабыл болып, жүректеріңіз нұрға толсын!

Сіздерге зор денсаулық, табыс және жақсылық тілейміз 🤍

Want your school to be the top-listed School/college in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Исенова 85 , мкр. Нурсая ЖК СҰҢҚАР
Atyrau
060000