Altyn besik bóbekjaı

Altyn besik  bóbekjaı

Share

Qurmetti Instagram qoldanýshylary! Atbasar qalasyndaǵy "Altyn besik" bóbekjaı-baqşasynyń paraqşasyna

13/05/2026

🍕 Бүгін «Ақ бота» ортаңғы тобында қызықты кулинарлық іс-әрекет өтті!
Балалар пицца дайындауға қажетті азық-түліктерді дайын пицца шаблонының үстіне жапсырып, өз қиялдары мен шығармашылықтарын көрсетті. 🧀🍅
Ойын арқылы балалар азық-түлік атауларын қайталап, ұсақ моторикасын дамытып, ұжыммен жұмыс жасауға үйренді. ✨

12/05/2026

Бүгін «Алтын бесік» бөбекжайының мектепалды «Ақ бұлақ» және «Күн сәулелер» топтарының тәрбиеленушілері Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі оқу ордасына экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында балалар мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, сынып бөлмелерін аралап, ұстаздармен жүздесті. Болашақ оқушылар үшін бұл күн ерекше әсерге толы болып, мектепке деген қызығушылықтары мен ынталары арта түсті.
Мектеп ұжымына жылы қарсы алып, танымды экскурсия ұйымдастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз. Балаларымызға жарқын болашақ пен сәтті қадам тілейміз! ✨

12/05/2026

«Ақ бұлақ» тобының ата-анасы Акишев Б. А.-ға «Алтын бесік» бөбекжайына көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.Сіздің қолдауыңыз бен жанашырлығыңыздың арқасында балабақша аумағын көркейту жұмыстары жүзеге асуда. Балаларымыз үшін жайлы әрі таза орта қалыптастыруға қосқан үлесіңіз үшін үлкен рақмет.Сізге белсенділігіңіз, қамқорлығыңыз және немқұрайлы қарамай, қолдау көрсеткеніңіз үшін зор алғыс айтамыз!

12/05/2026

Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес «Жұлдыз» мектепалды тобының тәрбиеленушілері №3 мектепке экскурсия жасады.
Экскурсия барысында балалар мектеп ғимаратын аралап, оқу кабинеттерімен, кітапханамен, спорт залымен, асханамен және акт залымен танысты. Өте қызықты әрі танымдық экскурсияны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Габбасова Айгүл Бекарстанқызы өткізді.
Болашақ бірінші сынып оқушыларына мектептегі тәртіп ережелері, оқу құралдары және оқушының күн тәртібі туралы айтылды. Балалар парталарға отырып көріп, оқулықтар мен дәптерлерді қарап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.Согласно плану работы по преемственности школы и детского сада ребята предшкольной группы « Жұлдыз» провели экскурсию в школу №3.
В ходе экскурсии дети посетили здание школы, познакомились с учебными кабинетами, библиотекой, спортивным залом, столовой и актовым залом. Очень интересную и познавательную экскурсию провёла Заместитель директора по учебной работе Габбасова Айгуль Бекарстановна. Будущим первоклассникам рассказали о правилах поведения в школе, школьных принадлежностях и режиме дня ученика. Дети смогли посид

12/05/2026

Біздің кіші «Сәби» тобы – нағыз кішкентай құрылысшылар!
Бүгін бүлдіршіндеріміз өз қиялдарымен әдемі үй құрастырып, үлкен қуанышқа бөленді.
Ойын арқылы олар бірлесіп жұмыс істеуді, шығармашылықты және ұсақ моториканы дамытты.
Кішкентай қолдар – үлкен армандардың бастауы!

12/05/2026

Балалар құрылыс бөлмесіне барып, қызықты ойындар ойнады. Олар түрлі бөлшектерден әдемі үйлер құрастырып, бірге көңілді уақыт өткізді. Балалар өз қиялдарын дамытып, бір-бірімен тату ойнады.
Кіші "Қуаныш" тобы

11/05/2026

Мектеппен сабақтастық жоспарына сәйкес бастауыш білім беру педагогтеріне арналған В.В. Воскобович әдістемесі бойынша «Воскобовичтің дамытушы ғажайыптары» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағатының мақсаты:
педагогтердің білім беру үдерісінде В.В. Воскобовичтің дамытушы ойындарын қолдану бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Шеберлік сағаты барысында қатысушылар балалардың танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын, қиялын және сөйлеу тілін ойын әрекеті арқылы дамытуға бағытталған Воскобович әдістемесінің негізгі қағидаларымен таныстырылды.
Сонымен қатар «Сиқырлы сегіздік», «Воскобович шаршысы», «Коврограф», «Складушки» сияқты дамытушы ойындар таныстырылып, олардың білім беру мүмкіндіктері ашылып көрсетілді және оқу қызметінде қолдану жолдары тәжірибе жүзінде ұсынылды.
Согласно плану работы по преемственности со школой, для педагогов начального образования проводился мастер –класс по методике В.В.Воскобовича на тему «Развивающие чудеса Воскобовича».
Цель мастер-класса:
Повышение профессиональной компетентности педагогов в использовании развивающих игр по методике В.В.Воскобовича в образовательном процессе.
В ходе мастер-класса участники были озн

11/05/2026

«Жұлдыз» мектепалды тобында «Ғарыштық білімдерге саяхат» тақырыбында қорытынды кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқу жылы барысында балалардың меңгерген білімдерін, біліктері мен дағдыларын ойын арқылы қызықты түрде бекіту.
Сабақ ғарыштық саяхат түрінде ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер Білім ғаламшарларына ерекше сапарға аттанды. Саяхат барысында балалар сөйлеуді дамытуға, математикалық түсініктерді қалыптастыруға, логикалық ойлауға, есте сақтау мен зейінді дамытуға, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге арналған түрлі тапсырмаларды орындады. Балалар белсенділік танытып, өз бетінше жұмыс істей білді, топпен ынтымақтаса әрекет етіп, ойын жағдайларында шешім қабылдап, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білді.
Балалардың ерекше қызығушылығын ғарыштық кейіпкермен кездесу тудырды. Ол саяхат барысында балаларға серік болып, сиқыр мен жаңалық ашу атмосферасын сыйлады. Сабақ барысында ойын технологиялары, проблемалық оқыту элементтері, дидактикалық ойындар, музыкалық сүйемелдеу және көрнекі материалдар кеңінен қолданылды.
В предшкольной группе"Жұлдыз" было проведено итоговое интегрированное занятие на тему «Космическо�

10/05/2026

Бүгін балабақша аумағы мен ойын алаңдарына дезинфекция жұмыстары жүргізілді.
Сегодня была проведена дезинфекция территории и игровых площадок детского сада.

08/05/2026

«Ақ бота» ортаңғы тобы Жеңіс күніне орай «Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбында асфальтқа сурет салып, бейбіт өмірдің қадірін жүректерімен жеткізді 🌞
Балалардың әрбір бояуы – тыныштықтың, достықтың және жарқын болашақтың белгісі.
Көк аспанымыз ашық, күніміз әрқашан жарқырап тұрсын!

Want your school to be the top-listed School/college in Atbasar?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


1 Shaǵynaýdany 9-qurylys
Atbasar
020400