22/04/2026
🏆 Қазақстан Республикасы Студенттік спорт лигасы аясында Солтүстік-орталық дивизионының ерлер командалары арасындағы волейболдан өткен жарыста
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті АПУ ерлер командасы жүлделі 🥇 орын иеленді!
💪 Командалық бірлік, табандылық және тынымсыз еңбектің арқасында үлкен жетістікке қол жеткіздік!
🔥 Бұл – тек бастамасы, алда әлі талай жеңістер бар!
👤 Жетекші: Қонысбаев Қанат Болатұлын құттықтаймыз жеңісті күндеріңіз көп болсын!
📍 Көкшетау қаласы, 2026 жыл
13/04/2026
📅 13.04.2026
🎓 «Ғылым – болашақтың шамшырағы»
Ғылым күніне арналған марапаттау рәсімі
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін"Дене шынықтыру және спорт " білім бағдарламасының Аға оқытушысы
Ершатов Қайрат Битибаевич
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің
Құрмет грамотасымен марапатталды 🇰🇿🏅
🔥 Сонымен қатар, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, гуманитарлық салада белсенділік танытқаны үшін
"Дене шынықтыру және спорт " білім бағдарламасының жетекшісі
«Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен
Бейсенбаев Сүндетбай Қуандықұлы марапатталды 👏
Құрмет грамотасымен марапатталған барша әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін!
Жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
Бұл — жай марапат емес,
Бұл — деңгей ⚡
#Ғылымкүні #Қазақстан #құрмет #жетістік #еңбек
08/04/2026
🏆 Қазақстан Республикасы жастар арасындағы гир спортынан чемпионат
📍 Қостанай қаласында өтті
ФиС-12 тобының студенті
👤 Карлышев Константин Павлович
⚖️ Салмақ дәрежесі: 68 кг дейін
🏋️♂️ Дисциплина «толчек» — 🥈 2 орын
🏋️♂️ Дисциплина «ұзын цикл» — 🥇 1 орын + спорт шебері атағы
💪 Жоғары нәтиже көрсетіп, үлкен жетістікке қол жеткізді!
🔥 Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!
⸻
🏆 Чемпионат Республики Казахстан по гиревому спорту среди молодежи
📍 в городе Костанай
Студент группы ФиС-12
👤 Карлышев Константин Павлович
⚖️ Весовая категория: до 68 кг
🏋️ Дисциплина «толчок» — 🥈 2 место
🏋️ Дисциплина «длинный цикл» — 🥇 1 место + мастер спорта
💪 Показал высокий результат и достойное выступление!
🔥 Поздравляем и желаем новых побед!
08/04/2026
Қазақстан Республикасы жастар арасындағы гир спортынан чемпионат
📍 Қостанай қаласында өтті
ФиС-22 тобының студенті
👤 Шпилевой Александр Александрович
⚖️ Салмақ дәрежесі: 78 кг
🏋️♂️ Дисциплина: 32 кг гирьді жұлқу
💪 Жастар арасындағы жарыста өз шеберлігін көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетіп 1-орын иелеенді!
🔥 Алға қойған мақсаттарға жету жолында тек биіктерді бағындыра бер!
08/04/2026
ALTYNSARIN UNIVERSITY POWER 🏆
Алматы қаласында өткен әскерилер арасындағы ҚР чемпионаты нағыз күш пен қайсарлықтың сын алаңы болды ⚡
55 кг салмақ дәрежесінде Баймурзин Архат қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырынан көрінді 🏆🔥
Ол — Дене шынықтыру және спорт мамандығының 3 курс студенті, Университетіміздің намысын қорғап жүрген жас спортшы 💪
Бұл жетістік — Архаттың тынымсыз еңбегі мен мықты тәртібінің жемісі.
Жеңісінің арқасында ол әлем чемпионатына жолдама иеленіп, ел намысын қорғауға мүмкіндік алды 🇰🇿
Алда — үлкен мүмкіндіктер мен жаңа белестер!
Архатқа тек биіктерді бағындыруды тілейміз 🔥
08/04/2026
25-26 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында маңызды білім беру іс-шарасы өтті.
Баян-Өлгий аймақтық музыкалық драма театрында Қазақстанның 10 жетекші жоғары оқу орындары қатысқан ауқымды білім көрмесі ұйымдастырылды. Көрме барысында талапкерлерге оқуға түсу шарттары, ДШ ББ буклеттері, білім алу мүмкіндіктері және түрлі жеңілдіктер туралы кеңінен ақпарат берілді.
Аталған іс-шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің «Тарих және өнер» факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы С.К. Смагулов қатысып, талапкерлермен кездесіп, буклеттер таратып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бұл маңызды іс-шара «Отандастар қоры» КЕАҚ және Баян-Өлгий аймағы білім басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды.
Жастардың сапалы білім алып, болашаққа сенімді қадам жасауына бағытталған мұндай кездесулердің маңызы зор.
08/04/2026
31-01.04.2026 күндері Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай Волейболдан әйелдер арасында Жангелдин ауданының аймақтық біріншілігі ойындары өтті. Ойында командалар белсенді ойын көрсетті Университетімізден АПУ-1 командасы жүлделі бірінші орын алды АПУ-2 командасы 2 орын иеленді. Студенттерімізді құттықтаймыз!
03/03/2026
27.02-01.03.2026 күндері ҚР дене шынықтыру және спорт саласының қызметкері Даркенов Ораз Ғазезұлының 60 жас мерейтойына арналған қыздар арасында волейболдан ашық турнирі өтті.
Жарысқа Астана ,Қосшы,Арқалық қаласы, Амангелді Жангелді аудандарынан барлығы 18 команда қатысты.
Университетіміздің АПУ қыздар командасы жүлделі 1-орын иеленді.
Тартысты өткен жарыс өз мәресіне жетіп,үздіктер ақшалай сыйлықтармен,алғыс хаттармен,кубок пен медальдармен лайықты түрде марапатталды!
03/03/2026
2025-2026 оқу жылы кәсіби бағдар беру ісін жүргізу жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру және спорт ББ» мен «Барыс» спорт клубы ұйымдастыруымен 2026 жылдың 27 ақпан күні, қала мектептерінің оқушыларымен және Ақмола облысы, Жанкелдин, Аманкелді аудан оқушыларымен Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық Университеттің ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталған іс шараға 140 астам оқушы қыздар қатысты
Оқушылар өздерінің күнделікті дене шынықтыру сабақтары жөнінде «Шебер сынып» көріп, мамандық туралы, бірқатар мәліметтер алды. Бұндағы мақсат мамандықты насихаттау болатын.
Үгіт – насихат жүргізу, сонымен қатар тілек білдіруші талапкерлерді шығармашылық емтиханға дайындау жұмыстарына видео ролик және буклеттер үлестірілді.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.
Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
Қорыта айтқанда мектеп және университет арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттары
18/02/2026
Астана қаласында өткен қазақ күресінен ересектер арасында «Балуандар сайысы» республикалық рейтингтік турнирінің бірінші күн нәтижесі бойынша ДШС-21 тобының студенті Төлеу Мақсат 55 кг салмақ дәрежесінде тамаша күрес көрсетіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, І орын иеленді 🥇
Жеңіс құтты болсын! Алдағы белестерді бағындыра бер 💪🔥
24/02/2025
22- ақпан күні "ДЕНСАУЛЫҚ, ШАҢҒЫ ЖОЛЫМЕН-2025" қалалық шаңғы спорты фестивалі және бұқаралық шаңғы жарысында АрқПИ командасы тағыда жүлделі орындарды иеленді, айта кетсек жасерекшеліктері бойынша болған додада оқытушы Смагулов Саят 1-орын, аға оқытушы Ершатов Қайрат 3-орын, оқытушы Оразова Құндызай 1-орын, студенттер Нұрбек Нұржан 3-орын, Рахымжан Мәди 1-орын, Фарман Алтынай 1-орынды иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!