10/09/2025
ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАЙТА ҚАБЫЛДАНАДЫ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың бастамасын қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындады.
2025 жылдың 16 маусымы мен 18 тамызы аралығында өтінімдерді қабылдау [email protected] поштасы арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде үміткерлерден 1 391 өтінім («Ғылым» -130, «Мәдениет»-131, «Ақпараттық технологиялар» -218, «Бизнес» - 644, «Медиа»- 145, «Волонтерлік» - 123) келіп түсті. Оның ішінде 186 адамның құжаттары тексеріліп, ұйымдастырушылар тарапынан қабылданды ( тізімді сілтеме бойынша көре аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/856999?lang=kk)
Өтінімдердің көптігіне байланысты 5 қыркүйек күні таңғы сағат 5:00-ден бастап Gmail-дің өтінімдерді қабылдауға арналған электрондық пошта істен шығып, бұғатталды. 5 қыркүйектен бастап электрондық поштаны қалпына келтіру мақсатында IT мамандармен жұмыс жасалды, сондай-ақ Google компаниясының әкімшілігіне өтініштер жіберілді. Бірақ поштаны қалпына келтіру мүмкін болмады.
Жоғарыда аталған техникалық мәселелері ескере отырып, конкурстық өтінімдер 2025 жылдың 9-19 қыркүйек аралығында, түнгі сағат 24:00-ге дейін [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Тізімде бар 186 адамның өтінімдері қайта жіберуді қажет етпейді.
Грант бөлудің мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекет тарапынан қолдау.
2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.
Грант 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 706-618-07-23 (жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі (мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде):
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім (PDF форматы);
2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы (word форматы);
3) Жоба бойынша бейнематериал (60 секундтан аспайтын) немесе презентация
(10 слайдтан аспайтын);
4) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы
(word форматы);
5) Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса, PDF форматы);
6) Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (PDF форматы).
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
08/09/2025
Арқалық педагогикалық университетінің ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдады
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдады.
Президент Жолдауында жасанды интеллектті ел дамуының негізгі басымдығы ретінде атап өтті. Бұл міндеттер университет үшін де маңызды, өйткені оқу орны жастардың заманауи білім алуына, цифрлық сауаттылығын арттыруға және елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Осы орайда Мемлекет басшысы «Al-Sana» бағдарламасы аясында 100 мыңға жуық студенттің жоғары технологиялық жобаларға тартылып жатқанын,жасанды интеллект негіздерін үйрету және педагогтердің жаңа технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету қажеттігін атап өттi.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Арқалық қаласы әуежайының жаңартылып жатқанын ерекше атап өтті. Бұл – Торғай өңіріне деген мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған айрықша қамқорлықтың белгісі.Әр жаңару өңір тұрғындарының көңіліне үміт пен серпін сыйлайды.
Жиын соңында университет ректоры Т.Е. Ещжанов Президенттің бастамалары ел болашағы үшін айрықша маңызды екенін атап өтіп, ұжымды білім мен ғылым арқылы осы міндеттерді жүзеге асыруға шақырды.
05/09/2025
Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен университетіміз халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, білім беру сапасын арттыруды жалғастыруда.
Университетке шетелдік ғалымдар шақырылып, білім алмасу үдерісі төрт жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Осы уақыт аралығында Түркия, Словакия, Индонезия, Болгария және Ресейден профессорлар келіп, бір ай бойы студенттерге дәріс берді.
Биыл Түркиядағы Nigde Omer Halisdemir University-ден екі профессор келді:
Erdinc Demiray - филолог, тіл маманы, ғалым;
Dugen Turgay - саясаттанушы,тарихшы,ғалым.
Олар қыркүйек айы бойына дәріс оқитын болады.
Қараша айында Түркияның беделді профессоры Хикмет Кораштың келуі жоспарлануда.
30/08/2025
🇰🇿 Бүгін – халқымыздың қастерлі мерекесі, Конституция күні!
30 жыл бұрын қабылданған Ата Заң – біздің тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің айнасы.
Бұл мереке – еркіндігімізді, теңдігімізді және болашағымызға деген сенімімізді нығайтады.
Елімізге амандық, бейбіт өмір және жарқын болашақ тілейміз!
28/08/2025
Жаңа тағайындау
Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры болып Дүйсебекова Жайнагүл Мұратқызы тағайындалды.
Ректор Талғат Есмаханбетұлы жаңа проректорды профессорлық-оқытушылық құрамға таныстырып, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Жайнагүл Мұратқызы – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураны тәмамдаған. Бұған дейін SDU University-дің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы қызметін атқарған тәжірибелі маман.
Біз Жайнагүл Мұратқызын жаңа қызметімен құттықтап, табыс тілейміз!
25/07/2025
«ALTYNSARIN UNIVERSITY» ге жаңа ректор тағайындалды.
Бүгін Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры лауазымына Ещжанов Талғат Есмаханбетұлы ресми түрде тағайындалды.
Оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен және қызметкерлерімен өткен кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы жаңа басшыны таныстырып, оған жүктелген маңызды міндеттерді атап өтті. Ол өз сөзінде білім беру саласындағы жаңа реформалар мен жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы жүйелі жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, жаңа ректордың тәжірибесі мен біліктілігі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Талғат Есмаханбетұлы көрсетілген сенім мен қолдау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлына алғысын білдірді. Ол алдағы уақытта университеттің ғылыми-академиялық әлеуетін арттыруға, білім сапасын жетілдіруге және оқу орнының даму стратегиясын жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Сондай-ақ ұжыммен тығыз байланыста жұмыс істеп, жаңашыл бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін айтты.
18/03/2025
Преобразование института в университет принесёт значительные изменения как для самой организации, так и на более широком уровне.
Для университета:
Рост академического потенциала – появится возможность расширить образовательные программы, открыть новые направления подготовки и научные исследования.
Привлечение студентов и преподавателей – повышение статуса поможет привлечь больше студентов и магистрантов а также квалифицированных преподавателей.
Расширение научной базы – появятся новые лаборатории, исследования получат больше финансирования и возможностей для международного сотрудничества.
Повышение конкурентоспособности – университет сможет выйти на новый уровень в национальных и международных рейтингах, что привлечёт инвестиции и гранты.
Укрепление инфраструктуры – улучшение материально-технической базы, строительство новых корпусов и общежитий.
Глобальные перспективы:
Развитие региона – университет станет центром науки, инноваций и кадровой подготовки, что повысит экономический потенциал региона.
Приток талантов – больше возможностей для молодежи остаться учиться и работать в регионе, снизится отток квалифицированных кадров.
Международное сотрудничество – университет сможет активнее участвовать в глобальных академических и исследовательских проектах.
Научные и технологические инновации – усиление исследований приведёт к созданию новых разработок, внедрению передовых технологий и росту стартап-экосистемы.
Улучшение системы образования – университет станет образцом качества, что повлияет на развитие всей образовательной системы страны.
Таким образом, повышение статуса не только расширяет возможности самого университета, но и оказывает положительное влияние на региональное и национальное развитие. Преобразование института в университет – это не только новый этап в развитии образовательного учреждения, но и важный шаг для всего региона. Однако для достижения максимального эффекта необходимо параллельно развивать инфраструктуру города и культурную среду.
Комплексный подход к развитию:
Городская инфраструктура – с увеличением количества студентов и преподавателей необходимо улучшать дороги, общественный транспорт, жильё и сервисы.
Создание комфортной городской среды – благоустройство парков, зон отдыха, спортивных комплексов и общественных пространств повысит привлекательность города.
Развитие культурных мероприятий – организация научных конференций, фестивалей, выставок и концертов создаст живую академическую и культурную среду.
Стимулирование бизнеса и инвестиций – увеличение числа студентов потребует развития сферы услуг, что откроет новые возможности для малого и среднего бизнеса.
Международная интеграция – университет может стать центром международного сотрудничества, привлекая иностранных студентов, инвесторов и учёных.
Таким образом, преобразование университета должно сопровождаться развитием городской инфраструктуры и культурной жизни, чтобы создать благоприятные условия для роста науки, образования и общества в целом.
17/03/2025
СҮЙІНШІ!
Торғайдың ғылымы мен білімінің темірқазығына айналған жоғары оқу орны Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтына «университет» мәртебесі берілді.
Бәсекеге қабілетті білім шаңырағының еншісіндегі аталмыш жаңалық көпжылдық еңбегі бар профессор-оқытушылық құрам, студенттер мен ұжым үшін лайықты марапат үлкен олжа болды.
Жетістігі жемісті педагогикалық жоғары оқу орнының нарыққа мемлекет іргетасына мықты тіреу бола алатын маман даярлап келе жатқандығын алдыға тарта отырып, бұл мерейі үстем межемен баршаңызды құттықтаймыз!
Осы ретті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлына зор алғысымызды білдіреміз!
22/01/2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Жастардың кадрлық әлеуетін дамыту – Ы.Алтынсарин ат.АрқПИ қызметіндегі басым міндеттердің бірі.
Біздің оқытушылар PhD докторантура шеңберінде Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқып, табысты қорғап келеді .
Бұл оқытушылардың жеке және кәсіби өсуінің маңызды көрсеткіштерінің бірі және жалпы ЖОО-да білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Жақында Altynsarin institute-ның "Химия, биология, география" ББ жетекшісі, экономика және бизнес магистрі Сағынғали Ғабизиятұлы Қалқашев Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторлық диссертациясын (PhD) сәтті қорғады.
Әріптесімізді философия докторы (PhD) дәрежесін беруімен құттықтаймыз. Әрі қарай кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер, сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!