30/05/2020
Фибоначчи сандары( Фибоначи деп те жазылады) — келесі тізбек элементтері.
0, 1, 1, 2, 3, 5, 8, 13, 21, 34, 55, 89, 144, 233, 377, 610, 987, 1597, 2584, 4181, 6765, 10946, 17711, … ,...
Тізбекте алғашқы екі сан 1 мен 1,немесе, 0 мен 1 болып басталады, ал келесі әрбір саны,оған дейінгі екі санның қосындысына тең. Ортағасырлық математик Леонардо Пизанскийдің құрметіне Фибоначчи деп аталған.
Бұл тізбек ең бір ерекше тізбектердің бірі. Бұл сандар арасындағы заңдылық біраз жерде өте дәлдікпен орындалады.Табиғатта көптеген құрылымдар осы сандар заңдылығынан алынған "Алтын қима" арқылы көрініс табады.