КГП на ПХВ "Высший медицинский колледж" УОЗ г.Алматы

КГП на ПХВ "Высший медицинский колледж" УОЗ г.Алматы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from КГП на ПХВ "Высший медицинский колледж" УОЗ г.Алматы, School, Улица Л. Чайкиной, 12А, Almaty.

10/06/2026

2026 жылғы 10-12 маусым аралығында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) «mhGAP Intervention Guide» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдердегі психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар мәселелеріне арналған «Mental Health Gap Action Programme (mhGAP) бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарын даярлау» тақырыбындағы оқыту семинары өткізілуде.
Іс-шараны Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лайла Тұрсынбекқызы Иманғалиева ашып, қатысушыларға жемісті жұмыс пен бағдарламаны табысты меңгеруге тілектестік білдірді.
Семинардың ашылу барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиевтің, Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвардың және Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Әбдіқадырқызы Назарованың атынан құттықтау бейнеүндеулер ұсынылды.
Оқыту бағдарламасын ЮНИСЕФ-тің ұлттық мастер-тренерлері – Наби Болатович Есимов, Мария Валерьевна Токарева және Аякөз Абдыкадырова жүргізуде.
Семинарға Алматы қаласын

09/06/2026

2026 жылғы 9 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Жоғары медициналық колледжі» КМК-сына Корея Республикасының Чунхэ медициналық ғылымдар университетінің (Choonhae College of Health Sciences) делегациясы ресми сапармен келді.

Сапар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, медициналық білім беру саласындағы тәжірибе алмасуға және екі оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастық перспективаларын талқылауға бағытталды.

Делегация құрамында халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директор орынбасары, даму саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры, радиология кафедрасының профессоры Ким Ёнрэ, қабылдау комиссиясының директоры және Global Beauty кафедрасының меңгерушісі профессор Чхве Ёнчжин, даму саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталығының жауапты профессоры, мейіргер ісі кафедрасының өкілі профессор Ким Юми, Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық елшісі Ким Сан Ук және «Ханин Ильбо» газетінің директор орынбасары Ли Хён Гён болды.

Сапар аясында қонақтарға колледж қызметі, білім беру бағдарламалары, заманауи материалдық-техникалық базасы және даму бағыттары таныстырылды. Колледж директоры оқу орнының жетістіктері, медициналық кадрларды даярлау жүйесі және алдағы даму жоспарлары туралы таныстырылым ұсынды.

Өз кезегінде Чунхэ медициналық ғылымдар университетінің өкілдері университет қызметі туралы бейнеролик көрсетіп, денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар медициналық білім беру саласындағы серіктестікті дамытуға, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою колледждің халықаралық байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болып, оңтүстіккореялық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз қалады.

Photos from КГП на ПХВ "Высший медицинский колледж" УОЗ г.Алматы's post 05/06/2026

2026 жылдың 4 маусымында Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК «Жасанды интеллект және қоғамның цифрлық трансформациясы – 2026» тақырыбында білімгерлердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты - студенттердің зерттеу дағдыларын дамыту, инновацияларға қызығушылығын арттыру және болашақ медицина мамандарының сандық құзыреттілігін қалыптастыру.

Конференция барысында денсаулық сақтауда жасанды интеллектті қолдану, білім беруді цифрландыру мәселелері, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізудің этикалық және құқықтық аспектілері қаралды.

Конференция қорытындысы бойынша үздік жұмыстар дипломдармен марапатталды:

1-ші орын: – Саринов Айсер ЛД 25-4
2-ші орын: - Сабыр Мирас Д 24-03
3-ші орын: - Нурганат Дина АІ 25-18
3-ші орын: -Бурхандинова Наиля, Ивраимова Нигара ЛД 24-2

Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге белсенді жұмысы үшін алғыс айтамыз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыстар, жаңа жетістіктер мен ғылыми жаңалықтар тілейміз!

4 июня 2026 года в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г. Алматы состоялась студенческая научно-практическая конференция «Искусственный интеллект и цифровая трансформация общества – 2026».
Цель мероприятия — развитие исследовательских навыков студентов, повышение интереса к инновациям и формирование цифровых компетенций будущих медицинских специалистов.
В ходе конференции были рассмотрены вопросы применения искусственного интеллекта в здравоохранении, цифровизации образования, а также этические и правовые аспекты внедрения современных технологий.
По итогам конференции дипломами отмечены работы следующих студентов:
1 место - Саринов Айсер (ЛД 25-4)
2 место - Сабыр Мирас (Д 24-03)
3 место - Нурганат Дина (АІ 25-18)
Бурхандинова Наиля, Ивраимова Нигара (ЛД 24-2)
Благодарим всех участников и научных руководителей за активную работу! Поздравляем победителей и желаем дальнейших успехов, новых достижений и научных открытий!

04/06/2026

2026 жылғы 4 маусымда Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Нұрлан Дәулетқұлұлы Тлешәлиев және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Айдана Ақзатқызы Ұрмағамбетова қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасты.
Осындай тағылымды кездесулер білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, құқықтық мәдениетін нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

03/06/2026

2026 жылғы 3 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған челлендж өткізілді.
Колледж білім алушылары, оқытушылары мен әкімшілігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, ел рәміздеріне деген құрметін, бірлігі мен патриоттық рухын көрсетті.
Эстафетаны «Мариям» медициналық колледжіне жолдаймыз.
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!

3 июня 2026 года в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г. Алматы был проведен челлендж, посвящённый Дню государственных символов Республики Казахстан.
Обучающиеся, преподаватели и администрация колледжа исполнили Государственный гимн Республики Казахстан, продемонстрировав единство, патриотизм и уважение к государственным символам страны.
Эстафету передаем Медицинскому колледжу «Мариям».
Поздравляем всех с Днём государственных символов Республики Казахстан!

03/06/2026

2026 жылғы 03 маусымда Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да 1–2 курс білім алушыларына арналған «Жазғы демалыс кезіндегі кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы Медеу аудандық Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Абдисалимова Назерке Болатқызы қатысты.

Кездесу барысында білім алушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау, велосипедтер мен самокаттарды қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жеке қауіпсіздік үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, түрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз әрекет ету бойынша ұсыныстармен танысты.

03 июня 2026 года в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г. Алматы для студентов 1–2 курсов состоялась встреча на тему: «Безопасность несовершеннолетних во время летних каникул».
В мероприятии приняла участие участковый инспектор подразделения ювенальной полиции Отдела общественной безопасности Управления полиции Медеуского района г. Алматы, лейтенант полиции Абдисалимова Назерке Болатовна.
В ходе встречи обучающимся рассказали о правилах безопасности во время летних каникул, правилах поведения в общественных местах, безопасном использовании велосипедов и самокатов, а также соблюдении Правил дорожного движения.
Особое внимание было уделено профилактике правонарушений, формированию правовой культуры и ответственности за собственную безопасность. Участники встречи получили ответы на интересующие их вопросы и рекомендации по безопасному поведению в различных жизненных ситуациях.

01/06/2026

1 маусым 2026 жылы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледжінде» Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ақниет» кәсіподақ ұйымы, №1 ЦМК оқытушылары және Студенттік кеңес колледж оқытушыларының балалары мен немерелеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Мереке барысында балалар үшін қызықты ойындар, түрлі байқаулар мен көңілді ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, қатысушыларға қуаныш сыйлап, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер қалдырды.
Мереке соңында барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Іс-шара балаларға мол жағымды эмоция, шаттық пен көтеріңкі көңіл сыйлап, осы күннің жарқын оқиғасына айналды.

29/05/2026

2025 жылғы 29 мамырда Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледжінде» саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қайғы-қасіретке толы жылдар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жыл сайын 31 мамыр күні Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтеді. Бұл күн – ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы тарихымыздың ең ауыр беттерінің біріне арналған. 1931-1933 жылдары қазақ халқы ашаршылықты бастан кешіріп, оның салдарынан 2 миллионнан астам адам қаза тапты.

Студенттер тарапынан Қазақ КСР-індегі саяси қуғын-сүргіннің тарихи деректері, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының саны туралы сарапшылардың бағалары қамтылған қабырға газеттері дайындалды. Сонымен қатар сол кезеңдегі КАРЛАГ пен АЛЖИР еңбекпен түзеу лагерлері туралы презентациялар көрсетіліп, қайғылы оқиғаларға арналған өлеңдер оқылды. Дөңгелек үстел қатысушылары сол жылдардағы тарихи оқиғаларды талқылады.

Дөңгелек үстелді №1 «Жалпы гуманитарлық пәндер» ЦӘК оқытушылары Абдрахманова Қ.Д. және Далибаева А.Н. өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына «ЕІ 25-3», «ЛД 25-4», «Лаб. 25-16» топтарының студенттері белсенді қатысты.

31 мамыр күні – өткен ғасырдың ең қасіретті трагедиял�

28/05/2026

2026 жылғы 28 мамырда Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК Балаларды қорғау халықаралық күніне орай «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі», «Акушерлік іс», «Зертханалық диагностика» және «Стоматология» мамандық студентері арасында «Үздік мамандық иесі» атты челлендж өтті.

Челлендж барысында студенттер өз мамандықтарының ерекшеліктерін, тәжірибелік дағдыларын және кәсіби мәдениетін көрсетті. Жоба студенттердің таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншілігін, білікті маман атануға және болашақта кәсіби жетістіктерге жетуге деген ұмтылысын айқын көрсетті.

Челленджге белсенді қатысқан барлық топтарға шығармашылық көзқарастары, белсенділіктері және көтеріңкі көңіл күй сыйлағандары үшін алғыс білдіреміз.

28 мая 2026 года в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ г. Алматы состоялся челлендж «Лучший в профессии», приуроченный к празднованию Международного дня защиты детей, среди студентов специальностей «Сестринское дело», «Лечебное дело», «Акушерское дело», «Лабораторная диагностика» и «Стоматология».
В ходе челленджа студенты продемонстрировали особенности своих специальностей, практические навыки и профессиональную культуру. Проект стал ярким подтверждением любви студентов к выбранной профессии, их стремления стать квалифицированными специалистами и добиться профессиональных успехов в будущем.
Выражаем благодарность всем группам, принявшим активное участие в челлендже, за творческий подход и положительные эмоции.

19/02/2026

2025 жылғы 18 ақпанда Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-да қызметкерлер мен оқытушылардың қалалық коалиция өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы» Жалпыұлттық коалициясы аясында ұйымдастырылды.
Сәлемдесу сөзін колледж директоры Ж.М.Молдакулов сөйледі. Кездесу жұмысына қалалық коалиция мүшелері: Камалов Бахтияр Камалович, Медеуов Ержан Даулетжанұлы және Саманов Аширали Жусипович қатысты.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды: адам құқықтарына бағдарлану, заңдылық пен тәртіп қағидаттарын бекіту, табиғат пен экологияға қамқорлық, сондай-ақ биліктің бірден-бір қайнар көзі Қазақстан халқы екендігі туралы қағида.
Конституция жобасы қоғамдық құндылықтар мен мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын көрсетіп, елдің одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайды. Оны қабылдау туралы шешім азаматтар тарапынан 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда қабылданады.

18 февраля 2025 года в КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» УОЗ города Алматы состоялась встреча сотрудников и преподавателей колледжа с представителями городской коалиции в рамках Общенациональной коалиции «Справедливая и прогрессивная Казахстанская народная Конституция».
С приветственным словом выступил директор колледжа Ж.М. Молдакулов. В работе встречи приняли участие члены городской коалиции: Камалов Бахтияр Камалович, Медеуов Ержан Даулетжанұлы и Саманов Аширали Жусипович.
На встрече обсуждались ключевые положения проекта новой Конституции: ориентация на права человека, закрепление принципов законности и порядка, забота о природе и экологии, а также положение о том, что единственным источником власти является народ Казахстана.
Проект Конституции отражает общественные ценности и принципы государственной политики, закладывая основу для дальнейшего прогрессивного развития страны. Решение о её принятии будет принято гражданами на республиканском референдуме 15 марта 2026 года.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Улица Л. Чайкиной, 12А
Almaty
050010

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 17:00