30/11/2019
Асқар таудай әкелер!⠀
⠀
⠀
Егер ұлыңыз ержігіт, қызыңыз ибалы болсын десеңіз, бала тәрбиесіне тікелей араласыңыз! "Бала тәрбиесі әйелдің міндеті" деген жалған ойдан арылыңыз! ⠀
⠀
Бала тәрбиесі бірінші кезекте ӘКЕНІҢ МІНДЕТІ. Балаларыңыздың болашығына, мінезі мен тәртібіне СІЗ жауаптысыз. ⠀
⠀
Әйеліңіз өте тамаша жан болуы мүмкін, дегемен де, ол әкенің орнын баса алмайды, СІЗ беруіңіз керек тәрбиені бере алмайды. ⠀
⠀
Баланың өмірінде әкенің орны ерекше. Сол орынның үңірейіп бос қалуына жол бермеңіз! ⠀
⠀
Ұлыңыз бен қызыңызға СІЗДЕН асқан батыр, СІЗДЕН асқан үлгі жоқ! СІЗ олар үшін жалғызсыз! Оларды үлгісіз қалдырмаңыз!⠀
⠀
Ұлыңыз өскенде жақсы отағасы болуды СІЗДЕН үйренсе, қызыңыз болашақ жарын таңдауда СІЗДІ басты назарға алады. Олардың ертеңіне балта шаппаңыз!⠀
⠀
Отағасы, ояныңыз!⠀
⠀
Қолыңыздағы телефон, алдыңыздағы теледидар өсіп кетпейді, СІЗ қарамай қойды екен деп ренжіп қалмайды, өзін бақытсыз сезінбейді. Олар сізсіз де өмір сүре алады. ⠀
⠀
Ал, балаларыңыз өсіп кетеді, тіпті, қалай өсіп кеткенін байқамай да қаласыз! СІЗ оларға қарамасаңыз ренжиді, жараланады, өздерін БАҚЫТСЫЗ сезінеді. СІЗ оларға керексіз! Маған сенбесіңіз, барып өздерінен сұрап көріңіз!⠀
⠀
Асқар таудай ӘКЕЛЕР! ⠀
⠀
Балаларыңыздың жаныңызда жүріп өздерін ӘКЕСІЗ сезінуіне жол бермеңіздерші!⠀
⠀
Сіздерге деген құрметпен, Елжас ЕРТАЙҰЛЫ.⠀
⠀
#бақыттыотбасы #балатәрбиесі #әкелерге
27/11/2019
Екінші кітабымның мұқабасын таңдадым.⠀
⠀
⠀
Мұқаба таңдауыма үлес қосып, өз ойларымен бөліскен барша оқырмандарыма алғыс айтамын.⠀
⠀
Көпшіліктің дауысы беруі және жазған пікірлерін ескере отырып осы таңдауды жасадым. Баршамызға қайырлы және берекелі болсын!⠀
⠀
Алла қаласа, екінші кітабым желтоқсанның соңына қарай шығады деп жоспарлануда. Сіздерге жаңа жылға сыйлық жасамақпын.⠀
⠀
Қазір кітапқа 40% ЖЕҢІЛДІКПЕН алдын ала тапсырыс беру жалғасуда.⠀
⠀
Маған сенім артып, алдын ала тапсырыс бергендерге көтерме (оптом) бағадан да төмен бағаға беріп жатырмын.⠀
⠀
Алдын ала тапсырыс бергіңіз келсе, 87086792059 нөмеріне уатсапқа жазыңыз.⠀
⠀
Сіз осы мұқабаны таңдап па едіңіз? Мұқаба ұнаса, + қоя кетіңіз.⠀
⠀
Сіздерге деген құрметпен, Елжас Ертайұлы.
24/11/2019
Менің тақырыбым қандай?⠀
⠀
⠀
Менің негізгі таңдаған бағытым .tarbiesi , ал оның ішінде -ге ерекше көңіл бөлемін.⠀
⠀
Жаза дегенде бұрышқа тұрғызып қою секілді жазалауларды айтып отырған жоқпын, менің ұғымымдағы жаза баланың сезімін жаралайтын жағымсыз (негатив) әдістердің бәрін қамтиды. Яғни, менің ерекше зерттеп жүрген тақырыбым позитивті тәрбие деуге болады.⠀
⠀
Бұл жайында өзімнің алғашқы туындым "Баланы жазасыз тәрбиеле" кітабында да кеңінен әңгімеледім.⠀
⠀
Ал, 22-желтоқсан күні өтетін #катализатор форумында да осы тақырыптарды қозғайтын боламын. Балаңыз сіз алып өскен психологиялық травмаларды алмай өсуі үшін не істеу керек, нені ескеру керектігіне тоқталамын. ⠀
⠀
Бұл форумда әлі ешкіммен бөліспеген, ешқандай семинар-курстарымда қозғамаған тың дүниелерді бөліссем деп дайын ұстап отырмын. ⠀
⠀
Бір күнде 4 тренерді тыңдап, өміріңізге өзгерістер енгізгіңіз келсе, #катализаторфорумы1 -ге тіркеліп, орын алып қойыңыз. Өкінбейсіз деп сеніммен айта аламын.⠀
⠀
Форум Алматы қаласында өтеді, дегенмен, басқа қалалардан да арнайы келіп қатыса аласыз. Өз басым Шымкент пен Жезқазғаннан келе жатқан кісілерді білемін. "Ілім Қытайда болса да іздеп барып алыңыз" деген қағиданы ұстанатын адамдарға ара-қашықтық кедергі бола алмайды деп ойлаймын.⠀
⠀
Сонымен, 22-желтоқсан 9.00-де "Қазақстан" қонақ үйінде кездескенше.⠀
⠀
Тіркелу/толық ақпарат: 87086792059 (уатсап)
09/11/2019
Баланың өмірінде ананың орны өте зор. Әсіресе, 0-4 жас аралығында бала мен ананың арасында сенімді байланыс болғаны жөн.⠀
⠀
Баланың өмірге деген сенімі анаға деген сенімі арқылы қалыптасады.⠀
⠀
Бір үйде болса да анасына қолы жетпейтін балалар өзін анасыз сезінеді. Бұл сезім оның өмірінде өмір бойы орны толмайтын қуысқа айналады.⠀
⠀
Енді, жалпы ана мен баланың тығыз байланыс орнатуына кедергілерді жазып көрейік:⠀
- Телефон;⠀
- Теледидар;⠀
- Бітпейтін тірлік;⠀
- Жұмысқа ерте шығу;⠀
- Келесі балаға ерте жүкті болу;⠀
- Ата-енеден тартыну;⠀
- Ішкі псиxологиялық травмалар;⠀
⠀
Міне, осылай тізіп жаза берсек болады. Сіз де өз ойыңызды төменде қалдырыңыз.⠀
⠀
Асыл аналарымыз аман болсын!⠀
⠀
Кеңесіміз лайкке лайық десеңіз, ❤️ баса кетіңіз.⠀
⠀
Асыл аналарды белгілеуді ұмытпаңыз.⠀
⠀
Ізгі ниетпен, отбасылық кеңесші, тәжірибелі педагог, коуч-тренер Елжас ЕРТАЙҰЛЫ.⠀
⠀
#бақыттыотбасы #балатәрбиесі #бақыттыбала #ана #сенім #байланыс