Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Share

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Operating as usual

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 25/04/2025

🌱Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS Сингапурдан келген делегацияны қабылдады

Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстанның білім беру жүйесімен танысу және сингапурлық edutech-компаниялар мен қазақстандық білім беру ұйымдары арасындағы ықтимал ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыру болды. Бұл кездесу Singapore Business Federation ұйымдастырған бизнес-миссия аясында өтті және 2025 жылдың наурыз айында күшіне енген Қазақстан мен Сингапур арасындағы қызметтер мен инвестициялар саласындағы келісім аясында жүзеге асты.

Кездесуде қонақтар оқу инфрақұрылымымен, оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларымен және жасанды интеллектті оқу үдерісіне енгізу тәжірибесімен танысты.

Дөңгелек үстел барысында тараптар білім беру саласындағы бірлескен бастамаларға қатысты бірқатар нақты ұсыныстарды талқылады. Сингапурлық компаниялар заманауи білім беру шешімдерін ұсынды, оның ішінде: тақырыптық оқыту кеңістіктерін құру, университетке дейінгі даярлық бағдарламаларын енгізу және бастауыш сынып оқушыларына арналған инновациялық цифрлық платформаларды пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.

21/04/2025

🌱Команда ASÁR, представляющая Назарбаев Интеллектуальную школу физико-математического направления в Алматы, принимает участие в международном конкурсе Technovation Girls 2025!

ASÁR — в переводе с казахского означает «коллективный обычай». И именно это значение отражает нашу главную идею: время, проведённое в кругу друзей, не должно становиться барьером для участия, общения и игры.

В состав команды входят: Дарья Ким, Амина Бурибаева, Виталина Шеметова, Айсана Мырзашева и Уразканова Жанел. Ментором проекта выступает выпускник нашей школы 2024 года — Ибрахим Амзебек.

Проект ASÁR направлен на развитие инклюзивности в сфере видеоигр. Мы создаём платформу, на которой любой пользователь сможет играть в уже существующие игры или создавать свои собственные, независимо от физических ограничений.

Особое внимание команда уделяет разработке доступных игровых контроллеров для людей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. Контроллеры можно будет собрать из подручных материалов — картона, ручек, скотча — и использовать для управления играми на смартфоне.

Впереди — важный этап конкурса Regional Pitch Event, и сейчас наша команда особенно нуждается в вашей поддержке!

📲 Подпишитесь на наш аккаунт и поддержите проект ASÁR!

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 21/04/2025

🏆Жаңа буынның жарқын жеңісі: Cristabol Хьюстоннан жүлдемен оралды🏆

Алматы қаласындағыфизика-математика бағытындағы NIS оқушыларынан құралған Cristabol командасы
АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен беделді халықаралық FIRST Championship 2025жарысында Inspire Award номинациясы бойынша үшінші орынды иеленді.

Inspire Award— инженерлік дайындықтың жоғары деңгейін, көшбасшылық қабілетті және командалық
ынтымақтастық мәдениетін көрсете отырып, өз ісімен өзгелерге шабыт сыйлаған командаға берілетін ерекше марапат.

Cristabol — бұл жаңа буынның ерік-жігерін, техникалыққабілетін және командамен жұмыс істеудегі үйлесімділікті нақты көрсете білген,
жаңашыл ойлайтын оқушылардың жарқын бейнесі.

Мектеп ұжымы Cristabol командасын және олардыңтәлімгері Дулат Байтуленовті шын жүректен құттықтайды!

Оқушылардың білім мен ғылым жолындағы бастамаларын
қолдап, олардың халықаралық деңгейдегі табыстарына үлес қосқансеріктестерімізге алғысымызды білдіреміз: HALYK Bank, “БатысМұнайГазЖабдықтары”
ЖШС, ASTANA MOTORS және зияткерлеріміздің бейнесін ұлттық нақышпен толықтырған дүкені.

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 21/04/2025

🌱Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-те жасанды интеллектке арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Ауқымды шара мектептің 10 жылдық мерейтойымен орайлас өтіп, заманауи білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін кәсіби деңгейде талқылауға мүмкіндік берді.

Конференция білім берудегі технологиялық серпіліс, оқушыларды болашаққа дайындаудың жаңа тәсілдері мен педагогикалық практикалардың трансформациясы жөнінде мазмұнды пікірталасқа жол ашты. Қатысушылар өз тәжірибелерімен, зерттеулерімен және жобаларымен бөлісіп, саланың даму перспективаларын қарастырды.

Бағдарлама аясында алты тақырыптық секция жұмыс істеп, практикалық шеберлік сабақтары мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Олар жасанды интеллектті оқу процесіне енгізудің түрлі аспектілерін қамтып, нақты ұсыныстармен аяқталды.

Іс-шараға жоғары оқу орындары мен мектептерден келген педагогтер, сарапшылар, зерттеушілер мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар, «Ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында серіктес ауыл мектептерінің өкілдері де арнайы шақырылды.

Бұл конференция жаңа идеялармен алмасу, кәсіби байланыс орнату және білім беру жүйесіндегі ұзақ мерзімді бастамаларға негіз қалауға арналған маңызды қадам болды.

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 16/04/2025

🌱География пәні мен «Менің кіші Отаным» жобасының ықпалдастығы аясындағы далалық зерттеу сабағы

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары география пәнін «Менің кіші Отаным» тәрбиелік жобасымен ықпалдастыра отырып, далалық зерттеу сабағына қатысты. Сабақтың негізгі мақсаты — оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, туған жерге сүйіспеншілікті ояту және коммуникативтік дағдыларын дамыту болды.

Сапарлар Аюсай мен Медеу шатқалдарында, сондай-ақ Алматының Бас ботаникалық бағында өтті. Бұл бағыттар табиғи ландшафтының әртүрлілігімен ерекшеленіп, оқушыларға туған өлкенің экожүйесін тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Зерттеу барысында оқушылар табиғи нысандарға бақылау жүргізіп, зерттеу жүргізу дағдыларын дамытып, табиғатты қорғау жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Командалық жұмыстар мен ашық талқылаулар арқылы олар өзара тиімді қарым-қатынас орнатып, зерттеу нәтижелерін сәтті ұсынды.

Мұндай тәжірибелік іс-шаралар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жеріне деген патриоттық сезімін нығайта түсетіні сөзсіз.

16/04/2025

📢 ТІРКЕУ АШЫҚ!
2025 жылғы 19 сәуірде Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Nazarbayev Intellectual School базасында халықаралық ғылыми конференция өтеді.

🔍 Тақырып:
«АИ-мен жұмыс істеу дағдыларын дамыту: оқушыларды болашақ мамандықтарына дайындау»

🔹 Конференция аясында:
— жасанды интеллектті білім беру процесіне енгізудің өзекті тәсілдері
— оқушыларды тез өзгеріп жатқан еңбек нарығына бейімдеу жолдары
— үздік тәжірибелер мен болашаққа көзқарастар ұсынылады

🎯 Ғалымдар, мұғалімдер, білім беру саласының сарапшылары мен практиктер бас қосатын бұл шара — идея алмасу мен кәсіби даму алаңы.

📌 Өтетін орны: NIS Алматы (ФМБ)
📅 Күні: 19 сәуір 2025 жыл
🔗 Тіркелу сілтемесі — стористе!

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 11/04/2025

🌱Учащиеся NIS физико-математического направления города Алматы представят Казахстан на международном чемпионате FIRST Tech Challenge 2025

Команда школы отправляется в Хьюстон (США) для участия в престижном международном инженерном соревновании FIRST Tech Challenge, которое ежегодно объединяет старшеклассников из десятков стран мира в сфере робототехники и программирования.

Учащиеся успешно прошли национальный отбор и подготовили собственного робота, соответствующего конкурсной задаче сезона.

FIRST Tech Challenge — это платформа, направленная на развитие инженерного мышления, практических навыков и культуры командной работы.

Для нашей команды участие в чемпионате — это возможность представить не только школу, но и всю страну на международной технологической арене.

Пожелаем ребятам уверенности, точности и вдохновения!

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 10/04/2025

🌱Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-те оқушылардың кәсіпкерлік ойлауын дамытуға және экологиялық бағыттағы стартаптар құруға арналған республикалық Eco Business Case 2025 кейс-чемпионаты өтті.

Чемпионаттың бастамашысы және ұйымдастырушысы – мектебіміздің Eco Club KZ және Interact Club NIS клубтарының белсенді мүшелері болып табылатын оқушылар. Олардың бастамасымен ұйымдастырылған бұл ауқымды шараға Қазақстанның 9 қаласы мен өңірінен 107 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының құрамына экология, тұрақты даму және бизнес салаларындағы сарапшылар енді:

Александра Ким — HelloEco компаниясының негізін қалаушы
Батихан Калибеков — Nobel Fest өкілі
Сания Арынова — Ecosan, QOLQANAT FOUNDATION
Қайыржан Абдыхалықов — Алматы қаласының Азаматтық Альянсы, ҚБТ

200 000 теңге көлеміндегі жүлде қоры үздік нәтиже көрсеткен бес команда арасында бөлінді:

EcoTech — 8-сынып, NIS, Орал қаласы
NIVA — 11-сынып, ФМБ NIS, Талдықорған қаласы
ECO Legends — 10-сынып, ФМБ NIS, Қызылорда қаласы
Botaniki— 8-сынып, ФМБ NIS, Қостанай қаласы
Infinity Force — 10-сынып, ФМБ NIS, Алматы қаласы

Чемпионат барысында қатысушылар аналитикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, өз жобаларын әрі қарай жетілдіру үшін менторлық қолдауға және GCIP халықаралық бағдарламасына – таза технологиялар акселераторына қатысуға мүмкіндік алды.

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі чемпионатты ұйымдастырған оқушыларға, барлық қатысушылар мен сарапшыларға тұрақты даму мәдениетін ілгерілетуге және оқушылардың экологиялық бастамаларын қолдауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

08/04/2025
Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 02/04/2025

🌱С 27 по 29 марта в городе Каунсил-Блаффс, штат Айова, США, прошли ежегодные международные соревнования «CREATE U.S. OPEN Championship», где собрались более 150 команд из разных стран, участвующих в робототехническом турнире VEX Robotics. Это одно из крупнейших независимых соревнований в США по робототехнике и важный этап перед мировым чемпионатом «VEX Robotics World Championship».

Команда учеников NIS физико-математического направления города Алматы продемонстрировала отличные результаты, получив две награды: «Judges Award» за лучшее интервью команды и «MEGA-Alliance Silver Award» за одно из лучших выступлений.

В составе команды выступили:

Жанділдаұлы Әлімжан
Райсбек Едіге
Амангелді Олжас
Бименов Бексұлтан

Особая благодарность тренеру Дулату Байтуленову за профессиональное руководство и подготовку команды.
Поздравляем наших учеников с заслуженными наградами и гордимся их достижениями на международной арене!

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 02/04/2025

🌱 NIS оқушылары INFOMATRIX-ASIA байқауында топ жарды

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары INFOMATRIX-ASIA 2025 халықаралық байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Байқау Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің базасында өтті.

Зияткерлер өздерінің білімдері мен жобаларын сәтті қорғап, жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. 3D Modelling санаты бойынша:
🏅 Алтын медаль иегерлері:

Алишер Шарипов
Дамир Сарыбеков

AI Hackathon санаты бойынша:
🥈 Күміс медаль иегерлері:

Акылжан Сайланбай
Санджар Сариев
Адиль Тумаш

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 02/04/2025

🌱Математика пәні мұғалімдері арасында өткен Республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының қорытындысы бойынша NIS командасы жүлделі III орынды иеленді!

Команда құрамында мектебіміздің мұғалімі Әмірұлы Дидар да болды. Бұл жетістік – ұстазымыздың жоғары кәсібилігі мен математика саласындағы терең біліктілігінің нәтижесі.

Жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да үлкен табыстар тілейміз!

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 01/04/2025

🌱Алматы қаласында 9-11 (12) сыныптар арасындағы география мен математика пәнінен республикалық олимпида мәресіне жетті. Еліміздің әр түкпірінен қатысқан 300 ден аса дарында оқушы практикалық әрі теориялық турларда білімін көрсетіп, қиын есептерді шешті.

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS командасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальға ие болды.

🥇Алтын медаль алғандар:
Али Еркебұланұлы – математика
Эльдар Усенов – математика
Санжар Ержанов – математика

🥈Күміс медаль алғандар:
Сұлтан Абдуллаев –география
Аружан Батырхан –математика

🥉Қола медаль алғандар:
Ильясгиждуани Егеубаев – математика
Мухаммадсолих Абдугафаров – математика

🌱В Алматы завершилась республиканская олимпиада по географии и математике среди учеников 9-11 (12) классов. Более 300 талантливых школьников со всей страны продемонстрировали свои знания в теоретическом и практическом турах, решая сложные задачи.

Команда NIS физико-математического направления города Алматы завоевала 3 золотые, 2 серебряные и 2 бронзовые медали.

🥇 Золотые медалисты:
Али Еркебуланулы — математика
Эльдар Усенов — математика
Санжар Ержанов — математика

🥈Серебряные медалисты:
Султан Абдуллаев — география
Аружан Батырхан — математика

🥉Бронзовые медалисты:
Ильясгиждуани Егеубаев — математика
Мухаммадсолих Абдугафаров — математика

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 31/03/2025

🌱Физика мен биология пәнінен өткен Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

Елордада физика мен биология пәндерінен 9-11(12) сыныптар арасында Республикалық олимпиада өтті.
Жарыста елдің әр аймағынан 300 ден аса оқушы бақ сынады. Оның ішінде Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS командасы жақсы нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдеге ие болды.

🥇Алтын медаль:
Бекасыл Елубай – физика

🥈Күміс медаль:
Ахмаджан Табаров – физика
Софья Желтова – биология

🥉Қола медаль:
Азамат Аймуратов – физика

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 31/03/2025

🌱Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушылары жасанды интеллект олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

Елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 10–12-сынып оқушылары арасында алғаш рет жасанды интеллект бойынша желілік олимпиада өтті. Бұл ауқымды зияткерлік жарыс дәстүрлі «Наурыз кездесулері» аясында ұйымдастырылды.

150-ден астам NIS оқушысы қатысқан олимпиада екі күнге созылып, қатысушылар жасанды интеллект саласындағы білімдері мен дағдыларын сынап, күрделі тапсырмаларды орындады.

Олимпиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Назарбаев Университетінің ISSAI институты жазғы тағылымдама ұсынса, Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Astana IT University білім гранттарын тағайындады. Ал AI-Academy жасанды интеллект бойынша курстарға тегін оқу мүмкіндігін сыйлады.

Жүлдегерлер:

II орын иегерлері:

Санжар Сарыев
Дәурен Жунусов
Олжас Мусалимов
Ақылжан Сайланбай

III орын иегерлері:

Артем Лаврентьев
Дамир Камалов
Бурхан Абдбілмінн

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Олардың болашақта IT және жасанды интеллект саласында үлкен жетістіктерге жететініне сенімдіміз!

Photos from Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі's post 31/03/2025

🌱 Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS қоржыны 4 күміс және 3 қола жүлдемен толықты

NIS оқушылары тағы да жарқын жетістіктерімен қуантты. Зияткерлік мектептің шәкірттері екі беделді халықаралық білім сайысында – Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы және «Жібек жолы» математикалық олимпиадасында жоғары нәтижелер көрсетті.

🥈Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында Эльдар Усенов күміс медаль иеленді.

«Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасында күміс жүлдегерлер атанғандар: Әли Еркебұланұлы, Санжар Ержанов және Ильясгиждуани Егеубаев.

🥉Қола жүлдегерлер:
Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасы – Ильясгиждуани Егеубаев

«Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасы – Мухаммадсолих Абдугафаров

Әлемнің 40-тан астам елінің жас математиктері бас қосқан бұл беделді олимпиадалар қатысушылардан терең білім мен логикалық ойлауды талап етті. NIS оқушыларының жоғары нәтижелері мектептердегі сапалы дайындық пен жүйелі еңбектің жемісі екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Жеңістеріңіз құтты болсын! 👏🏻

22/03/2025

🌱Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймыз!

Наурыз – бірлік пен жақсылықтың, жаңарудың белгісі. Мейрам күні отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз. Әр күніміз шаттыққа толы болсын.

Сіздерге және жақындарыңызға сәттілік пен бақыт тілейміз!

🌱От всей души поздравляем всех с праздником Наурыз!

Этот светлый праздник символизирует единство, добро и процветание. Пусть в ваших домах царят мир и гармония, а каждая новая весна наполняет сердца теплом и счастьем.

Желаем вам и вашим близким крепкого здоровья, удачи во всех начинаниях и исполнения самых заветных желаний!

19/03/2025

12 апреля на базе Назарбаев Интеллектуальной школы химико-биологического направления г. Алматы состоится региональный этап олимпиады по робототехнике WRO – 2025. 

Соревнования будут проводиться в следующих категориях:
• «RoboMission» (основная)
• «Future Innovators» (творческая)
• «RoboSports»
• «Future Engineers»

Количество команд-участников не ограничено. Каждая команда должна состоять из двух учащихся, возраст которых соответствует ограничениям, указанным в правилах WRO – 2025, опубликованных на сайте http://robotics.nis.edu.kz/.

Регистрация участников открыта до 13 апреля 2025 года на указанном выше сайте.

Команды, занявшие первые места, получат право участвовать в Республиканском чемпионате по робототехнике, который пройдет с 19 по 20 июня 2025 года в городе Шымкент.

Место проведения:

Назарбаев Интеллектуальная школа химико-биологического направления г. Алматы

Адрес: г. Алматы, ул. Елибаева, 2.

Контактные лица:
• Қалабай Айбек, тел.: 8 701 144 52 59
• Шақан Ясынжан, тел.: 8 702 448 77 73

Приглашаем всех заинтересованных принять участие в олимпиаде и проявить свои навыки в области робототехники!

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Жамакаева 145
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 13:00