Іскерлік журналистика мектебі

Іскерлік журналистика мектебі

Share

Іскерлік журналистика мектебі. Школа деловой журналистики

2013 жылы Іскерлік журналистика клубы ретінде құрылды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Іскерлік журналистика мектебі. Мектептің мақсаты: қаржы, экономика тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау.

01/02/2025

Жақында
жаңалық күтіңіздер

23/09/2019

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 30 қыркүйек, дүйсенбі күні журналистерге арналған «Іскерлік журналистика» көмекші құралының таныстырылымына шақырамыз.

Таныстырылым: Алматы қаласы, Байзақов көшесі 280, SmArt.Point орталығының амфитеатрында , сағат 18.00-21.00 аралығында өтеді.

«Іскерлік журналистика» көмекші құралы қазақ тілінде тұңғыш рет құрастырылып отыр. Кітапты жазуға Шолпан Айтенова, Әсия Акишева, Есенгүл Кәпқызы, Асхат Еркімбай, Алибек Аллияров, Дінмұхамед Зиядин қатысты. Мира Халина, Олег Хе, Айнура Каргалинова сынды белгілі журналистер тәжірибесімен бөлісті. Идея және жоба авторы Ербол Азанбек.

Таныстырылымда кітап авторлары іскерлік-журналистика туралы ой-пікірімен бөліседі.

Қатысушылар арасында экономика, қаржы, бизнес туралы викторина ойнатылып, сыйлықтар таратылады.

30 қыркүйек, дүйсенбі, Алматы қаласы, Байзақов көшесі 280, SmArt.Point орталығының амфитеатрында, сағат 18.00-де күтеміз.

Құрметпен, ұйымдастырушылар.

Қосымша сұрақтар үшін: 87757154710 Ника Мукушеваға хабарласуды сұраймыз

09/04/2018

«Serpin» әлеуметтік даму Ұлттық қоры журналистика мамандығының 2016-2017 жылғы түлектерін жұмысқа қабылдайды.
#медиа #журналистика

26/02/2018

Құрметті, Іскерлік мектебінің курстарына жазылушылар!
Сіздерге төмендегі ақпаратты хабарлаймыз. Біздің курстарда оқығысы келетіндердің көпшілігінің ұсыныстарына (қаржылық т.б. мүмкіндіктеріне) байланысты курсқа жазылу уақытын 5 наурызға дейін ұзарттық. Курсқа жазылу 5 наурызда аяқталып, алғашқы дәріске және шарттармен танысуға шақырамыз. Бұл туралы ақпаратты сіздерге қосымша хабарлаймыз.

15/02/2018

«Іскерлік журналистика мектебі» мектеп оқушыларына (10,11 сынып) арналған 1 айлық «Журналистика» курсы туралы хабарлайды.

Курс ақпанның 26-сы мен наурыздың 26-сы аралығында, аптасына 3 рет, сағат 16.00-18.00 аралығында Марков көшесі 22/37, 4 қабат, 4 кеңседе өтеді.

Дәрісті газет, журнал, радио, сайт, телеарналарда тәжірибесі бар журналистер өткізеді.

Орын саны шектеулі 10 адам ғана қабылданады.

Курс ақылы: айына 15 мың теңге.
Курс біткен соң сертификат+курс барысында айтылған оқу мәліметтері беріледі.
Болашақта журналист болғысы келетін алматылық жас достарды шақырамыз!

Толық ақпарат үшін:
www.facebook.com/iskermektep
https://www.instagram.com/iskermektep/
+77017564243
Meruyert Kaken

15/02/2018

Іскерлік журналистика мектебі ақпанның 26-сынан бастап 2,5 айлық «Интернет журналистика + SMM» курсына қабылдау басталғанын хабарлайды.
Курс аптасына 2 рет, 2 сағаттан 17.00-19.00 аралығында өтеді.

Курс не үшін маңызды:
Курс түлектері қазақ тілді онлайн ресурстардан практикадан өтеді.
Курс түлектері интернет жобаларда, SMM саласында қызмет көрсететін агенттіктерде немесе фрилансер болып бірден жұмыс істеп кетуге қажетті білім базасын алып шығады. «Іскерлік журналистика мектебі» курс аяқталған соң барлық талапқа сай курс түлектерін интернет сайттарға жұмысқа орналастыруды өз міндетіне алады.

Іскерлік журналистика мектебі туралы:
Қаржы, экономика, бизнес тақырыптарында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен 2014 жылы ашылған.
2014 жылғы курс түлектері 7kun.kz іскер жаңалықтар сайтын ашты.
2015 жылы мектепті 43 жас журналист аяқтап, оның үздіктері 7kun.kz сайтына жұмысқа қабылданды.
Курста білім алған студенттердің 23-і біздің көмегімізбен журналистикада жұмыс істей бастады.

Курс ақылы: айына 25 мың теңге.
Курс біткен соң сертификат+жұмысқа қажетті мәліметтер базасы беріледі.

Толық ақпарат үшін:
mediamektep.kz
www.facebook.com/iskermektep
https://www.instagram.com/iskermektep
+77017564243

29/11/2017

Мектебіміздің 3 түлегі - Гулия Айтуганова, Перизат Әбділ-Әшім Жадыра Бағашар
Білім Айнасына жұмысқа орналасты.
Құттықтаймыз, қыздар, іске сәт!

28/11/2017

Сүйінші, достар!
Біздің түлегіміз Кәмила Еркінқызы "Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газеті Экономика бөлімінің редакторы дәл қазір Риксоста өтіп жатқан ХІІ Инновациялық конгресте "Қазақ тілінде инновациялық тақырыпқа байланысты ең үздік материал баспа басылымдарында" номинациясының жүлдегері атанды!
Құтты болсын!
Фото Амангелді Сейтхан парақшасынан алынды.

Photos from Іскерлік журналистика мектебі's post 22/11/2017

Бүгін мектепте Bota Zhumanova қазақ тілді журналистер үшін "Қазақстандағы зейнетақы жүйесі" тақырыбында семинар өткізіп жатыр. 7kun.kz редакциясында .kz, , редакцияларының журналистері, Мектебіміздің түлектері жиналды. Зейнетақы жүйесі жас журналистерді толғандыратыны қуантады.

Photos from Іскерлік журналистика мектебі's post 18/10/2017

Іскерлік журналистика мектебі түлектерінің жұмыс берушімен кездесуі Quantay Amantai

Photos from Іскерлік журналистика мектебі's post 13/10/2017

Іскерлік журналистика мектебінің өткен курсының түлектерімен кездесу.
Бұл оқуымыз аяқталғалы жарты жылдан кейінгі алғаш рет бас қосуымыз.
"Жұма, 13-і" атты ресми емес жиналыс ;)
#жұма13
P.S. Түлектерімізді сағынып қалыппыз.

Photos from Іскерлік журналистика мектебі's post 11/10/2017

7kun.kz ақпарат агентігінің қызметкерлері мен Іскерлік журналистика мектебінің түлектері үшін редакцияда МЦЖ MediaNet ұйымдастыруымен фактчекинг бойынша тренинг өтіп жатыр.
Тренерлер: ресейлік Таша Соколова және Asqat Yerkimbay

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Маркова, 22/37
Almaty
050040