Satbayev University

Satbayev University

Share

Satbayev University

Официальная страница Satbayev University.

У нас вы найдете всю самую интересную и достоверную информация о Satbayev University.

Студенты, абитуриенты, родители и коллеги, узнавайте всё о Satbayev University из официальных источников:
http://kaznitu.kz - официальных сайт
http://mypolytech.kaznitu.kz - студенческий сайт
https://www.instagram.com/satbayev_university/ - мы в Инстаграме
https://vk.co

Photos from Satbayev University's post 22/05/2026

ҚР жоғары оқу орындары арасында өткен Республикалық студенттік спорт лигасының аясында ұйымдастырылған ҚАЗАҚ КҮРЕСІ турнирінде 90 кг салмақ дәрежесі бойынша жүлделі III орын иеленген Сәтбаев университеті, Мұнай-газ және кен геофизикасы кафедрасының 2 курс студенті Марғұлан Нұржанды шын жүректен құттықтаймыз!
Білім мен спортты қатар алып жүрген жалынды жас Марғұлан Нұржан бүгінгі студент жастың жарқын үлгісі. Ол тек оқу ордасының абыройын асқақтатып қана қоймай, табандылық пен еңбекқорлықтың, жігер мен қайсарлықтың нақты бейнесін көрсетті.
Марғұлан самбо және дзюдо күресінен спорт шеберлігіне кандидат (КМС) дәрежесінің иегері. Спортпен 4,5 жылдан бері тұрақты айналысып келеді. Жас спортшы өзінің шеберлігін SAQ PRO TEAM залында шыңдап жүр.
Спорт тек жеңіс пен медаль ғана емес, ол тәртіп, төзім, салауатты өмір салты мен мықты мінездің мектебі. Осындай биіктерді бағындырып жүрген жастарымыз университетіміздің мақтанышы әрі өзге студенттерге үлкен мотивация беретіні сөзсіз.
Нұржан Марғұланға алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Photos from Satbayev University's post 21/05/2026

СТУДЕНТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ «ГЕОДЕЗИЯ И КАРТОГРАФИЯ» – ПРИЗЁРЫ XI МЕЖДУНАРОДНОЙ СТУДЕНЧЕСКОЙ ОЛИМПИАДЫ ПО ГЕОДЕЗИИ
С 19 по 21 мая 2026 года на базе Сибирского государственного университета геосистем и технологий (СГУГиТ) состоялась XI Международная студенческая олимпиада по геодезии, посвящённая 75-летию кафедры инженерной геодезии и маркшейдерского дела.
В олимпиаде приняли участие 11 команд ведущих высших учебных заведений Российской Федерации и Казахстана. За звание лучших боролись студенты из Москвы, Краснодара, Санкт-Петербурга, Перми, Волгограда, Новосибирска и других городов, продемонстрировав высокий уровень теоретической подготовки, профессиональные навыки и владение современными геодезическими технологиями и приборами.
«Казахский национальный исследовательский технический университет имени К.И. Сатпаева на олимпиаде представила команда «Northline», состоящая из студентов образовательной программы «Геодезия и картография» кафедры «Маркшейдерское дело и геодезия». Руководителем команды выступила ассоциированный профессор кафедры А. Кенесбаева.
В ходе соревнований участники успешно проявили себя как в практических, так и в спортивных конкурсных этапах. По итогам олимпиады команда «Northline» заняла III место в конкурсном испытании «Нивелирный ход», продемонстрировав высокий уровень профессиональной подготовки, точность выполнения измерений и слаженность командной работы.
Кроме того, член команды Секенов Нурсат занял III место в спортивном конкурсном испытании, достойно представив университет на международном уровне.
Поздравляем команду «Northline» и студентов образовательной программы «Геодезия и картография» с успешным выступлением на XI Международной студенческой олимпиаде по геодезии!

Photos from Satbayev University's post 21/05/2026

ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ – ГЕОДЕЗИЯ БОЙЫНША XI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
2026 жылғы 19–21 мамыр аралығында Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университетінің базасында Инженерлік геодезия және маркшейдерлік іс кафедрасының 75 жылдығына арналған геодезия бойынша XI Халықаралық студенттік олимпиада өтті. Аталған беделді білім сайысы жас мамандардың кәсіби даярлығын шыңдап, ғылым мен технология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Олимпиадаға Ресей Федерациясы мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан 11 команда қатысты. Мәскеу, Санкт-Петербург, Краснодар, Пермь, Волгоград, Новосібір және өзге де қалалардан келген студенттер өзара бақ сынап, теориялық білімдерінің тереңдігін, практикалық шеберліктерін және заманауи геодезиялық технологияларды меңгеру деңгейлерін жоғары дәрежеде көрсетті.
Сәтбаев университетінен «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған «Northline» командасы қатысып, университет абыройын халықаралық деңгейде лайықты қорғады. Команда жетекшісі кафедраның қауымдастырылған профессоры А. Кенесбаева.
Жарыс барысында студенттер практикалық және спорттық кезеңдерде өздерінің кәсіби біліктілігін, дәлдігін және командалық үйлесімділігін жоғары деңгейде дәлелдеді. Олимпиада қорытындысы бойынша «Northline» командасы «Нивелирлік жүріс» конкурстық сынағында III орын иеленіп, геодезия саласындағы сапалы дайындық пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Сонымен қатар, команда мүшесі Секенов Нұрсат спорттық конкурстық сынақта III орынға ие болып, жастардың білім мен ғылым жолындағы қажырлы еңбегінің нәтижесін айқын дәлелдеді.
Бұл жетістік тек жеке жеңіс қана емес, сонымен қатар еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің артып келе жатқанын көрсететін маңызды қадам. Бүгінгі білімді де білікті жастар ертеңгі Қазақстан ғылымының қозғаушы күші. Ғылым мен білімге ұмтылған жас буынның табандылығы мен ізденісі еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының негізі болмақ.
«Northline» командасын және «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасының студенттерін халықаралық олимпиададағы жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас ғалымдарға толағай табыс, жаңа белестер мен ғылым жолындағы үлкен жеңістер тілейміз!

Photos from Satbayev University's post 21/05/2026

Satbayev University hosted a seminar-training for Heads of Departments as part of the preparation process for international ABET accreditation.

The speaker of the event was invited professor from Nazarbayev University, Dr. Ali Shafiei. During the training held on May 14–15, Professor Shafiei provided a detailed overview of the key quality criteria for engineering education, requirements for the assessment of Learning Outcomes, and methodologies for preparing the Self-Study Report.
The seminar participants – educational program leaders and academic staff – received practical recommendations on aligning academic processes with the high standards of ABET accreditation.

Photos from Satbayev University's post 21/05/2026

Сәтбаев университетінде ABET халықаралық аккредитациясына дайындық аясында кафедра меңгерушілеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
14–15 мамыр күндері өткен іс-шара барысында Әли Шафиеи инженерлік білім берудегі негізгі сапа критерийлерін, оқыту нәтижелерін бағалауға (Learning Outcomes) қойылатын талаптарды және өзін-өзі зерттеу есебін (Self-Study Report) әзірлеу әдістемесін жан-жақты түсіндірді.
Семинарға білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, оқу үдерістерін ABET халықаралық стандарттарына сәйкестендіру бойынша практикалық ұсынымдар алды.

Photos from Satbayev University's post 20/05/2026

On May 20, 2026, an international conference titled “Modern Metrology in the Era of Digital Transformation and Artificial Intelligence” was successfully held at the Porsche Learning Centre in celebration of World Metrology Day. This significant event became a meaningful platform that united science and industry while inspiring young professionals and students with new opportunities and perspectives.

The large-scale event was organized by the Department of Standardization, Certification and Metrology of the Institute of Energy and Mechanical Engineering named after A. Burkitbayev at Satbayev University. The main purpose of the conference was to highlight the importance of metrology in the era of modern technologies, increase students’ interest in science, and encourage the younger generation to engage with innovative directions of the future.

Representatives of Tashkent State Technical University, Azerbaijan State Oil and Industry University, the Almaty branch of KazStandard, Scientia Kazakhstan, KazTehService, Kazakhstan Transport Safety Center, leading employers from the industrial sector, as well as students and master’s degree students took part in the international conference.

During the conference, participants discussed new milestones in the science of metrology and exchanged views on the impact of digital technologies and artificial intelligence on the development of humanity. Particular attention was given to:

-development trends of metrology in the era of digital transformation and artificial intelligence;

-quantum metrology and new definitions of measurement units;

-innovations and the future opportunities of modern metrology.

Throughout the event, industry experts and scientists encouraged young people to pursue science and research, emphasizing that today’s knowledge forms the foundation of tomorrow’s technological achievements. The conference not only provided students with fresh ideas, but also helped shape their professional orientation and significantly increased their interest in modern science.

This conference became an important scientific and intellectual platform that strengthened the connection between science and industry, deepened international cooperation, and reinforced the younger generation’s confidence in the future.

Photos from Satbayev University's post 20/05/2026

2026 жылғы 20 мамырда Porsche Learning Centre алаңында Дүниежүзілік метрология күніне орай «Цифрлық трансформация және жасанды интеллект дәуіріндегі заманауи метрология» атты халықаралық конференция жоғары деңгейде өтті. Бұл маңызды басқосу ғылым мен өндірісті тоғыстырған, жас мамандарға жаңа серпін берген тағылымды алаңға айналды.
Ауқымды іс-шараны Сәтбаев университеті Ә.Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институтының «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасы ұйымдастырды. Конференцияның басты мақсаты заманауи технологиялар дәуіріндегі метрологияның маңызын айқындап, білім алушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, жас буынды болашақтың инновациялық бағыттарына ынталандыру болды.
Халықаралық конференцияға «Ташкент мемлекеттік техникалық университеті», «Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университеті», Алматы қаласындағы РМК «КазСтандарт» филиалы, «Scientia Kazakhstan» ЖШС, «KazTehService» ЖШС, "Қазақстан Көлік Қауіпсіздігі Орталығы" ЖШС өкілдері, өндіріс саласының жетекші жұмыс берушілері, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысты.
Конференция барысында қатысушылар метрология ғылымының жаңа белестерін талқылап, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің адамзат дамуына ықпалы жайында ой бөлісті. Әсіресе: - цифрлық трансформация және жасанды интеллект дәуіріндегі метрологияның даму бағыттары; -кванттық метрология және өлшем бірліктерінің жаңа анықтамалары; -инновациялар мен болашақ метрологиясының мүмкіндіктері кеңінен сөз болды.
Жиын барысында сала мамандары мен ғалымдар жастарды ғылым мен ізденіске шақырып, бүгінгі білім – ертеңгі технологиялық жетістіктің негізі екенін ерекше атап өтті. Конференция білім алушыларға тың идеялар сыйлап қана қоймай, олардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға, заманауи ғылымға деген қызығушылығын арттыруға үлкен мотивация берді.
Бұл конференция – ғылым мен өндірістің сабақтастығын нығайтқан, халықаралық ынтымақтастықты тереңдеткен және жас ұрпақтың болашаққа деген сенімін күшейткен маңызды рухани әрі ғылыми алаң болды.

Кейде тарих бізге өткенді түсіндіру үшін емес, бүгінгі күнде өз орнымызды тереңірек сезіну үшін қажет.

Астанада ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан «Алтын Орда - дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» халықаралық симпозиумына қатыстым. Мемлекет басшысы атап өткендей, Алтын Орданың Еуразияның ұлан-ғайыр кеңістігінде билік құрған қуатты империя болғаны - ешбір тарихшы күмән келтірмейтін дерек. Ұлы дала төсінде билік құрған, Батыс пен Шығысты жалғап, мемлекеттердің қалыптасуына, сауда мен дипломатияның дамуына, түрлі өркениеттердің өзара ықпалдасуына айрықша әсер етті.

Шын мәнінде, Алтын Орда тек әскери-саяси күш қана болған жоқ. Ұлы Жібек жолының маңызды бағыттары осы кеңістік арқылы өтіп, сауда жолдарын жандандырып, дипломатиялық байланыстар мен мәдени ықпалдастықтың кеңеюіне жол ашты.

Осындай күрделі тарихи кезеңді терең тану - бүгінгі ғылымның маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені тарихты тереңірек түсіну археологиялық қазбаларға, көне жазбаларға, антропологиялық зерттеулерге және цифрлық талдау мүмкіндіктеріне сүйенеді. Симпозиумға 20-дан астам елінен келген 120 шетелдік зерттеушіні қоса алғанда 300-ден астам ғалым қатысты. Мұндай ауқымды ғылыми жиынның елімізде өтуі Қазақстанның тарихты терең зерттеп, оны әлемдік ғылыми кеңістікте танытуға ерекше мән беретінін көрсетеді.

Осындай іргелі ғылыми ізденіс арқылы біз тек өткенді түгендемейміз. Ұлы даланың әлемдік өркениетке қосқан үлесін ғылыми негізде танытып, тарихи сананы тереңдете отырып, жас ғалымдарға жаңа бағыт ашамыз. 20/05/2026

Кейде тарих бізге өткенді түсіндіру үшін емес, бүгінгі күнде өз орнымызды тереңірек сезіну үшін қажет. Астанада ЮНЕСКО қамқорлығымен өтіп жатқан «Алтын Орда - дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» халықаралық симпозиумына қатыстым. Мемлекет басшысы атап өткендей, Алтын Орданың Еуразияның ұлан-ғайыр кеңістігінде билік құрған қуатты империя болғаны - ешбір тарихшы күмән келтірмейтін дерек. Ұлы дала төсінде билік құрған, Батыс пен Шығысты жалғап, мемлекеттердің қалыптасуына, сауда мен дипломатияның дамуына, түрлі өркениеттердің өзара ықпалдасуына айрықша әсер етті. Шын мәнінде, Алтын Орда тек әскери-саяси күш қана болған жоқ. Ұлы Жібек жолының маңызды бағыттары осы кеңістік арқылы өтіп, сауда жолдарын жандандырып, дипломатиялық байланыстар мен мәдени ықпалдастықтың кеңеюіне жол ашты. Осындай күрделі тарихи кезеңді терең тану - бүгінгі ғылымның маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені тарихты тереңірек түсіну археологиялық қазбаларға, көне жазбаларға, антропологиялық зерттеулерге және цифрлық талдау мүмкіндіктеріне сүйенеді. Симпозиумға 20-дан астам елінен келген 120 шетелдік зерттеушіні қоса алғанда 300-ден астам ғалым қатысты. Мұндай ауқымды ғылыми жиынның елімізде өтуі Қазақстанның тарихты терең зерттеп, оны әлемдік ғылыми кеңістікте танытуға ерекше мән беретінін көрсетеді. Осындай іргелі ғылыми ізденіс арқылы біз тек өткенді түгендемейміз. Ұлы даланың әлемдік өркениетке қосқан үлесін ғылыми негізде танытып, тарихи сананы тереңдете отырып, жас ғалымдарға жаңа бағыт ашамыз.

💬 Элунду Лазар: Золотая Орда – историческая модель межкультурного диалога и культурного разнообразия
 
В Астане с участием Президента РК Касым-Жомарта Токаева состоялась церемония открытия Международного симпозиума «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура, идентичность».
 
Масштабный международный форум, проходящий под патронажем ЮНЕСКО, объединил ведущих отечественных и зарубежных ученых, экспертов и представителей международного научного сообщества для всестороннего осмысления исторического наследия Улуса Джучи и его роли в формировании цивилизационных процессов на пространстве Центральной Евразии.
 
В ходе церемонии выступил исполняющий обязанности заместителя Генерального директора ЮНЕСКО Элунду Ассомо Лазар, подчеркнувший историческую значимость Золотой Орды как уникального пространства межкультурного взаимодействия.
 
«Золотая Орда является важным воплощением этих ценностей, отражая более широкую историю Евразии, в которой степь служила динамичным центром передвижения, обмена и взаимосвязей. Это было политическое и культурное пространство исключительного многообразия, где встречались и взаимно влияли друг на друга религии, языки, художественные формы и технологии. Она и сегодня остается убедительной исторической моделью межкультурного диалога и культурного разнообразия», - отметил он.
 
🔗 Подробнее: gov.kz 20/05/2026

Элунду Лазар: Золотая Орда – историческая модель межкультурного диалога и культурного разнообразия

В Астане с участием Президента РК Касым-Жомарта Токаева состоялась церемония открытия Международного симпозиума «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура, идентичность».

💬 Элунду Лазар: Золотая Орда – историческая модель межкультурного диалога и культурного разнообразия В Астане с участием Президента РК Касым-Жомарта Токаева состоялась церемония открытия Международного симпозиума «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура, идентичность». Масштабный международный форум, проходящий под патронажем ЮНЕСКО, объединил ведущих отечественных и зарубежных ученых, экспертов и представителей международного научного сообщества для всестороннего осмысления исторического наследия Улуса Джучи и его роли в формировании цивилизационных процессов на пространстве Центральной Евразии. В ходе церемонии выступил исполняющий обязанности заместителя Генерального директора ЮНЕСКО Элунду Ассомо Лазар, подчеркнувший историческую значимость Золотой Орды как уникального пространства межкультурного взаимодействия. «Золотая Орда является важным воплощением этих ценностей, отражая более широкую историю Евразии, в которой степь служила динамичным центром передвижения, обмена и взаимосвязей. Это было политическое и культурное пространство исключительного многообразия, где встречались и взаимно влияли друг на друга религии, языки, художественные формы и технологии. Она и сегодня остается убедительной исторической моделью межкультурного диалога и культурного разнообразия», - отметил он. 🔗 Подробнее: gov.kz

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Сатпаева 22
Almaty
050000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00