Bilge Center

Bilge Center

Share

BILGE – негізгі міндет, ауыл балаларымен қала балаларының теңдей білім алуына мүмкіндік жасау.

31/12/2025

Құрметті қазақстандықтар, Білге бала барлықтарыңызды кіріп келген 2026 жаңа жылдарыңызбен құттықтайды! Әр шаңырақта бақыт, береке, табыс, молшылық болсын!
#жаңажыл2026🎅🎄❄☃️

16/12/2025

Тәуелсіздік күні құтты болсын, Ұлы Қазақ Елі! Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз азаттықтың аспанында талай белестерді бағындырып келеді. Азаттықтың тәтті дәмін кеше сезгендей қастерлейік. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

#айтулымереке #тәуелсіздік #желтоқсанжелі bilgebala bilge bilgekz bilgeacademy

03/10/2025

Құрметті ұстаздар мерекелеріңізбен!!!

03/10/2025

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ. Ғазиз өмірін ағартушылық жолына арнап, талай шәкіртті білім нәрімен суысындандырып, қанаттандырған асыл Ұстаздарымызды бүгінгі төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбек жолында жеңісті күндеріңіз көп болсын. Қастерлі еңбетеріңіздің жемісін көріңіздер.

#ұстаздықеткенжалықпас
#ұсатазұлыұғым
#ұстаздармерекесі

01/09/2025

Қымбатты ұстаздар, ата - аналар және оқушылар!
Сіздерді 1 қыркүйек - Білім күнімен жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймыз!🖊📗💻📚👨🏻‍🏫

Мектеп қабырғасын жаңа аттап жатқан кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы - оң, қадамы құтты болсын! Биыл әдеттегідей дәстүрлі оқу жылынан ауытқығанымызбен білім өз сапасын жоғалтпайды деген үміттеміз. Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

Құрметпен:

BilgenAcademy.

#білімкүні

10/08/2025

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) - ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. #180 #абай

01/06/2025

1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні құтты болсын! Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Сол міндетті абыроймен алып шығуды нәсіп етсін. Жас ұрпақ, жас буын, жасөспіріпдеріміз аман болсын. Ертең ел тізгінін ұстайтын бүлдіршіндердің балалық шағы бақытты, аспаны ашық болсын! Баршаңызға мереке құтты болсын!

#балаларбіздіңболашағымыз
#бүлдіршіндераманболсын

31/05/2025

1997 жылдан бастап «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. Деректер көзіне сүйенсек 1936-1938 жж. Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңы атылған. Тізімдегі 631 атылған адамның 80 пайызы қазақтың белгілі ұлт зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері Алаш арыстары еді. Қазақ үшін қайғы-қасіретті, тарих бетінде өз таңбасы қалған бұл жылдарды еш ұрпақ ұмытпақ емес.
Біздің борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған азаматтарының есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақ санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

#тарих
#қуғынсүргін
#ашаршылық

12/01/2025

Қазақ КСР ғылым академиясының академигі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт күрделі болғанымен, елдің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуда айрықша еңбек етті.

Дінмұхамед Қонаев ел басқарған жылдары Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің көлемі, ауыл шаруашылығы өсіп, 43 қала пайда болды.
Оның ішінде өнеркәсіп орталығы саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко, Теміртау, Арқалық, т.б. қалалары салынды.

◽️Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Қонаев өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал жасады.

1967 жылы Қонаевтың басшылық етуімен Алматы өзенінің жоғарғы жағында бөгет салынып, 1973 жылы Алматыны селдің бүлінуінен сақтап қалды.

Министрлер кеңесінің төрағасы болғанда Қонаев академик атағы үшін өзіне төленетін 340 сом шамасындағы ақыдан бас тартқанын білеміз. Бұл ақшаны ол балалар мен жас ғалымдарға көмектесу мақсатында жұмсауға бұйырды. Осындай кішіпейілділік оның туа бітті қасиеті екені көзге көрініп тұрды және жұрттың оған деген сенімін күшейтті. Оның жеке басының байлық-дәулетке қызығушылығы байқалмады.

Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды

Дінмұхаммед Қонаев-ұрпақтарының жақсы естелігі мен алғысын қалдырған санаулы мемлекет қайраткерлерінің бірі.

▪️1993 жылы 22 тамызда 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. .academy #тарих #қонаев

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Сейфуллин көшесі 597,, Алматы, Алмалинский район, 3 этаж
Almaty
050022

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00