10/03/2021
ҚҰРМЕТТІ ЖОЛАУШЫЛАР!
Бүгіннен бастап елімізде қолданылып жүрген карантиндік шаралар кезең-кезеңімен алынып тасталуда. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Беларусь, Украина, Оңтүстік Корея, Түркия, Мальдивы, Шри-Ланка, Египет, БАӘ, Нидерланды және Германия сияқты 14 елмен халықаралық рейстер қайта жанданды. Авиациялық өткізу пункттерінде ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің қолданыстағы шектеулеріне қарамастан, елге келетін шетелдік азаматтардың өсуі байқалады. Қолданыстағы карантиндік шектеулер жағдайында кейбір шетелдіктер ҚР шекарасын жалған құжаттар, оның ішінде анықтамалар, медициналық мекемелерде жедел емделуге шақырулар бойынша кесіп өтуге тырысуда. Бұл жағдайда ҚР ҚК 385-бабында көзделген қылмыс белгілері бар (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу). Осыған байланысты Қазақстанға келген шетелдік азаматтардан ҚР Мемлекеттік шекарасында уақытша белгіленген шектеулерді сақтауды сұраймыз.
_____________
УВАЖАЕМЫЕ ПАССАЖИРЫ!
Сегодня действующие карантинные меры в стране поэтапно снимаются. Возобновлены международные авиасообщения с 14 странами: Россией, Узбекистаном, Кыргызстаном, Грузией, Беларусью, Украиной, Южной Кореей, Турцией, Мальдивами, Шри-Ланкой, Египтом, ОАЭ, Нидерландами и Германией. На авиационных пунктах пропуска, несмотря на действующие ограничения пересечения государственной границы РК, наблюдается прирост прибывающих в страну иностранных граждан. В условиях действующих карантинных ограничений некоторые иностранцы пытаются пересечь границу РК по поддельным документам, в том числе, справкам, приглашениям на оперативное лечение в медучреждениях. В этом случае имеются признаки преступлений, предусмотренные статей 385 УК РК (Подделка, изготовление или сбыт поддельных документов, штампов, печатей, бланков, государственных знаков почтовой оплаты, государственных наград). В этой связи прибывающих в Казахстан иностранных граждан просим соблюдать временно установленные ограничения на Государственной границе РК.
10/07/2020
23/06/2020
19/06/2020
18/06/2020
09/06/2020
31/05/2020
14/05/2020
07/05/2020