Қазақ спорт және туризм академиясы

Қазақ спорт және туризм академиясы

Share

Қазақ спорт және туризм академиясы

Академия тарихы 1944 жылдың 14 қарашасынан бастау алды

Photos from Қазақ спорт және туризм академиясы's post 12/02/2024

Шымкент қаласында өткен Қазақстан біріншілігінде академия мақтанышы Таниева Эльжана (ФОС 22-23) көркем гимнастиканың көп сайыс түрінен алтын медаль жеңіп алды🥇👏🏻

⭐️ Ал жекелей өнер көрсетуде Эльжана бір өзі 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.

⭐️ Академия жұлдызы Ертайқызы Айбота (ФОС 20-10) жекелей сында 1 күміс және 2 қола алды.

Құттықтаймыз!

~

На чемпионате Казахстана, проходившем в г. Шымкент, гордость академии Таниева Елжана (ФОС 22-23) завоевала золотую медаль в многоборье по художественной гимнастике 🥇👏🏻

⭐️ В индивидуальных выступлениях Эльжана завоевала 1 золото, 2 серебра и 1 бронзу.

⭐️ Звезда Академии Ертайқызы Айбота (ФОС 20-10) завоевала 1 серебряную и 2 бронзовые медали в личном первенстве.

Поздравляем!

Photos from Қазақ спорт және туризм академиясы's post 12/02/2024

1-5 ақпан аралығында Астана қаласында грек-рим және еркін күрес түрлерінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті:
Еркін күрестен:
Бекен Жаңыл 🥈
Иманбаева Меруерт 🥈

Грек-Рим күресінен:
Камалиев Ербол 55кг🥉
Әмірхан Дәурен 61кг 🥉

Құттықтаймыз!

~

С 1 по 5 февраля в Астане прошел чемпионат Казахстана по греко-римской и вольной борьбе между мужчинами и женщинами:
Вольная борьба:
Бекен Жаңыл 🥈
Иманбаева Меруерт 🥈

Греко-римская борьба:
Камалиев Ербол 55 кг 🥉
Әмірхан Дәурен 61 кг 🥉

Поздравляем!

Photos from Қазақ спорт және туризм академиясы's post 07/02/2024

2024 жылдың 2 ақпанында Астана қаласында Халықаралық студенттер қауымдастығы «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «ТМД елдерінің үздік студенті» байқауы өтті.
Бұл салтанатты шараға халықаралық, облыстық спорттық жарыстардың жеңімпаздары, ҚазАСТ студенттері Максұтова Әсел (ФПСиЕ 23-8), Жақсыбек Абылай (ФПСиЕ 23-8), Әділжан Ерлан (ФПиЕ 23-1), Аргон Ақшуақ (ФОС 23-14), Ахметбек Еркежан (ФОС 23-14), Зулбухар Үкілім ( FOS 23-14) шақырылып, білім, ғылым, спортқа және ел мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін І және ІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ «ТМД-ның үздік студенті-2024» арнайы төсбелгісімен марапатталды.
Бұл – студенттер қауымының оқуға деген құлшынысы мен қажырлы еңбегі, шығармашылықты шыңдауға қосқан үлестеріне лайықты баға.
Академия ұжымы біздің студенттерді жетістіктерімен құттықтап, оқуда, спортта және ғылымда көптеген табыстар тілейді!
Ғылыми жетекшісі: Минбаева Сария, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор.

~

Победители международного проекта
«Лучший студент СНГ - 2024»
 
2 февраля 2024 года в городе Астана состоялось награждение студентов, участвовавших в конкурсе "Лучший студент СНГ", организованного Международной ассоциацией студентов (Казахстан, Астана) при поддержке Объединения юридических лиц в форме ассоциации «Общенациональное движение «Бобек».
Студенты КазАСТ Максутова Асель (ФПСиЕ 23-8), Жақсыбек Абылай (ФПСиЕ 23-8), Адильжан Ерлан (ФПСиЕ 23-1), Аргон Акшуак (ФОС 23-14), Ахметбек Еркежан (ФОС 23-14), Зулбухар Үкілім (ФОС 23-14),  обладатели международных,  региональных,  спортивных соревнований были приглашены на эту церемонию и награждены дипломами І, ІІ степени, нагрудными медалями и свидетельствами нагрудной медали «Лучший студент СНГ-2024» за вклад в образование, науку, спорт и культуру страны. Это заслуженное признание за свою упорную работу, творческий подход к учебе и вклад в развитие студенческого сообщества.
Коллектив Академии поздравляет наших студентов с полученными достижениями, желает дальнейших успехов в учебе, спорте и науке!
Научный руководитель: Минбаева Сария, к.п.н., ассоц.профессор.

Photos from Қазақ спорт және туризм академиясы's post 01/02/2024

Қазақ Спорт және Туризм Академиясында «1 ақпан – халықаралық сайлау күніне» орай «Тура биде туған жоқ» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы ғалымдарының қатысуымен ғылыми-танымдық кездесу болып өтті.
Ғылыми-танымдық шараны ұйымдастырған «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұжымы; модераторы: т.ғ.д., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Берлібаев Бақдәулет Тұрбекұлы.
Іс-шара қонақтары:
1. Рустем Мустафин – Қазақстан Республикасы ҒА «Философия және саясаттану» институтының «Саяси зерттеулер» орталығының меңгерушісінің орынбасары, PhD, белгілі саясаттанушы;
2. Дамира Сиқымбаева - «Саяси зерттеулер» орталығының жетекші ғалыми қызметкері, PhD;
Іс-шара барысында қонақтар дүние жүзіндегі және Қазақстандағы сайлау тарихы, сайлауды өткізу тәртібі туралы танымды да мазмұнды мағлұматтармен бөлісті.
Кездесу соңында ҚазСТА «Тәрбие және спорт жұмысы» жөніндегі проректоры Мұхтар Зайнолдаұлы Есқалиев қонақтарға еңбектеріне табыс тілей отырып, оқу мекемесі атынан «Алғыс хат» табыс етті.
Кеш қонақтары мен студент жастар арасында естелік суретке түсу рәсімі өтті.

Photos from Қазақ спорт және туризм академиясы's post 31/01/2024

Кітапхана студенттерге қажетті барлық оқулықпен, сондай-ақ әдеби, әлеуметтік, соңғы уақытта жарыққа шыққан жаңа заманауи кітаптармен жабдықталды.

Студенттердің алаңсыз үй тапсырмаларын орындауы мен ақын-жазушылардың шығармашылығын оқуға бар мүмкіндікті жасаған білім ордасының басшылығына білім алушылар өз ризашылықтарын білдірді. Айта кетейік, жатақхана да күрделі жөндеуден өтіп, қонақ үй нақышынында қайта жасақталған болатын.

Жатақханада академияның 250-ден астам студенті тұрады. Айта кетейік, академия ректоры Бауыржан Закирьянов жақында студенттердің әр бөлмесіне су жаңа тоңазытқыштар сыйға тартқан болатын. Өз сөзінде ректор «Білім алуға келген студенттердің оқуда да, ғылыммен айналысуға, спортпен шұғылданып, толағай жетістіктерге жетуіне еш нәрсе кедергі болмауы керек» деді.

Photos from Қазақ спорт және туризм академиясы's post 31/01/2024

Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Бауыржан Закирьянов пен Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев екіжақты келісім шартқа қол қойды.

Мақсат - бірлесе отырып елімізде хоккей спортын дамыту, хоккейден жаттықтырушыларды дайындау мақсатында білім беру бағдарламасын құрастыру.

«Хоккей Қазақстанда өткен ғасырдың ортасында дами бастады. Тәп-тәуір жетістіктеріміз де баршылық. Дегенмен, соңғы онжылдықта хоккей спортының қарқыны бәсеңдеп қалды. Оны маманның жетіспеушілігімен байланыстыруға болады. Олқылықтың орнын толтыруға біз әрдайым ықыластымыз. Бірлесе хоккей жаттықтырушыларын дайындасақ, ел хоккейі алға басар еді. Жас жеткіншектердің осы спорт түріне аңсары ауып, түрлі жарыстарда мәртебеміз көтерілері хақ » деді Б.Закирьянов.

Расында, әлемде хоккей қарқынды дамыған. Жас ұрпақтың хоккеймен айналысуы денсаулыққа да өте пайдалы. Мұз үстіндегі сайыста бала сырғанауды, секіруді және командамен өнер көрсетуді үйренеді. «Шыдамдылық пен тез арада шешім қабылдауға баулитын бұл спорт түрінде жас буынның меңгерері көп. Тек мықты мамандар керек» деді Қазақстан хоккей федерацияларының өкілдері. Олардың айтуынша, Қазақстанда 39 хоккей клубы бар. Ол жерде 9000-ға жуық жас жеткіншектер шұғылданады. 300-ге жуық жаттықтырушы бар. Бұл сандық көрсеткіштерді көбейту – басты мақсат. Бар мамандармен етене жұмыс істеп, олардың біліктілігін арттыру да күн тәртібіндегі мәселе. Осындай маңызды уағдаластықта екі жақты тарап үлкен жоспар құрды:
1. Бірлескен білім бағдарламасын даярлау;
2. Бірлескен іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жобалары шеңберінде жұмыстарды жүргізу.
3. Кәсіптік білім берудің бірлескен бағдарламаларын іске асыру, жоғары білікті кадрларды даярлау, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру.

Photos from Қазақ спорт және туризм академиясы's post 31/01/2024

🇰🇿 АСТАНАДА “Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» атты форум өтті.

⚜️ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұйымдастыруымен «Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» атты форум өтті.

Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, «Атамекен» ҰКП мен Еуропалық білім сапасына кепілдік беру тізілімінің (EQAR) өкілдері қатысты.

Форум аясында 3 тақырыптық сессия өтті: «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ішкі сапасын қамтамасыз етуінің тюнингі», «Ғылыми кадрларды дайындауды жақсарту», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік реттеу жүйесін жақсарту».
Академиядан Ғылым және стратегиялық даму проректоры Дошыбеков А.Б., оқу әдістемелік бөлім проректоры Нұрмұхамбетова Д.К., туризм факультетінің деканы Агелеуова Д.К., Ғылым және халықаралық байланыс бөлім басшысы Кенжебекова Г.У қатысып қайтты.

~

🇰🇿 В АСТАНЕ прошел форум «Обеспечение качества высшего образования: состояние и перспективы развития».

⚜️ При организации комитета обеспечения качества в сфере науки РК и министерства высшего образования состоялся форум на тему «Обеспечение качества высшего образования: состояние и перспективы развития».

В форуме приняли участие Министр науки и высшего образования РК, руководители организаций высшего и послевузовского образования, представители НПП «Атамекен» и Европейского регистра обеспечения качества образования (EQAR).

В рамках форума состоялись 3 тематические сессии: «Настройка внутреннего обеспечения качества высших и послевузовских учебных заведений», «Совершенствование подготовки научных кадров», «Совершенствование системы государственного регулирования высшего и послевузовского образования».
Приняли участие с академии проректор по науке и стратегическому развитию Дошибеков А.Б., проректор кафедры методики преподавания Нурмухамбетова Д.К., декан факультета туризма Агелеуова Д.К., заведующая кафедрой науки и международных коммуникаций Кенжебекова Г.У.

Photos from Қазақ спорт және туризм академиясы's post 31/01/2024

ҚазСТА «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 2, 3 курс студенттеріне арналған Седжон университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға арналған конкурс туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау күні: 31 наурыз қоса алғанда.

Оқыту шарттары:
Оқыту тілі: ағылшын
Оқу мерзімі-1 семестр

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. 2,3 курс күндізгі бөлімдегі ҚазСТА білім алушылары;
2. ҚазСТА-да академиялық кезеңді сәтті аяқтаған білім алушылар;
3. Ағылшын тілін білу (IELTS, TOEFL растайтын сертификаттар).

Үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері:
1. Үлгерімнің орташа балы (GPA 3,5-тен кем емес);
2. Білім әне ғылым саласында жетістіктердің болуы;
3. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаттар (бар болса)

Құжаттар тізімі:
1. Өтініш;
2. Транскрипт;
3. 3х4 форматтағы фото (4 дана);
4. Шетелдік паспорттың көшірмесі;
5. Жеке куәліктің көшірмесі;
6. Грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері, бар болса;
7. Шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL) бар болса.

Кореяда оқу бағдарламасының құнына әуе саяхаты, тұру және виза, медициналық сақтандыру шығындары кірмейді
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі - Сембаева
Алия.
2 оқу корпусы, 2 этаж, 24 кабинет, тел.: 8 (727) 2921163, моб. 8 7017522999

Толық ақпарат https://t.me/kazast_official

24/01/2024
20/10/2023

Началась подготовка специалистов по конному спорту

Президент Казахской академии спорта и туризма Кайрат Закирьянов и вице-президент Ассоциации этноспорта РК Тастанбек Есентаев подписали двусторонний договор. Цель - совместно разработать образовательную программу по национальным видам спорта, в том числе по конному спорту, в целях их развития.
«Такие национальные виды спорта, как аударыспак, жамбы ату, кокпар, байге - это сокровища, унаследованные нашими предками. Верховая езда есть в нашей крови. Нам нельзя терять национальную ценность, мы обязаны взяться за развитие конного спорта на международном уровне. Казахская академия спорта и туризма всегда готова сделать все возможное для развития конного спорта», - сказал К.Закирьянов. Действительно, в мире интенсивно развивается конный спорт. Например, японцы лидируют в этом виде спорта, за ним следуют такие страны, как Германия и Канада, которые развивались очень быстрыми темпами. Наши предки ездили верхом на лошадях, осуществляли много спорной, политической, культурной работы. Почему у нас «хромает» вид спорта, которым занимались наши предки долгие годы?
Кәсіби мамандар спортшыларды баптап жарысқа қосады ғой, дәл солай аттардың да қыр-сырын жетік меңгеретін мамандар қажет. Ал бізде ол жоқ. Осы салада жаттықтырушылар дайындайтын уақыт жетті» деді ҚР этноспорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев. Екеуара өзара ынтымақтастыққа толы бұл шарада көптеген мәселелер қозғалды. Расында бәйге кезде ат үстіндегі шабандоздың төзімімен қатар, оның тақымының мықтылығы да сынға түседі екен. Осындай сан түрлі жаттығу техникаға толы ат спортын үлкен ілім, білім, ғылым десек артық айтқандық емес.
«Чтобы урегулировать этот вопрос, нужно начать с подготовки специалистов. Перед тем, как лошадь отправят на гонку, она будет заниматься техникой тренировки, подготовленной специально для неё. Если мы не поставим эту работу на оптимальный путь, мы потеряем нашу национальную ценность. Специалисты ведь готовят спортсменов к соревнованиям, так и должны быть определенные специалисты, которые будут готовить лошадей к байге и прочим играм. А у нас этого нет. Пора готовить тренеров в этой сфере»,-сказал вице-президент Ассоциации этноспорта РК Тастанбек Есентаев. На этом мероприятии было затронуто множество вопросов. На самом деле, помимо выносливости всадника на коне, в гонках также важна сила подковы коня. Не будет утрированием сказать, что конный спорт, наполненный такой разнообразной тренировочной техникой, - это великое учение, знание, наука.
В дальнейшем планируется проведение совместных мероприятий по разработке и реализации образовательной программы. В календарь событий включены такие масштабные работы, как подготовка и реализация соревнований по конным видам спорта, форумов, спортивно-оздоровительных мероприятий, конференций, семинаров, симпозиумов, научно-исследовательских проектов, применение современных инновационных методик в подготовке будущих специалистов.
Так что, похоже, не за горами тот день, когда уровень развития конного спорта в стране будет на высшем уровне, где мы с вами будем гордиться тулпарами, которые преуспевают в мировых гонках, и настоящими профессионалами, которые готовят сильных спортсменов по конному спорту.

20/10/2023

Ат спортынан кәсіби мамандар даярлау қолға алынды

Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Закирьянов мен ҚР этноспорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев екіжақты келісім шартқа қол қойды. Мақсат - бірлесе отырып ұлттық спорт түрлерінен, соның ішінде ат спортын дамыту мақсатында білім беру бағдарламасын құрастыру.
«Аударыспақ, жамбы ату, көкпар, бәйге сияқты ұлттық спорт түрлері - ата-бабаларымыз мұра еткен асыл қазына. Атқа міну, шабу – біздің қанымызда бар қасиет. Ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, халықаралық дәрежеде көтеруді қолға алғанымыз жөн. Ат спортын дамыту үшін барынша қызмет етуге Қазақ спорт және туризм академиясы да әрдайым ықыласты» деді Қ.Закирьянов. Расында, әлемде ат спорты қарқынды дамыған. Мәселен жапондықтар бұл спорт түрінен көш бастап тұр, одан кейін Германия, Канада сияқты алпауыт елдерде ерекше қарқынмен дамыған. Бабаларымыз ат үстінде жүріп, талай даулы, саяси, мәдени жұмыстарды іске асырып отырған. Қазақ топырағымен біте қайнасып келе жатқан ат спорты неге бізде кенжелеп тұр?!
«Бұл мәселені реттеу үшін алдымен мамандар даярлаудан бастау керек. Атты бәйгеге қоспас бұрын оның бабы, жаттықтыру техникасы болады. Осыны оңтайлы жолға қоймасақ, ұлттық құндылығымызды жоғалтып аламыз. Ат спортын біз аманат деп түсінуіміз керек, ал аманатқа қиянат жасауға болмайды. Кәсіби мамандар спортшыларды баптап жарысқа қосады ғой, дәл солай аттардың да қыр-сырын жетік меңгеретін мамандар қажет. Ал бізде ол жоқ. Осы салада жаттықтырушылар дайындайтын уақыт жетті» деді ҚР этноспорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев. Екеуара өзара ынтымақтастыққа толы бұл шарада көптеген мәселелер қозғалды. Расында бәйге кезде ат үстіндегі шабандоздың төзімімен қатар, оның тақымының мықтылығы да сынға түседі екен. Осындай сан түрлі жаттығу техникаға толы ат спортын үлкен ілім, білім, ғылым десек артық айтқандық емес.
Алдағы уақытта білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізу жоспада тұр. Ат спорт түрлерінен жарыстарды, форумдарды, спорттық-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларды, семинарларды, симпозиумдарды, ғылыми зерттеу жобаларын дайындау және оны іске асыру, болашақ мамандарды даярлауда заманауи инновациялық әдістемелерді қолдану сияқты ауқымды жұмыстар күнтізбеге енгізіледі.
Ендеше, елімізде ат спорты дамып, әлемдік бәйгелерде оза шапқан тұлпарлармен, мықты шабандоздар дайындайтын нағыз мамандармен мақтанатын күн де алыс емес сияқты.

19/10/2023
Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Республика Казахстан, г. Алматы пр. Абая 83
Almaty
050022

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 13:00