13/05/2026
📌 iBilim High School мектебінде
«Адал ата-ана – қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында 5–11 сынып оқушыларының қауіпсіздігі, тәрбиесі, құқықтық жауапкершілік, психологиялық қолдау және жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Мектеп директоры Әмірханов Бекжан Ниязбекұлы, оқу ісі жөніндегі орынбасары Туранов Полат және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтхали Бағдат ата-аналармен бірге оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы білім алуына бағытталған маңызды мәселелерге тоқталды.
Бала қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – жарқын болашақ кепілі 🤝
#АдалАтаАна #ҚауіпсізБалалықШақ #АтаАналарЖиналысы Тәрбие Білім Shardara Мектеп БалалықШақ
14/04/2026
🎉 ЖЕҢІСІМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🎉
Бүгін iBilim high school мектебіннің Мектеп президенті Тұрсынхан Нұрай жүлделі ІІ орын иегері атанды! 🥈Бұл сайыс ауданымыздағы М.Горький атындағы ЖББМ базасында өткен “Көшбасшылар стратегиясы” атты аудандық байқау.
Бұл – табандылық пен көшбасшылық қабілеттің жарқын көрінісі!
Нұрайға алдағы уақытта тек биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
Мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген әрбір оқушымызға алғысымыз шексіз! 💙
#Жеңіс #Көшбасшы МектепПрезиденті Ізденіс Алға
12/03/2026
“Қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында кезекті кездесу өтті!
iBilim High School мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында “Қауіпсіз балалық шақ” жобасы аясында арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері:
КТІЖБ полиция аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Жанакулов Кебейсін Тугелкосович және учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Оспанханов Жеңіс Абылбекович қатысып, 9-сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп, интернет қауіпсіздігі және жеке жауапкершілік туралы маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар мектеп оқушыларына құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеу және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық білімін арттырып қана қоймай, олардың қауіпсіз ортада білім алуына және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруына үлкен ықпал етеді.
Мектебімізде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
#ҚауіпсізБалалықШақ #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #МектепӨмірі #ЖастарҚауіпсіздігі
05/03/2026
“Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік” тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті
iBilim High School ЖШС мектебінде 9-сынып оқушыларымен “Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік” тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмысы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге жеке бостандықтың маңызын түсіндіру, зорлық-зомбылықтың, қысым көрсетудің және мәжбүрлеудің кез келген түрінің заң алдында жауапкершілікке әкелетінін түсіндіру, сондай-ақ құқықтық сауаттылықтарын арттыру.
Кездесу барысында оқушыларға сталкинг ұғымы, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық түрлері, еріксіз некеге мәжбүрлеудің заңсыздығы туралы ақпарат беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамалары негізінде түсіндірме жүргізілді. Сонымен қатар, осындай жағдайларға тап болған кезде қайда жүгіну керектігі, құқықтық қорғау жолдары туралы кеңестер айтылды.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Іс-шара соңында жеке құқықтарды құрметтеу, бір-біріне қауіпсіз орта қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді.
Осындай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіз қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.