16/03/2018
Сегодня знаменательный день для нашего колледжа!
Наши студенты заняли почетные места в конкурсе WorldSkills-2018. I-место по пекарскому делу Кекибаева Молдир-студентка группы 3тх, I-место по поварскому делу Асылбеков Алмас- студент группы 3техБ, I-место по кондитерскому делу Кадирбаева Айгерим- студентка группы 4тх, II-место по сетевому и системному администрированию Чернов Савелий- студент группы 4ВТиПОБ. Ребята, Вы большие молодцы! 👍👍👍
Поздравляем!!!
22/02/2018
21 февраля 2018 г. в Колледже индустрии туризма и гостеприимства г. Алматы прошел городской семинар по теме «Международная стажировка –главное условие развития человеческого капитала». Заместитель директора по УМО АГБК Нуркасова Ж.А. рассказала коллегам о коммуникативной методике преподавания английского языка в языковом центре Университета Глостершир (г.Челтнем).
21/02/2018
21 февраля 2018 г. в Алматинском государственном бизнес колледже было проведено служебное совещание с преподавателями-организаторами НВП, дополнительно с празднованием «Дня вывода Советских войск из республики Афганистан».
На служебном совещании выступили директор АГБК Касымова Г.К. с начальником Алмалинского УДО подполковником К. Джексенбаевым, с последующим переходом и вручением подарков ветеранам-Афганцам:
1. прапорщику Прадко Владимир Ивановичу;
2. капитану Чарисруллину Талгату Тулепгалиевичу;
3. капитану Жусипову Оразбай Темешовичу;
4. старшему прапорщику Чернову Владимир Александровичу;
5. сержанту Увалиеву Марату Казезовичу.
Преподавателями НВП АГБК были показаны два класса, для проведения теоретических и практических занятий, а также электронный тир «Стрелок», который имеется по всему городу только в АГБК.
20/02/2018
В период с 5 января по 1 февраля 2018 года прошел(-а) образовательные курсы «Ресторанный сервис» в количестве 108 часов при ГККП «Алматинский Государственный Бизнес Колледж» на темы:
- Организация работы бара
- Алкогольные напитки
- Менеджмент и маркетинг ресторана
- Вино
- Менеджмент кухни
В сотрудничестве с :
Отель «Shera Park Inn»
Кондитерский магазин «Крем брюле»
Ресторан «Vino da Puri»
Экспрессо-бар «Сова»
17/02/2018
Қазақстан КВН одағының ұйымдастыруымен
Астана қаласында өткен "Маусымашар-2018" фестиваліне қатысқан Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің "Бері қара" қыздар жайдарман тобын Жоғары рейтингті сертификатпен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз.
17/02/2018
Рухани жаңғырудың құдіреті
Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Қасымова Гүлфайруз Қабденқызының тапсырмасымен әдіскерлер бөлімі жауапты болып, колледждің жас мамандар мектебімен ұйымдастырған мерекелік шара болды.
Мерекелік іс-шара 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өтті. Колледжіміздің жас мамандары Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауындағы алты негізгі бағыт бойынша жолдауды қолдайтындарын білдіріп, жігерді жалындатып, рухты серпілткен баяндамалар оқыды. Мерекелік шараға құрметті қонақтар, халықтың сүйікті әншілері мен күйшілері шақырылды. Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің жас мамандары Күнтубай Айдар мен Тасубаева Айнұрдың жүргізушілік етуімен Елбасының «Елім менің» әнімен басталып, сахна Құрманғазы атындағы мемлекеттік Академиялық оркестр бөлімшесінің орындауындағы «Балбырауын», «Адай» күйлерімен салтанатты түрде ашылды. Халықтың сүйікті әншісі ҚР Еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров пен қызы Бибімария Омарова «Қазақстан», «Астана» әндерін шырқап отаншылдық рухты көтерді. Колледждің жас мамандары рухани жаңғырудың маңыздылығын ашып, баяндамалар оқыды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш Бәбиханұлы «Ел – шежіре» қоғмдық қорының үйлестірушісі Бейбіт Нәлібаев Молдахметұлы, ақын М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының доктаранты – Ерқанат Қуатбекұлы қатарлы сыйлы қонақтар құрметпен сахнаға шақырылып, рухани жаңғырудың мәні мен мақсаты жөнінде ой қозғап, тамаша үндестік жасады. Эстрада әншісі Бақытгүл Исмайыл «Қазағым», «Қайран өмір» әнімен мерекелік шарадағы көрерменнің рухын бір серпілтіп тастады. Эстрада әншісі Арман Әбен қазақ дәстүрін дәріптеген - «Ет жеп кет» деген әнін айтса, ал колледждің жас мамандары қазақтың дәстүрлі биі «Қара жорға» биін билеп, көрермендерге тосын сый жасап, рухты одан әрі жаңғыртып мерекелік шараны тамаша думанға бөледі. Соңында жас мамандар «Атамекен» әнін хормен орындап шараның салтанатын асырды.
Рухани жаңғыру мерекелік шарасы міне, осындай тамаша жетістіктермен бүкіл залдағы көрермендердің рухын жаңғыртып, ерекше тебіреністі сезімге бөледі. Елбасы жолдауының құдіретімен рухымыз жанып, жігеріміз тасып, бүкіл колледжді шаттық кернеді. Біздің жалындаған жастар өздерінің жастық жалынымен рухымызды жаңғыртуға өз үлестерін қосты. Колледж басшысы Гүлфайруз Қабденқызы рухани жаңғырудың құндылығын түсіндіріп, отаншылдық сезімді асқақтатып, рухты жаңғыртқан осындай тамаша мерекелік іс-шара өткізген жас мамандарды тағы бір қырынан танығанын айтып, сегіз қырлы бір сырлы, білімді де білікті жастарға сәттілік тілеп, бүкіл оқушылар мен оқытушыларға алдағы нұрлы болашаққа, міне осындай көтеріңкі рух, жалындаған жігермен құлаш сермеу керек деп, тебірене үн тастады. Рухы серпіліп, күш-жігерді жалындатқан рухани жаңғырудың құдіретін сезінген көрермендер «Көк тудың желбірегені» әнінің асқақ үнімен нұрлы болашаққа қарай «Алға, қазақстан» деп қимай-қимай естелік қалдырысып тарқасты.
Алматы мемлекеттік бизнес колледжі
Әдіскерлік бөлім
Ғалым Бақыт
17/02/2018
Директордың кубогі «Қазақша сөйлеу оңай» атты КТА ойыны.