English with Zhan

English with Zhan

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from English with Zhan, Language school, Мамыр 7, Almaty.

Photos from English with Zhan's post 08/03/2024

Happy women’s day! Барша әйел қауымын бүгінгі келіп жеткен мерекемен құттықтаймын! Біз ең жақсыға лайықтымыз..

Осы суреттермен Балидің контентін аяқтайық..))

09/09/2023
26/08/2022

Ағылшын тілін ТОЛЫҚ үйренудің жалғыз жолы….

Көп оқушыларым сұрайды:
- Ағылшын тілін қанша уақытта үйренуге болады?
- Ағылшын тілін ТОЛЫҚ үйренгеніңізді қай уақытта түсінесіз?
- Ағылшын тілін оқуды қашан ТОҚТАТАСЫЗ?

Бұлай сұрақ қойған кезде, барлық оқырмандарыма 1 жауап бергім келеді.

Ағылшын тілін ТОЛЫҚ үйренудің жалғыз жолы - ӘДЕТКЕ айналдыру.

Басқаша НИКАК!!!

Сіз ағылшын тілін бір рет үйренгеннен кейін, тастап кетсеңіз, қайтадан ұмытып қалуыңыз мүмкін. Ал Advanced деңгейіне дейін тез арада жету үшін, жай ғана дайындалуды Әдетке айналдыру керек.

Сіз бір рет әдетке айналдырсаңыз, тілді үйрену оп-оңай болып қалады.

Бірақ неге көп адамдар, әдетке айналдыра алмайды? немесе Әдетке айналдырсада тілді үйрене алмайды?

Себебін толық айтып бергенімді қаласаңыз, осы постқа + қалдырыңыз. Сізге арнайы сабақты дайректтен жіберемін.

25/08/2022

Пост текст:

Ағылшын тіліне қызықсаңыз, постты соңына дейін оқыңыз...

1️⃣фактті есіңізде сақтап алыңызшы:
Әлем бойынша Ағылшын тілінде 1,85 млрд адам сөйлейді 🤩

Ойлаңызшы:
1,850,000,000 адам Ағылшын тілінде еркін сөйлейді🤔

Сіздіңде ағылшын тіліне қызығатыныңызды білемін.

Бірақ неге әлі бастай алмай жүрсіз?🫣
Неге бастасаңызда, соңына дейін үйрене алмай, тастап кетесіз?😨

Ұмытпаңыз: 👇
Сіздің ағылшын тілінде әліде сөйлей алмауыңыз:
- Сіздің кінәңізден емес❌
- Сізде таланттың болмауынан емес❌
- 1,85 млрд адам үйренгенде, тек сіз ғана үйренбесін деп ешқай жерде жазылмаған❌

Мен 5 жыл бойы ағылшын тілін басқаларға үйрету барысында, тілді үйрену барысында 90 % адамдардың жіберетін қателіктерді таптым.
Сол қателіктермен сіздермен бөлісуге дайынмын.

Дәл осы посттың астына + жіберсеңіздер, сіздерге арнайы сабақ жіберемін.
Тек Ағылшын тіліне қызықсаңыз ғана жіберіңіз

14/05/2022

Calm before the storm = затишье перед бурей

Сәлем Мен Жан Таңатар, қазақ оқырманын ағылшынша сөйлетемін деген МИССИМДЫ масштабқа шығару жолындамын.

Бір аптаға созылған іскерлік кездесулерден кейін, бүгін тәуекел етіп келісім шарттың алғашқы қадамдарын жасадық. ИншаАлла бастаған ісім хайырлы болғай!

Өте жақын арада Жан ханымды басқа қырынан танитын боласыздар! Уақыт келді🔥

❤️ Комментарийде жылы сөздеріңізбен қолдап кетіңіздерші. Шынымды айтсам осы күндері қатты толқып жүрмін.

18/03/2022

Талант жоқ екен деп арманыңнан бас тарту ақымақтық!

Білімді, дана, жетістіктері мол адамды көргенде не ойлайсың? Оның мұндай дәрежеге жетуі👇
1. Тұқымға байланысты
2. Тәрбиесіне байланысты
3. Жоғарғы дәрежелі білім алуына байланысты
Немесе өз қателіктерін тұрақты түрде түзеп отырғанына байланысты ма?

Жақсы өмір тек өзіңді үнемі түзеуден құралады. Ал біз қателігімізді кемшілік ретінде көреміз. Бірден perfect болып кетуді ойлаймыз. "Жоспарлағар ісіміз іске аспайды" деп тон пішіп, сәтсіздікке ұшырағандай сезімде боламыз.

Есіңізде болсын нақты, бекітілген perfect бизнес стратегия жоқ. Жетістікке жету просто бастап, қатай-қайта жоспарыңды реттеуден тұрады. Мысалы Германияның 1949 жылы құрылған конституциясы 60 рет жөнделген екен.

Сондықтан уақытыңды босқа идеальный план құруға кетіргенше, өзіңді еш кінәламай, просто бастап, жол бойы түзеліп отырғаның әлде қайда дұрыс.

Талант жоқ екен деп, арманыңнан бас тарту ақымақтық.

20.03.22 күні ЭКСПЕРТ + КӘСІПКЕР болу жолдарын ТІКЕЛЕЙ ЭИРДЕ өз тәжірибемнен бөлісетін боламын. Ешқандай продюсерсіз запуск жасап, табысқа жетуге болады.

Эфирде ЖЕКЕ КОУЧИНГҚА сатылым ашамын. Іс бастап миллион табысқа жеткісі келетіндердің құлағына алтын сырға.😁

08/03/2022

HAPPY WOMEN’S DAY!

On this special day I wish you all the joy and happiness in the world. Today and forever…

Dear ladies you’re beautiful in everything you do! Love you so much!❤️

16/02/2022

How to think in English?
Қалай ағылшынша ойласақ болады?
✅ If you’re speaking English in your mind, it’s easier to speak it with your mouth.
📌 So how can you start thinking English?
Ағылшынша ойлау сізге тілді сезінуге, сіздің бір бөлігіңіз етуге көмектеседі.
🔷 Ақпаратты сезінгенде сізге ойланып отырудың қажеті жоқ.

✅ Сонымен ағылшынша ойлаудың 5️⃣ түрлі жолымен таныстырайын.

1️⃣ Think in single words
Көрген заттардың атауын я болмаса істеген ісіңізді ағылшынша ойлаңыз. Қабырғаларға керек сөздерді, фразаларды іліп қойыңыз.

2️⃣ Narrate your day
Бір күніңізде болған оқиғаларды өзіңізге айтып беріңіз.
Өзіңізді 3-ші жаққа қойып айтсаңыз болады.
Мыс: It’s morning. She wakes up and rubs her eyes. She yawns as she makes herself a cup of coffee and thinks what she should wear today.
Бәрін сипаттауға тырысыңыз. Не істегеніңізден бастап, қандай сезімде тұрғаныңызды, сырт келбетіңізді, не ойлап жатқаныңызға дейін.

3️⃣ Make up conversations
Бір тақырып таңдап сол тақырыпта біреумен сөйлесіп жатқандай болыңыз.
Мысалы ресторанға барсаңыз даяршымен қалай сөйлесер едіңіз?

4️⃣ Get creative
Сөйлеп отырғанда бір сөзді ұмытып қалсаңыз оны сөздіктен аударуға жүгірмей басқа жолмен түсіндіруге тырысыңыз.

Мысалы: If you can’t remember the word “garage,” you could say it’s “the place where you park your car at home.” If you can’t recall how to say “excited,” try saying that it’s “when you’re really happy, the opposite of being bored.”

Бұл жағдайда мына фразалар көмекке келеді.👇
📌 It’s the opposite of...
📌 It’s similar to...
📌 It’s a place where...
📌 It’s something you use to...
📌 It’s an action you do when...

5️⃣ Wordnik, dictionary, vocabulary websites қолданыңыз. Сөздерді орыс немесе қазақ тіліне аударудың орнына мағынасын ағылшын тілінде іздеңіз.

Қай жолды қолданар едіңіз?
✅ Комментарийге ағылшынша сөйлегісі келетін ДОСЫҢДЫ белгіле!👇

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Мамыр 7
Almaty