IITU-Journalism

IITU-Journalism

Share

Электронная журналистика в МУИТ страница специальности "электронная журналистика и медиакоммуникации " в МУИТ (Казахстан)

Photos from iitu_kz's post 04/04/2024
10/10/2023

🇰🇿 ХАТУ-дағы Польша университетімен қос диплом бағдарламасы

⚜️ Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 7 студенті Польшадағы Мицкевич университетінің қос дипломды бағдарламасы бойынша оқуын бастады.

Алматы қаласындағы ХАТУ-да «Бизнес, медиа және менеджмент» факультеті мен Познань қаласындағы (Польша) А.Мицкевич университетінің саяси зерттеулер және журналистика факультеті ұзақ мерзімді ынтымақтастықтан кейін жаңа кезеңге – қос дипломдық білім беру бағдарламасына көшті.

МУИТ ректоры Асқар Хикметов пен Мицкевич университетінің журналистика және саясаттану факультетінің деканы Анджей Стелмах журналистика мамандығы бойынша қос диплом алу туралы келісімге қол қойды. Бұл бағдарлама Ғылым және жоғары білім министрлігінің сарапшыларымен мақұлданды.

Қазір студенттер Еуропа университетінің профессорлары Monika Maciejewska мен Bartosha Hordeckiдің дәрістерін тыңдауда. 2024 жылдың наурыз айынан бастап 4 студент Познань қаласында (Польша) оқуын жалғастырады, ал 3 студент Алматыда 2 жыл бойы ХАТУ бағдарламасын меңгереді, одан кейін Мицкевич университетінде оқитын болады.

Енді еуропалық бакалавр немесе магистр дәрежесін алғысы келетін кез келген адам ХАТУ-дың БАҚ, журналистика, SMM&PR мамандықтары бойынша оқуға түсіп, Мицкевич университетінің бір еуропалық және бір қазақстандық – Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің екі дипломын алуға мүмкіндік алды.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Address


Almaty
050004