Department of pedagogy and education management of Al-Farabi Kaznu

Department of pedagogy and education management of Al-Farabi Kaznu

Share

История кафедры педагогики и образовательного менедж?

23/04/2026

Докторанттар педагогикалық практика аясында «Жауапты тұтыну» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді
2026 жылғы 1 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 8D01102 – Педагогика. Білім берудегі менеджмент мамандығының 1 курс докторанттары А.К. Тулегенов пен С.М. Ғабдұл-Мүттәліп педагогикалық практика аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің №3 оқу корпусының 606-аудиториясында «Жауапты тұтыну» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шара «6В03201 – Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінің қатысуымен өтті.
Ашық сабақтың мақсаты – студенттерге жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыру және экологиялық, әлеуметтік жауапкершілікке баулу.
Сабақ барысында қатысушылар артық тұтыну, пластик қалдықтары, азық-түлік ысырабы, су мен энергияны үнемдеу тақырыптары бойынша топтық жұмыстар орындап, өз ойларын ортаға салды.
Студенттер жоғары белсенділік танытып, тақырыпқа қызығушылықпен қатысып, сыни ойлау және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
Аталған ашық тәрбие сағаты студенттердің экологиялық мәдениетін дамытуға және тұрақты даму қағидаттарын күнделікті өмірде қолдануға оң ықпал етті.

Photos from Department of pedagogy and education management of Al-Farabi Kaznu's post 23/04/2026

2026 жылғы 23 сәуірде Satbayev University базасында «Цифрландыру және еңбек құқықтары: болашақ маманның кәсіби құзыреттері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 1-курс докторанттары ұйымдастырды.
Кездесуде цифрландыру жағдайындағы еңбек құқықтары, кәсіби құзыреттер, құқықтық сауаттылық, цифрлық мәдениет және soft skills мәселелері талқыланды. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен сабақтастықта өтті.
Бағдарлама аясында спикерлер мазмұнды баяндамалар жасап, жасанды интеллектіні пайдалану арқылы дайындалған бейнеролик ұсынылды. Бейнероликті Сүлейменова Р.М. әзірледі.
#ҚазҰУ #Докторанттар #ХалықаралықДөңгелекҮстел #Цифрландыру ЕңбекҚұқықтары КәсібиҚұзыреттер ҚұқықтықСауаттылық ЦифрлықМәдениет SoftSkills ТДМ ЦУР4 ЦУР8 ЦУР9 ЦУР16 ЖасандыИнтеллект Ғылым Білім

Photos from Department of pedagogy and education management of Al-Farabi Kaznu's post 23/04/2026

2026 жылғы 20 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «7M01105-Педагогика.Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасының магистранттары Айткожина Д.А, Бейсенбаева Н.Н және
« 7М01805-Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламасының магистранты Насенова А.К педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары Булатбаева А.А, Есенова К.А, Масимбаева А.А., Қоңырбаева С.С жетекшілігімен «Ozat» мектебінде 1 курс студенттері және оқушылардың қатысуымен ««Эко-сана: Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу»» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты - бұл тәрбие сағаты оқушылар мен студенттерге қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін зияны мен пайдасын түсіндіруді мақсат етеді. Бағдарлама аясында олар қоқысты қағаз, пластик және шыны деп бөліп, дұрыс сұрыптаудың практикалық дағдыларын меңгерді. Студенттер мен оқушыларға қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығы мен оларға «екінші өмір» сыйлау жолдары ұғындырылды. Осылайша, бірлескен жұмыс арқылы қатысушылардың бойында жауапты «Эко-сана» қалыптасады.

Photos from Department of pedagogy and education management of Al-Farabi Kaznu's post 23/04/2026

2026 жылғы 20 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «7М01105 – Педагогика. Білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасының магистранттары Дощанова М.Х., Мұратхан Ж.С. педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары Булатбаева А.А., Альчимбаева А.Б., Мурзагулова М.Д. жетекшілігімен 3 курс студенттерімен «Таза Қазақстан» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын дамыту, табиғатты қорғау мен тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасы аясында азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру.
Мазмұндық тұрғыдан іс-шара тұрақты даму мақсаттарымен байланыстырылып, ТДМ 3 (жақсы денсаулық пен әл-ауқат), ТДМ 11 (тұрақты қалалар мен елді мекендер) және ТДМ 13 (климаттың өзгеруімен күрес) бағыттарын қамтыды. Бұл экологиялық тазалықтың адам денсаулығына, өмір сапасына және қоғамның тұрақты дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор екенін кешенді түрде қарастыруға мүмкіндік берді.

Photos from Department of pedagogy and education management of Al-Farabi Kaznu's post 18/04/2026

2026 жылғы 13 сәуірде география және табиғатты пайдалану факультетінде «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған «Жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастырудың климаттық тұрақтылыққа әсері» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шара педагогикалық практика барысында ұйымдастырылып, «Туризм» білім беру бағдарламасының магистранттары А. Серікбол, С. Беркинбаева, К. Шедеухан, С. Дүйсенғалиева тарапынан педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Э.Т. Баярыстанованың ғылыми-әдістемелік жетекшілігімен жүзеге асырылды. Іс-шараға рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары Р.М. Байбуриева, Ж.Н. Алиева, Ш.Т. Абдреева қатысып, оның мазмұндық-әдістемелік деңгейіне кәсіби тұрғыдан қолдау көрсетті.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес ұйымдастырылды, атап айтқанда, ТДМ 12 «Жауапты тұтыну және өндіріс» және ТДМ 13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» мақсаттарымен үйлесім тапты. Қазіргі кезеңде табиғи ресурстарды қарқынды пайдалануға негізделген экономикалық модельдердің қоршаған ортаға антропогендік әсерінің күшеюі тұтынудың ұтымды үлгілеріне көшудің өзектілігін айқындай түсуде. Іс-шара барысында студенттерге жауапты тұтыну мәдениетінің теориялық негіздері жүйелі түрде ұсынылып, оның климаттық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі ғылыми тұрғыдан негізделді. Сонымен қатар, тұрақты даму қағидаттарын күнделікті өмірде қолданудың практикалық мүмкіндіктері талқыланды. Практикалық мысал ретінде қалдықтарды қайта өңдеу және дөңгелек экономика элементтерін енгізу бағытында жұмыс істейтін Fabriqa тоқыма боксының қызметі таныстырылды.

Photos from Department of pedagogy and education management of Al-Farabi Kaznu's post 18/04/2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының оқытушылары А. Альчимбаева, С. Қоңырбаева, А. Дүйсенбаев және А. Текесбаевна «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында және 21 жыл колледж директорлық қызметін атқарған, педагогика ғылымдарының кандидаты, колледж тарихында мәңгі өшпес орны бар тұлға – Жүсіпова Роза Зәкірқызының 70 жылдығына арналған «Білім беру парадигмасы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» атты студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында ғылыми-зерттеу жұмысына сарапшылық қызмет атқарды.
Конференцияның басты мұраты кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы студенттердің ғылыми зерттеу әдіснамасын дамыту, жас ізденушілердің зерттеу нәтижелері мен инновациялық тәжірибесі туралы ғылыми ақпарат алмасу, ғылыми таным мен эксперименттік зерттеулердің әртүрлі деңгейлерін қарастыру. Р.З.Жүсіпованың педагогикалық-психологиялық мұрасын насихаттау. Конференция қорытындысы бойынша брифинг талдау жасалды және үздік зерттеу жұмыстары наградталды. Сонымен қатар, сарапшы мамандарға алғыс хаттар табысталды.

Photos from Department of pedagogy and education management of Al-Farabi Kaznu's post 18/04/2026

2026 жылдың 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының оқытушылары жетекшілері К.А. Есенова, А. Альчимбаева Алматы қаласындағы «Озат» мектебінде педагогикалық практика аясында «Ғажап әлемнің гүл бағы» әдеби- музыкалық кеш өткізді. Шараның басты мақсаты – оқушылардың анаға, қыз балаға деген құрметін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және рухани-адамгершілік тәрбие беру. Мерекелік кеш соңында оқушылар алғыс хаттармен марапатталып, әр сынып ұлдарының қыздарға дайындаған сый-сыяпаты сыйға тартылды және мектеп тарапынан тәттілер ұсынылды.

Photos from Department of pedagogy and education management of Al-Farabi Kaznu's post 18/04/2026

2026 жылдың наурыз айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының оқытушылары К.А. Есенова, А. Альчимбаева, С. Ә. Рамазанова Алматы қаласындағы Озат мектебінде «Әдібай Табылды; 100 жыл-100 рубаят» әдеби кешін өткізді.
Іс-шараға Ә. Табылдының ұрпақтары, ата-аналар, университет пен мектеп білім алушылары аралас форматта қатысты (онлайн/офлайн). Мектеп оқушылары ақынның 100 рубаятын оқып, барша көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар, әдеби кеш барысында интеграциялық сабақтастықта Ә. Табылдының шығармашылығын қамтитын бейнесюжет, оқырмандарға үндеу, ақынның шәкірттерімен сұхбат, үздік рубаят жеңімпазы, музыкалық тарту сынды бағдарлар кіріктірілген.
Оқушыларға әдеби-көркем білім беруді дамыту жағдайында ақынның шығармашылығының қолданудың тиімділігі жайында PhD К. Есенова терең талдау жасады әрі рубаяттардың құндылығын құрал ретіндегі аспектілерін алға тартты және мектеп ұстаздарымен бірлесе отырып арнайы Ә. Табылдының рубаяттар рубрикасынан құралған платформа құруды ұсынды.

Photos from Department of pedagogy and education management of Al-Farabi Kaznu's post 15/04/2026

Бүгін 2026 жылдың 15 сәуірінде біз тұрақты дамудың 4-ші Жаһандық мақсатына арналған 3-ші Республикалық «Жастар бастамалары» байқауын аяқтадық. Бұл іс-шараны педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі Н.С. Алгожаева, проф. А. А. Булатбаеваның жетекшілігімен «Педагогика. Білім берудегі Менеджмент» ББ 2 курс магистранттары ұйымдастырды.
Байқау жоғары оқу орындарының әртүрлі мамандықтары бойынша бакалавриат студенттері үшін ашық болды. Биылғы жылы Алматы, Ақтөбе, Атырау, Петропавл және т.б. жоғары оқу орындарынан қатысушылар болды. Жүлдегерлерді, ғылыми жетекшілерді және әріптестерімізді құттықтаймыз: Ozat Primary school мектебі, Нigh school мектебі, “Педагог”республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы.

11/04/2026

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетте және Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияда «Жастардың психологиялық әл-ауқаты мен азаматтық жауапкершілігін дамытудағы ұлттық тәрбие және цифрлық технологиялардың рөлі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара 3 сәуір өткізілді. Тәрбиелік іс-шараны Сүлейменова Р.М. (8D01802 – Әлеуметтік педагогика) және Қалымбетов Д.А. (8D01101 – Педагогика және психология) 1 курс докторанттары өткізді. Іс-шара жастардың психологиялық әл-ауқатын қолдау, азаматтық жауапкершілігін арттыру және ұлттық құндылықтарды заманауи білім беру үдерісімен сабақтастыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Almaty

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:00
Tuesday 08:00 - 18:00
Wednesday 08:00 - 18:00
Thursday 08:00 - 18:00
Friday 08:00 - 18:00
Saturday 08:00 - 18:00