03/03/2018
https://bnews.kz/ru/news/dva_otdeleniya_dnevnogo_prebivaniya_dlya_detei_s_invalidnostu_sozdadut_v_almati
Отделения дневного пребывания для детей с инвалидностью создадут в Алматы
В мае свои двери для детей с особыми потребностями откроют два отделения в Жетысуском и Наурызбайском районах. В настоящее время в городе действуют три сети центра...
26/10/2017
«Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығының» №3 Бөлімшесінде «Арайлы Алтын күз» мерекесі өтті.
№3 Бөлімшеде қызмет алушыларға арналған «Арайлы Алтын күз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында қызмет алушыларға концерттік бағдарлама, мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
Бұл күні балаларға құттықтап концерттік бағдарламамен Т.Жургенов атындағы өнер колледжінің студенттері келді. Олар ән, актерлік этюд көрсетіп балаларды қуантты.
Іс-шара барысында өзіміздің бүлдіршіндеріміз күзге байланысты өлең шумақтарын айтып, биші қыздарымыз «Қуыршақтар» биін биледі. Сонымен қатар, барлық балалар «Алтын күз» мерекесіне байланысты сән үлгісін көрсетті.
Сонымен қатар, жеке тұлға Жангуль ханым қызмет алушыларға ойыншықтар (қыздарға жұмсақ ойыншықтар, ұлдарға машина, конструкторлар) әкелсе, Мариям бастаған еріктілер тобы мерекелік дастархан жасады (тәтті бәліш, жеміс-жидектер, шоколадтар, сусын, самса, бәліш, т.б. тәттілер) және «Грузинский двор» мейрамханасы манты және салаттармен көмектесті.
Іс-шара соңында қызмет алушылар барлық қонақтармен естелік суретке түсті. Бұл
мереке өте көңілді және қызықты өтті. Осы сəттер қонақтарымыз бен қызмет алушылардың есінде көпке дейін қалады деп ойлаймыз.