
📚Кітап оқуды насихаттау, пән мұғалімдері мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту және кітапханада өткізілетін іс-шараларға тарту мақсатында оқушылар назарына «Reading man» танымдық ойыны ұсынылды.
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбае?
Operating as usual
📚Кітап оқуды насихаттау, пән мұғалімдері мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту және кітапханада өткізілетін іс-шараларға тарту мақсатында оқушылар назарына «Reading man» танымдық ойыны ұсынылды.
🌱Мектебімізде 25 сәуір күні "Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні" мерекесі аясында 📚"Кітап әлемді бағындырады"📚 акциясы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін іс-шараға биыл 360 қатысушы (мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар) белсенді қатысып, бір-бірлеріне құпия түрде ең құнды сыйлық - КІТАП📖 сыйлады.
🌱Алматы қ. ФМБ НЗМ мен Талдықорған қ. ФМБ НЗМ🌱
📚Шерхан Мұртазаның "Дәрігердің үш қаруы" шығармасының мазмұны бойынша ұйымдастырылған желілік әдеби сайыста Алматы қ. ФМБ НЗМ 8К сыныбы мен Талдықорған қ. ФМБ НЗМ 8А сынып оқушылары бақ сынап, жарысқа қатысты. Әдеби сайыс 4 бөлімнен, шығарманы толық ашатын күрделі сұрақтардан тұрды. Сайыс нәтижесі бойынша біздің 8К сынып оқушылары жеңіске жетті.
Менің сүйікті бірінші парағым
Book Spine Poetry
Using the Titles of Books to Write Poetry on the concepts of Time and Change
📚 Бердібек Соқпақбаев пен Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығымен танысу мақсатында Keyword Hexagon әдісі арқылы 7 сынып оқушылары зерттеу жұмысын жасады.
📚Кітапханамыздың қорына ағылшын тілінде жаңа көркем әдебиеттер келіп түсті
📚Газет-журнал айдарларымен танысу, сұхбаттар, мақалалар тақырып бойынша білімді кеңейту, жаңалықтарды зерттеу, қоғамды бақылау арқылы кітап оқуға деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында оқушылармен мерзімді басылымдармен "Адамның өмірінде ғылымның маңызы қандай?" тақырыбында зерттеу жұмысы өтті.
📚 Ұлы адамдардың қалыптасқан әдеттері жайлы кітапханамызда қызықты-танымдық ақпараттық сабақ өтті.
5 наурыз күні Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің кітапханашыларына тәжірибе тарату мақсатында «Мектеп кітапханасындағы функционалдық сауаттылықтың өзекті нысандары» атты семинар өтті. Семинарға 30дан аса кітапханашылар қатысып, оларға «Keyword Hexagon», «Әңгімені жалғастыр», «Көлеңкелі поэзия», «Write around», «Tarsia» әдістерімен таныстырылып, практикалық жұмыстар жасалынды.
📚"Қазақстанның мәдени мұралары" тақырыбында 11 сынып оқушыларымен мерзімді басылымдар арқылы тақырыпқа сәйкес мақалаларды талдау жұмысы жүргізілді.
📚Педагог-ұйымдастырушы кураторлармен бірге BOOK TASTING жүргізілді📖
📚 Жаңа кітаптар әлемі шақырады!
Құрметті оқырман, кітапханамыздың қоры жаңа кітаптармен толықтырылды, сіздерді кітапханада күтеміз!
"Отбасы хрестоматиясы" жобасының авторы, шығыстанушы, ағартушы Санжар Керімбай мырза біздің кітапханамызда қонақта болды.
Кітап оқып, әрқашан сәнде болыңыз! Читайте книги, будьте в тренде! Read books to be in trend!
"READx" жобасы бұл оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырудың заманауи көзқарасы.
Кезекті "READx" жобасы қараша айының 29-ы күні өтті. Жобада спикерлер өздерінің кітапқа, оқуға деген көзқарастарымен бөлісті.
📚 Әлем халықтарының ұлттық мерекелері тақырыбында ағылшын пәнімен кіріктірілген сабақ. Сабақ барысында Gale деректер базасы мен Write Around әдісі қолданылды.
14 қараша күні кітапханамызда қалалық жалпы білім беру мектептерінің 35ке жуық кітапханашыларына арналған тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Семинар барысында әріптестерге сыни ойлауды дамытуға арналған әдіс-тәсілдер, инфографика, GPT жасанды интеллект бойынша түсіндірме, кітап оқуды баулуға арналған белсенді әдістер мен мерзімді басылымдармен жұмыс жасау, анализ-талдау жолдары көрсетіліп, практикалық жұмыстар жасалды.
2023 жылдың 3 қарашасында тірек мектеп
кітапханашылары үшін "Оқушылардың оқу және ақпараттық сауаттылық дағдыларын дамыту" практикалық вебинар-тренинг өткізілді. Мақсаты – жалпы білім беретін мектептердегі кітапхана қызметкерлерін кітапханалық және кіріктірілген сабақтар арқылы оқушылардың оқу және ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануға, ұтымды онлайн сервистермен жұмыс істеуге және инфографика құруды қолдануға үйрету.
📚Пауло Коэльонын "Алхимигі" не жайлы?
Бұл кітаптарды біздің кітапханадан алып оқи аласыздар 🥰
Тізімге тағы қандай кітаптар қосар едіңіз👇🏻
Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толып отыр. Соған орай ақынның "Батыр Баян" шығармасын оқып, толық талдау мақсатында Write Around әдісі арқылы жұмыс жасадық.
Президентіміз ұсынатын 7 кітап📚
Сақтап алыңыз✅
Ақын, аса көрнекті композитор, жезтаңдай әнші Үкілі Ыбырайдың әндеріне арналған кіріктірілген сабақ өтті. Сабақ мақсаты - әнші-композитордың шығармашылығына тоқталып, таныстырып, халық композиторларының музыкалық шығармалары арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін оқушыларға бере білу арқылы отансүйгіштікке баулу.
НЗМ ФМБ кітапханасында «Кітап оқуды насихаттаудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында семинар болды.
🌱 Семинар педагог–кітапханашылардың ұйымдастыруымен 16 мамырда Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханашылары мен кітапхана ісінің әдіскерлерінің қатысуымен өтті. NIS кітапханаларында кітап оқуды насихаттауға бағытталған «Дөңгелек үстел» мен кітапханалық сабақтарда қолданылатын «Әдеби лото», «Kangaroo Words», «Пирамида, мақал-мәтелдер» әдіс-тәсілдер, «Gynzy» онлайн сервисі қатысушыларға таныстырылып, практикалық жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, мектеп кітапханашылары өз мектептерінде NIS кітапханаларының тәжірибесінен әдістер мен бірқатар жобаларды қолданып жүргенін атап өтіп, жұмыстарымен, ойларымен бөлісті.
📚 ЕҢ АЛҒАШҚЫ КІТАПХАНА
🌱 Барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері жыл сайын 23 сәуір күні халықаралық кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай «Кітап әлемді бағындырады» жобаны ұйымдастырады. Бұл күнді 1995 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша белгілеген. Биыл біздің мектебіміз осы шараны 6шы жыл атап өтті.
🎯 Жобаның мақсаты: жүзбе жүз кітап туралы тілдесу, пікірлерімен бөлісу, жаңа кітаптармен танысып, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
📚 Бүгінгі мерекеге 350ге жуық қатысушыларымыз келді. Осы жобаны қолдап, әрі уақытын бөліп, белсене ат салысқаны үшін - үлкен алғыс айтамыз!
Джек Лондон деген кім?
📚 Ә Д Е Б И К А Ф Е😋 📚
📚Есіңе мені алғайсың ...🖊 оқушыларымыздың эссе жұмыстары
Monday | 08:00 - 17:00 |
Tuesday | 08:00 - 17:00 |
Wednesday | 08:00 - 17:00 |
Thursday | 08:00 - 17:00 |
Friday | 08:00 - 17:00 |
- языковые курсы для школьников, студентов и взрослых; - академические программы; - программы подготовки к поступлению.
Детский центр ведем набор групп : Подготовка к школе П
Әйелге тән бірегейлігіңізді тану жолында біз сізбен б?