🇰🇿 Қазбек Сағын 🆚 Zhou Wenyun 🇨🇳
Сүйінші! Таза жеңіс!
Бүгінгі кеш қазақ жанкүйерлері үшін ерекше болды. Көптен күткен жекпе-жекте кәсіби ММА спортшысы, Алматы академиясының жаттықтырушысы Қазбек Сағын рингке шығып, ел сенімін ақтады. Аренада қолдау да, эмоция да өте күшті болды. Академия басшылығы мен курсанттар арнайы келіп, жанкүйер болды. Ал жекпе-жектің соңы бәріміз күткен әдемі жеңіспен аяқталды.
****
🇰🇿 Қазбек Сағын 🆚 Zhou Wenyun 🇨🇳
С победой! 👏
Этот вечер стал особенным для казахстанских болельщиков. В долгожданном поединке профессиональный ММА-боец и тренер Алматинской академии МВД Қазбек Сағын вышел в восьмиугольник и оправдал доверие своих зрителей.
Поддержка в арене была невероятной — руководство Академии и курсанты специально приехали поболеть за своего наставника. Эмоции, атмосфера, напряжённый бой — всё это завершилось красивой и заслуженной победой Қазбека Сағына 🇰🇿
QR IIM Almaty Akademiasy
QR IIM ALMATY AKADEMIASY
Алматы академиясының курсанттары чемпион Қазбек Сағынға өз қолдауларын аямауда 🔥🔥🔥
Фанаты Казбек Сагын ликуют 🔥🔥🔥
Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің дрондар зертханасында болып, практикалық сабаққа қатысты.
Сабақ барысында дрондардың полиция қызметіндегі қолданылу бағыттары таныстырылып, олардың жедел әрекет ету мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі көрсетілді. Қатысушылар құрылғылардың жұмысымен жақын танысып, тәжірибелік бөлімді тамашалады.
Бүгінде технология мен қызмет қатар дамып келеді. Осындай сабақтар соның нақты көрінісі болды 🚁
****
Слушатели курса повышения квалификации посетили лабораторию дронов КазНТУ имени Сатпаева, где для них провели практическое занятие.
Во время встречи показали, как дроны применяются в работе полиции, к примеру, при патрулировании, поисковых мероприятиях и для контроля обстановки. Теорию сразу закрепили практикой.
Полезный опыт и возможность познакомиться с технологиями, которые уже активно используются в службе 🚁
🎓 Алдияр Көрпебай — ІІМ Алматы академиясының 2-курс курсанты. Ол киберқауіпсіздік мамандығында білім алып, сонымен қатар корей тілін кәсіби деңгейде меңгеруге ден қойып жүр. 🇰🇿🇰🇷
Қысқа уақыт ішінде тіл үйренуде жақсы нәтижелер көрсеткен Алдияр болашақта Оңтүстік Кореяда магистратурада оқуды жоспарлайды. Оның басты мақсаты — шетелде жинаған білім мен тәжірибені Қазақстанға әкеліп, елдегі киберқауіпсіздік саласының дамуына үлес қосу.
Бүгінде ол білімін жетілдіріп, өз бағыты бойынша сенімді қадам жасап келе жатқан болашағынан үміт күттіретін курсанттардың бірі.
****
🎓 Алдияр Көрпебай — курсант 2 курса Алматинской академии МВД, который сейчас активно изучает корейский язык и учится в Академии по специальности кибербезопасность. 🇰🇿🇰🇷
За год он добился хороших результатов в изучении языка и планирует в будущем поступить в магистратуру в Южной Корее. После обучения Алдияр хочет вернуться в Казахстан и применять полученные знания в развитии кибербезопасности страны.
Сейчас он продолжает учёбу и уверенно развивается в выбранном направлении, показывая большие перспективы в этой сфере.
Бүгін NaiZa MMA спортшысы Қазыбек Сағын мен қытайлық файтер Zhou Wenyun арасындағы титулдық жекпе-жек алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімі мен көз арбасу өтті.
Қазыбек Сағын тек кәсіби спортшы ғана емес, сонымен қатар Алматы академиясы ІІМ-нің жаттықтырушысы. Сондықтан өз бапкеріне қолдау білдіру үшін академия курсанттары арнайы келді.
Ертең ең жеңіл салмақтағы титулға үміткерлік жекпе-жек өтеді 💥
Қазыбекке сәттілік тілеп, бірге қолдау көрсетейік! 🇰🇿💪
****
Сегодня прошли официальные взвешивание и дуэль взглядов перед титульным боем между бойцом NaiZa MMA Казыбек Сагын и его соперником китайским спортсменом Zhou Wenyun.
Казыбек Сагын — профессиональный боец MMA, представитель клуба NaiZa MMA, также является тренером Алматинской академии МВД, поэтому поддержать его пришли курсанты академии.
Уже завтра состоится претендентский бой за титул в наилегчайшем весе 💥
Поддержим нашего бойца и пожелаем ему удачи! 🇰🇿💪
📍Алматы академиясы жеке құрамы оқу полигонында практикалық атыс жаттығуларын өткізді.
Жаттығу барысында қызметкерлер мен оқытушылар қарумен жұмыс істеу дағдыларын, Калашников автоматынан ату тәсілдерін және қауіпсіздік ережелерін сақтауды пысықтады.
Басталар алдында барлық қатысушыларға қауіпсіздік талаптары мен қарудың негізгі сипаттамалары еске салынды. Нұсқамадан кейін жеке құрам белгіленген қашықтықтан әртүрлі қалыпта атыс жаттығуларын орындады.
****
📍 Личный состав Алматинской академии МВД провел практические стрельбы на учебном полигоне.
Во время занятий сотрудники и преподаватели академии отрабатывали навыки обращения с оружием, стрельбу из автомата Калашникова и соблюдение техники безопасности.
Перед началом всем участникам напомнили правила безопасности и основные характеристики оружия. После инструктажа личный состав выполнил упражнения по стрельбе на установленной дистанции из разных положений.
22/05/2026
⚡ Қазақстан мен Грузия ІІМ ынтымақтастықты күшейтуде
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бастаған делегация жұмыс сапарымен Грузияға барды.
Тбилисиде өткен кездесуде Қазақстан мен Грузия ІІМ басшылары қоғамдық қауіпсіздік, трансұлттық қылмыс, есірткі қылмысы, заңсыз көші-қон және кибералаяқтықпен күрес мәселелерін талқылады.
Тараптар екі ел арасындағы құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, тәжірибе алмасуға және салалық бөлімшелер арасындағы өзара байланысты дамытуға мүдделі екенін жеткізді.
Сапар аясында Грузия Премьер-министрі мен де кездесті. Кездесу барысында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп саласындағы қазақ-грузин ынтымақтастығын дамыту мәселелері сөз болды.
****
⚡ Казахстан и Грузия усиливают сотрудничество в сфере безопасности
Делегация МВД Казахстана во главе с Министром внутренних дел с рабочим визитом посетила Грузию.
В ходе встречи в Тбилиси стороны обсудили вопросы общественной безопасности, противодействия транснациональной преступности, незаконной миграции, наркопреступности и кибермошенничеству.
Особое внимание было уделено укреплению взаимодействия между правоохранительными органами двух стран, обмену опытом и развитию прямого сотрудничества между профильными подразделениями.
В рамках визита также состоялась встреча с премьер-министром Грузии. Стороны обсудили дальнейшее развитие казахстанско-грузинского сотрудничества в сфере безопасности и правопорядка.
🔰 Алматы қаласында «Ұлттық қауіпсіздік теориясы: заманауи парадигмалар және даму перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараға құқық қорғау органдары, академиялар, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, депутаттар қатысты.
Жиын барысында жалпы пікір алмасу өтіп, қауіпсіздік саласындағы
бірлескен жұмыс пен ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңызы айтылды.
«Қазіргі кезеңде ұлттық қауіпсіздік – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Заманауи қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін ғылымға негізделген тәсіл, кәсіби дайындық және өзара үйлескен жұмыс қажет», – деді ІІМ Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі Қалижан Қобландин.
«Білекті бірді, білімді мыңды жығар», ал мінез бен қайсарлық қосылса — жеңіс келеді 💪
15-16 мамыр күндері Алматыда Мас-рестлингтен (Таяқ тарту) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің әр өңірінен жиналған мықтылар арасында Академия курсанттары да өз күшін сынап, жоғары нәтиже көрсетті.
Академия курсанттары бұл жағынан да осал емес екенін дәлелдеді 🔥
🔹 Қыздар арасында:
🥇 80 келі салмақта — Біржан Аршынай І орын; 🥉 75 келі салмақта — Асемкамалқызы Аружан ІІІ орын.
🔹 Ерлер арасында:
🥈 75 келі салмақта — Сардарбек Еркебұлан ІІ орын иеленді.
Бұдан бөлек, Академия курсанттары Алматы қаласының құрамасы сапында өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте 🥈 ІІ орынды жеңіп алды.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Almaty