Әсерлі сәт

Әсерлі сәт

Share

Жоба оқушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр.

02/04/2018

Мен алдыңғы аптада физикадан термодинамиканың заңын өттім. Өте қызық тақырып. Тағы да мәңгілік машина жасау мүмкин емес екенін білдім. Сол тақырып бойынша есептер шығардық. Формуласы: Q=∆U+A
На прошлой неделе я прошёл закон термодинамики. Очень интересная тема. Мы узнали что невозможно
Построить вечную машину. Ёще мы решили задачи по этой теме Формула: Q=∆U+A
I learnt thermodynamic law last week. It was interesting them. I knew that it’s impossible to built forever machine. And we solved facts on this topic. A formal: Q=∆U+A
Төкен Сабит
8”ә”

02/04/2018

Маған ұнаған сабақ осы аптада табуға қиын болды. Себебі, есімде бар өткен күндер тек бақылау жұмыстарымен ғана толы тұр. Бірақ, бір сабақ маған ұнаған болды. Орыс әдебиеті. Маған сабақтың жай күйінде өтуі ұнайды. Ешкім саған ештеңе деп тиіспейді, өз өзіңмен апайдың түсіндіріп отырған жазушы туралы тыңдайсың. Осы сәттер маған қатты ұнады.
Если честно, я никак не могу сказать что я получила удовольствие присутствуя в школе. Тесты, зачеты, контрольные. Так много всего по всем предметам. Выходишь с одного кабинета где писал контрольную, заходишь в другой, и пишешь контрольную. Но подумав чутка, я поняла, что уроком на котором я могла бы расслабиться, является русская литература. Мне нравится как мы можем просто спокойно побеседовать про того или иного писателя. Мне нравится как учитель интересно рассказывает нам про этого писателя, про его произведения, что она иногда и добавляет и другие истории из жизни. Это очень интересно. Так спокойно становится. Сидишь в другом, совсем ином измерении, и наслаждаешься временем. А потом идешь писать контрольную.
I really have not felt that I liked a subject these past two weeks. We only had control works, test, and nothing at all. But if I'd look deep down threw my memories, i can admit that I liked Russian literature. How we usually calmly talk about the topic, how our teacher says her own life stories. I really do like these moments.
Давлетова Мира
8 «Б» сыныбы

02/04/2018

11 қараша күні біз химия сабағында отырдық. Біз 110 элемент туралы информациямен бөлістік.Біз сол элементті кім ашты,қашан ашты,бұл элементте неше электрон және протон бар.Біз бұл сабақтан таңқалдық.
11 ноября мы сидели на химии.Мы обсуждали информацию о 110 элементах.Такую информацию как:кто открыл элемент,когда его открыли,сколько электронов и протонов имеет элемент.Мы честно были удивлены этим уроком.
On 11 November we sat on chemistry. We were talking information about 110 elements. Such as: who discovered this element ,in what year this element was discovered, how many electrons and protons does it has. Wewerereallyshockedfromthislesson.
8 В сынып оқушысы
Абденбаева Алтынай

22/02/2018

Бүгінгі күннен бастап Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 8-сынып оқушыларының және пән мұғалімдерінің арасында жоба-байқау басталды. Қатысушыларға сәттілік. Өзге сынып оқушыларынан талапкерлер болса қатысуларына болады. Жоба-байқаудың шарттарын назарларыңызға ұсынамыз.
«Әсерлі өткен әр сәт» жоба-байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер: Жоба оқушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгертуді көздеп отыр. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2015 жылғы 6 мамырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамында айтып кеткен болатын. «Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу» (79-қадам). Егемен еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарын көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан – жақты дамыған рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан – жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды XXI ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп атап көрсетті.

2. Байқаудың мақсаты:
1. Оқушыларды үш тілділікке баулу.
Осы мақсатқа жету жолындағы міндеттер:
1. Оқушы ерекше әсер алған сабағы жайлы екі тілде(қазақша-ағылшынша) мини эссе (бір азат жол, бір ой) жазады. Егер мүмкіндік болса үш тілде жазу қосымша бағаланады;
2. Жазған мини эссесін [email protected] почтасына жібереді;
3. 8-сынып оқитын әр оқушы айына 2 мини эссе, яғни он бес күнде бір мини эссе жазуға міндетті.
4. Мини эссені әр 15 күн ішінде кешіктірмей өткізу талап етіледі.
5. Әр 15 күн сайын оқушылардың және әсерлі сабақ өткізген пән мұғалімдерінің рейтингі сайтқа шығып отырады.
6. Байқау оқу жылының соңына дейін жалғасады.
7. Байқау қорытындысы мамыр айының соңында белгілі болады.
8. Жүлделі орынға ие болған оқушы арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады.
9. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырған пән мұғалімі арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады.

3. Байқауды өткізу мерзімі: 2018 жылдың ақпан айынан осы жылдың мамыр айына дейін.

4. Байқаудың ұйымдастырушысы: Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұжымы.

5. Байқауға ұсынылатын мини эссеге қойылатын талаптар:
1. Жеке көзқарастың көрінісі;
2. Фактілі дәлелдер (аргументтер);
3. Сауаттылық (пункт., орфогр.);
4. Лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды орынды қолдану;
5. Дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау;

6. Бағалау критерийлері (5 ұпай):
1. Теоретикалық деңгейде негізделу. (1 ұпай)
2. Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер. (1 ұпай)
3. Сауаттылық. (1 ұпай)
4. Мәтінді құру тәртібі (стилдік бірлік, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығы және т.б.) (1 ұпай)
5. Дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау. (1 ұпай)

Оқушының әр пән жайлы жазған бір мәтіні пән мұғаліміне 0,2 ұпай болып қосылады.

7. Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың өз ойын жазбаша түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
2. 8-сынып пән мұғалімдерінің оқушынының сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатуға ізденісін арттыру.
3. 8-сынып оқушыларының өзіне ерекше әсерлі өткен сабақ жөнінде үш тілде еркін айта алу қабілеттерін қалыптастыру.
4. 8-сынып оқушыларының жазу стилін қалыптастыру.
5. 8-сынып оқушыларының сыни ойлауын дамыту.
6. 8-сынып оқушыларының бәсекелестік қабілеттерін арттыру.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Панфилова 205
Almaty
050059

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:00
Tuesday 08:00 - 18:00
Wednesday 08:00 - 18:00
Thursday 08:00 - 18:00
Friday 08:00 - 18:00
Saturday 08:00 - 18:00