Кафедра общей и неорганической химии

Кафедра общей и неорганической химии

Share

Добро пожаловать на страницу Кафедры общей и неоргани?

05/07/2025

🇰🇿 **ҚазҰУ-да — диплом табыстау рәсімдерінің шуақты күндері!**
Шілде айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түлектерге диплом тапсыру рәсімдері өтіп жатыр. Әр факультетте ерекше көңіл-күй мен салтанатқа толы сәттер орын алуда.

Кеше Экономика және бизнес жоғары мектебінің 551 түлегі диплом алып, жаңа өмір жолына қадам басты.

Әрбір шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған: әсем безендіру, фотозоналар, музыка, ұстаздардың жүрекжарды тілектері мен түлектердің толқынысқа толы сәттері.

Барша бітіруші түлектерді құттықтаймыз! Жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын! 🎓✨

\ #қазұу #қазұудиплом #түлектер2025

🇷🇺 **В КазНУ — дни выпускных церемоний!**
В эти июльские дни в Казахском национальном университете имени аль-Фараби проходят торжественные мероприятия по вручению дипломов выпускникам разных факультетов.

Накануне 551 выпускник Высшей школы экономики и бизнеса получил свои долгожданные дипломы!

Каждая церемония — это особая атмосфера радости, гордости и вдохновения. Всё организовано на высоком уровне: праздничное оформление, фотозоны, музыка, поздравления от преподавателей и, конечно, искренние эмоции выпускников.

Поздравляем всех выпускников с этим важным этапом! Пусть впереди будет ещё больше достижений и побед! 🎓✨

\ #казнудиплом #казну2025 #выпускникиказну #казнужоғарымектебі

Photos from Кафедра общей и неорганической химии's post 02/07/2025

26 июня 2025 года на факультете химии и химической технологии в зале заседаний имени академика Е. Ергожина состоялся семинар на тему: «Современное аналитическое оборудование: от учебной лаборатории до научных открытий» Молодые исследователи факультета, в том числе докторанты и научные сотрудники, работающие в проекте АР 23486503 под руководством д.т.н., профессора Баешовой А.К. приняли участие в работе семинара и получили сертификаты. Молодым участникам семинара очень понравились содержательные лекции, которые прочитали Гауһар Ахметжан ‒ менеджер отдела клеточного анализа и Александр Якунин ‒ руководитель отдела хроматографии.

24/06/2025

7M01503 – Химия (научно-педагогическое направление): программа подготовки современных лидеров образования

Казахский национальный университет имени аль-Фараби,
Факультет химии и химической технологии

Актуальность и значимость программы
Данная магистерская программа предназначена для выпускников бакалавриата по направлениям химии и педагогики. Её основная цель — подготовка нового поколения педагогов-исследователей. Программа ориентирована на формирование высококвалифицированных специалистов, сочетая теоретическую и прикладную химию, современные педагогические подходы, методику преподавания, STEM-обучение и цифровые технологии.
Количество поступающих в магистратуру ежегодно растёт:
• 2022 г. – 22 магистранта
• 2023 г. – 42 магистранта
• 2024 г. – 57 магистрантов завершают обучение
Это — яркий показатель доверия и высокого спроса на качество программы.
Трудоустройство и профессиональный успех
С момента запуска программы 100% её выпускников были трудоустроены, что свидетельствует о её высокой эффективности.
Сегодня наши выпускники успешно работают по всей стране, в том числе в:
• Назарбаев Интеллектуальных школах
• Республиканской физико-математической школе
• Лицеях «Білім-инновация»
• Специализированных гимназиях и общеобразовательных школах
• Колледжах и высших учебных заведениях
Они вносят весомый вклад в развитие системы образования.
Оценка работодателей
Работодатели выражают особое доверие нашим выпускникам.
По словам директоров школ и руководителей образовательных организаций, магистранты данной программы:
• обладают глубокими теоретическими знаниями;
• отлично владеют современными методиками преподавания;
• свободно используют цифровые инструменты;
• владеют казахским, русским и английским языками,
🔹 отличаются как педагоги, способные самостоятельно решать профессиональные задачи, гибкие, креативно мыслящие и ориентированные на результат.
«В нашей школе успешно работают выпускники именно этой магистратуры. Они — квалифицированные специалисты, вносящие реальный вклад в качество образования и воспитания». — из отзыва директора школы
🔸 Такие профессиональные качества значительно повышают их конкурентоспособность и способствуют высокому спросу на рынке труда.
Пример:
Одна из выпускниц программы — Слямжанова Айжан Женискызы — свободно владеет не только казахским, русским и английским, но и турецким языком. Это позволило ей участвовать в международных научных стажировках.
Наши выпускники — в образовательном пространстве страны
Сегодня выпускники программы востребованы по всему Казахстану. Вот некоторые из них:
• Слямжанова Айжан Женискызы – г. Алматы, школа №50
• Баатарбек Нурсәуле – г. Алматы, школа №179
• Карамырзаев Галымжан Алпамысулы – г. Актау, директор JOO High School Aktau
• Даулетбаков Ануар, Досаханова Нурбиби – г. Алматы, НИШ (физико-математическое направление)
• Файзуллаев Сайдулла, Ауелхан Арай – НИШ (химико-биологическое направление)
• Орынбасарова Дильназ – г. Алматы, школа-гимназия №201
• Төлетаев Куаныш – г. Алматы, школа «Пифагор»
Все они — успешные профессионалы в своей сфере: их ученики становятся победителями олимпиад, они публикуются в научных изданиях и активно развиваются в профессии.
7M01503 – Химия (научно-педагогическое направление) — это не просто подготовка педагога:
🔹 это подготовка исследователя
🔹 опытного методиста
🔹 специалиста, владеющего цифровыми технологиями
🔹 многоязычного, современного преподавателя
Наши выпускники — не только наставники будущих поколений, но и реформаторы системы образования, ответственные и профессиональные лидеры.

24/06/2025

7М01503 – Химия (Ғылыми-педагогикалық бағыт): заманауи білім беру көшбасшыларын даярлайтын бағдарлама

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Химия және химиялық технология факультеті

Бағдарламаның маңызы мен өзектілігі
Бұл магистрлік бағдарлама химия және педагогика бағытындағы бакалавриат түлектеріне арналған. Оның басты мақсаты – педагог-зерттеушілердің жаңа буынын қалыптастыру. Бағдарлама теориялық және қолданбалы химияны, заманауи педагогиканы, оқыту әдістемесін, STEM-білім беруді және сандық технологияларды біріктіре отырып, кәсіби деңгейі жоғары мамандар даярлауға бағытталған.
Магистратураға қабылданушылар саны жыл сайын артып келеді:
- 2022 ж. – 22 магистрант
- 2023 ж. – 42 магистрант
- 2024 ж. – 57 магистрант оқуын аяқтап жатыр
Бұл – бағдарламаның сапасына деген сенім мен сұраныстың айқын көрсеткіші.
Жұмысқа орналасу және кәсіби табыс
Бағдарлама іске қосылғаннан бері түлектердің 100% жұмысқа орналасқаны – оның жоғары тиімділігінің дәлелі.
Түлектеріміз бүгінде еліміздің барлық өңірінде табысты еңбек етіп келеді.
Олар:
• Назарбаев Зияткерлік мектептерінде
• Республикалық физика-математика мектептерінде
• «Білім-инновация» лицейлерінде
• Мамандандырылған гимназиялар мен жалпы білім беретін мектептерде
• Колледждер мен жоғары оқу орындарында
өз үлестерін қосып, білім беру жүйесінің дамуына серпін беріп отыр.
Жұмыс берушілер біздің түлектерімізге ерекше сеніммен қарайды. Олар басқа оқу орындарының түлектерімен салыстырғанда:
- теориялық дайындығы терең;
- заманауи оқыту әдістерін меңгерген;
- цифрлық құралдарды еркін қолдана алатын;
- қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген,
бәсекеге қабілетті мамандар ретінде ерекшеленеді.
Мысалы, түлектердің бірі – Сләмжанова Айжан Жеңісқызы – қазақ, орыс, ағылшынмен қатар түрік тілін де еркін меңгерген. Бұл оның халықаралық ғылыми тағылымдамаларға қатысуына жол ашты.
Түлектеріміз – еліміздің білім беру кеңістігінде
Бағдарлама түлектері бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде сұранысқа ие мамандарға айналды. Солардың кейбірі:
- Сләмжанова Айжан Жеңісқызы – Алматы, №50 мектеп
- Баатарбек Нұрсәуле – Алматы, №179 мектеп
- Қарамырзаев Ғалымжан Алпамысұлы – Ақтау, JOO High School Aktau, мектеп директоры
- Даулетбаков Ануар, Досаханова Нұрбибі – Алматы, НЗМ (физика-математика бағыты)
- Файзуллаев Сайдулла, Ауелхан Арай – НЗМ (химия-биология бағыты)
- Орынбасарова Дильназ – Алматы, №201 мектеп-гимназия
- Төлетаев Қуаныш – Алматы, «Пифагор» мектебі
Олардың барлығы – өз саласында жетістікке жеткен, шәкірттері республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары атанған, ғылыми мақалалар жариялап, кәсіби тұрғыдан қалыптасқан тұлғалар.
7М01503 – Химия (Ғылыми-педагогикалық бағыт) – бұл жай ғана педагог емес:
🔹 зерттеуші
🔹 тәжірибелі әдіскер
🔹 цифрлық технологияларды меңгерген маман
🔹 көптілді, заманауи ұстаз даярлайтын бағдарлама.
Біздің түлектер – ел ертеңін тәрбиелеуші ғана емес,
білім беру жүйесін жаңғыртушы, жауапкершілігі жоғары, кәсіби көшбасшылар.

Photos from Кафедра общей и неорганической химии's post 16/04/2025

🔬🌱 Кәсіби бағдар беру – болашаққа сенімді қадам!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультетінің 1 курс магистранттары Алматы қаласындағы №198 мектептің 10-сынып оқушыларымен бірге «Климаттың өзгеруімен күрес, жасыл химия және көмірқышқыл газын азайту жолдары» атты ашық сабақ өткізді.
Бұл сабақ ТДМ-ның 13-ші бағыты – "Климаттың өзгеруіне қарсы күрес" тақырыбына арналды. Оқушылар жаңартылатын энергия көздері, жасыл химия, экологиялық таза өндірістер және көмірқышқыл газын азайту жолдарымен танысты. Қызықты тәжірибе көрсетіліп, интерактивті сұрақ-жауап жүргізілді.
💡 Осындай шаралар оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етіп, ғылымға деген қызығушылығын оятады.
📍 Ұйымдастырушы: Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы
👩‍🔬 Жетекші: доцент Рыскалиева Р.Г.
________________________________________
🔬🌱 Профориентация — уверенный шаг в будущее!
Магистранты 1 курса факультета химии и химической технологии КазНУ имени аль-Фараби провели профориентационное открытое занятие для учащихся 10 класса школы №198 города Алматы на тему:
«Борьба с изменением климата, зелёная химия и пути снижения углекислого газа».
Урок был посвящён 13-й цели устойчивого развития — «Борьба с изменением климата». Учащиеся узнали о возобновляемых источниках энергии, принципах зелёной химии и экологически чистых технологиях. Была проведена демонстрация эксперимента и сессия вопросов и ответов.
💡 Такие мероприятия помогают школьникам осознанно подойти к выбору профессии и пробуждают интерес к науке.
📍 Организатор: КазНУ им. аль-Фараби, кафедра общей и неорганической химии
👩‍🔬 Руководитель: доцент Рыскалиева Р.Г.
________________________________________
🔬🌱 Career guidance – a confident step into the future!
First-year Master’s students of the Faculty of Chemistry and Chemical Technology at Al-Farabi Kazakh National University held a career guidance open class for 10th-grade students of School No. 198 in Almaty.
The session, titled
“Combating Climate Change, Green Chemistry, and Ways to Reduce Carbon Dioxide”,
was dedicated to the 13th Sustainable Development Goal – "Climate Action".
Students learned about renewable energy sources, the principles of green chemistry, and eco-friendly production. The class included an experiment demonstration and an engaging Q&A session.
💡 Events like this help students make informed career choices and spark interest in science.
📍 Organizer: Al-Farabi KazNU, Department of General and Inorganic Chemistry
👩‍🔬 Supervisor: Assoc. Prof. Ryskaliyeva R.G.

16/04/2025

15.04.2025 күні Алматы қаласы, Алатау ауданындағы 201 мектеп-гимназиясында “Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі химияның рөлі” тақырыбында ғылыми семинар Орынбасарова Дильназ Қайырғалиқызы, Жорабаева Динара Жумадилаевна және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ х.ғ.к., доцент Калабаева Майра Касенқызы ұйымдастырумен өткізілді.
Ғылыми семинардың спикерлері:
🔍Қайрат Кеңес - PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымы.
🔍 Жолдас Ерасыл – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторанты
🔍 Оразов Жандос – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторанты.
Семинар барысында химия ғылымының жаһандық экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудегі орны мен маңыздылығы талқыланды.

15.04.2025 в школе-гимназии 201 Алатауского района г. Алматы проведен научный семинар на тему “Роль химии в достижении Целей устойчивого развития”, организованный Орынбасаровой Дильназ Каиргалиевной, Жорабаевой Динарой Жумадилаевной и к.х.н. КазНУ им.Аль-Фараби, доцентом Калабаевой Майрой Касеновной.
Спикеры научного семинара:
🔍Кайрат Кенес-PhD, молодой ученый Казахского национального университета имени аль-Фараби.
🔍 Жолдас Ерасыл-докторант PhD КазНУ им. Аль-Фараби
🔍 Оразов Жандос-докторант PhD КазНУ им. Аль-Фараби.
В ходе семинара были обсуждены место и значение химической науки в решении глобальных экологических, социальных и экономических проблем.

On 15.04.2025, a scientific seminar on the topic “the role of chemistry in achieving Sustainable Development Goals” was organized by Orynbasarova Dilnaz Kairgalievna, Zhorabayeva Dinara Zhumadilayevna and associate professor Kalabayeva Maira Kasenovna, candidate of chemical sciences, Al-Farabi Kazakh National University.
Speakers of the scientific seminar:
🔍Kairat Kenes-PhD, Young Scientist of the Al-Farabi Kazakh National University.
Жол Zholdas Yerasyl-PhD student of Al-Farabi Kazakh National University
🔍 Orazov Zhandos-PhD student of Al-Farabi Kazakh National University.
During the seminar, the importance and place of Chemical Science in solving global environmental, social and economic problems were discussed.

Photos from Кафедра общей и неорганической химии's post 09/03/2025

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да KHNP CRI презентациясы өтті.

03.03.2025 біздің химия және химиялық технология факультеті KHNP орталық Зерттеу Институтының (Корея) делегациясын қабылдады. Институт өкілдері бізді атом энергетикасы, шағын модульдік реакторлардың инновациялық технологиялары (SMR), радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату және медициналық радионуклидтер өндіру саласындағы өз жұмыстарымен таныстырды.

Қонақтарға қызықты презентация мен тәжірибе алмасқаны үшін алғыс айтамыз!

Презентация KHNP CRI в КазНУ им. аль-Фараби

03.03.2025 наш факультет химии и химической технологии принял делегацию Центрального исследовательского института KHNP (Корея). Представители института ознакомили нас со своей работой в области ядерной энергетики, инновационных технологий малых модульных реакторов (SMR), утилизации радиоактивных отходов и производства медицинских радионуклидов.

Благодарим гостей за интересную презентацию и обмен опытом!

Presentation of KHNP CRI at Al-Farabi Kazakh National University

03.03.2025 Our Faculty of Chemistry and Chemical Technology received a delegation from the Central Research Institute of KHNP (Korea). Representatives of the Institute introduced us to their work in the field of nuclear energy, innovative technologies for small modular reactors (SMR), radioactive waste disposal and the production of medical radionuclides.

Thank you for the interesting presentation and the exchange of experience!

23/02/2025

Химия – болашақ ғылымы: №148 мектеп гимназиясында танымдық кездесу өтті.
Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының оқытушылары - профессор Қ.Б. Бекишев пен доцент А.И. Ниязбаева Алматы қаласы №148 мектеп гимназиясының оқытушыларымен және оқушыларымен кездесу өткізіп, химия ғылымының маңыздылығы мен білім саласындағы жаңалықтар туралы әңгімелесті. Бұл шара оқушылардың ғылыми білімге деген қызығушылықтарын арттырып, олардың химия саласындағы жаңашыл бағыттармен танысуына мүмкіндік берді. Өткізілген шара жас ұрпақтың ғылымға деген сүйіспеншілігін оятып, олардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауларына ықпал ететіні сөзсіз.

Химия-наука будущего: в школе-гимназии №148 состоялась познавательная встреча.
Преподаватели кафедры общей и неорганической химии-профессор Бекишев К. Б. и доцент Ниязбаева А. И. провели встречу с преподавателями и учащимися гимназии №148 г. Алматы, где рассказали о важности химической науки и новинках в области образования. Данное мероприятие повысило интерес учащихся к научным знаниям и позволило им познакомиться с инновационными направлениями в области химии. Проведенное мероприятие, несомненно, пробудит любовь молодого поколения к науке и будет способствовать их осознанному выбору будущей профессии.

05/02/2025

Профессор Мухамбеткали Буркитбаев принимал участие в Первом Саммите Европейской сети Аккредитационных Агентств (ENAEE), Лиссабон (Португалия), 16-19 июня, 2024 г.
Доклад “Improving Decision-Making in Accreditation Agencies” («Улучшение процедуры принятия решений Аккредитационными Агентствами»)

05/02/2025

Мухамбеткали Буркитбаев, профессор КазНУ им.аль-
Фараби принимал участие в Международной конференции IREG 2024 «Влияние Искусственного Интеллекта на высшее образование и рейтинги», Бухарест (Румыния) 7-8 ноября, 2024 г. (IREG - Международная экспертная группа по академическому рейтингу и совершенству) Доклад: –Regional ranking: What Ranking Does Central Asia Needs? (Региональные рейтинги: какие рейтинги нужны Центральной Азии?)

04/01/2025

Баешова А.К., әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті, жалпы
және бейорганикалық химия
кафедрасының профессоры, техника
ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА БАСТАМАЛАР
Қазақстан Республикасы Президентінің 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында халықтың игілігіне бағытталған көптеген тақырыптар қозғалып отыр. Атап айтатын болсақ, Президенттің басшылығымен және қадағалауымен «күрделі болса да, жүйелі экономикалық реформалар» қолға алынғаны, алдағы бес жылдық дамуымызға берік негізідердің қаланғаны туралы айтылып отыр. Осы бағытта көптеген маңызды жобалар мен бастамалар жүзеге асырылған. Келешекке құрылған жоспарлар да аса ауқымды, көрнекті.
Біз, ғылым мен білім саласындағы қызметкелер, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары Президенттің, ел үкіметінің қамқорлығын сезіп те, біліп те жүрміз. Соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру көлемі арта түсті, осының нәтижесінде бірқатар ғылыми идеялар іске асырылып, коммерцияландыру деңгейіне жеткізілді. Жас мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында да жасалған маңызды істер аз емес. Жыл сайын оларға шет елдерде, атақты, абыройы жоғары университеттерде тағылымдалардан өтуге мүмкіндіктер берілуде, демек, білімді, болашаққа сенімді көзбен қарайтын жас мамандар саны көбеюде. Ал олар, өз кезегінде, кейінгі жастарға, жасөспірімдерге берері мол болады. Сонымен ұрпақтар сабақтастығы жалғасуда деп айта аламыз.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына сөздеріне назар аударсақ: «Қазір әлемде бұрын-соңды болмаған аса күрделі геосаяси ахуал қалыптасып отыр. Соған қарамастан, Қазақстан бейбітшілік үшін диалог орнату жолында тиімді рөл атқаратын мемлекет ретінде халықаралық аренадағы позициясын күшейтті. Бұл жағдай еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экономикамызды орнықты дамытуға септігін тигізеді». Бұл сөздер, бір қарағанда, тек саяси мәселелерді қозғап отырғандай болып көрінеді. Десе де, қандай да болмасын саяси мәслелерді шешетін халық, мамандар болып табылады. Сондықтан, ең алдымен, еліміздегі барлық бастамалар, реформалар, халық игілігіне бағытталса, жастарға білім алуға, жеке тұлға ретінде дамуға жол ашылса, жағдайлар жасалса, олар да, өз кезегінде, патриоттық сезімгн бөленіп, елі үшін, жері үшін қызмет жасайтыны анық. Осы көзқарастарды біріктіріп тұжырымдасақ, Ел Президентінің халыққа деген қамқоры, халық игілігіне бағытталған жаңа бастамаларының барлығы еліміздің нығая түсуіне, жарқын болашаққа сеніммен, нық басып жүруіне септігін тигізетіні де айқын көрінеді.
Еш болмаса, осы өткен, 2024 жылда болған оқиғаларды қысқаша шолып өтсек, көптеген игі істерді байқауға болады. Мысалы, су тасқыны болып, қанша адамдар үйсіз, панасыз қалғанда, билік қарап қалмады. Тез арада жаңадан үйлер салынды, қанша жанұялар баспанаға ие болып, қуанышқа бөленді.
Игі істерді тізіп қарасақ, аз емес. Қоршаған ортаның ақуалына, тазалығына бейқам қарамайтын адамдар үшін "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы да өте маңызды іс-шара болып табылады. Игі бастама барлық өңірді қамтыды. Осы акция жөніндегі Президентіміздің пікірін тыңдасақ:
"Таза Қазақстан" акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін. Әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан азаматтары мұның кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді.
Біз, түптің түбінде, табиғаттың байлығына және күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге немқұрайлы қарайтын жағымсыз әдеттен біржола арылуымыз қажет. Тазалықты сақтау және табиғатты аялау - ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Өркениетті елдердің бәрі осыны ұстанады». "Таза Қазақстан" идеясы ұлттық идеологиямыздың аса маңызды бөлігіне айналуға тиіс екенін тағы да қайталап айтамын». Шындығына келгенде, бұл акцияның маңызы зор, бұл акцияға шын пейілмен қатысқан 3,8 миллион адамның жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімнің лаулап тұрғанын байқауға болады.
Біздің заманымызда қазақ тілі мәселесі әлі де толық шешілмей тұрғаны белгілі. Осыған байланысты берілген мынадай сұраққа «Тағы бір өзекті мәселе бар. Соңғы кезде қазақ тілінің қолданылу аясы едәуір кеңейді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін азаматтардың саны көбейді. Бұл қазақ тіліне деген сұраныстың арта түскенін білдіреді. Бұдан бөлек, шетелдіктердің де тілімізді үйренуге деген қызығушылығы күшейді. Қоғамда қазақ тілінің рөлі одан әрі арта түсуі үшін не істеу керек деп ойлайсыз?» Президент жауабы көңіл толтырарлық екенін атап өткім келеді.
«– Иә, дұрыс айтасыз. Қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келеді. Ең бастысы, қазақ тілін білу сәнге айналды, жастарымыз оны меңгеруге ұмтылатын болды. Мемлекеттік тіл азаматтардың қызмет бабында өсуіне және табысқа жетуіне жол ашатын маңызды фактор болып саналады. Еліміздің бизнес өкілдері маркетинг саласындағы науқандарын қазақ тілінде сөйлейтін тұтынушылардың сұранысына қарай өткізетін болды. Мұның бәрі мемлекеттің өте абай болуды қажет ететін, әрі саяси тұрғыдан маңызды саналатын осы саладағы саясаты тиімді жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Сөз арасында айта кетейін, дүние жүзінде 7 мыңнан астам тіл бар. Соның ішінде үш мыңнан астам тілге жойылып кету қаупі төніп тұр. Қазақ тілі бұл топқа кірмейді. Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтады. Осы ретте күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы кеңес заманында ана тілімізді әлемдік лингвистика картасынан жойылып кетуден сақтап қалған зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың, журналистер мен ғалымдардың, мұғалімдер мен мәдениет қайраткерлерінің, ауыл еңбеккерлерінің, яғни барша отаншыл азаматтардың еңбегін бағалауымыз керек».
Осылай, өткен жылға берген Есебі болып табылатын, Президенттің сұхбатына зер салсақ, Халық игілігі үшін жасалған шаруалар аз емес екенін байқауға болады. Еліміздің абыройы арта берсін!

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


пр. аль-Фараби, 71 Корпус факультета химии и химической технологии. 209 кабинет
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 17:00