«Көкіл» мектебі

«Көкіл» мектебі

Share

«Көкіл» мектебі - Қазақстандағы тұңғыш жекеменшік қазақ мектебі. 1995 жылдан бері сапалы білім беріп

«Көкіл» открылся в 1995 году и является первой частной казахской школой в Казахстане. «Көкіл» представляет уникальный учебный комплекс, в котором действуют казахская общеобразовательная школа, детский образовательный центр, музыкальная и художественная школы. В каждом учебном подразделении работают учителя-профессионалы, которые дают настоящее качественное образование.

20/05/2026

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
1 - 11 СЫНЫПТАР ҚАБЫЛДАЙМЫЗ

Қазақ тілі, математика және ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады. Білім беруде заманауи әдістемелер қолданылады. Оқу мен тәрбие үрдісі дүниетанымы кең, жан-жақты, өнерлі, ұлтжанды тұлға қалыптастыруға бағытталған.

• Тіл дамыту. Қосымша «Әдеби оқу» сабағы;
• Тереңдетілген математика;
• Домбыра сабақтары;
• «Көкіл» ансамбліне қатысу;
• Ағылшын тілі 5-9 сыныптар аралығында сол тіл өкілімен;
• ⁠5-8 сынып оқушыларынан математикалық резерв тобын құру, дарынды балалармен жұмыс жасау
• 9-11 сыныптарда “Қаржылық сауаттылық” сабағы;
• 10-11 сыныптарда “ILETS тапсыруға дайындық”, шетелдік жоғары білім алуына бағыттау;
• ⁠10-11 сыныптар үшін “Кәсіптік бағдар беру” факультатив сабағы;
• 10-11 сынып оқушылары үшін ҰБТ-ға дайындық курстары, ЖОО-на грант жеңіп алуына көмек;
• Аудандық, қалалық және республикалық олимпиадаларға қатысу;
• Ғылыми жобалар қорғау;
• Түрлі үйірмелер;
• Тәжірибелі мамандар;
• Тәжірибелі психолог;
• Медициналық қызмет көрсету
• Бала мектепте 8—17 сағат аралығында болады
• КӨКІЛ – нағыз қазақ мектебі

18/05/2026

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

25 мамыр — мектеп бітіретін түлектер үшін ерекше күн.
Балалық шақпен қоштасып, болашаққа аттанатын кезең.
Қимастық сезім мен үміт астасқан сәттердің куәсі болыңыздар.

25 мамыр — Соңғы қоңырау!

15/05/2026

"Көкіл" мектебімізде ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру — тәрбиенің маңызды бөлшегі.
Халқымыздың тарихын, өнерін, мәдениетін білетін бала нағыз елжанды азамат болып өседі.

"Көкіл" — рухани мұрамыздың мұрагері!

13/05/2026

Мектепке дейінгі орталық. Балаларды мектепке дайындайтын заманауи әдістемелер қолданылады. Ойын арқылы оқыту жүзеге асырылады. Оқу бағдарламасында:
• Тіл дамыту;
• Сауаттылық;
• Математика;
• Ағылшын тілі;
• Қазақ тілі;
• Бейнелеу өнері (сурет салу, мүсіндеу, аппликация;
• Қабілеттерін жан-жақты дамыту;
• Хореография.
• Қосымша үйірме: актерлық шеберлік.
• Мектепте үш мезгіл дәмді,нәрлі тамақ қарастырылған.
• Бала мектепте 8—17 сағат аралығында болады

11/05/2026

КҮМБІРЛЕГЕН КҮЙІМЕН КӨКТІ ІЛГЕН

"Көкіл" —баланың бойындағы дарын мен талабын танып, қабілетін ашып, алға жетелейтін мектептердің бірі және бірегейі!
"Көкіл" оқушысы — ұлттық құндылықтармен қатар адамзат тарихын, әлем мәдениетін игерген тұлға.
"Көкіл" оқушысы — білімді, өнерлі, өзіне сенімді тұлға.
"Көкіл көктемі" концерті осының бір дәлелі. Мектептің барлық баласы сахнаға шығып өнерлерін ортаға салды. Мектеп табалдырығын аттаған балдырғандардан бастап биылғы түлектерге дейін домбыраның құлағында ойнады.
Күмбірлеген күй, шарықтаған ән, әлем халықтарының билері көрерменді тәнті етті. Ата-аналар балалардың өнеріне риза болып, ерекше әсерленді.
Концертімізді сіздер де тамашалаңыздар!

"Көкіл" — дарындарды дайындайтын мектеп!

09/05/2026

ЖЕҢІС КҮНІ

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс оқиғалары алыстап барады. Жеңісті жақындатуға майданда қан төккен, тылда еңбек еткен отандастарымыздың үлесі зор.
Бүгінгі тыныш өмір соғыс ардагерлерінің арқасында келді. Олардың жанкешті ерліктері бүгінгі ұрпақ санасында қала береді.
Жеңіс күні құтты болсын, ағайын!
Еліміздің тәуелсіздігі нық, тұғыры биік болсын! Әлемде бейбіт өмір орнасын!

08/05/2026

КӨКІЛ КӨКТЕМІ

Кешегі мереке күнді әркім әртүрлі өткізген шығар.
Ал "Көкіл" мектебімізде керемет концерт өтті!
Бүкіл бала сахнаға шығып өнерлерін ортаға салды.
Осы концерттен қысқаша үзінділерді көре тұрыңыздар.
Негізгі ролик кейін шығады, оны да тамашалайтын боласыздар!

"Көкіл" — шығармашыл, креативті мектеп!

07/05/2026
06/05/2026

Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!
2026 жылдың 7 мамыр күні өтетін «Көкіл көктемі» мерекемізге шақырамыз!
Басталу уақыты: 10:00
Өтетін орны: мектеп ауласы
Келіңіздер, көріңіздер!

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Улица Калдаякова, 25, уг. ул. Гоголя
Almaty

Opening Hours

Monday 09:30 - 16:30
Tuesday 09:30 - 16:30
Wednesday 09:30 - 16:30
Thursday 09:30 - 16:30
Friday 09:30 - 16:30