03/06/2026
OYLA журналының маусымдағы саны жарық көрді!
Бұл айда біз:
-ДНҚ-ның «қоқыс» деп саналатын бөліктерінен қазына іздейміз;
-зеріктірмейтін есептерді бірге шығарамыз;
-қолымызды қағазбен кесіп алсақ не істеу керегін үйренеміз;
-ең ерекше көбелектермен танысамыз;
-жел диірмендерімен бірге желдің күшін зерттейміз;
-Озон қабатының бүтіндігін тексереміз;
-Ғаламды миллиардтаған жыл бұрынғы қалпында көреміз;
-Металдың неге «ескіріп», ақырында сынатынын білеміз;
-Бір түнде шаш ағарып кетуі мүмкін бе деген сұраққа жауап іздейміз;
-Өсімдіктер мен жануарларға атау беру тарихын зерттейміз;
-Күнсіз күюдің табиғатын түсінеміз;
-Электрхимияның атасы саналатын ғалымның қателерінен сабақ аламыз;
-Неліктен кофе сергітпейтінін анықтаймыз;
-және дәстүр бойынша алты сұраққа жауап береміз!
06/05/2026
OYLA-ның мамырға арналған саны шықты!
Осы айда біз:
-әуе шарымен аспанға көтерілеміз;
-сызғыш пен циркульсіз дұрыс көпбұрыштар жасаймыз;
-Жер шынымен тегіс болса, не боларын көреміз;
-қауіпті сусыма құмдардан құтылу жолын білеміз;
-тұтқыр дәмнің жұмбағын шешеміз;
-мутанттар мен мутациялар әлемін ашамыз;
-түрлі елдер мен дәуірлердің қақпасын қағамыз;
-Күннің оттегісіз қалай жанатынын анықтаймыз;
-гравитациялық толқынды ұстаймыз;
-болашақ туралы жаңсақ түсініктерді жоққа шығарамыз;
-болашақтағы өзімізбен байланыс сапасын тексереміз;
-химияның тұрақты құрам заңы кімге қарыз екенін білеміз;
-және, әрине, алты сұраққа жауап береміз.
01/04/2026
OYLA-ның сәуір айындағы саны дайын!
Бұл айда біз:
-кейде қиындықтардан неге қашқымыз келетінін анықтаймыз;
-аптаның күнін құпия әдіспен есептеуді үйренеміз;
-ең қымбат металдардың рейтингін жасаймыз;
-мұрынның еркін тыныс алу қабілетін қайтарамыз;
-ең экстремалды жерлерге сапар шегеміз;
-әйгілі кометамен танысамыз;
-егістікке айналған тау беткейлеріне көтерілеміз;
-үйге шаңның қалай енетінін бақылаймыз;
-еріктілер арқылы ғылымға көмектесеміз;
-Жер бетінде су таусылып қалуы мүмкін бе, соны білеміз;
-фотография тарихындағы кадрларды «айқындаймыз»;
-қағаз ұшақ жасаймыз;
-«түйеқұс эффектісіне» ұшырадық па, соны тексереміз;
-аралардың құпиясын ашуға көмектескен адаммен танысамыз;
-аралардың «хабарламаларын» талдаймыз;
-және, әрине, алты сұраққа жауап береміз!
04/03/2026
OYLA-ның наурыздағы саны жарық көрді!
Бұл айда біз:
-музыка әлеміне сапар шегеміз;
-бір парақ қағаз көмегімен үш теорема дәлелдейміз;
-затты бір орында ұстап тұратын күшпен танысамыз;
-өнімнің құрамын қалай анықтайтынын білеміз;
-жарылған ерінді емдейміз;
-шөп өскендегі дыбысты естиміз;
-ғаламшардағы ең қауіпті жолдардың тізімін жасаймыз;
-азаматтық экология арқылы табиғатқа қалай көмектесуге болатынын үйренеміз;
-неге жағажайдан теңіз бақалшықтарын алып кетуге болмайтынын түсінеміз;
-Күн жүйесіндегі ергежейлі ғаламшарларға саяхат жасаймыз;
-ашық ғарышта аман қалу нұсқаулығын оқимыз;
-дыбыс туралы он деректі талдаймыз;
-бүкіл түймені тағып көреміз;
-пайдалы таныстық орнату машығын меңгереміз;
-ағартқышты шығарғаны үшін Клод Луи Бертоллеге алғыс айтамыз;
-және, әрине, алты сұраққа жауап береміз!
05/02/2026
OYLA-ның ақпандағы саны жарық көрді!
Бұл айда біз:
-солтүстікамерикалық үндістермен бірге толған айларға атау береміз;
-бір-ақ пайыздың күші неге жететінін білеміз;
-ашытқының адамзат дамуына қосқан үлесін бағалаймыз;
-қызылшаға қарсы «қаруды» табамыз;
-әлемнің әр түкпіріндегі фестивальдарда көңіл көтереміз;
-арыстанға жалы не үшін керек екенін білеміз;
-жарамсыз батареяны қайта өңдейміз;
-Ай туралы қызық деректерді «жарыққа шығарамыз»;
-әр дәуірдің сақалын «тағып көреміз»;
-кейде таңдау жасаудың неге сонша қиын болатынын түсінеміз;
-кикілжіңді оңтайлы түрде шешу машығымызды дамытамыз;
-және, әрине, алты сұраққа жауап береміз!
Құрметті оқырман! Біз журналдың қадірін білетін әрі оқитын жерге жіберіп жатқанымызға сенімді болғымыз келеді. Бізбен бірге ғылым құпиясын аша бергіңіз келсе, кітапхана қызметкеріне барып, мекемеңіздің бланкісіне жазылымды тоқтатпау туралы ресми хат дайындауды сұрағаныңыз жөн. Оны басып шығарып, қол қойып және мөр басып, сканерлеп, сосын WhatsApp арқылы бізге жіберіңіз: +7 705 154 11 43.
06/01/2026
OYLA-ның қаңтардағы саны жарық көрді!
Бұл айда біз:
-кейінгі кезде ұмытшақ бола бастағанымыз туралы ойланамыз;
-Ұйықтап жатқан аруға ықтимал шырмаулардан жол табуға көмектесеміз;
-адам ағзасы туралы білім қорымызды толықтырамыз;
-бізге және қоршаған әлемге не қысым жасап тұрғанын анықтаймыз;
-зиянкес жәндіктермен күресеміз;
-өсімдіктерді клондау зертханасына барамыз;
-ақ аюларды көріп қайтамыз;
-рептилиялар неге түлейтінін нақтылаймыз;
-өз көміртек ізімізді есептеп көреміз;
-ең жақын жұлдыз жүйелерін айналып ұшамыз;
-инквизицияның жаға ұстатарлық әрекетіне таңданамыз;
-метеотәуелділік шынымен бар ма, соны білеміз;
-гаджеттер жадымызға қаншалықты әсер ететінін анықтаймыз;
-және, әрине, алты сұраққа жауап береміз!
Құрметті оқырман! Біз журналдың қадірін білетін әрі оқитын жерге жіберіп жатқанымызға сенімді болғымыз келеді. Бізбен бірге ғылым құпиясын аша бергіңіз келсе, кітапхана қызметкеріне барып, мекемеңіздің бланкісіне жазылымды тоқтатпау туралы ресми хат дайындауды сұрағаныңыз жөн. Хаттың екі тілдегі мәтінін QR-код арқылы ала аласыз. Оны басып шығарып, қол қойып және мөр басып, сканерлеп, сосын WhatsApp арқылы бізге жіберіңіз: +7 705 154 11 43.
05/11/2025
OYLA-ның қарашадағы саны шықты!
Осы айда біз:
-жоғалған қазыналарды іздеуге аттанамыз;
-интуиция әрдайым дұрыс нұсқай ма, соны тексереміз;
-өсуімізге не кедергі болатынын, ал не көмектесетінін анықтаймыз;
-капиллярлық әсермен танысамыз;
-лас суды таза суға айналдырамыз;
-тегіс планетадағы өмірді елестетеміз;
-қарға тұқымдастарының қабілеттерін бағалаймыз;
-дайвингке арналған орындарды зерттейміз;
-далаларды қалай сақтап қалуға болатынын білеміз;
-Венераның транзитін бақылаймыз;
-ашық ғарышта атысу мүмкін бе, соны анықтаймыз;
-алмастың қасиеттерін қарастырамыз;
-ата-анамызды жақсырақ түсінуге тырысамыз;
-қытықтау механизмін зерттейміз;
-Шарль Кулон негізін қалаған жаңалықтармен танысамыз;
-және, әрине, алты сұраққа жауап береміз.
Құрметті оқырман, біз журналды шынымен бағалайтын және оқитын жерге жіберіп жатқанымызға сенімді болғымыз келеді. Бізбен бірге ғылымның құпиясын ашуды жалғастырғыңыз келсе, кітапхана қызметкеріне мекемеңіздің бланкісіне жазылымды жалғастыру ресми хатын дайындауын өтініңіз. Оны басып шығарып, қол қойып, мөр басып және сканерлеп, WhatsApp арқылы бізге жіберіңіз: +7 705 154 11 43.
29/10/2025
OYLA-ның қазан айындағы саны дайын!
Бұл айда біз:
-ежелгі өркениеттердің хабарламаларын дешифрлейміз;
-табиғаттың өрнектерінен заңдылықтар табамыз;
-әйнек туралы құжаттама жинаймыз;
-сұйықтықтарға тұзақ құрамыз;
-иіс сезудің құпияларын ашамыз;
-судың теріге әсерін анықтаймыз;
-оттегі терапиясының тиімділігін тексереміз;
-паникалық шабуыл кезінде қалай әрекет ету керегін үйренеміз;
-ашық аспан астындағы мұражайларға барамыз;
-шыжыған күн астындағы бояудың қайда кететінін білеміз;
-көпшілік алдында сөйлеуді үйренеміз;
-табиғатқа көмектесудің жолдарын қарастырамыз;
-неге дедлайндарды сақтау соншалық қиын екенін түсінеміз;
-Гипатия және оның мұрасымен танысамыз;
-және, әрине, алты сұраққа жауап береміз.
Құрметті оқырман, біз журналды шынымен бағалайтын және оқитын жерге жіберіп жатқанымызға сенімді болғымыз келеді. Бізбен бірге ғылымның құпиясын ашуды жалғастырғыңыз келсе, кітапхана қызметкеріне мекемеңіздің бланкісіне жазылымды жалғастыру ресми хатын дайындауын өтініңіз. Оны басып шығарып, қол қойып, мөр басып және сканерлеп, WhatsApp арқылы бізге жіберіңіз: +7 705 154 11 43.
10/09/2025
Қыркүйек айындағы OYLA дайын!
Осы айда біз:
-жаңалықтардың ертеден бүгінге дейінгі жолын бақылаймыз;
-сандарсыз есептеуді үйренеміз;
-газдар әлеміндегі суперқаһармандарды табамыз;
-қабықтағы ақпаратты оқуды меңгереміз;
-Дүниежүзілік көрме нысандарына барамыз;
-бананның қауіпін және оның неден қорқатынын анықтаймыз;
-табиғатқа зиян келтірмей тойлауды үйренеміз;
-пойыздарды басқарушылармен танысамыз;
-әр дәуірдің кілттері мен құлыптарын салыстырамыз;
-Сфинкстің құпиясын ашуға тырысамыз;
-Ньютондық емес сұйықтықпен тәжірибе жасаймыз;
-және, әрине, алты сұраққа жауап береміз.