Академия RUMI

Академия RUMI

Share

Қазақтың қонақжайлық академиясы. Академия казахского гостеприимства. Проект RUMI group. Контакты: [email protected], +7 (776) 212-02-12. http://rumiacademy.kz.

Photos from Академия RUMI's post 05/01/2018

В этих трёх фразах — вся суть понятия «гостеприимство».

Сделали подборку мудрых цитат.

#гостеприимство

04/01/2018

«Бизнесте ең басты талап — ашықтық пен адалдық» — дейді Арман Шуманах. Ол мейрамхана ісімен айналысуды қаншама жылдар бойына аңсаған. Енді міне, «Үміткер» жобасының жеңімпазы! Тағы бір мәрте құттықтаймыз!

Арманның өмір сүру ережелері:

***

Мен үшін ең басты құндылық — отбасы.

***

Ал бизнесте ең маңызды нәрсе — ашықтық пен әділдік. Басшы серіктестері пен қызметкерлерінен ештеңе жасырмауы керек.

***

Содан соң мейрамхана ісінде заман көшінен қалып қоюға болмайды. Қонақтың күткенін жасап, тіпті күткенінен асып түсу керек.

***

Бірінші орында сервис, яғни, қазақша айтқанда, тамағынан бұрын қабағы. Қонақ есіктен кіргеннен даяшылар күле қарсы алуы керек.

***

Ата-анам мені еркін өсірді, бәріне өз күшіммен жеттім.

***

Бала күннен қалған ең тәтті естелік — 6-7 сынып оқып жүргенде сыныптас достар боп Түркияға жол жүргеніміз. Бірде бір ата-ана жоқ арамызда, тек бір мұғалім ғана болды. 15 бала Түркияның әр түрлі қалаларын араладық. Біз үшін бұл үлкен жаңалық болған. Себебі ол 90 жылдары қазіргідей екінің бірі шетелге еркін қыдырып қайта алмайтын.

***

Бір сөзбен айтсақ, қазақтың қонақжайлығы «ауыз ти» деген сөзден басталады. Тіпті танымайтын адам келсе де қазақ дастарқан жайып, дәм ауыз тигізбей жібермеген. Қазір де қазақ сол салтын сақтап қалған. Келген қонақтың алдына бар жақсысын тосып, тіпті уақыты жоқ адамның өзіне «тым құрыса ауыз тиіп кетсеңші » дейді.

03/01/2018

Біз үшін 2017 жыл «Үміткер» жылы болды.

Бүкіл Қазақстаннан жиналған қатысушылар RUMI Group мейрамханаларының бірінің басшылық лауазымы және 5 000 000 теңге үшін жанын сала күрескен болатын.

Сауалнама: телевизиялық шоуда кімге жанкүйер болдыңыз? Нұсқаларыңызды пікір ретінде қалдырыңыздар.

29/12/2017

2018 жыл табысты болсын! Өз жұмысын сүйетіндердің қызметі өссін! Ал бизнес иелеріне клиенттері көбейіп, тұрақты даму болсын деп тілейміз.

_______

Желаем, чтобы ваш новый, 2018 год, был успешным. Карьерного роста всем, кто обожает свою работу. Довольных клиентов и стабильного роста доходов тем, кто занимается бизнесом.

С наступающим!

29/12/2017

«Үміткер» шоуының ең қызық тұстарын еске алайық.

Фильм жайлы фильмді ертең 30 желтоқсан. 20:00-де Qazaqstan арнасынан көріңіздер.

Сондай-ақ Сәкен Майғазиев, Қаракөз Тілеубекова сынды жұлдызды тәлімгерлер сұхбатын да осы жолы тамашалаңыздар.

Ойыннан шығып қалғандарды, керісінше, іріктеу сынынан өтіп, үміткерлер үйіне орналасқан он екі қатысушыны да еске түсірейік.

Ең эмоцияға толы сәттер, мәселен Арман Шуманахтың ашуға булығып, айтып салған сөздері есіңізде ме? Немесе Жалғас Құрманбаевтың Виктория Әлжановаға ғашық болып қалған кезі ше?

Еске түсіргіңіз келсе, ертең ұмытпай көріңіздер!

Photos from Академия RUMI's post 28/12/2017

Впереди длинные выходные. Будет время посидеть и почитать. Сделали подборку книг о сервисе и гостеприимстве.

#гостеприимство #официант #работаалматы #работаастана

26/12/2017

— Мен өзімнің адамдармен жақсы тілтабыса алатынымды түсіндім. Ал жоба менің осы қасиетімді одан сайын жетілдірді. Сондай-ақ менің осы жобада ұйымдастырушылық қабілетім де шыңдалды. Кітап оқу сияқты жақсы қасиет сіңірдім бойыма. Негізі осы жағынан қиналатынмын, себебі бір орында отыра алмайтын адаммын өзім. Бірақ жоба білімді талап етті, ал білім — кітапта.

Арман Шуманах өзінің «Үміткерде» жеңіске жеткенге дейінгі жолын осылай баяндайды. Қатысушылардың бәрінен бұрын Арманға тіл мәселесі қиын соққан сияқты. Себебі жобаға қатыспас бұрын ол қазақшаға шорқақ еді. Бүкіл сөздерін ол басында әуелі орысша жазып алып, сосын оны қазақшаға аударып, сосын жаттап жүруге мәжбүр болды. Ал бірақ соның арқасында жоба аяқталғанша ол кәдімгідей ана тілін меңгерді.

Сонымен, таныс болыңыздар, RUMI group жаңа мейрамханасының жаңа басшысы.

Бағдарламаның финалын көріңіздер. Біз Сіздер үшін ең қызықты тұстарын таңдап алдық.

14 апта бойына «Үміткер» шоуының қатысушылары мықты мейрамхананың директорлығы қызметі мен 5000 000 KZT үшін тартысты. Осы жолда олар бірде қаңғыбас итке баспана іздесе, бірде көше кезіп қымыз сатты, енді бірде әлеуметтік ролик түсірді. Еске түсірейікші сол кездерді.

25/12/2017

Сонымен, көптен күткен сәт те келіп, «Үміткер» шоуының жеңімпазы анықталды. Ол — Арман Шуманах.

14 аптаға созылған шайқаста 33 жастағы астаналық жеңіске жетіп, бас жүлдеге тігілген 5 000 000 KZT пен RUMI Group мейрамханаларының бірін басқарушы тізгініне ие болды. Бұдан былай ол өзі концепциясын құрған RUMI bazaar жобасын басқарады.

Өз парақшасында Арман жеңіске жеткен әсерімен бөлісіп:
— Нағыз марафон деп осыны айт! Кейде айналамда болып жатқан оқиғалар маған «Мафия» ойынына ұқсап кеткендей болды.
Осы бірнеше айда бұрын-соңды танымаған жандармен танысып, бауырдай боп кеттік. Демеу болған баршаңызға алғысым шексіз.
Негізі мен табиғатымнан қызуқанды, құмарпаз адаммын. Және ең бір қызығы, бұл қасиетім тап осы тұста өз орнын тапты. Қазақшам да біршама жақсара түсті! — депті.

24/12/2017

«Үміткер» жобасының финалын талқылайық.

Қалай ойлайсыздар, шешуші сәттегі ең маңызды тапсырманы кім жақсы орындады, Арман ба, Роза ма? Сіз кімге жанкүйерсіз? Мейрамхананы басқару кімнің қолынан келеді деп санайсыз?

Пікір білдіріңіз.

24/12/2017

Бүгін 18:00-де міндетті түрде экран алдынан табылмасаңыз, бар қызықтан құр қаласыз. Себебі дәл осы уақытта Qazaqstan Ұлттық Телеарнасында біздің «Үміткер» шоуының шешуші кезеңі.

Финалда — Роза мен Арман. Басты турда оларға қойылған шарт — мейрамхана концепциясын құру. Ал оларға осы тұста көмекке келетін кімдер деңізші?! Жобаға қатысып, ертерек шығып қалғандар.

Сонымен, бүгін бір қызықтың болары анық. Ендеше, тағы да қайталай кетейік, сағат тура 18:00-де, 24 желтоқсан, яғни, бүгін экран алдында кездесейік!

22/12/2017

Бұл — «Үміткер» шоуының ең қиын тапсырмасы. Финалға шыққан Арман мен Роза жаңа мейрамхананың концепциясын құруы керек.

Жүргізушілер оларға өз командаларына шоудың бұрынғы қатысушыларын алуға рұқсат берді. Кім көмекке келеді, кім қай жаққа бөлінеді? Роза мен Арман қандай мейрамхана ұсынар екен?

Осы жексенбі, 24 қаңтар күні сағат 18:00-де Qazaqstan Ұлттық Телеарнасынан көріңіздер!

Photos from Академия RUMI's post 21/12/2017

Обучение официантов — это почти военная муштра. На всё есть инструкция. Вообще на всё.

Вот, например, как правильно подавать бутылку или пакет с соком. Подходишь к гостю справа, правой рукой ставишь на стол стакан. Потом берёшь бутылку или пакет в правую же руку и открываешь. Наполняешь стакан ровно на 3/4.

Кроме мануалов как ходить, как подавать, как объяснять, есть ещё правила этики. Например, не рекомендуется спрашивать гостя: «Вы один?». Почему? Смотрите в карточках.

#гостеприимство

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Almaty
050000