Танымдық экскурсия барысында өндіріс орнымен танысып, жұмыс процесі көрсетілді.Мамандардың жұмысын көріп, көптеген жаңа мәлімет алынды
CIEI - Center of international education and innovation
- стажировки за рубежом
- онлайн-курсы
- повышение квалификации
14/03/2026
Қытайда өткен 2 аптаға созылған курсымыз өз мәресіне жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар жаңа тәжірибе жинап, кәсіби дағдыларын жетілдірді. Алынған білім мен тәжірибе алдағы уақытта жаңа жетістіктерге жол ашатынына сенімдіміз.
Кондитерлік іс бағыты бойынша қатысушылар Қытайдағы Wangsen Education Group базасында тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Бұл орталық WorldSkills чемпионаттарына қатысатын мамандарды даярлайтын жетекші халықаралық оқу алаңдарының бірі.
Тәжірибе барысында қатысушылар кондитерлік өнердің заманауи технологияларымен танысып, халықаралық деңгейдегі мамандардың тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, WorldSkills чемпиондары мен кәсіби тренерлердің шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Бұл тәжірибе кондитерлік саладағы кәсіби дағдыларды дамытуға және халықаралық тәжірибемен танысуға үлкен мүмкіндік береді.
В рамках компетенции БПЛА участники продолжают проходить практическую подготовку на площадке WorldSkills.
С момента начала курса прошла неделя, за это время участники успели освоить несколько важных этапов обучения.
В ходе занятий они изучают программирование дронов, их управление и техническую настройку. Также участники проходят различные технические проверки, выполняют практические задания и работают с электронными компонентами, осваивая процесс сборки и настройки оборудования.
Такая практика помогает участникам углубить знания в сфере технологий БПЛА, развить точность, техническое мышление и профессиональные навыки, необходимые для работы с современными беспилотными системами.
Кірпіш қалау құзыреттілігі бойынша бір апталық жұмыс қорытындысы
WorldSkills China алаңында «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша қазақстандық қатысушылар үшін бір апталық тәжірибелік сабақтар мен кәсіби дайындық кезеңі өтті.
Апта барысында қатысушылар кірпіш қалау технологиясын жетілдіріп, дәлдік пен сапаны талап ететін түрлі практикалық тапсырмаларды орындады. Тәжірибелік сабақтар Қытайдың тәжірибелі мамандарынан құралған кәсіби тренерлік құрамның жетекшілігімен өтті.
Тренерлік құрамда:
— WorldSkills қытайлық сарапшысы Чжао Ци,
— 47-ші WorldSkills чемпионатының алтын жүлдегері Бао Фантао,
— Чжэцзян провинциясының бас технигі Е Цзелинь бар.
Жобаның жетекшісі Чжао Цидің жетекшілігімен қатысушылар құрылыс саласындағы заманауи әдістерді меңгеріп, кәсіби дағдыларын дамытып келеді.
Бір апталық тәжірибе барысында қатысушылар кірпіш қалау жұмыстарының негізгі кезеңдерін тәжірибе жүзінде орындап, халықаралық деңгейдегі мамандардан құнды тәжірибе алды.
Осындай тәжірибелік сабақтар қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттырып, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.
2026 жылдың 1-13 наурызы аралығында Қытай Халық Республикасындағы Worldskills тренерлік орталығында «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігі бойынша оқыту курсы өтуде.
Оқытуды WorldSkills China кәсіби шеберлік шеберханасының жетекшісі, халықаралық WSET (шарап дегустаторы) және SCA (бариста) сертификаттарының иегері Ли Ли жүргізуде.
Ли Ли бірнеше рет WorldSkills чемпионатында Қытай ұлттық құрамасының жаттықтырушысы болып, оның жетекшілігімен студенттер халықаралық және ұлттық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Атап айтқанда, Францияның Лион қаласында өткен 10-шы Халықаралық кәсіби шеберлік байқауында алтын медаль жеңіп алып, WorldSkills чемпионатының ұлттық іріктеу кезеңдерінде бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған.
Кәсіби шеберлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Ли Ли Қытай Халық Республикасының Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі тарапынан WorldSkills 45-ші чемпионатын және WorldSkills 2022 арнайы чемпионатын өткізуге қосқан үздік үлесі үшін марапатталған.
Аталған оқу курсына Қазақстаннан Астана қаласындағы Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері мен сарапшылары қатысуда.
Қытай Халық Республикасындағы Worldskills тренерлік орталығында (Ханчжоу қаласы) «Industrial control» құзыреттілігі бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру курсы өтіп жатыр.
Емтиханды Чжэцзян механика және электроника кәсіби-техникалық университетінің доценті, оқытушы Чжан Юнчао жүргізіп жатыр.
Чжан Юнчаоның жетекшілігімен студенттер түрлі халықаралық және ұлттық деңгейдегі кәсіби шеберлік жарыстарында жоғары нәтижелер көрсеткен. Атап айтқанда:
• WorldSkills әлем чемпионатында 1 күміс және 1 қола медаль;
• Білім министрлігі ұйымдастырған кәсіби оқу орындары арасындағы республикалық кәсіби шеберлік байқауында 3 бірінші орын;
• Еңбек ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі ұйымдастырған салалық кәсіби шеберлік байқауында 2 екінші орын;
• Қытайдың кәсіби оқу орындары арасындағы кәсіби шеберлік конкурстарында 5 бірінші орын;
• «Challenge Cup» байқауында 1 бірінші орын;
• Инновациялар мен кәсіпкерлік байқауында 1 бірінші орын.
WorldSkills China стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған оқу курсы 2026 жылдың 1–13 наурыз аралығында өтуде. Бағдарламаға Қазақстанның Хромтау жоғарғы тау кен колледжінен келген WorldSkills сарапшылары мен студенттері қатысуда.
2026 жылдың 4 наурызында Қытай Халық Республикасындағы Wang Sen Group мектебінде «Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларды анықтауға арналған алғашқы емтихан өтті.
Wang Sen Group — халықаралық деңгейде танымал оқу орны. Бұл мектеп WorldSkills чемпионаттарында 16 алтын медаль иеленген чемпиондарды дайындап шығарған.
WorldSkills China стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған оқу курсына наурыз айының 1-13 аралығында өтеді, Қазақстанның Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі және Түркістан жоғары көпсалалы аграрлы колледжінен келген WS сарапшылары мен студенттері қатысуда.
05/03/2026
2026 жылдың наурыз айының 1-13 аралығында Қытай мемлекетінің Wang Sen Group мектебінде "Кондитерлік іс" құзыреттілігі бойынша курс өтіп жатыр.
WangSen Group мектебі халықаралық Worldskills чемпионаттарында 16 алтын медаль алған чемпиондарды дайындаған әлемге әйгілі оқу орны.
Worldskills China стандарттарына сай оқыту курсына Шымкент және Ақтау қаласы колледждерінен Қазақстандық WS эксперттері мен студенттер қатысуда.
WorldSkills China стандарттары бойынша «Кірпіш қалау» құзыреттілігінің бірінші күніндегі жұмыс кезеңі сәтті аяқталды.
Маңғыстау облысы білім басқармасының Оқушылар сарайында AirHub дрон кабинетінің ашылуы!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Telephone
Website
Address
Байзакова 280, Almaty Towers
Almaty