11/03/2026
Kazakh British Technical University
Казахстанско-Британский технический университет
11/03/2026
Біздің Университетте қонақта Лондон экономика және саясаттану мектебінің (LSE) ең харизмалы әрі көңілді профессорларының бірі-James Abdey (PhD).Ол-University of London бағдарламасының және Lондондағы LSE International Programmes жобасының академиялық директор орынбасары. Осындай жоғары деңгейдегі маманмен бірге жұмыс істеу расымен де үлкен мәртебе.
Біз профессормен әңгімелесіп, жақынырақ таныстық. Және де оның қазақша қандай сөздерді білетінін де тексеріп көрдік.
Ал толық шығарылымда 4 жыл ішінде екі дипломды Лондондағы LSE бағдарламасы бойынша қалай алуға болатынын толығырақ айтып береміз. Бейнежазба жақын арада біздің YouTube арнамызда жарияланады 🎥
10/03/2026
Қатысушылар RMCC 2026 аясында қандай кейсті шешеді? 👇
Risk Management Case Competition 2026 шеңберінде командаларға Freedom Insurance сақтандыру компаниясынан алынған нақты бизнес-кейс ұсынылды. Кейс міндетті автоазаматтық жауапкершілікті сақтандыру (ОГПО) полистерінің шығындылық деңгейін скорингтік модель арқылы бағалауға арналған.
Мақсат-әрбір полис бойынша жол-көлік оқиғасының (ЖКО) болу ықтималдығын бағалайтын ML-модель құру. Осы бағалау негізінде сақтандыру құнын неғұрлым әділ қалыптастыру көзделеді.
Кейс барысында командалар жүргізушілер мен автокөліктер туралы деректермен, сақтандыру сыйлықақыларымен, шарттардың бұзылуымен және төлемдермен жұмыс істейді: деректерге талдау жасайды, скорингтік модель құрады, бизнес-әсерін есептейді және тарифтерді түзету стратегиясын ұсынады.
Қатысушылар тек модель құрып қана қоймай, сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығына әсер ете алатын және клиенттер үшін тарифтердің әділдігін арттыратын кешенді шешім әзірлейді.
10/03/2026
2026/27 оқу жылының күзгі семестріне арналған Erasmus+ грантына Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің 2-курс бакалавр студенттері үшін Бельгиядағы University of Namur (UNamur) университетіне өтінім қабылдау ашық.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің 2-курс бакалавр студенті болуы керек
• GPA орташа балы кемінде 3.0
• Ағылшын тілі деңгейі B2-ден төмен емес (IELTS, TOEFL, KELET)
Қажетті құжаттар (ағылшын тілінде):
• Академиялық транскрипт
• Мотивациялық хат
• Шетелдік паспорттың көшірмесі
• Ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификат
Құжаттар пакетін 2026 жылғы 31 наурызға дейін
[email protected]электрондық поштасына жіберіңіз.
Хаттың тақырыбы: Namur SITE
Erasmus+ бағдарламасына қосылып, Бельгияда халықаралық студенттермен бірге бір семестр оқуға мүмкіндік алыңыз! ✨
08/03/2026
Құрметті ханымдар!🌷
Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жарқын мереке-әйелдердің қоғамдағы ерекше орнына, олардың даналығы мен парасатына, еңбексүйгіштігі мен жауапкершілігіне көрсетілетін құрметтің белгісі. Сіздер білім мен ғылымның дамуына, қоғамның өркендеуіне және жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосып келесіздер.
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, мақсаткерліктеріңіз және өмірге деген белсенді ұстанымдарыңыз көптеген игі бастамалар мен жетістіктердің негізі болып табылады.
Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол табыс, шығармашылық табыстар, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Әрқашан құрмет пен ілтипатқа бөленіп, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!
Ізгі ниетпен,
ҚБТУ ұжымы
06/03/2026
2026 жылғы 6 наурызда «Ғылым ордасы» ғимаратында Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академик Найля Базанова атындағы сыйлықты табыстау салтанатты рәсімін өткізді.
ҚБТУ атынан бұл марапатқа ғылым және инновациялар жөніндегі проректордың м.а., PhD Аханова Назым Ерланқызы ие болды. Шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Құрметті ханымдар!
Сіздерді 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жарқын мереке-әйелдердің қоғамдағы ерекше орнына, олардың даналығы мен парасатына, еңбексүйгіштігі мен жауапкершілігіне көрсетілетін құрметтің белгісі. Сіздер білім мен ғылымның дамуына, қоғамның өркендеуіне және жас ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосып келесіздер.
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, мақсаткерліктеріңіз және өмірге деген белсенді ұстанымдарыңыз көптеген игі бастамалар мен жетістіктердің негізі болып табылады.
Осы айтулы мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол табыс, шығармашылық табыстар, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Әрқашан құрмет пен ілтипатқа бөленіп, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!
Ізгі ниетпен,
ҚБТУ ұжымы
05/03/2026
International Grants 2026-Applications Now Open!
The Kazakh-British Technical University invites international applicants to compete for tuition grants for Bachelor’s and Master’s programs.
Who can apply?
• Citizens of CIS countries
• Applicants from Georgia, Ukraine, Mongolia, Pakistan, India, Turkey, Indonesia
• Ethnic Kazakhs living abroad
Application period: March 1 May 1, 2026
Interview stage: May 2 May 31, 2026
Apply online: admissions.kbtu.kz
Join our international community and study at the leading technical university.
For detailed information, please contact:
[email protected]
Start your global journey with KBTU today!
04/03/2026
2026-2027 оқу жылының күзгі семестріне Еуропа университеттеріне мемлекеттік бюджет есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланады!
Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 13 наурызға дейін
Грант мыналарды қамтиды:
• әуе билеті (бару және қайту)
• виза шығындары
• медициналық сақтандыру
• тұру шығындары
Талаптар:
• Қазақстан Республикасының азаматтығы
• бакалавриаттың 2-3 курс студенттері
• GPA 3.0 және жоғары
• ағылшын тілі деңгейі кемінде B2
Қажетті құжаттар мен өтінім беру тәртібі туралы толық ақпарат WSP жүйесінде.
Сұрақтар бойынша:
[email protected]
427 кабинет
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚБТУ-ға берген жоғары бағасы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясы бойынша терең философия мен білім қағидаттарын басшылыққа ала отырып, біз сапалы білім мен инновацияны ұштастыра отырып, болашақ көшбасшыларды даярлауды жалғастыра береміз⭐
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Website
Address
Толе би 59
Almaty
0500000
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 17:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |