04/03/2022
Ислам ғалымдары «шағбан» сөзі шағб, яғни ижтимағ (жиналу, жиын) деген мағына білдіретіндігін айтады. Демек Рамазан айы секілді бұл қасиетті айда да көптеген игіліктер қамтылған (жинақталған). Шағбан айында бірнеше маңызды оқиғалар орын алған. Олар:
⠀
✅ Құбыла Бәйтул Мақдистен Қағбаға қарай өзгерді. Мұсылмандар Медина қаласына қоныс аударғаннан кейін 16-17 ай бойы Бәйтул Мақдиске қарап намаз оқыған еді. Пайғамбарымыз намазды Қағбаға қарап оқығысы келетін. Алла Тағала бұл жайында: "(Уа, Мұхаммед!) Расында, сенің (уахидің келуін күтіп) жүзіңді қайта-қайта көкке қарата бергеніңді көрудеміз. (Мұңайма), сені міндетті түрде көңіліңе жағатын құбылаға бағыттаймыз. Қане, жүзіңді Харам мешітіне қарай бұр. (Уа, мүміндер!) сендер де қай жерде болсаңдар да жүздеріңді Харам мешітіне қарай бұрыңдар. Өздеріне бұрынырақта иләһи кітап берілгендер құбыланың ауысуы туралы бұйрықтың Раббыларынан келгенін жақсы біледі. Алла олардың не істеп, не қойып жүргендерінен бейхабар емес Һәм істеріне немқұрайды қарамайды", - деп баяндайды. Қағбаға қарап оқыған ең алғашқы намаз ол - асыр;
⠀
✅ Екінші Бәдір жорығы орын алды. Мұсылмандар үшін бұл ешбір қантөгіссіз жеңіс болды. Себебі 2 мың мүшрікті бастап шыққан Әбу Суфян жарты жолға жеткенде, райынан қайтып, бойын үрей билеп, әскерімен кері қайтады. Бұл «Кіші Бәдір», «Соңғы Бәдір» деп те аталады;
⠀
✅ Бәну Мусталиқ жорығы. Бұл да мұсылмандардың пайдасына шешіледі. Мұнафықтардың шынайы бет-бейнесі ашылған еді;
⠀
✅ Алла елшісі Жуайрия бинт Хариспен некелеседі.
⠀
✅ Пітір садақасы осы шағбан айында міндеттелді;
⠀
✅ Шағбан айында Рамазан оразасы парыз етілді.
⠀
Пайғамбарымыз ﷺ бұл айдың көп бөлігін оразамен өткізетін болған. Осы айда біз де ораза ұстау арқылы Рамазан айына дайындық жасаймыз. Алла игі істерімізді қабыл етсін.
⠀
Баршамызға Шағбанның шарапаты тие берсін.
⠀
#шағбан
27/02/2022
Мұғжиза араб тілінде «‘ажз» (әлсіз, дәрменсіз болу) сөзінен туындайды. Яғни, пайғамбардың ﷺ бойынан көрініс тапқан таңғажайып істерді істеуге қарапайым кісінің қауқары жетпейді. Себебі мұғжизалар белгілі бір ұзақ тәжірибеден кейін пайда болатын іс емес. Шын мәнінде Алланың құдіреті арқылы жүзеге асатын құбылыс. Осындай ерекше жағдайдың бірі - миғраж оқиғасы. Миғраждың сыры неде?
⠀
✅ Таиф сапарының сәтсіз болып, өзге де тайпалардың исламды қабылдамауы пайғамбардың ﷺ жүрегін жылатқаны жасырын емес. Жаратушы Алла мұндай сәтте көңіліне демеу боп, жабырқаған жанның жанынан табылып, ұстанған жолы ақиқат екенін миғраж арқылы білдірді;
⠀
✅ Әрбір қиындықтан кейін бір жеңілдік бар екенін ұғынуға болады;
⠀
✅ Миғраж оқиғасында ең бірінші күніне 50 уақыт намаз бұйырылған еді. Соңында 5 уақытқа дейін қысқартылды. Бұл жерде Мұса пайғамбардың ерекше жанашырлығын көруімізге болады. Себебі Мұхаммед пайғамбарға ﷺ «үмбетіңнің бұған шамасы келмейді. Одан үмбетің үшін жеңілдік сұра» деп бірнеше рет кеңес берген еді;
⠀
✅ Мұндай миғраж секілді мұғжиза адамдардың қайсысы шынымен иманды яки имансыз екенін ажыратуға мүмкіндік береді. Сахаба Әбу Бәкір миғраж оқиғасының орын алғанына еш күмәнсіз ләм-мим демей сенген. Осылайша сыддық (шыншыл) деген лақапқа ие болды;
⠀
✅ Алла елшісі миғраж кешінде 4 өзенді көрген. Мұны Жәбірейіл періштеден сұрағанда, ол: «Жасырын жатқаны екеуі - жәннаттағы екі өзен, ал көзге көрініп тұрғаны - Ніл мен Еврат» деген. Демек арада көп уақыт салмай Ислам Ніл мен Еврат өзендерінің жағаларына тарайтындығын байқауға болады;
⠀
✅ Миғражда Пайғамбарымызға ﷺ бір ыдыспен шарап және бір ыдыспен сүт ұсынғанда, Алла елшісі сүтті таңдаған. Сол кезде Жебірейіл: «Сен фитраны, яғни таза нәрсені (Исламды) таңдадың», - деген. Демек тазалықты таңдаған Алла елшісінің жолын ұстану мұсылмандар үшін басты орында.
⠀
Алла Тағала өміріміздің әрбір күні мен түні миғраж оқиғасындағыдай ғибратқа толы болсын.
⠀
#миғраж
20/09/2021
Академияда жаңа ұстаз🎉
⠀
Құрметті оқырмандар! Ислам онлайн академиясына Құран бойынша білікті қари ұстаз келді😍
⠀
Ұстаздың білім жолы:
⠀
⁃ 2001-2005. Малайзия халықаралық ислам университеті (бакалавриат);
⁃ 2006-2008. Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті (магистратура, аударма ісі);
⁃ 2018-2021. Нұр-Мүбарак университетінің дінтану мамандығы бойынша PhD докторанты.
⠀
⁃ 1994 жылы Республикалық Құран жарысы жүлдегері
⁃ 1999 жылы Малайзиядағы әлемдік Құран жарысының жүлдегері
⠀
Біз сіздерді әрдайым өз саласының мамандарынан дәріс алуға шақырамыз. Себебі сонда ғана пәнді терең әрі дұрыс түсініп шыға аласыз.
⠀
Парақшамыздың тең жартысын құрайтын әпке-қарындастар! Алла қаласа, жаңа курсқа дайын болыңыздар😊 Ал ерлер қауымы, сіздер әпке-қарындасыңызға, жұбайыңызға сол курсты сыйлауға ниеттене беріңіз☺️
⠀
#құранғақадам #құранғақадамкурсы
11/09/2021
Әбу Убайда ибн Жаррах
⠀
Әбу Убайда - жүрекке тыныштық пен жылулық сыйлап, қарағанда көз тоятын жарқын жүзді, сұңғақ бойлы, тұрпатты сахабалардың бірі. Онымен қоса ұяңдығы мен кішіпейілдігі де бар еді. Абдулла ибн Омар құрайыштың ішінде мінезінің көркемдігімен әрі ұяңдығымен танылған үш адам бар екенін айтады. Олар: Әбу Бәкір, Осман және Әбу Убайда. Олар саған бір нәрсе айтса, жалған сөйлемейді және оларға біреу әңгімесін айтса, х жалғанға шығармайды.
⠀
Әбу Бәкірден кейін исламды ең алғаш қабылдағандардың бірі болғандықтан мұсылмандардың басына түскен барлық қиыншылықты өткереді. Бірақ сахаба үшін ең қиын сәт ол Бәдір соғысында әкесінің қарсы тараптан табылуы еді. Мүшрік әкесін соғыс алаңында өлтіріп алмайын деп қанша қашқанымен де, ол баласының қолынан қаза табады. Осы жағдайға байланысты Құран аяты да түседі [58:22].
⠀
Бір топ христиандар пайғамбарға келіп, мәселелерін шешіп беруге әділ, сенімді адамды сұрағанда, Алла елшісі Әбу Убайданы жіберген болатын. Ухуд шайқасында дулығадан өтіп кеткен екі темір пайғамбардың бетін жарақаттайды. Тіпті тістерін де сындырады. Әбу Бәкірдің әлгі темірді алайын деп жатқанын көрген Әбу Убайда тоқтатып, бұл істі өзіне қалдыруын сұрайды. Темірді қолымен жұлып алса, пайғамбарға ауыр болатынын түсініп, өзінің күрек тісімен кезек-кезек ауыртпай алып тастайды.
⠀
Әбу Убайда Алла елшісімен әрдайым бірге болатын. Әбу Бәкірдің халифалыққа таңдалатын күні сахаба Омар хазіреті Әбу Убайдаға: «Саған серт беріп, халифалыққа сені қолдайын. Мен Алла елшісінің «Әрбір үмбеттің сенімді адамы болады. Осы үмбеттің сенімдісі ол - Әбу Убайда» деп айтқанын естідім», - деп ерекше ілтипатын білдіреді. Сонда Әбу Убайда: «Пайғамбарымыздың өзі Әбу Бәкірді имамдыққа өткізіп, намазда оның артынан ұюға бұйырды. Сондықтан мұндай адамның алдына шығып кеткенім дұрыс болмайды», - деп Әбу Бәкірдің халифалығына бірауыздан келіседі.
⠀
Сахаба дүниеден өтер шағында мынадай өсиет айтып кетеді: «Адам мың жыл өмір сүрсе де, мына нәрсені көреді: Алла әрбір адамға өлімді жазған. Адамдардың ең ақылдысы - Раббысына бойсұнып, ақыреті үшін азық жинаған кісі»
⠀
#саңлақсахабалар #әбуубайдаибнжаррах
13/08/2021
Абдулла ибн Жахш
⠀
Алла елшісінің тәтесі Умайманың баласы және пайғамбарға балдыз болған Абдулла ибн Жахш исламды ең алғаш қабылдағандардың бірі. Сондай-ақ Мәдина қаласына Әбу Сәләмадан кейін екінші болып қоныс аударған сахаба. Бұдан алдын Эфиопияға да хижрет жасаған еді. Осы жолы үлкен-кішісі бар, барлық туған бауырларымен Меккені, шаттыққа толы шаңырағын амалсыздан тастап Мәдинаға аттанады. Әбу Жаһил оның қаңыраған үйін өзінікі секілді паналайды. Мұны естіп, іштей күрсінген Абдуллаға пайғамбарымыз: «Алланың саған жәннатта үй бергеніне разы емессің ба?», - дейді. «Әрине, қуанышты боламын» деп көңілі тынышталады.
⠀
Бірде Алла елшісі алғашқы әскери, сарбаздық қызметке 8 сахабаны таңдап, оның ішінде Абдулла ибн Жахшты қолбасшы етіп тағайындайды. Осылайша мұсылмандарға ең алғашқы қолбасшы атанады. Негізгі міндет - «Нахла» деген жерде құрайыштықтарды сырттарынан қадағалап, хабар беріп отыру. Сол мекенде 4 мекке мүшрігін көрген олар тұтқынға алып, өлтіруді жоспарлайды. Бірақ өлтірейін десе (қан төгуге) тыйым салынған қасиетті ай, тиіспейін десе, Меккеге кетіп қалады. Ақыры біреуін өлтіріп, тұтқынға алып, пайғамбарға апарады. Алла елшісі сахабалардың бұл ісін жақтырмай, әуелгі міндетті ұмытқандығын айтып жазғырады. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған Абдулланың ісіне байланысты қасиетті айларда соғысудың күнә екендігі, алайда күпірлік қылу, Харам мешітінен халықты қуып шығу әрекеті одан да үлкен күнә екендігі айтылған арнайы Құран аяты түсіп, жаны тынышталады. Мекке мүшріктерінің пайғамбар жайында айтқан түрлі қаңқу әңгімелері мен сыни сөздерінен және Абдулла аталған әрекеті үшін мұсылмандардың қысымынан да толыққанды арылады.
⠀
Осылайша аталмыш іс құпталып, сол кездегі олжа исламдағы ең алғашқы олжа болып және ең әуелгі мүшріктің қазасы да сол болып, Абдулла ибн Жахш мүміндердің ең бірінші қолбасшысы атанады. Сахаба Ухуд соғысында шаһид болып дүниеден өтеді.
⠀
#саңлақсахабалар #абдуллаибнжахш
09/08/2021
Ең әдемі киімді білесіз бе?
Құранда: "Уа, Адамның үрім-бұтағы! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын және кигенде өздеріңді көрікті ететін киім түсірдік. Алайда біле білсеңдер, ең жақсы, қайырлы киім - тақуалық киімі" деп айтылған [7:26].
⠀
Аяттан адамзат үшін 3 түрлі киімнің бар екенін аңғаруға болады. Олар:
⠀
1. Ұятты жерлерді жабатын киім;
Бұл исламның талап ететін ең минималды киімнің түрі. Ер мен әйел шариғаттың шеңберінен шықпайтындай кез келген киімді таңдай алады. Осылайша Жаратушы бұйырған барлық міндеттерді атқара алады.
⠀
2. Сәндік киім;
Ислам адамның қалай болса солай киінуін құптамайды. Түстердің үйлесімділігі, жарасымды болуы, орын мен уақытқа байланысты киілетін киімдер. Мұның барлығы аса ұқыптылықты, жинақылықты талап етеді. Адамның сыртқы бейнесі де өзге адамға, қоғамға әсерін тигізбей қоймайды.
⠀
3. Тақуалық киімі.
Бұл - ең жоғарғы дәреже. Алла Тағала бізге приоритет не нәрседе болу қажет екенін жоғарыдағы Құран аятында баяндаған. Сыртқы көрініс маңызды болғанымен де, ішкі жан-дүниенің көркемдігі маңыздырақ саналады. Тақуалық киімі ол - Жаратушының бұйрығын екі етпей орындауға тырысып, тыйым салған істерінен аулақ жүруге талпыну. Яғни жүрегіміздің тазалығын әрдайым бақылауда ұстау. Демек тақуалық киімі ең әдемісі деп айта аламыз.
⠀
Алайда мұсылман аталған киімнің 3 түрін де киіп жүруі тиіс. Сонда ғана Жаратушыға жақын, жаратылысқа жағымды болады.
⠀
#киімдер
05/08/2021
Истиғфарды әдетке айналдыру
⠀
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алладан кешірім тілеуді әдетке айналдырудың төмендегідей пайдалары бар екендігін айтқан. Олар:
⠀
1. Алла Тағала оған әрбір қиыншылықтан шығатын жол көрсетеді;
2. Әрбір уайымнан құтылатын шара нәсіп етеді;
3. Ойламаған жерден ризық береді.
⠀
Мұсылман қиындыққа тап болған кезде ғана емес, қуанышта да, кеңшілік уақытта да Алламен байланысын үзбейді. Ал байланысты үзбеудің бірден-бір жолы - кеткен қателігінен сабақ алып, шалыс басқанын саналы түрде түсініп, тәубе ету, Алланың жарылқауын үздіксіз тілеп отыру. Сонда адамның тынысы тарылмай, жан сарайы жарқырап, көңілі кіршіксіз күйге түсіп, Алла Тағала қиыншылық пен уайымға төтеп бере алатын күш-қуат, ерік-жігер береді. Сәйкесінше барлық стресс пен қайғы-мұңнан арылған адамның кәсіп етуіне де, ризығын табуға да құлшынысы жоғары болады. Ризық болса, тек ақша, дүние-мүлік, ішіп-жеммен ғана өлшенбейді. Шын мәнінде ризық ол дүние есігін ашқан сәби де, алған жаңа білім де немесе қуанышты хабар да, жалпы алғанда Алланың сізге берген әрбір жақсылығы ризық болады.
⠀
Келіп жеткен қасиетті жұма күні құт-береке әкелсін.
⠀
#хадистағылымы #истиғфар
01/08/2021
Амр ибн Жамух
⠀
Амр ибн Жамух Мәдина қаласы көсемдерінің бірі. Ол кезеңде әрбір адамның үйінде табынатын пұттардың болуы беделділіктің белгісі еді. Амр ибн Жамухтың «Манат» атты пұты бар болатын. Уақытының көп бөлігін соған арнап, қатты көңіл бөлетін. Амрдың жасы алпыстан асқанда Меккеден келген иман нұры Мәдина үйлеріне сахаба Мусғаб ибн Умайрдың ықпалымен төгіле бастады. Балалары Муғаууаз, Муғаз, Халлад және жұбайы Һинд исламды қабылдап қойған еді. Иман еткенінен хабарсыз Амр әрдайым әйеліне балаларының Мусғабтан аулақ жүруін қадағалап, ескертіп отыратын. Бірақ ол уақытта ұлдары ислам нәрімен сусындап жүрген кезі болатын. Түбінде Муғаздың жиындарға қатысып жүргенін біледі. Содан Амр баласының оқып, естіп жүргендерімен бөлісуін сұрайды. Әкесіне Фатиха сүресін оқып бергенде толқып кетеді. Барлық сөздері осындай ғажап па? деп таңданысын жасыра алмайды. Муғаз қалғандары бұдан артық болмаса, кем емес дейді. Исламды қабылдауын өтінсе де, Амр пұтымен ақылдасуды жөн санайды. Оның сөйлемейтінін, ақылы жоқ екенін ескертсе де, айтқанынан қайтпайды.
⠀
Амр пұтына қанша жүрек жарды сөздерін айтқанымен де, мүлдем жауап қатпайды. Манат ашуланып қалған шығар деген оймен біраз уақытқа жалғыз қалдырады. Әкелерінің пұтқа қатты үміт артатынын білгендіктен балалары түнге қарай оны алып кетіп, бір шұңқырға тастап кетеді. Амр күн сайын әуреленіп, табынатын пұтын тауып алып, оны жуып, тазалап, қайта орнына қояды. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанғандықтан келесіде өзіңді қорғап қал деп, жанына қылышты қойып кетеді. Ол түні балалары пұтты шұңқырға өлген итпен бірге байлап, лақтырады. Осы жолы Амр пұтын сол шұңқырда қалдырып, «егер сен құдай болғаныңда мұндай жағдайға түспес едің» деп ислам дінін қабылдайды.
⠀
Пұтқа табынған күндерін өкінішпен еске алған Амр енді малы мен жанын Алла жолында пида етуге дайын болды. Қарттығы мен ақсаңдап басқан аяғына қарамастан балаларымен бірге Ухудқа жорыққа шығуды жоспарлайды. Балаларының қарсы болғанына қарамай, Алла елшісінен рұқсатын алған еді. «Мен жәннатты қалаймын!» деген ұранмен Ухудта шаһид болады. Алла елшісі олар жайында: «Қандары шафранның түсіндей және жұпар иісті» деп сипаттайды.
⠀
#саңлақсахабалар #амрибнжамух
30/07/2021
Не нәрсеге асығуымыз керек?
⠀
Құранда не нәрсеге қатты көңіл бөлуіміз қажет екенін көрсеткен. Төмендегі аяттар соның айқын дәлелі.
⠀
1. Жұма күні азан айтылып намазға шақырылған кезде, дереу Алланы зікір етуге асығыңдар (Жұма сүресі, 9-аят).
2. Жақсылықта жарысыңдар һәм топ жарыңдар" (Бақара сүресі, 148-аят).
3. "Раббыларыңның кешіріміне ұмтылыңдар (Әли-Имран сүресі, 133-аят).
⠀
Жақсылыққа жаны құмар, Алламен байланысы бекем болған адамға барлық есіктің кілті табылады. Өміріміздегі басты құндылықтарды жадымыздан шығармасақ, өміріміз де құнды бола бастайды.
⠀
Жұма мүбарак болсын🎉
⠀
#жұма