Республиканский Высший Медицинский Колледж

Республиканский Высший Медицинский Колледж

Share

Алматы

21/03/2026
21/03/2026

Республикалық жоғары медициналық колледжінде Наурыз мейрамы кеңінен атап өтілді.
Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шара ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеп, ерекше сән-салтанатымен өтті.

Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар ұлттық киім киіп, қазақтың әдет-ғұрыптарын насихаттайтын көріністер көрсетті. Күй тартылып, ән шырқалып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Мерекелік дастарқан жайылып, көпшілікке ұлттық тағамдар ұсынылды. Бұл күн – бірлік пен татулықтың, жаңару мен жақсылықтың символы ретінде қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Осындай игі шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, рухани тәрбиесіне зор үлес қосады.

18/03/2026

Шашбау – қазақ қызының сұлулығы мен нәзіктігінің белгісі.
22 Наурыз – жаңару, татулық және бірліктің мерекесі.
Ұлттық дәстүріміз мәңгі жасасын!

18/03/2026

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні -
Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа бақыт, береке, молшылық тілейміз!

Құрметпен, РЖМК Студенттік парламенті

18/03/2026

Наурызнаманың 10 күндігі шеңберінде Студенттік парламент мүшелері игі іс жасап, колледж ұстаздарына су таратты.

Бұл бастама – қайырымдылық пен жанашырлықтың, бірлік пен мейірімнің жарқын көрінісі. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл іс-шара Наурыз рухын одан әрі айшықтай түсті.
Жақсылық жасау – әр жүректен басталады.

07/03/2026

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Республикалық жоғары медициналық колледжінің ерлер қауымы колледждің аяулы аруларын көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

Сіздер – мейірім мен нәзіктіктің, парасат пен көркемдіктің символысыздар. Колледж өміріндегі еңбектеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен жылы жүздеріңіз ұжымға ерекше жылылық пен үйлесім сыйлайды.

Осы айтулы мереке күні барлық нәзік жандарға зор денсаулық, мол бақыт, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, көктемнің шуағындай жарқырап, өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын! 🌷🌸

Photos from Республиканский Высший Медицинский Колледж's post 05/03/2026

Алматы қаласы колледждері арасында Қазақстан тарихы пәнінен “Ұлы дала — көшпенділер мәдениетінің бесігі” тақырыбында өткен олимпиадада Республикалық жоғары медициналық колледжінің 1-курс студенті Төленбай Аружан “Ұлы дала мұрагері” номинациясының жеңімпазы атанды.
Жетекшісі: Қазақбаева Жібек Рахматуллаевна.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address


Калдаякова 54
Almaty
050000

Opening Hours

Monday 08:00 - 18:00
Tuesday 08:00 - 18:00
Wednesday 08:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 08:00 - 18:00
Saturday 08:00 - 17:00