Qyzdar Universiteti

Qyzdar Universiteti

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Qyzdar Universiteti, Education, ул. Айтеке би 99, Almaty.

02/09/2025

#құттықтаймыз +1PhD✅

🔷2025 жылдың 29 тамыз күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының 🔹8D01502-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша ізденуші
🔹СУРАНЧИЕВА ЗИНАГУЛЬ ТУРГАНОВНА «Цифрлық білім беру жағдайында болашақ информатика мұғалімдерін дайындауда дискретті математика элементтерін оқыту әдістемесі» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады!

🔹Зинагуль Тургановнаның ғылыми жұмысының нәтижелі болуына үлкен үлес қосқан ғылыми кеңесшілері:
- физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Бакирова Эльмира Айнабековна
- педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.
Бостанов Бектас Ганиевич
- Мәскеу мемелекеттік әлеуметтік университетінің профессоры, п.ғ.д. Федосов Александр Юрьевич

🔹Бұл – үлкен еңбектің, табандылық пен ізденістің жемісі.
Алдағы уақытта да ғылым мен білім жолында жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беріңіз!

01/09/2025

🔷Құрметті әріптестер мен білім алушылар!
🔹Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын!
🔷Жаңа 2025-2026 оқу жылы толағай табыстарға бастасын, әр күндеріңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын.

01/09/2025

🔷Құрметті әріптестер мен білім алушылар!

🔹Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын!
🔷Жаңа 2025-2026 оқу жылы толағай табыстарға бастасын, әр күндеріңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын.

01/09/2025

#құттықтаймыз💐

🔷2025 жылдың 19 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 8D019 – Арнайы педагогика мамандарын даярлау (6D010500 – Дефектология/8D01901 – Арнайы педагогика мамандарын даярлау) бағыты бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық Кеңесте 6D010500 – Дефектология мамандығы бойынша 🔹Усенбаева Шынар Мутановнаның
🔹«Көру қабілеті зақымдалған жасөспірімдердің арнайы кітапхана жағдайында ақпараттық мәдениетін қалыптастыру» атты диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

🔷Ғылыми кеңесшілер:
Л.А.Бутабаева – PhD, қауымдастырылған профессор. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры (Астана қ., Қазақстан).
🔷Е.М.Кулеша - педагогика ғылымдардың докторы, профессор Мария Гжегожевская атындағы арнайы педагогика академиясы (Варшава қ., Польша).

💐Алдағы уақытта жаңа ғылыми идеяларыңыз бен еңбектеріңіз еліміздің білім беру саласының дамуына зор үлес қосарына сенеміз.
Сізге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт және шығармашылық табыстар тілейміз!

Photos from Qyzdar Universiteti's post 11/07/2025

🔷 Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының 6В01506 – Информатика (көптілді) білім беру бағдарламасының студенті *Келгенбай Жанерке Айбекқызы* Астана қаласындағы ҚазМедиа орталығында өткен *«Азамат» интеллектуалды пікірсайыс* жобасына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

🔹Еліміздің әр өңірінен жиналған 32 топтың ішінен Жанерке қатысқан топ *1/16 кезеңде Торайғыров университетін жеңіп*, *1/8 кезеңге* жолдама алды.

🔷Жанеркенің зияткерлік қабілеті мен шешендік өнері – студенттеріміздің белсенділігі мен білімге құштарлығының жарқын дәлелі!
Жарайсың, Жанерке! Алда тек жеңістер тілейміз! 🌟👏






30/05/2025

Құрметті ұстаздар және білім алушылар!
Сіздерді Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының 2024–2025 оқу жылындағы жылдық қорытынды кешіне шақырамыз!

📍 Өтетін орны: С.Қаниев атындағы кітапхана, конференция залы
📅 Күні: 02.06.2025 ж.
🕒 Уақыты: 15:00

Бұл – бір жылдық жемісті еңбектің қорытындысын бірге атап өтетін, жетістікке толы, естен кетпес кеш болмақ.
Көңілді сәттер мен жылы естеліктерді бірге бөлісейік!

Photos from Qyzdar Universiteti's post 19/05/2025

📣 ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖЕҢІС! 🏆
2025 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласында өткен халықаралық деңгейдегі «Үздік жас ғалым» байқауында 6В03201 – Кітапхана ісі мамандығының 2-курс студенті Туркменбаева Перизат Сәрсенғалиқызы үздік нәтиже көрсетіп, II дәрежелі 🥈 дипломмен марапатталды!
✨ Бұл байқау National Academy of Scientific and Innovative Research (NACSIR) ұйымының бастамасымен өткізіліп, жас ғалымдардың кәсіби жетістіктері мен ғылымға қосқан үлесін бағалауға арналды.
🔬 Перизаттың бұл жетістігі — оның ғылымдағы табандылығы мен жаңашыл көзқарасының нәтижесі!
👏 Сонымен қатар, оның ғылыми жетекшісі, магистр, аға оқытушы Усенбаева Шынар Мутановна белсенді жастарды қолдағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды!
💡 Ғылым жолындағы жарқын жетістіктеріңіз көп болсын!





Photos from Qyzdar Universiteti's post 16/05/2025

📚 САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ ОҚУ МЕН ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде
✅ “САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ ОҚУ МЕН ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ” тақырыбында Lesson Study қалалық конференциясы өтті!

Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының бітіруші курс студенттері Lesson Study зерттеу әдісі бойынша жүргізілген дипломдық жобаларының нәтижесімен бөлісіп, постерлік сессияда жобаларын қорғап, секциялық отырыстарда мазмұнды баяндамалар жасады.

🔍 Бұл шара студенттердің зерттеу мәдениетін қалыптастыруға, заманауи педагогикалық тәсілдерді меңгеруіне және кәсіби дамуына зор мүмкіндік берді.

🎓 Болашақ педагогтарымызға табыс тілейміз!

Photos from Qyzdar Universiteti's post 16/05/2025

🔷2025 жылдың 10 мамырында
Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының
Информатика кафедрасында
п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. 🔹Бостанов Бектас Ганиевич
«Білім берудегі STEM тәсілдері» пәні аясында дәріс сабағын төңкерілген сынып әдісі негізінде ұйымдастырды.

🔹Сабақтың тақырыбы – «STEM-білім берудің дамуына байланысты туындайтын этикалық мәселелер».

🔷Сабақ барысында STEM саласындағы инновациялар мен оларға байланысты моральдық-этикалық мәселелер қарастырылды. Жасанды интеллект, биотехнология, экологиялық тұрақтылық сияқты өзекті тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, студенттердің сыни ойлау, кәсіби адалдық және әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

🔹Сабақ барысында студенттер өзекті тақырыптар бойынша презентациялар жасап, белсенді талқылауға қатысты:
• Зейнетула Альбина Габитқызы — STEM білім беру аясындағы әлеуметтік мәселелер: бағалау үдерісі;
• Нурбек Айғаным Оспанқызы — Жеке деректердің қауіпсіздігі мен ата-ананың келісімі;
• Нұралынқызы Гүлнұр — STEM жобаларының қоғамға әсері: Адам құқықтары мен заңдылықтар;
• Аяжан Арайлым Сеилжанқызы — STEM-дегі гендерлік теңсіздік.

🔹Бұл сабақ студенттердің зерттеу дағдыларын дамытуға, жеке көзқарасын ғылыми негізде қорғауға, пікірталас жүргізуге және оқу процесіне белсенді қатысуына мүмкіндік берді.

Photos from Qyzdar Universiteti's post 10/05/2025

ҚОРЫТЫНДЫ КЕШ✨
Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының белсенді студенттері марапатталды!

2025 жылдың 5 мамырында Қыздар университетінде өткен «QyzPU Premium» қорытынды кешінде физика, математика және цифрлық технологиялар институтының белсенді студенттері марапатталды. Олар жыл бойы белсенділігімен жоғары нәтижелер көрсетті.

Бұл кеш студенттердің қоғамдық өмірдегі еңбегін бағалап, болашақта да осындай белсенділіктерін сақтауға ынталандырды.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


ул. Айтеке би 99
Almaty
050000