kaznpu_tki

kaznpu_tki

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from kaznpu_tki, Education, Жамбыла, 25, Almaty.

16/12/2025

Тәуелсіздік — халқымыздың ең қастерлі құндылығы.🇰🇿
Бұл — ата-бабамыздың сан ғасырлық арман-мұратының орындалған күні, еркіндік пен егемендіктің нышаны. Тәуелсіздік бізге өз тағдырымызды өзіміз айқындауға, тілімізді, дінімізді, мәдениетімізді сақтап, дамытуға мүмкіндік берді.🇰🇿

Бүгінгі бейбіт өмір, ашық аспан, еркін білім мен жарқын болашақ — осы Тәуелсіздіктің жемісі. Еліміздің әр жетістігі, әрбір жеңісі тәуелсіз ел екеніміздің айғағы.🇰🇿

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! ✨

Photos from kaznpu_tki's post 21/11/2025

19.11.2025 жылы Жастар ісі жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен өткен «Білім-Береке-Бәсеке» апталығы аясындағы факультетаралық «Ой + IQ» атты викториналық жарыста Тарих және құқық факультетінің студенттері үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды! 🏆

⚡ Зияткерлік сайыста білім мен логиканы, тапқырлықты ортаға салып, команда ретінде ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті.

Құттықтаймыз! 👏






zhgi






Photos from kaznpu_tki's post 21/11/2025

Бүгін Тарих және құқық факультетінде ерекше қонақ — ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, әнші әрі тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова болды.
“Отбасылық құндылық” тақырыбында терең әрі әсерлі ойларымен бөлісіп, студенттерге мотивация, өмірлік тәжірибе және рухани бағыт-бағдар берді.
Кездесу өте жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға үлкен шабыт сыйлады.

Қонаққа келгеніңіз үшін шынайы алғыс айтамыз!
Біздің факультет студенттері үшін бұл кездесу маңызды әрі есте қаларлық болды.





zhgf
ppf





19/11/2025

📌 Баршаңызды отбасы құндылықтарын талқылауға арналған ерекше жүздесуге шақырамыз!
Құрметті қонағымыз – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші әрі тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова.

🔹 Отбасының маңызы
🔹 Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани байланыс
🔹 Құндылықтарды сақтаудың жолдары

Таразы ой, жылы әңгіме, шынайы мотивация сізді күтеді.
Қатысу – тегін. Келіңіз, пайдалы әңгімеден қалыс қалмаңыз!






zhgf
ppf





17/11/2025

🤩 ЖАЙДАРМАН 2025: ПОЛУФИНАЛ – РУХТЫҢ ЖЕҢІСІ!
Бүгін университет сахнасында күлкі мен шабытқа толы кеш өтті! Полуфинал – тапқырлық пен командалық рухтың нағыз бәйгесі болды.
Студенттер актерлік шеберліктерін және саналы көзқарастарын жоғары деңгейде көрсетті. Әр команда ерекше стилімен көрерменге жағымды эмоция сыйлады.
Қатысушылар (Ұят емес, Абай болайық, Көшедегілер, Сен сұлу, Тастақ және т.б.) ерекше дайындықпен келіп, көрермен жүрегін жаулады.
Жайдарман – бұл тек әзіл емес, ол – жастардың таланты, бірлік пен достықтың жарқын көрінісі!
Қорытынды бойынша финалға өткен командаларды құттықтаймыз! 🥳
Сіздерге сәттілік!







zhgf
ppf





Photos from kaznpu_tki's post 10/11/2025

10.11 күні Тарих және құқық факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрге айналған TQF CUP футбол турнирі жоғары деңгейде өтті! ⚽️🔥

Жарысқа факультет құрамалары белсене қатысып, әр команда өз шеберліктерін паш етті. Ойын тартысты, жанкүйерлер қызу қолдау білдірді. Бұл тек спорт емес, командалық рух, бірлік пен достықтың көрінісі болды!

Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар мен марапаттар табысталды.
TQF CUP – факультетіміздің ұжымын біріктіретін, спорт пен сергектікке шақыратын маңызды шаралардың бірі!

Барша қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
Келесі кездесулерде жолыққанша! 🏆💪





zhgi






Photos from kaznpu_tki's post 04/11/2025

Қазақ рухының бір тармағы - ұлттық мұражайға түркмендік студенттермен саяхат.

Әлемнің қай мемлекетіне саяхатшы болып, не болмаса іс сапармен барсаң да, Сізге бірінші ұсынатын кеңесі -қай жерде қандай мұражай бар екендігі туралы.
Мұражай адам өмірінің рухани қазынасы, тарихы, мәдениеті, асыл мұрасы болып табылады.
Түркі жұртынан тараған бізге бауырлас, Тарих және құқық факультетінің 2-ші курсында оқитын түркменстандық студенттермен бірге қараша айының 3-де 2025 жылы Қазақстан республикасының орталық мемлекеттік мұражайына бардық.
Мұражайдағы сонау тас дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі жәдігерлерді көріп, тарихын біліп қайтқан студенттер өздерінің алған әсерлерін желіден жарыса жеткізіп отырды. Студенттер әр кезең бойынша қазақ этносының тұрмысын, шаруашылығын, мәдениетін, тарихын көріп өз елінің рухани құндылықтарымен салыстырды. Ерекшеліктері мен ұқсастықтарын байқады.

Трансформацияға негізделген саяхат болды.

.zhgf .ppf


28/10/2025

Әділет пен азаттық жолында өмірін арнаған тұлғаға арналған тағылымды шара!

📚 30 қазан 2025 жылы сағат 10:00-де
«Әбдіғапар хан Жанбосынұлы және оның әулеті: азаттық үшін күресте өткен ғұмыр. 1916–1931 жж.» атты тарихи кітаптың тұсаукесері өтеді.

✍️ Авторы: акад. М. Қойгелдиев, З. Мырзатаева
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25. Кітапхананың конференц-залы
📞 Байланыс: +77009924976

Бұл тек тұсаукесер емес – бұл тарихпен тілдесудің мүмкіндігі.
Келіңіз, тағылым алыңыз, ұмытылмас әсерге бөленіңіз!





zhgi






30/09/2025

🚀 СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ КЕШІ – 2025 🚀

📅 2 қазан күні ППФ пен ТҚФ факультетінің жаңа студенттерін қарсы алуға арналған ең жарқын, ең шуақты, ең көңілді кеш өтеді!
Бұл күн – сенің студенттік өміріңнің ресми бастамасы, ұмытылмас сәттерге толы мереке! 🎉

✨ Кештің жүргізушісі – харизмасымен баурайтын Ansagan
🎤 Кеш қонақтары – жүректі жаулап алған әндерімен AlZabi, Asik, Baga

Ал сендерді не күтіп тұр дейсіңдер ме? 👇
🎁 Бағалы сыйлықтар
🍰 Фуршет пен тәтті дастархан
🎲 Қызықты ойындар мен интерактивтер
🎟️ Лоторея – әр билетте мүмкіндік бар!
📱 Бас жүлде – iPhone 16 + сертификаттар
🏠 Жатақханаға бір жылдық төлем ақысы
💃 Жанып тұрған диско, би, энергия, драйв!

Бұл кеште күлкі де, эмоция да, сыйлық та, музыка да – бәрі бар! 💥
Қуанышқа толы студенттік шақтың алғашқы қадамдарын бізбен бірге жаса! 🌟

❤️‍🔥 Біз сендерді асыға күтееміііз!!! ❤️‍🔥





zhgi




kaznpu

30/09/2025

🚀 СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ КЕШІ – 2025 🚀

📅 2 қазан күні ППФ пен ТҚФ факультетінің жаңа студенттерін қарсы алуға арналған ең жарқын, ең шуақты, ең көңілді кеш өтеді!
Бұл күн – сенің студенттік өміріңнің ресми бастамасы, ұмытылмас сәттерге толы мереке! 🎉

✨ Кештің жүргізушісі – харизмасымен баурайтын Ansagan
🎤 Кеш қонақтары – жүректі жаулап алған әндерімен AlZabi, Asik, Baga

Ал сендерді не күтіп тұр дейсіңдер ме? 👇
🎁 Бағалы сыйлықтар
🍰 Фуршет пен тәтті дастархан
🎲 Қызықты ойындар мен интерактивтер
🎟️ Лоторея – әр билетте мүмкіндік бар!
📱 Бас жүлде – iPhone 16 + сертификаттар
🏠 Жатақханаға бір жылдық төлем ақысы
💃 Жанып тұрған диско, би, энергия, драйв!

Бұл кеште күлкі де, эмоция да, сыйлық та, музыка да – бәрі бар! 💥
Қуанышқа толы студенттік шақтың алғашқы қадамдарын бізбен бірге жаса! 🌟

❤️‍🔥 Біз сендерді асыға күтееміііз!!! ❤️‍🔥







zhgi






Photos from kaznpu_tki's post 24/09/2025

24.09.2025 жылы Тарих және құқық факультетінің 1 курс студенттері Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында болып қайтты. Орталық басшылығына өз алғысымызды білдіреміз.

23/09/2025

🎉 QOSH KELDIN, STUDENT! 🎉

Студенттік қатарға қабылдау кешіне шақырамыз! 🔥
Жаңа оқу жылының ең ерекше шарасы сен үшін!

📌 Қонақтар:
✨NURBULLIN
✨ Qanay
✨ Қуандық Рақым
✨ Бағлан Әбдірайымов

🎤 Кештің жүргізушілері:
Нұрболхан Шарапов & Жандос Самалбеков

🗓 Күні: 26.09.2025
📍 Мұхтар Әуезов атындағы спорт кешені
⏰ Басталуы: 16:00
👔 Dress code: Classic style
Кіру: ТЕГІН📌

🔔 Бұл кеште музыка, би, көңілді атмосфера және ұмытылмас эмоциялар сені күтеді!

Сонымен қатар, қызықты конкурстық ойындар мен бағалы сыйлықтар да бар!🚀

Кел де, студенттік өмірдің жаңа бетін бізбен бірге аш! 💙






zhgf






Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Жамбыла, 25
Almaty
050000