NURORDA ALMATY мектебі үшін маңызды әрі тарихи жаңалық. Мектебімізге ресми түрде ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді.
ЮНЕСКО клубының мүшесі атану үлкен мәртебе ғана емес, сонымен қатар халықаралық жобаларға қатысуға, мәдениетаралық байланысты нығайтуға және әлемдік білім беру кеңістігімен тәжірибе алмасуға жол ашады.
Осы жетістікке жетуде мектебіміздің волонтерлер клубының еңбегі ерекше. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып, қайырымдылық пен адамгершілік құндылықтарын насихаттап жүрген оқушыларымыз бен жетекшілеріміздің еңбегі осы мәртебеге қол жеткізудегі маңызды қадамдардың бірі болды.
Мектебіміздің дамуына үлес қосып жүрген барша ұстаздарымызға, оқушыларымызға алғыс білдіреміз.
NURORDA ALMATY
NURORDA — 17 жылдық тәжірибе, 3 мектеп және 2 мыңнан аса түлектері бар білім ордасы
1-сыныпқа қабылдау аясында болашақ сынып жетекшілерімен таныстыруды жалғастырамыз.
Бүгін сіздерді бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, 20 жылдық тәжірибесі бар Шәкірбаева Венера Серікқызымен таныстырғымыз келеді.
Ұстаздың басты мақсаты — әр баланың қабілетін ашып, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, мектепке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Сабақ барысында оқушының өзін еркін сезініп, сеніммен дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
NURORDA ALMATY бастауыш мектебінде біз тек білім беріп қана қоймай, әр баланың тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасаймыз.
Алдағы уақытта сіздерді өзге де сынып жетекшілерімен таныстыруды жалғастырамыз.
Мектеп — тек білім алатын орын емес. Бұл — баланың өз қабілетін ашып, шығармашылықпен, спортпен, өнермен жан-жақты дамитын ортасы ✨
Біздің үйірмелерде оқушылар жаңа дағдыларды меңгеріп қана қоймай, өзіне деген сенімділікті, жауапкершілікті және командада жұмыс істеуді үйренеді. Бірі сахнада жарқыраса, бірі спортта шыңдалады, енді бірі шығармашылық арқылы өз ойын еркін жеткізеді 💫
Әр баланың қызығушылығына жол ашатын түрлі бағыттағы үйірмелер — мектеп өмірінің ажырамас бөлігі.
Ал 15 мамыр күні сағат 15:30-да өтетін үйірмелердің есеп беру концертіне баршаңызды шақырамыз!
Оқушыларымыздың еңбегі мен таланттарына куә болыңыздар!
13/05/2026
7–11 мамыр аралығында оқушыларымыз Литва астанасы Вильнюс қаласында өткен беделді VILIPO 2026 (Vilnius International Project Olympiad) халықаралық жобалар олимпиадасында Қазақстан намысын абыроймен қорғады.
Әлемнің 20-дан астам елінен жиналған дарынды жас зерттеушілер мен өнертапқыштар арасында біздің оқушылар ғылыми және инженерлік жобаларын таныстырып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін халықаралық деңгейде көрсете білді.
Мектебімізден ұсынылған 5 жоба жоғары нәтиже көрсетіп, қоржынымызға:
✦ 4 алтын медаль
✦ 1 қола медаль
✦ «Best Project» арнайы номинациясын сыйлады.
Бұл жетістіктер — оқушыларымыз бен жетекшілеріміздің табанды еңбегі, ізденісі мен үлкен дайындықтарының нәтижесі. Барша қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы халықаралық жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
12/05/2026
NURORDA ALMATY Summer Camp-ке қабылдау басталды!
Жазғы демалысты пайдалы, қызықты және ұмытылмас әсерге толы өткізгісі келетін оқушылар үшін бастауыш және орта буын оқушыларына арналған арнайы лагерь бағдарламасы дайын.
1 маусым – 14 маусым
Бағдарламада:
✦ ағылшын тілі
✦ шығармашылық және шеберлік сабақтары
✦ белсенді демалыс пен ойын-сауық
✦ экскурсиялар, пикник, бассейн
✦ қауіпсіз әрі қамқор орта
Орта буын оқушыларына ерекше бағдарлама: 1 күн — 24 сағат лагерьде 😍
Балаңызға жай ғана демалыс емес — жарқын естелікке толы жаз сыйлаңыз.
Орын саны шектеулі. Тіркеліп үлгеріңіздер!
📱 + 7 700 42 42 42 0
Баршаңызды келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз!
Демалыстарыңыз көңілді, жарқын әрі есте қаларлықтай өтсін 😉
Литва, Вильнюс қаласында өткен 1st European Mathematical Olympiad (EMO) халықаралық олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Еуропаның жетекші білім жүйелері арасындағы беделді зияткерлік додада ел намысын қорғаған үздік оқушылар қатарында NURORDA ALMATY мектебінің оқушылары да лайықты өнер көрсетті.
Халықаралық деңгейдегі бәсекеде біздің оқушыларымыз:
🥈 Ағыбаев Ануар — күміс медаль
🥈 Алтынбек Ерасыл — күміс медаль
⭐️ Ашкен Ильяс — құрмет грамотасы
Бұл — терең білімнің, табандылықтың және
жүйелі академиялық дайындықтың нәтижесі ғана емес, сонымен қатар қазақстандық оқушылардың
әлемдік деңгейдегі зияткерлік әлеуетінің айқын көрінісі.
NURORDA ALMATY өз оқушыларының жоғары жетістіктерін мақтан тұтады және оларды шын жүректен құттықтайды!
Жаңа белестер мен халықаралық жеңістер жалғасын таба берсін!
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай
NURORDA ALMATY мектебінде бастауыш буын ұйымдастырған мерекелік концерт өтті.
Сахнада оқушыларымыз:
✦ өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық нөмірлер ұсынды
✦ жобаларын қорғап, білімдері мен қабілеттерін танытты
✦ бірлік пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті
Оқушыларды дайындап, үлкен еңбек сіңірген
English Department мұғалімдеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің қолдауларыңыз бен кәсібиліктеріңіздің арқасында балалар өз өнерлерін толық көрсете алды.
Бұл күн — бірлік пен ортақ құндылықтардың айқын көрінісі болды.
Баршаңызды 1 мамыр мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
NURORDA ALMATY оқушысы Аяулым Сабитова Испаниядағы беделді IE University ұйымдастырған халықаралық бағдарламаға іріктеуден өтіп, Орталық Азиядан қабылданған алғашқы студент атанды.
Қатаң іріктеу, халықаралық деңгейдегі мүмкіндік, Мадридке толық қаржыландырылған сапар — мұның бәрі үлкен еңбектің нәтижесі.
QS халықаралық рейтингінде әлем бойынша TOP-2 MBA бағдарламасына ие университеттің қатаң конкурсында Аяулым үздіктер қатарынан көрінді.
Қатаң іріктеу, халықаралық деңгейдегі мүмкіндік, Мадридке толық қаржыландырылған сапар — мұның бәрі үлкен еңбектің нәтижесі.
Осындай жетістікпен Аяулымды және оның отбасын шын жүректен құттықтаймыз және жаңа биіктер тілейміз!
29/04/2026
25–28 сәуір аралығында Алматы қаласында
8–9 сынып оқушыларына арналған Аягүл Миразова атындағы II республикалық математикалық олимпиада өтті.
Осы маңызды республикалық білім додасында:
✦ Aisultan — І орын, абсолютті жеңімпаз
✦ Beksultan — грамотамен марапатталды
Жас математиктерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Чуланова, 133
Almaty