All Math Y

All Math Y

Share

Математика пәні бойынша білім беру орталығы

29/12/2022

Құтты болсын жаңа жыл.

07/03/2022

Ананы сыйлаған, имандылыққа ұйыған халқымызда «Ананың сүйген жері – отқа күймейді, оқ та тимейді» деген тәмсілге сай олардың жүзін мұң шалмауы үшін бар жақсылықтың жалғасатыны анық.

Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету парызымыз.

Құтты болсын мерекелеріңіз
Тасый берсін мерейлеріңіз.

11/01/2022

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Асханұлы Смайылов

1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996 жылы — ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.
1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.
2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰБХ президенті.
2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.
2015–2018 жж. — ҚР Президентінің көмекшісі. 2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін — Қаржы министрі.
2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.

Құтты болсын айтамыз.

29/12/2021

Жаңа жыл құтты болсын.

Келер жылы табысымыз еселеніп, танысымыз көбейіп, тынысымыз кеңейіп, ырысымыз молайсын.

13/05/2021

Ораза айт қабыл болсын, ұстаған жан!

Келер жылғы Рамазан айына дейін дендеріңіз сау, бастарыңыз аман, балаларымыз білімді болсын.

08/03/2021

8 Наурыз әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық, адал махаббат, шынайы сүйіспеншілік тілейміз.

27/12/2020

Жаңа жыл құтты болсын.

С Новым Годом.

Happy New Year!

16/12/2020

Тәуелсіздік күніміз құтты болсын.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

01/12/2020

Бүгін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні.

Жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрамы, құтты болсын.

2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылып  Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылғанын ескертеміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

03/11/2020

1915 жылдары АҚШ-та өмір сүрген ұры, қылмыскер, аты шулы Макс Жек дегеннің 100 жылда тараған 840 жуық ұрпақтары арасынан 63 тонауылшы, 81 жезөкше, қайыршы 300, адам өлтірген 7, басқаның қолында өлген 200, ақымақ 200 адам саналған болса, нормаль адам 20-дай екен.

Ал Макстан 200 жыл бұрын ғұмыр кешкен, теолог, пәлсәпәші Жонатан Эдурдтың 1200-ге жуық ұрпақтары арасынан 13 ректор, 75 әскери қолбасшы, 100 дін үгіттеуші, 180 заңгер, ақтаушы, сот, 63 жазушы, 13 сенат және АҚШ президенті 1 адам туып шыққан.

Сондықтан 1 бала болса да біліміне, оқуына немқұрайды қарамаңыз!

30/10/2020

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «GYLYM TALKS» онлайн жобасының бүгінгі қонағы – әйгілі математик, ғылым докторы Сұраған Дурвудхан.

Математика бойынша PhD докторы, Nazarbayev University профессоры Сұраған Дурвудхан Лондон Корольдік Колледжінде теориялық физика бойынша магистр дәрежесін алды.

2013 жылы жаратылыстану ғылымдары саласындағы ең үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Қонаев премиясымен марапатталды.

Сұраған Дурвудхан – 2018 жылы «The Ferran Sunyer i Balaguer Prize» халықаралық премиясының Азиядан шыққан алғашқы иегері атанған тарихтағы ең жас ғалым. Аталған премия математика саласындағы зерттеулерді ынталандыру мақсатында беріледі. Әр жылдары бұл марапатқа Антонио Амбросетти, Марк Горески, Тимоти Браунинг сияқты әлемнің танымал ғалымдары ие болды.

Тікелей эфир сағат 17:00-де Министрліктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында жүргізіледі.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address


Satpaeva 30/1
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30
Saturday 09:00 - 15:00
Sunday 09:00 - 15:00