🎙 Подкаст қонағымыз — Ұзақбай Ерболат.
2022 жылғы мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда City University of Hong Kong университетінде Computer Science мамандығы бойынша білім алуда.
Подкаст барысында Ерболат мектептегі естеліктерімен, оқушы кезіндегі тәжірибесімен және дәл осы мектептің оның өмір жолына қалай әсер еткені туралы ойларымен бөлісті.
Түлектеріміздің жетістіктері — біздің мақтанышымыз!
Suleyman Demirel Lyceum & College
Мектебіміз «Жеке меншік білім беру ұйымдарының республикалық қауымдастығының» мүшесі болып табылады.
Би — бұл тек қимыл емес, бұл эмоция, өнер және еркіндік.
SDL School оқушылары би үйірмесінде өз таланттарын ашып, сахнада еркін қимылдап, шығармашылықтарын дамытады.
Сен де біздің би үйірмемізге қосыл! Бізбен бірге биле ! 💫
8 наурыз – көктем мен нәзіктіктің мерекесі.
Барша аруларды осы ерекше күнмен құттықтаймыз! Әрдайым әдемі, бақытты, шабытты болыңыздар! 🌷
Бастауыш апталығы өз мәресіне жетті!
Апталық барысында белсенділік танытып, ерекше көзге түскен оқушыларымыз марапатталды.
👏 Жарайсыңдар, болашақ білімді ұрпақ!
Әр бала – бір әлем. Оның жүрегіне сенім ұялату, жолын нұрландыру – ұстаздың қолында.
Кейде балалар мектепке
көңілсіз келеді…
ұйқысы қанбаған,
көңіл-күйі жоқ,
«барғым келмейді» деген оймен.
Бірақ күн аяқталғанда —
көзінде жылу пайда болады.
Күлкісі шынайы болады.
Қолында — жаңа жетістік.
Себебі мұнда оларды түсінеді.
Қолдайды.
Қызықтырады.
Кішкентай көңілсіздік
үлкен қуанышқа айналады.
✨ SDL School-дан сен міндетті түрде бақытты болып шығасың. 💛
🌿 Мейірімділік айы аясында ерекше мастер-класс өтті 🌸
Мектебімізде Мейірімділік айына орай оқушыларға арналған гүл егуден мастер-класс ұйымдастырылды. 🌼
Бұл іс-шараның басты мақсаты — балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Әрбір оқушы өз қолымен гүл отырғызып, мейірімділік дәнін сепкендей әсер алды.
✨ SDL School-да Бастауыш апталығы басталды! ✨
Бүгін мектебімізде ерекше атмосфера!
Кішкентай жүректердің үлкен қадамдары басталатын апта — Бастауыш апталығының шымылдығы түрілді.
Бұл апта —
🌟 білімге деген құштарлықтың,
🌟 шығармашылықтың,
🌟 батылдық пен сенімділіктің мерекесі.
Алда қызықты сабақтар, шабытқа толы жобалар, ерекше форматтағы іс-шаралар мен жарқын эмоциялар күтіп тұр! 🩵
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Website
Address
Улица Торайгырова 19
Almaty
050000