КГУ "Санаторная школа-интернат 15" Управления образования города Алматы

КГУ "Санаторная школа-интернат 15" Управления образования города Алматы

Share

Типовое здание, приспособленное под школу-интернат. Го

Photos from КГУ "Санаторная школа-интернат 15" Управления образования города Алматы's post 13/10/2023

Добавьте "Наследник"балалар ойын-сауық орталығы балалар мастер класс пицца жасауда. 3 “а” сынып

12/10/2023

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

 

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы мәселелерді басы назарға ала отырып, бүгін мектеп-интернат директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәрсебаев Нұржан Бақытбекұлы білім алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Photos from КГУ "Санаторная школа-интернат 15" Управления образования города Алматы's post 12/10/2023

Гепатит (сары ауру)-бауырды зақымдайтын вирустық инфекция. Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температураны көтермейді. Бұл ауру- жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ал қарт адамдарда өте ауыр болады. Ауырған адамның көзінің сарысы кеткеннен кейін де, 3 апта бойына сары ауруды жұқтыра алады. Гепатиттің алдын алуда, жеке гигиена ережелерін сақтау керек, жеке ыдыс пайдаланған дұрыс.

Photos from КГУ "Санаторная школа-интернат 15" Управления образования города Алматы's post 11/10/2023

Жас суретшілер үйірмесі жетекшісі:Қилыбаев У.Б. гуашпен жұмыс, сұр фонға сурет салу

Photos from КГУ "Санаторная школа-интернат 15" Управления образования города Алматы's post 09/10/2023

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы
Жылқыбаева Ләззат № 15 санаториялық мектеп-интернат ұстазы Тагаева Тұрсынгүл апайды мерей тойымен құттықтады✨

09/10/2023

Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны"
дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және
қолдау жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жылқыбаева Ляззат Ауесханқызынан № 15 санаториялық мектеп-интернат ұстазына құрмет грамотасы

08/10/2023

🧗‍♂Тауға шығу арқылы біздің ЖҮРЕК бұлшық етіміз нығаяды екен. Бұл деген қазіргі кезде көбейіп кеткен жүрегі тоқтап қалу, Инфаркт деген пәледен құтқарады. Қимыл қозғалыс керек қашанда.💪 ⠀
Ең үлкен ПАЙДАСЫ бойыңдағы ЖАЛҚАУЛЫҚ деген пәлені жеңесің. Жартсына жетпей жатып неше түрлі сылтаулар келеді "жартсына шығып қоя сал"," жол тайғақ " деген сиқты. Ал осы сылтауларды, сатқын ойларды жеңіп шыңына жеткенде өзіңе деген Құрмет, Сенімділік, Мақсатқа жеткендегі бір қуанышты сезім пайда болады…

08/10/2023

Тагаева Тұрсынкүл мектеп ұжымы туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды💐💐💐🎊

Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде Қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.

Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.

Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

08/10/2023

“Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі “- Ыбырай Алтынсарин.

Photos from КГУ "Санаторная школа-интернат 15" Управления образования города Алматы's post 06/10/2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық педагогтер съезінің ашылуында баяндама жасап, барша ұстазды бүгінгі мерекемен құттықтады!

"Ұстаз деген - қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз - жоғары деңгейдегі тұлға. Ұстаздар күні құтты болсын!

Біз ұстазды құрмет тұтқан елміз. Қоғамда мұғалімнің мәртебесін одан әрі биіктетеміз!", - деді Президент құтықтауында.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Наурызбайский район, мкр Шугла, Улица Еңбек, 92
Almaty
050006