26/03/2024
3 кітаптың тұсаукесері🎉
⠀
2022 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қаржыландыруымен тәңіршілдік және деобанд тақырыптары бойынша жобалар жүзеге асырылған болатын. Осы жобалар аясында жаңа еңбектер жарық көрген еді.
⠀
27 наурыз күні, ертең аталған кітаптардың таныстырылымы өтеді.
⠀
Өтетін орны: Нұр-Мүбарак университеті, Тәуелсіздік залы.
⠀
Уақыты: 11:00
⠀
04/03/2024
Жаңа еңбек жарық көрді🎉
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Байбарыстану орталығы тарапынан Байбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орайластырыла дайындалған зерттеуде 1250-1382 жылдар арасында Египет, Сирия және Хиджаз жерін қамтыған түркі мемлекетiнің іс жүзінде негiзiн қалаған Байбарыс әл-Бундуқдари ат-Түркидің (1223-1277) дін жолындағы күресі сөз болады.
Мемлекетті түрлі салаларда дамытып, ішкі және сыртқы жауларға қарсы жеңімпаз тойтарыс берген қыпшақ мәмлүктер сол жетістіктерге иман мен жауынгерлік шеберлік арқасында қол жеткізді. Ата-бабаларынан қан арқылы келген жауынгерлік рух пен дін негіздерін саналы түрде игеру оларды тарихтың даңқты парақтарында мәңгіге қалдырды.
Кітап оқушы, студент жастарға, оқытушылар, зерттеушілерге және жалпы қалың оқырман қауымға арналған.
Бағасы: 5000 тг
Беті: 256
Парақшамызға өтіп, кітапқа тапсырыс бере аласыз👇
https://www.instagram.com/abuhanifa_center?igsh=Y2dkNGVkbHluNmZ4
28/02/2024
Нұр-Мүбарак баспасының жаңа туындысы🎉
Бұл ұжымдық монографияда Деобанд мектебінің қалыптасу және даму тарихы, діни ағартушылық қызметі мен білім беру жүйесі, ақидалық және діни-тәжірибелік ұстанымдары Үндістан және Пәкістан елдеріне жасалған арнайы ғылыми іссапар нәтижесінде қол жеткізілген деобандтық ғалымдардың еңбектері мен өзге де ғылыми зерттеулерге негізделе отырып, объективті түрде зерттеліп, тұжырымдалды.
Ғылыми зерттеу қазақ, араб, ағылшын және өзге де тілдердегі осы тақырып бойынша жазылған еңбектермен қатар, Үндістан мен Пәкістанға жасалған арнайы ғылыми сапардың қорытындысы негізінде жасалды.
Монография исламтанушыларға, дінтанушыларға және осы тақырыпқа қызығатын жалпы оқырманға арналған.
Бағасы: 2500 тг
Беті: 176
Тапсырыс беру үшін парақшамызға жазсаңыз болады👇
https://www.instagram.com/abuhanifa_center?igsh=Y2dkNGVkbHluNmZ4
14/12/2023
Тәңіршілдік туралы таптырмас туынды
⠀
Қазіргі қоғамдық діни дискурс қазақ руханиятындағы ислам мен архаикалық наным-сенімдердің, соның ішінде тәңіршілдіктің діни танымдағы, ұлттық бірегейліктің қалыптасуындағы орны мен маңызын анықтауды талап етеді. Осы тұрғыда тәңіршілдік генезисін мен тарихи эволюциясын, трансформациялары мен реконструкцияларын, қазіргі мәдениетіміздегі, ұлттық сана-сезіміміз бен тұрмысымыздағы көріністерін ғылыми объективтілік тұрғысынан талдау аса өзекті.
⠀
Монографияда қазақ халқының байырғы діни сенімі тәңіршілдіктің қалыптасуының мифологиялық, діни-дүниетанымдық қайнарлары байыпталады. Тәңіршілдік сенімнің архетиптік көріністері мен «қазіргі тәңіршілдік» идеясы компаративистік тұрғыдан зерделенеді. Қазіргі Қазақстандағы «тәңіршілдіктің» қайта жаңғыруының себептері мен негізгі бағыттары жіктеліп, оны насихаттаушылардың көзқарастарына талдау жасалады. «Қазіргі тәңіршілдікке» қатысты қоғамдық санадағы талқыланып отырған дискурстар алаңындағы мәселелер жиынтығы ұсынылып, негізгі бағдарларын әрі қарай зерттеудің қажеттілігі негізделеді.
⠀
Кітап түрік халықтарының рухани-мәдени мұрасына, діни танымының эволюциясына қызығушылық танытқан қалың оқырман қауымға және дін саласын кәсіби зерттеумен шұғылданатын мамандарға, магистранттар мен докторанттарға арналады.
⠀
Монография Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қаржыландыруымен 2022 жылы жүзеге асырылған «Қазақ халқының діни танымындағы тәңіршілдік» жобасы аясында дайындалған.
⠀
Бағасы: 2500 тг
Беті: 224
⠀
Тапсырыс беру үшін: 8 708 100 84 79
Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының инста парақшасына жазып та тапсырыс бере аласыз 👇
https://instagram.com/abuhanifa_center?igshid=YTQwZjQ0NmI0OA==
⠀
26/11/2023
Құнды туынды қайта жарық көрді🎉
Тапсырыс беру үшін👇
wa.me/77471570353
#нұрмүбарак #әбуханифа
10/10/2023
ҚҰНДЫ ЕҢБЕК ЖАРЫҚ КӨРДІ🎉
⠀
Исламтану саласында «дағуат», яғни Алланың дініне шақыру – қастерлі, жауапкершілігі мол әрі ең ізгі іс саналумен қатар, өз алдына дербес пән ретінде қалыптасқан. Алланың дініне шақыру – пайғамбарлардан мирас ретінде жалғасып келе жатқан істердің ең ізгісі, құлшылықтардың ең абзалы әрі діннің сақталуының негізгі тірегі. Осы оқу құралы дағуат құбылысының мән-маңызын, қалыптасуы мен дамуын, әдіс-тәсілдерін, құралдары мен өзіндік ерекшелігін Құран мен сүннет және ислам ғалымдарының тұжырымдары негізінде ашуға бағытталған.
⠀
Дағуат саласы – мұсылман елдерінің оқу орындарында кейінгі кезеңдері қолға алынған жаңа ғылым саласының бірі. Сондықтан да ислам дағуатының теория-методологиясына қатысты еңбектер кейінгі ғасырларда ғана жарық көрді. Бұл тақырыпта араб, түрік тілдерінде жазылған еңбектер өте мол. Бұл зерттеуде де сол еңбектердің түйін тәжірибелері басшылыққа алынған. Басты мақсат – осы мол материалды ана тілімізде ұсынып, қоғамға қол жетімді ету.
⠀
Ұсынылып отырған бұл шағын еңбектің тұжырымдары исламтану саласын кешенді зерттеудегі бос кеңістікті толықтырып, қоғамда дін насихатын жүргізудің дұрыс үлгісін анықтауға, Қазақстан Республикасы үшін дәстүрлі исламды дамытуға өз үлесін қосады деген үміттеміз. Қолыңыздағы оқу құралы ең алдымен имамдарға, дін қызметкерлеріне аса қажетті көмекші құрал болмақ. Кітапты исламтану мамандықтары бойынша білім алатын медресе-колледждерде, жоғары білім беретін оқу орындарында, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу бағытында жұмыс жасайтын ғылыми институттар мен орталықтарда материал немесе қосымша оқу құралы ретінде қолдануға болады.
⠀
Кітап авторы: ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы
Бет саны: 264
⠀
Кітапты инстаграмдағы парақшамызға (abuhanifa_center) жазып, тапсырыс бере аласыз.
⠀
03/07/2023
Жаңа еңбек🎉
⠀
ШАРИҒАТ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ СҮННЕТТІ ДҰРЫС ТҮСІНУ ЖОЛДАРЫ
⠀
Мысырлық ғалым, мемлекет қайраткері Мұхаммад Мұхтар Жұманың кітабы қазақ тіліне аударылды. 1966 жылы дүниеге келген Мұхтар Жұма – көрнекті ғалым, ғылым докторы, араб филологиясы ғылымдарының профессоры, Ислами зерттеулер академиясының мүшесі. Ғалымның әдебиеттану және исламтану салалары бойынша, сондай-ақ діннің заманауи көкейкесті мәселелерін өзек еткен көптеген зерттеулері мен еңбектері жарық көрген.
⠀
Қазір Мысырда үлкен жауапты, лауазымды қызмет атқарады. 2013 жылдың 17 шілдесінен бастап тұрақты түрде Мысырдың Уақыфтар министрі, сондай-ақ Жоғары дін істері кеңесінің төрағасы. Ол – талантты қаламгер ретінде де танылған, Мысыр және Араб жазушылар одақтарының мүшесі.
⠀
Ғалымның бұл еңбегінде шариғат мақсаттары, оның ішінде негізгі алты қағида турасында баян етіледі. Дінді, Отанды, адам жаны мен ақылын, ар намысы мен нәсілін қорғауға шариғатымыздың қаншалықты көңіл бөлетіндігі қозғалады. Сондай-ақ сүннетті дұрыс түсінудің маңызы, Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын!) тірі кезінде сүннетті орындау қаншалықты маңызды болса, қазіргі таңда да сүннетті ұстанудың соншалықты мәнге ие екендігі, бүгінгі заман талаптарына сай хадистерді жаңа қырынан түсінуге тырысу қажеттілігі де тілге тиек етіледі.
⠀
Еңбек асыл дініміз исламның негізгі қағидаларымен танысқысы келген барша оқырман қауымға арналады.
⠀
#мұхтаржұма
29/06/2023
“Ислам құндылықтары” кітабы жарық көрді🎉
Белгілі ғалым Ахмед ат-Тайибтың “Муқаууимат ислам” еңбегі қазақ тіліне аударылды. Ахмед ат-Тайиб бүгінгі таңдағы аса танымал мысырлық оқымысты, беделді дін қайраткері. Ол негізгі зерттеулерін философия және ақида салаларында жүргізіп, іргелі еңбектер жазған. Сонымен қатар осы салаларда профессор ретінде талмай лекциялар оқып келеді. Өмір жолына үңілсек, Ахмед ат-Тайиб – тек ғылыммен емес, үлкен лауызымды да мәртебелі қызметтерімен де белгілі қайраткер. 2002-2003 жылдары Египеттің мүфтиі, ал 2003-2010 жылдары әл-Азһар университетінің ректоры қызметтерін атқарған. 2010 жылдан бері әл-Азһардың ұлық имамы.
Бұл кітабында асыл дініміздің негізгі, басты ұстындары жатық, ұтымды дәлелдерімен, сенімді қайнар көздерге сүйене отырып баяндалады.
Кітап 4 бөлімнен тұрады:
- Ақидаға кіріспе;
- Ғибадат;
- Шариғат және заң шығару;
- Мінез-құлық
Еңбектің исламды тереңдеп танып, білемін деген мамандарға да, жалпы оқырман қауымға да айтары да берері мол.
#ахмедаттайиб
02/05/2023
«Дін және қоғам» сериясының жаңа туындылары жарық көрді🎉
Нұр-Мүбарак баспасы ғылыми форматтан бөлек жалпы халыққа арналған діни-танымдық еңбектерді де ұсынып келеді. «Дін және қоғам» сериясы бойынша жаңадан жарыққа шыққан №4 «Аборт - қоғам қасіреті» және №5 «Бақытты отбасы» кітаптары осының айқын дәлелі. Бұдан алдын №1 «Исламдағы өсімқорлық: түрлері және үкімдері», №2 «Өлімнен мән іздеген жандар (Суицид проблемасы: себептері мен салдары)», №3 «Трансплантация: түрлері және шариғи үкімдері» кітаптары басылып шыққан болатын. Алдағы уақытта да қоғамдағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, көпшілік қауымға ұсынылады
#дінжәнеқоғам
31/03/2023
Нұр-Мүбарак баспасынан жаңа кітап🎉
Ұсынылып отырған оқу құралы араб тілін оқитын студенттерге арналады. Араб тілін меңгеру үшін оның морфологиялық құрылым негіздерін, нормаларын басшылыққа ала отырып, араб тілінің ерекшеліктерін жүйелі түрде үйрету бағытында жүргізіледі.
Кітапта морфологиялық тақырыптармен бірге, танымдық дағдыларды қалыптастыратын, сондай-ақ тілдік құзіреттілікті дамытуға қатысты мәліметтер берілген. Кітапта: оқылым, айтылым және жазылым арқылы білім алушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мiндеттерi де ескерілген.
Бет саны: 408
Бағасы: 4 000 тг
Тапсырыс беру үшін:
wa.me/77088059979
26/11/2022
Нұр-Мүбарак баспасы жайында оқырмандар пікірі