Ұлттық киім күні!
Ұлттық киім кию — бұл тек сән емес, бұл өз мәдениетіңе деген құрмет 🤍
Осындай әсем киімдерді кию арқылы біз өз тамырымызды, тарихымызды сезінеміз ✨
Қарапайым ғана образдың өзінде қаншама мән мен сұлулық бар 💛
Ұлттық стиль — әрқашан ерекше, әрқашан әдемі 🇰🇿
Ozat Primary School
«Озық ойлы озаттар мекені»
•Математика және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту
•PBL жүйесі
Бүгін біздің оқушыларымыз Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, «Қош келдің, Наурыз!» атты әсерлі спектакльді тамашалады ✨
Наурыз мерекесі қарсаңында кеш өте көңілді өтті: балаларға арналған қызықты ойындар ұйымдастырылып, әсем билер қойылып, мерекелік атмосфера ерекше сезілді 💫
Оқушыларымыз көтеріңкі көңіл-күймен, жарқын әсерлермен оралды 🫶
Мұндай мәдени іс-шаралар балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына үлкен үлес қосады 🤍
13/03/2026
«Баланың жеке тұлғасын дамытуға қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудағы DosbolLIKE бағдарламасы аясындағы жеке қауіпсіздік сабақтарының рөлі» атты өңірлік вебинар өтті.
Вебинар барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жеке тұлғалық дамуына қолайлы орта қалыптастыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар, DosbolLIKE бағдарламасының аясында ақпараттандыру жұмысы жүргізілді.
Мектебімізде 1–2 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен интеллектуалдық ойын өтті 🇬🇧✨
Оқушылар түрлі қызықты тапсырмалар орындап, логикалық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Әр кезең ерекше тартысты өтіп, балалар белсенділік танытты.
Кішкентай болса да, білімге деген құштарлықтары үлкен 💡👏
Осындай шаралар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, өз-өзіне деген сенімі нығая түседі.
Мектебімізде 3 және 4-сынып оқушылары арасында «Ақыл Battle» атты интеллектуалды ойын өтті.
🧠 Ойын барысында оқушылар түрлі логикалық тапсырмаларды орындап, тапқырлықтары мен білімдерін көрсетті.
⚡ Қызықты да тартысты өткен сайыс балаларға ерекше әсер сыйлады.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Telephone
Address
мкр. Мамыр-4, 145В
Almaty
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 18:00 |
| Tuesday | 09:00 - 18:00 |
| Wednesday | 09:00 - 18:00 |
| Thursday | 09:00 - 18:00 |
| Friday | 09:00 - 18:00 |