Ректор КБТУ

Ректор КБТУ

Share

Казахстанско-Британский технический университет (КБТ?

15/12/2025

Құрметті әріптестер, оқытушылар және студенттер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — мемлекетіміздің еркіндігі мен егемендігін, халқымыздың бірлігі мен тұрақты даму жолындағы берік ұстанымын айқындайтын аса маңызды мереке. Тәуелсіздік күні — ел тарихындағы тағдырлы белес, халқымыздың бостандығы мен әлемдік қауымдастықтағы абырой-беделін айшықтайтын, отансүйгіштік рухты нығайтатын қасиетті күн.

Осы айтулы мереке әрқайсымызды ел дамуына үлес қосуға, бірлік пен ынтымақты сақтауға, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге үндейді. Баршаңызға бейбітшілік пен береке, зор денсаулық, табысты еңбек және жарқын болашаққа деген нық сенім тілеймін.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

24/10/2025

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – еліміздің тарихында ерекше орын алатын, әрбір қазақтың жүрегін қуанышқа бөлейтін күн. Республика күні – жай ғана мереке емес, ол ұлттық бірлік пен барлық азаматтардың жарқын болашақты бірге құруға деген табандылығының символы.
Бүгінде Қазақстан-Британ техникалық университеті білім, ғылым және инновацияны ұштастыра отырып, Қазақстанның зияткерлік және технологиялық дамуына үлкен үлес қосып келеді. Дәл осы ғимаратта осыдан 30 жыл бұрын халқымыздың тарихындағы ең маңызды оқиғаларының бірі — Тәуелсіздік декларациясына қол қойылып, кейін Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған болатын.
Бұл ғимарат қазір еліміздің жоғары білім мен ғылымының алдыңғы қатарлы ордасына айналып, сол тарихи рухты лайықты түрде жалғастырып келеді. КБТУ – тәуелсіз Қазақстанның болашағына қызмет ететін жас буын мамандардың ордасы.
Осы мереке күні баршаңызға шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілеймін. Әрқайсымыздың еңбегіміз еліміздің болашағын жарқын етуге бағытталсын.
Республика күні бізге өткенге құрметпен қарап, болашаққа сеніммен қадам басуға шабыт берсін.
Тәуелсіз еліміз аман, еңсесі биік, келешегі кемел болсын!
Республика күні құтты болсын!

30/08/2025

Құрметті отандастар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заңымыз – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекетіміздің берік іргетасы, ел азаматтарының құқығы мен еркіндігінің кепілі. Конституциямыз ел бірлігін сақтап, бейбітшілік пен келісімді нығайтып, даму жолымыздың айнымас бағдаршамына айналды. Отанымыз өсіп-өркендей берсін. Ата Заңымыздың тұғыры берік, мәртебесі асқақ болсын. Осы мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

06/07/2025

Сіздерді Қазақстанның мақтанышы, тәуелсіздігіміздің символы – әсем Астанамыздың мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Астана – елдігіміздің нышаны, бірлігіміздің бастауы.
Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан бас қаламыз – жаңашылдық пен заманауи өркениеттің жарқын үлгісі. Астана күні құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк байрағымыз көкте желбірей берсін!

04/06/2025

Құрметті Қазақстан-Британ техникалық университетінің оқытушы-профессорлары мен білім алушы жастары!

Сіздерді 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміздің басты нышандары – Елтаңба, Ту және Әнұран әрбір қазақстандық үшін ерекше мақтаныш пен ұлттық бірегейліктің символы болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің құттықтауында:
«Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы», – деп атап өтті.
Шынында да, мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын көтеретін, ел бірлігін нығайтатын, жас ұрпақты отансүйгіштік пен елжандылыққа тәрбиелейтін аса маңызды құндылықтар. Елтаңбамыз төрімізде, Туымыз биігімізде желбіреп, Әнұранымыз жүрегімізде шырқалуы – бабалар аманатының орындалғанының белгісі.
Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолында рәміздеріміздің рухы бізді біріктіріп, мемлекетімізді нығайтуға жетелей берсін!
Тәуелсіздігіміз мәңгі, еліміз аман, бірлігіміз бекем болғай!
Сіздердің шаңырақтарыңызға – құт-береке, еңбектеріңізге – табыс,
жақындарыңызға – амандық тілеймін!

09/05/2025

Ұлы Жеңістің 80-жылдығы құтты болсын!

Бұл – халқымыздың ерлігі мен рухының жеңісі болған қасиетті күн. Ұлы Отан соғысының қаһармандары мен Отан үшін күрескен батырларымыздың еңбегі – бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі.

Осы бір ұлы мереке — бізді елге деген сүйіспеншілікке, ынтымаққа және бейбіт өмірдің мәнін терең түсінуге жетелейді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Поздравляю с 80-летием Великой Победы!
Это священный день – символ мужества и силы духа нашего народа. Подвиги героев Великой Отечественной войны и всех, кто сражался за Родину, стали основой нашего мирного настоящего.

Этот великий праздник побуждает нас к любви к Родине, единству и осознанию истинной ценности мирной жизни.

Желаю вам крепкого здоровья, благополучия вашим семьям и успехов во всем!

07/05/2025

Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

01/05/2025

Құрметті әріптестер, студенттер!

Қазақстан-Британ техникалық университетінің атынан сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың достығы мен ынтымағын дәріптейтін, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығы мен татулығының мерекесі.
«Ырыс алды – ынтымақ» деген дана халқымыз бірлікті – елдің ең басты байлығы деп білген. Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетіп отыр.

Көктемнің шуақты да нұрлы мерекесінде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс, еліміздің болашағы жолындағы игі істеріңізге сәттілік тілеймін!

Берекелі бірлігіміз бекем болып, татулығымыз тұғырлы болсын!

11/04/2025

Құрметті ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ғылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – өз табандылығы, ізденімпаздығы және білімге деген құштарлығы арқылы еліміздің ғылымы, білімі мен прогресінің дамуына үлес қосып жүрген әрбір жанның еңбегіне көрсетілген құрмет.

Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас жігер, тың ғылыми жаңалықтар, шабыт пен үлкен жетістіктер тілеймін!
Ізденістеріңіз бен ғылыми еңбектеріңіз қоғам игілігіне және Отанымыздың өркендеуіне қызмет ете берсін!

20/03/2025

Құрметті әріптестер, достар!
Сіздерді жаңару мен жақсылықтың бастауы – әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – береке мен бірліктің, молшылық пен татулықтың символы. Осы шуақты мерекеде әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен молшылық тілеймін! Көктемнің шуағы көңілдеріңізді нұрға бөлеп, жаңа жетістіктерге жетелесін!
Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

16/12/2024

Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке әрі патриоттық деп есептеледі. Бірлескен ұйымшылдық болып, бірге жаңа мақсаттарға жетуіміз, халқымыздың ырысы және гүлденіп өсуі, сыйласуы мен түсінісуі, әрқашанда рухымыздың биік болып, салт-дәстірімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз. Бұл мереке күні тілейтінім зор-денсаулық, мақсат-жолдарынызда сәттілік, туған-жақындарыныздың жылу сезімі әрқашан қуаныштар сыйлай берсін!

Photos from Ректор КБТУ's post 14/11/2024

UK Alumni Network meeting in KBTU

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Улица Толе би, 59
Almaty
050000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00