Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Алматы қаласы

Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Алматы қаласы

Share

Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Алматы қаласы

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Алматы қаласы's post 22/05/2026

22 мая 2026 года прошла городская конференция «Профессиональное образование будущего: инновационные технологии, искусственный интеллект и современные управленческие решения». Цель данного мероприятия - ознакомление с основными инновационными направлениями деятельности организаций ТиПО, обобщение и обмен опытом, выработка рекомендаций для колледжей в процессе перехода к системной трансформации отрасли, формирования экосистемы навыков нового поколения, объединяющую образование, бизнес и технологии.
Организаторами конференции выступили НАО «Talap» и КГУ «Управление образования города Алматы». В мероприятии также приняли участие представители:
• Маслихата города Алматы;
• Палаты предпринимателей города Алматы;
• вузов города Алматы;
• Общественного совета города Алматы;
• Отраслевого совета по образованию и здравоохранению при Палате предпринимателей города Алматы;
• организаций ТиПО города Алматы;
• Республиканского совета руководителей организаций ТиПО;
• работодателей и отраслевых ассоциаций работодателей.

В рамках конференции руководитель Департамента Г. Ермекбаева выступила с докладом на тему «Состояние и проблемы системы технического и профессионального образования города Алматы». В ходе выступления были рассмотрены ключевые направления развития системы ТиПО, вопросы подготовки востребованных кадров и внедрения современных образовательных технологий. Особое внимание было уделено актуальным проблемам отрасли, включая обновление содержания образования, взаимодействие с работодателями, а также повышение качества подготовки специалистов в условиях цифровой трансформации.

08/05/2026

📌 2026 жылғы 30 сәуір мен 20 мамыр аралығында Алматы қаласының мектептерінде білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг (МОДО) жүргізілуде.
Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мониторинг барысында бақылау жұмыстарын жүргізіп, тестілеу рәсімдерінің белгіленген талаптарға сәйкес өтуін қадағалауда.
Аталған мониторингпен қаладағы 91 мектеп қамтылған, оның ішінде 63 мемлекеттік және 28 жекеменшік білім беру ұйымы бар.
МОДО бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында ұйымдастырылады.
Мониторинг өткізу кезеңінде тестілеудің талапқа сай ұйымдастырылуы, академиялық адалдық қағидаттарының сақталуы және құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

29/04/2026

📅 Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Омарова Г.Т. мектеп басшыларымен Zoom платформасы арқылы онлайн кеңес өткізді.

Кеңес барысында білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізу (МОДО) өткізу мәселелері қарастырылды. Аталған мониторинг бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім сапасын бағалау мақсатында ұйымдастырылады.

📌 Мониторингтің өткізілу мерзімі: 30 сәуір мен 20 мамыр аралығы.

📝 Талқылау барысында:
▪️ тестілеу өткізу тәртібі;
▪️ академиялық адалдықты сақтау;
▪️ емтихан барысында ережелердің сақталуы;
▪️ бұзушылықтардың алдын алу шаралары кеңінен қаралды.

Сонымен қатар, мектеп басшыларына мониторингті жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар беріліп, өзекті сұрақтар талқыланды.

#білім #МОДО #Алматы #білімсапасы #академиялықадалдық

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Алматы қаласы's post 29/04/2026

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен «№169 мектеп-лицей» базасында өткізілді.

Іс-шара барысында жаңартылған Конституцияның негізгі бағыттары түсіндіріліп, оның білім беру жүйесіне ықпалы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, педагогтер мен білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында конституциялық нормаларды тиімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

🗣 Модератор:
Ермекбаева Гульнара Омирбековна — Алматы қаласының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы

🎤 Спикерлер:
• Бекенова Гүлжан Мырзалықызы — «№204 жалпы білім беретін мектеп» директоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты
• Мухамедьярова Ақерке Нұржанқызы — «№204 жалпы білім беретін мектеп» тарих пәні мұғалімі
• Галимова Гулназ Үсенқызы — «№169 мектеп-лицей» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

👥 Диалог алаңына білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлар және педагогтер қатысты.

🤝 Кездесу барысында мазмұнды пікір алмасу өтіп, қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар мен өзекті сұрақтар көтерілді.

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Алматы қаласы's post 28/04/2026

Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Жаңа Конституция: жаңару, әділетті қоғам, ұлттық даму» тақырыбында диалог алаңын өткізу туралы хабарлайды.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының ережелерін түсіндіру, олардың білім беру ортасына ықпалын талқылау, білім беру процесіне қатысушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, педагогтер мен білім алушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ білім беру жүйесінде конституциялық нормаларды іске асырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу.
Сөйлеу бағдарламасы және талқылаудың негізгі мәселелері:
1.Тақырыбы: «Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі Конституцияның рөлі»
Спикер: Бекенова Гүлжан Мырзалықызы
Негізгі аспектілері: Білім беру жүйесінің тұрақтылығының негізі ретінде Конституциялық кепілдіктер. Құқықтық реформалардың білім беру саласына әсері.
2.Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: билік пен қоғам мүдделерінің тепе-теңдігі»
Спикер: Галимова Гулназ Үсенқызы
Негізгі аспектілері: «Әділ Қазақстан» моделіне көшу: құқықтық және әлеуметтік-философиялық тетіктер. Азаматтық қоғамның рөлін күшейту және адам құқықтарын қорғау негізгі заңның басымдығы ретінде. Билік институттарын демократияландыру және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейту.
3. Тақырыбы: «Жаңа Конституция: жаңару, әділетті қоғам, ұлттық даму».
Спикер: Мухамедьярова Ақерке Нұржанқызы
Негізгі аспектілері: Конституция құндылықтарын білім беру жоспарларына және сабақтан тыс жұмыстарға біріктіру. Конституция патриоттық тәрбие мен мемлекеттік рәміздерге құрмет қалыптастырудың негізі ретінде.
Өткізу орны мен уақыты:
Күні: 2026 жыл 29 сәуір, «№169 мектеп-лицей» мәжіліс залы. сағат 15.00
Қатысуға білім беру ұйымдарының басшылары, басшылардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Алматы қаласының педагогтері шақырылады.

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Алматы қаласы's post 24/04/2026

2026 жылғы 24 сәуірде Департамент басшысы Ермекбаева Г.О. Бостандық ауданының білім беру ұйымдары (мектептер мен балабақшалар) басшыларымен онлайн форматта (Zoom платформасында) кеңес өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты — педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызмет барысында осы қағидаттарды қатаң ұстанудың маңыздылығын талқылау.
Жиын барысында №190 бұйрық талаптарын сақтау, педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу.
Жұмыс барасында негізгі мәселелерге назар аудару:
▫️ білім алушылармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау;
▫️ әлеуметтік желілерде қызметтік әдепті ұстану;
▫️ әріптестер арасындағы өзара сыйластық қағидаларын сақтау;
▫️ қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу;
Аталған талаптарды сақтау — білім беру сапасы мен педагог мәртебесінің кепілі.

08/04/2026

Алматы қаласы мектептерінде PIRLS 2026 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өкізілуде. 📚

1 сәуір мен 15 мамыр аралығында қала бойынша 23 орта білім беру ұйымы қатысады.

Бұл зерттеудің мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалау және олардың мәтінді түсіну деңгейін халықаралық деңгейде салыстыру.

PIRLS нәтижелері білім сапасын арттыруға, оқыту әдістерін жетілдіруге және оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Бұл — еліміздің білім беру жүйесін әлемдік деңгейде бағалаудың маңызды қадамы 🌍

31/03/2026

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау процесін оңтайландыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл қадам 1- сыныпқа қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлектеуге, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.

Жаңа ережеге сәйкес, мектепалды даярлық бағдарламасын белгілі бір білім беру ұйымында меңгерген және оқуын сол мектепте жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл жаңашылдық құжат айналымын айтарлықтай қысқартып, ата-аналар үшін рәсімдерді жеңілдетеді, сондай-ақ мектепалды даярлық пен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты нығайтады. Сонымен қатар, ата-аналардың баласын басқа мектепте оқытуды таңдау құқығы толық сақталып, құжаттарды жалпы тәртіппен тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Цифрлық жүйелердің жұмысын тұрақтандыру мақсатында биылдан бастап өтініштерді қабылдаудың өңірлік кестесі енгізіледі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірленген бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін техникалық салмақты теңгеруге көмектеседі. Әр өңір үшін бекітілген кезең-кезеңімен қабылдау кестесі техникалық іркілістердің алдын алып, портал жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, ұсынылған өзгерістер қабылдау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бұл шаралардың білім беру ұйымдарының басқарылуын жақсартып, ата-аналар мен мектеп ұжымы арасындағы байланыстың қолайлылығын арттырады.

Photos from Сапаны қамтамасыз ету департаменті - Алматы қаласы's post 05/03/2026

#минпросвещения #жулдызсулейменова

05/03/2026

Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде "Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы" өткізілді.

Күн тәртібінде «Алматы телекоммуникация және машинажасау колледжі» директорының іс-әрекеті қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті хаттама рәсімделіп, кеңес мүшелерінің шешімімен құзыретті орган – Алматы қаласының Білім басқармасына тиісті шешім қабылдау үшін ұсыныс жолданды.

06/02/2026

ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТАР! СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ МАҢЫЗДЫ!
Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын қолдану тәжірбиесі бойынша педагог қызметкерлердің пікірін зерделеу мақсатында педагогтер арасында анонимді және ерікті түрде онлайн-сауалнама жүргізілуде.
Сауалнама тек қоғамдық, ақпараттық-талдамалық сипатқа ие.
• САУАЛНАМА ТОЛЫҚТАЙ ҚҰПИЯ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
• АТЫ-ЖӨНІҢІЗ БЕН ЖҰМЫС ОРНЫҢЫЗДЫ КӨРСЕТУ ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ
• ТОЛТЫРУ УАҚЫТЫ 2 МИНУТТАН АСПАЙДЫ
Сауалнама нәтижелері педагогтерді қолдау жөніндегі тиісті шараларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу және талдау жүргізу үшін жинақталған түрде пайдаланылатын болады.
🔗 Сауалнамаға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз:
👉 https://forms.gle/ABbM5CPxBXQh1GPx5
Қатысқаныңызға алғыс білдіреміз!

УВАЖАЕМЫЕ ПЕДАГОГИ! ВАШЕ МНЕНИЕ ВАЖНО!
В целях изучения мнений педагогических работников о практике применения норм Закона Республики Казахстан «О статусе педагога», проводится анонимный и добровольный онлайн-опрос среди педагогов.
Опрос носит только общественный, информационно-аналитический характер.
• ОПРОС ПОЛНОСТЬЮ КОНФИДЕНЦИАЛЕН
• НЕ ТРЕБУЕТСЯ ФИО, МЕСТО РАБОТЫ
• ЗАЙМЁТ НЕ БОЛЕЕ 2 МИНУТ
Результаты будут использованы в обобщённой форме для анализа и подготовки предложений по совершенствованию соответствующих мер поддержки педагогов.
🔗 Принять участие в опросе можно по ссылке:
👉 https://forms.gle/ABbM5CPxBXQh1GPx5
Благодарим за участие!

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Жамбыл 25
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30