bzhunuspekova

bzhunuspekova

Share

Онлайн оқыту

Photos from bzhunuspekova's post 28/11/2025

📚 Бүгінгі ерекше сабақтан әсер!

Бүгінгі Дүниежүзі тарихы сабағы мен үшін де, оқушылар үшін де өте қызықты өтті деп ойлаймын.
Біз М. Кемал Ататүрік пен Сун Ятсенге арнап арнайы Instagram парақша ашып, Жасанды интеллект көмегімен тарихи тұлғаларды «сөйлетіп», олардың атынан посттар мен стористер жасап көрдік.
Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, тарихи тұлғалардың көзқарасын тереңірек түсінуге көмектесті.

👤 М. Кемал Ататүрік туралы қысқаша ақпарат
Түркия Республикасының негізін қалаушы.
1881 жылы дүниеге келген.
Елді жаңғырту мақсатында білім, құқық, мәдениет салаларында үлкен реформалар жасады.
Түркияны зайырлы, заманауи мемлекетке айналдырды.
Лақап аты — Ататүрік («түріктердің атасы»).
👤 Сунь Ятсен туралы қысқаша ақпарат
Қытай революциясының көшбасшысы, Қытай Республикасының алғашқы президенті.
1866 жылы дүниеге келген.
«Үш халық принципі» идеясын ұсынды: ұлттық тәуелсіздік, азаматтық құқық, халықтың әл-ауқаты.
Қытайдың монархиялық жүйесін құлатып, республика орнатуда үлкен рөл атқарды.
#ДүниежүзіТарихы #ТарихСабағы #Ататүрік #СунЯтсен #ЖасандыИнтеллект #ИнновациялықСабақ #ТарихПарақшасы #ТүркияТарихы #ҚытайТарихы #МектепӨмірі

04/11/2022
01/01/2021

Қайырлы кеш! Құрметті ұстаздар Жаңа Жылдарыңыз құтты болсын! Отбасыларыңыз аман болсын! 🤲
📣📣📣📣📣📣
Ертең Ертең Ертең
Курс өтеді көрсең
Есік ашық әркез,
Gloogl meet кірсең.
Каспий голдым мынау
6400 тг берсең
Оқытамын үш күн
Шынайы өзім сенсең
Әр ұстазға жеке
Бір сағатты бөлсем.
Бұның бәрі көп сөз
Кел одан да ертең

Тақырыбы "Қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері"

📅 2,3,4 қаңтар 2021 жыл

⏰15.00-17.00

💻Gloogl met (сілтемесі қажет болса осы коментарийге жазыңыздар)

📺 Тікелей эфирде шынайы өзіммен бірге практика жүзінде іске асырылады

👩‍🏫 Жунуспекова Бакытгул Калиевна

💰 негізгі бағасы 8000 тг Жаңа Жылға байланысты 20% жеңілдікпен 6400 тг

💳 каспий голд 87082830561

💳 Халық банк 5354 5100 1579 3333

Өздеріңбен бірге 💻📱🖊️📝 бірге болсын.

Ізгі ниетпен: Жунуспекова Бакытгул Калиевна

24/10/2020

Біздің ту🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Қалижан Бекхожин

Болса
Теңіз үстінде көк толқындар,
Болса
Көктің найзағай жарқылдары,
Толқыннан да
Телегей өктем тулар
Жарқырады мұхиттан шалқып әрі.
Қызыл нұрлы түсінде —
Күн асылы,
Ол туған
Көк дауылды құз бұлтынан
Күшті қол,
Жайнатуға бұл ғасырды,
Туғызған таңның нұрын
Қызыл тудан! Ішінде
Тұмандалған зеңгір көктің,
Үстінде
Жұмыр жердің дірілдеген,
Үстінде
От пен оқтың,
Зеңбіректің
Осы ту —
Күндей қалқып күлімдеген.
Ысырып
Ескі заман түн зілдерін,
Жайнатып жұмысшының
Бар қиялын,
Бұл туға
Таң нұрын құйды Ленин,
Көтерді оны
Сом қолы Партияның!
Бұл туда бар
Жалыны Октябрьдің,
Жарқылы бар
Жеңісті ұлы Отанның.
Жалауы — бұл
Жердегі көк-дабылдың.
Бұл — арайы
Әлемге атар таңның.
Желпіді ту
Қырмызы қанаттарын,
Шұғыласы
Шалқыды әрбір тұсқа,
Көрді әлем
Қызыл тудай таң атқанын
Европада, Кубада, Күншығыста.
Күн туы
Бейбіт, бақыт өмір беріп,
Әлемге еркіндіктің көркін жайды.
Халық — теңіз,
Таң нұрлы ту көтеріп,
Күн сәулесі дүниеге толқындайды!

#ментуымдымақтанетемін🇰🇿
#ментуымдымақтанетемін🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Photos from bzhunuspekova's post 09/10/2020

Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде,
өзі шашқан ұрпақтарының өсіп — өнуінде.
Д.И.Менделеев.
Бүгін менің шәкіртім, ақыным Республикалық «Мұқағали оқуларына» қатысып 🥇 орын алды. Менің әр шәкірттерім жұлдыз болуға лайықты 🌟🌟🌟🌟🌟🌟
Осындай 🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟 тәрбиелеп отырған ата-аналарыма алғыс айтамын!
Сәметбек Нұржол әрқашан биіктерден көрініп жүре бер, денің сау болсын! Құтты болсын!
Өзіме де құрмет грамотасы бар екен, лентаны жылжытып ұстаздардың ата-аналарымын құттықтауын оқыңыздар, өздеріңіз де пікір жаза кетіңіздер ✍🏻✍🏻✍🏻✍🏻✍🏻✍🏻 лүпілдетіп жіберіңіздер 💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓 Рақмет 👏

27/08/2020

Алакөл жайлы деректер

Алакөл Қазақстандағы су қоймаларының ішінде үлкендігі бойынша екінші орын алатын және республикадағы ағынсыз көлдер арасында ең терең жалғыз көл.

Өзенге 15-тен астам өзен саласы келіп құяды. Олардың ішіндегі негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманты, Жаманөткел, Тасты өзендері. Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл және басқа да кішігірім көлдермен бірге Алакөл көл жүйесін құрады. Көлдің аумағы - 2 696 км2. Ал су көлемі 58,56 куб/км болса, ұзындығы 104 км, ені 52 км, орташа тереңдігі 22 м, ең терең жері 54 м, жағалау сызығының ұзындығы 348 км болады.

Көптеген жылдар бұрын Алакөл аталатын су шараларының маңынан әйгілі Жібек Жолы өткені белгілі. Сол замандарда жолдан шаршаған керуеншілер тұзды толқынның күш-қайратты қалпына келтіріп, денсаулықты нығайтатынын байқаған.

Заманауи медициналық зерттеулер көл суының емдік қасиетін дәлелдеді.

Даланың таза ауасы, тұзды су, құрамында кремний көп жанартау ыстық жұмыр тасы - тері, буын ауруларында, ерлер мен әйелдер қиындықтарында, ересектер мен балалардағы иммунитет әлсіреуінде емдік әсер береді.



Менің Ақ патшамның еңбегі. Қалай ұнады ма?

Пікір жазып ✍🏻 қолдасаңыздар екен. 😘

24/08/2020

"Мұқағалиға арнау" өлең авторы және сөзін жазған менің ақ патшам.

Қалай ұнады ма? Қолдау көрсетіп жіберсеңіздер. Рақмет 😍🥰😘

Photos 06/05/2020

Менің инста-парақшама қош келдіңіз. 💖🎉💃
Өзім жайлы👇 ⠀
Аты-жөнім:
🌺 Жунуспекова Бақытгүл Қалиқызы
🌺 Жасым 33 -те
🌺Ұстазбын ⠀
✅ 39 Гимназияда сабақ бере отырып, онлайн оқытумен айналысып жатырмын. ⠀ ⠀
Менің өмірлік 7 ұстанымым:
1.Не болса соған сене берме,қолыңда бардың қадірін біл,уақытыңды құр бекерге жіберме!
(Не верь всему, что ты слышишь, не трать все, что у тебя есть и не спи столько, сколько тебе хочется)
2.Адамдар сенен көмек сұраса,қол ұшын созудан бас тартпа!
(Давай людям больше, чем они ожидают и делай это с радостью)
3.Өмірдің әр сәтінен сабақ ал!
(Когда ты что-то теряешь, прими это как урок)
4.Болмашы өтіріктің немесе ұрыстың үлкен достықты бұзуына жол берме!
(Не позволяй маленькой ссоре разрушить большую дружбу)
5.Үш нәрсені ұмытпа: өзіңді құрметте,өзгелерді құрметте және өз жасаған әр іс-әрекетіңе жауап бере біл!
(Помни о трех китах: уважай себя, уважай других и отвечай за свои поступки)
6.Өміріңді адал және өзіңе лайықты етіп сүргейсің! Ертеңгі күні қартайғаныңда өткеніңнен рахат алатындай бол!
(Живи честно и достойно. Когда ты состаришься и оглянешься назад, ты получишь истинное удовольствие от прожитых лет)
7.Жүрекке жол таба біл...
(Научись читать между строк)

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


Боралдай кенті, Алатау ауданы, Алматы
Almaty
040707

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00