17/05/2023
КазНАУ, Факультет "Технология и биоресурсы"
Официальная страница факультета "Технология и биоресу
17/05/2023
03/02/2023
Шығармашылық үйірме орталығынын жетекшілерімен бірге ұйымдастырылған 9 Акбота студенттер үйінде «Өнерге қанат қаққандар» атты іс шара жоғары деңгейде өтті.Студенттерге іс шара ұнады.
Иманов Қуат пен Элдар Бектурганович және Айзат Жұмағалиевна студенттерге өз өнерлерімен бөлісіп жәнеде тәлім-тәрбие жайында мәдениет пен өнер жайында әңгімелесіп жастарды өнерге шакырды.
18/11/2022
Қараша айының 12-нші жұлдызынды өткізілген Технология және биоресурстар факультетінің студенттерінің ұйымдастырған “Күзгі бал” кеші өте жоғары деңгейде өтті. Жоспар бойынша сайыс 4 кезеңнен тұрды және қатысушы топтардың барлығы дайындықпен келіп, кештің жақсы өтуіне толықтай ат салысты. 1 курстың ТПП, ТПРП, ТППЖ, БТ топтары қатысқан болатын. Әрбір топ берілген сұрақтарға мүдірместен жауап беріп, берілген тапсырмаларды ерекше өздерінің стильдерінде орындады. Сайыстың нәтижесінде топ жарып шығып, “БАС ЖҮЛДЕ” иеленген ТПП тобы болды. Сондай-ақ, бірінші орынды-ТПРП, екінші орынды- ТППЖ және БТ топтары иеленгенді. “Күз ханзадасы”- Мұратбек Марғұлан Маратұлы, “Күз ханшайымы”- Тастанбек Ақмаржан Сабырханқызы атанды. Әрбір қатысушы топқа орындарына сәйкес мадақтамалар мен сыйлықтар берілді.
24/09/2022
Ахмет Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы.
Ана тіліміздің толық қалыптасуына үлес қосқан алып тұлға. Биылғы жылды толық Ахмет Байтұрсынұлына арнағаны қуантарлық дүние. Соған орай 2022 жылдың 24-інші жұлдызында ұйымдастырылған Ғылым ордасындағы “Ахмет Байтұрсынұлы оқулары” атты іс-шара факультетіміздің студенттеріне өте қатты ұнады. Көптеген күміс көмей әншілер мен жыршылар өнер көрсетіп, Байтұрсынұлының біршама шығармаларын керемет дауысты жастарымыз оқыды. Бір қуантарлығы, мектеп қабырғасында жүрген оқушылардың осы жерде өнер көрсеткені болды. Осы іс-шарадан соң Ахмет атамыз құдды бір тіріліп жанымызда жүргендей ерекше сезімде болып, жақсы әсер алып қайттық.
18/09/2022
Алматы - мәдениеттің орталығы.
Алматылықтарды қала күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Осы мерекеге орай 2022 жылдың 17 қыркүйегі ұйымдастырылған Ғылым ордасындағы “Алматы қала күні” атты концерті жоғары деңгейде өтті десек артық айтпаймыз. “Технология және биоресурстар” факультетінің студенттері өнер көрсетіп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Сондай-ақ, көптеген қаламыздың дарынды жастары өнер көрсетті және Алматының ерекше бейнесі жайлы ізгі тілектер айтылды.
12/07/2022
2022 жылдың шілде айының 11 мен 12-ші жұлдызында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Технология және биоресурстар факультеттінің түлектеріне салтанатты түрде диплом беру рәсімі өтті. Салтанатты шарада 305 бакалавр дәрежесі және 39 магистр дәрежесі берілді. Салтанатты шараға университет басшылығы мен факультет деканы, профессор-оқытушылар құрамымен кафедра меңгерушілері және бітірушілер мен ата-аналар қатысты.
Құрметті түлектер, алдағы уақытта тек жақсы жетістіктермен, жоғарғы көрсеткіштермен қуанта беріңіздер. Алған білімдерінізді тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуларынызға, болашақта еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіреміз. Жолдарыңыз ашық болсын. Ақ жол тілейміз!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Address
проспект Абая 28
Almaty
050022
Opening Hours
| Monday | 09:00 - 17:00 |
| Tuesday | 09:00 - 17:00 |
| Wednesday | 09:00 - 17:00 |
| Thursday | 09:00 - 17:00 |
| Friday | 09:00 - 17:00 |
| Saturday | 09:00 - 17:00 |