Water resources and melioration Kaznaru

Water resources and melioration Kaznaru

Share

Faculty of Water Resources and IT Technologies, KazNARU

Photos from Water resources and melioration Kaznaru's post 04/06/2026

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні

4 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараның ашылу рәсіміне «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының студенттері белсенді қатысты.

Іс-шара барысында студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін, елге деген сүйіспеншілігін және патриоттық рухын көрсетті.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын белгісі. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз!

4 июня, в День государственных символов Республики Казахстан, студенты кафедры «Водные ресурсы и мелиорация» приняли активное участие в торжественном открытии праздничного мероприятия.

В рамках церемонии студенты исполнили Государственный гимн Республики Казахстан, выразив уважение к государственным символам, любовь к Родине и приверженность национальным ценностям.

Участие молодежи в подобных мероприятиях способствует укреплению патриотического духа, формированию гражданской ответственности и уважительного отношения к истории и достижениям нашей страны.

Поздравляем всех с Днем государственных символов Республики Казахстан! Желаем мира, единства, благополучия и дальнейшего процветания нашей Родине!

#ДеньГосударственныхСимволов #ГосударственныеСимволы #Казахстан #ВодныеРесурсыиМелиорация #Студенты #Патриотизм

Day of State Symbols of the Republic of Kazakhstan

On June 4, students of the Department of Water Resources and Land Reclamation took an active part in the opening ceremony dedicated to the Day of State Symbols of the Republic of Kazakhstan.

During the event, the students performed the National Anthem of the Republic of Kazakhstan, demonstrating their respect for the state symbols, patriotism, and love for their country.

The state symbols embody the independence, sovereignty, and unity of Kazakhstan. Respect for these symbols is an important civic responsibility and a reflection of national pride.

We congratulate everyone on the Day of State Symbols of the Republic of Kazakhstan and wish peace, prosperity, and continued success to our country!

#МемлекеттікРәміздерКүні #СуРесурстарыЖәнеМелиорация

28/05/2026

#ТазаСуАйдыны

Photos from Water resources and melioration Kaznaru's post 28/05/2026

Қазақстан Республикасының Президенті, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет. Мұндай жұмыс үнемі жүргізілуі керек. Біз Қазақстанға қамқорлық жасауымыз керек - бұл өмір салтына айналуы керек. Бүкіл Қазақстан таза болуы керек, бұл бізге және жастарға байланысты» демекші, елімізде сәуір айының басында Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда. Осы мақсатта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеттінің «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының ПОҚ-і, «Ташкент ирриграция және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің филиалы мен 2 және 3 курстарының студенттері «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп 26 мамыр күні Алматы облысы «Күрті» су қоймасында жағалаулық жер телімдерін қоқыстан тазалау және жеріміздің тазалығы мен сұлулығын сақтау мақсатында «Таза су айдыны» экоэкспедициясын өткізді.

Photos from Water resources and melioration Kaznaru's post 14/05/2026

Алматы жастарының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жастар ысырапшылдыққа қарсы: Үнем – Сана – Мәдениет» жобасын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Су сақшылары» еріктілер тобы қолдайды.
Интерактивті форматта өткізілген іс-шарада студенттер су, жарық, жылу ресурстарын және азық-түлікті үнемдеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Ресурстарды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру және ысырапшылдықтың алдын алу тақырыптарында презентациялар мен бейнематериалдар ұсынылды.
Кездесу аясында қатысушылар күнделікті өмірдегі экологиялық жауапкершілік және саналы тұтыну дағдылары жөнінде пікір алмасты.
Біздің жастар ресурстарды үнемдеу мен ысырапшылдыққа жол бермеу мәдениетінің маңызын терең түсінеді.
Ысырапшылдыққа жол бермейік – жарқын болашақты бірге құрайық!

Photos from Water resources and melioration Kaznaru's post 21/04/2026

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ҚазҰАЗУда экологиялық онкүндік жалғасуда!
2026 жылғы 21 сәуір күні «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы қатысқан «EcoWater: Су – тіршілік көзі» атты интерактивті экологиялық ойын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің су ресурстарын ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы білімдерін арттыру. Ойын барысында қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, су сапасы, оның маңызы мен экологиялық мәселелер туралы өз білімдерін көрсетті.
«Су – тіршілік көзі» екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл шара студенттердің белсенділігін арттырып, табиғатты аялауға деген жауапкершілігін күшейтті.
#ТазаҚазақстан #Экология #СуРесурстары #СтуденттікӨмір

17/04/2026

“Су ресурстары және ІТ технологиялар” факультетінде маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті.
«Жаңа Конституция: бүгінгі өзгеріс, ертеңгі даму» тақырыбында оффлайн-лекция ұйымдастырылып, еліміздегі конституциялық өзгерістер, олардың қоғамдағы рөлі мен болашақ даму бағыты кеңінен талқыланды 💭
Іс-шараға арнайы қатысқан оқытушылар:
Рыскулбекова Л.М.- PhD, аға оқытушы
Тәуекелова Н.Б. – аға оқытушы
Тұрсынбаева Б.Ж. – PhD, аға оқытушы
Ануарбеков К.К. – PhD, қауымдастырылған профессор
Жанымхан Қ. – PhD, қауымдастырылған профессор
Калиева К.Е. – PhD, аға оқытушы
Жакупова Ж.З. – PhD, аға оқытушы
Кездесу барысында тың ойлар айтылып, өзекті тақырыптар қозғалып, студенттер мен оқытушылар арасында пікір алмасу өтті.Осындай мазмұнды шаралар білім мен көзқарасты дамытуға үлкен серпін береді!

Photos from Water resources and melioration Kaznaru's post 03/04/2026

3 сәуір 2026 жылы «Су ресурстары және IT технологиясы» факультетінде сенбілік ұйымдастырылып, студенттер мен оқытушылар оқу орны аумағын тазалау жұмыстарына белсене қатысты. Іс-шара барысында аула сыпырылып, қоқыстар жиналып, ағаштар мен гүлзарлардың маңы ретке келтірілді.
Сенбілікке қатысушылар бірлесе еңбек етіп, тазалық пен тәртіптің маңызын көрсетті. Мұндай шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, ұжымдық бірлікті нығайтуға да үлкен үлес қосады.
«Су ресурстары және IT технологиясы» факультетінің ұжымы алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастырып, туған жердің тазалығына өз үлесін қоса бермек.

27/03/2026

Ынтымақ күні

27/03/2026
10/02/2026

"Су ресурстары және мелиорация" кафедрасында "Көңілімнің сыры - Мұқағали жыры" атты М.Мақатаевтың туған күніне арналған іс-шара өткізілді

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Абая 8
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 14:00