Біздің курсқа қатысқан түлек! ⚠️
Уәде еткен 7 ішкі грант конкурсы да келіп жетті. 2 маусым сағат 15:00-де YouTube каналымыздағы тікелей эфирде ойнатамыз.
Кім бұл 7 ішкі грантқа үмітті? 🌟
Курсымызға қатысып, 31 мамырға дейін 50 жұлдыз жинап, ҰБТ-дан кем дегенде 50 балл жинаған оқушылар.
Тікелей эфирде 11-сыныпты бітірген 10 оқушыға ТЕГІН консультация береміз 🎁
Осы 10 консультацияның біреуін жеңіп алу үшін осы постқа лайк бас, комментке 3 досыңды белгіле.
JooKz
Joo.kz - бітіруші түлектерге мамандық таңдауға және грантқа түсуге көмектесетін аналитикалық портал.
Марафонға тіркелудің соңғы күні
- 1 ай
- 5 пәннен
- ҰБТ-да ең жиі кездесетін тақырыптар бойынша
Марафонға қатысып, 5 ішкі гранттың біреуін ұтып алуға мүмкіндігің бар.
Ол КазГЮУ, Нархоз, Астана Халықаралық Университетінің ішікі гранттары.
Марафонға тіркелу үшін сториста сілтеме бар.
⚠️ Ескерту:
Марафонның ішкі грант конкурсы 2 шілде күні болады.
Курстың ішкі грант конкурсы 2 маусым күні болады.
28/05/2021
Дұрыс таңдалған мамандық ішкі потенциалыңды ашып, ертеңгі күнге деген сенімсіздіктен құтылуға жол ашады.
Сонымен мамандықты қалай таңдаған дұрыс?
1. Ең алдымен еңбек нарығындағы сұранысты бақыла. Жыл сайын еңбек нарығы жаңарып, жаңа мамандықтар пайда болып отырады. Сондықтан алдын-ала сол мамандықтармен танысып, немен айналысатынын қарап, өзіңнің қызығушылықтарыңа сәйкес келе ме, келмей ме, соны ойлан.
2. Ата-анаң немесе достарың үшін табысты, беделді болып көрінетін мамандық сен үшін де солай көрінуі шарт емес. Мамандықтың барлығы бірдей, бәрі де қоғамға қандай да бір пайда әкеледі. Сол себепті мамандық таңдағанда өзгелердің көзқарасымен емес, өзіңнің көзқарасыңмен таңдауға тырыс 🙂
3. Мамандықтың тек сыртқы бейнесіне ғана қызықпа. Өзің білетін актер, актриса секілді мамандықтар танымал, табысты болып көрінгенімен, бұл мамандықтардың артында ауыр еңбек пен қайтпас табандылық тұр.
4. Бір ғана мамандыққа тіреліп қалма. Мысалы ағылшын тілін таңдап, оқуға түскің келсе, тіл білімін қажет ететін тек аудармашы мамандығы ғана емес, экскурсовод, ұлтаралық байланыстар телефонисті, лингвист секілді мамандықтарды да таңдауыңа болады 😉
5. Кейбір мамандықтар өзіңе ұнағанымен, денсаулығыңа зиянын тигізуі мүмкін. Сол үшін мамандық таңдағанда асықпай қарап, денсаулық жағдайыңды да ескергенің жөн.
YouTube каналымызда арнайы саған түсірген "ҰБТ-дан кейінгі 4 таңдаудан қателеспе" атты видеомыз бар.
Сол жақта мамандықтар туралы да біраз ақпарат бердік. Видеоны қара. Сілтеме профильде ✅
27/05/2021
Осы жылы ең алғашқы болып түлектер ҰБТ-ны электронды тапсырды.
Бұдан келесі жылғы түлектер оның қалай болатынын, қандай плюстары мен минустары болатынын білмейді. Мүмкін қорқады 😔
Егер сен осы жылы ҰБТ тапсырған болсаң, астына электронды ҰБТ-ның "+" мен "-" жазып кет.
Келесі жылғы түлектерге пайдалы болсын.
Synyptas 10 серия / Консультация
2020 жылы біздің консультациямызға жүгінген 837 түлектің 828-і грантқа түсті.
Осы жылғы консультация жайлы толық ақпаратты 1 маусым күні жаряилаймыз.
Сол кезден бастап сатып алуға мүмкіндік болады.
25/05/2021
Мұны есту бізге ауыр
ҰБТ-ға кіріп, тапсырып, өз күшіммен білімімді тексеремін дейсің. Грантты өз күшіммен аламын дейсің. Осындай шешім қабылдаған соң, соған лайық дайындаласың. Сөйте тұра, ҰБТ-ға кіргенде не үшін ереже бұзасың? Онда тест тапсырудың не мағынасы бар?
Өзіңе адал бола алмасаң, онда үлкен өмірде не адалдық танытпақсың? Үйдің іргетасын алдаумен қаласаң, шатыры өз басыңа түспей ме?
Мұны есту бізге ауыр. ҰБТ-ны 75 мыңнан астам түлек тапсырды. 287 оқушы тестілеу ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижесі жойылды.
Адам деген атың бар, атыңа затың сай болсын. ҰБТ ережесін сақтап, өз біліміңді шынайы көрсет. Қалай дайындалдың, соның нәтижесін көресің. Жақсылыққа жаман жолмен жетуге болмайды. Яғни, шпор қолданып, грантқа түссем, мықты дәрігер, мұғалім боламын, халқыма пайдалы боламын дей алмайсың. Өмірге басқан алғашқы қадамыңда әділдіктің үстінен аттап кетсең, кейінгі қадамыңнан не қайыр?!
Әділ болайық, адал болайық. Өзің ереже бұзба, біреудің бұзуына жол берме.
24/05/2021
Соңғы қоңырау 🔔
25 мамыр күні сағат 15:00-де өзіміздің соңғы қоңырауымызды өткіземіз.
Әдеттегідей әр жарты жыл сайын өткізілетін біздің Joo.kz қосымшасындағы ең белсенді оқушыларға деген сыйлықтарымызды беруге асықпыз 😍
Келесі номинациялар бойынша оқушыларымызды марапаттаймыз:
1. Приложениеге ең көп кірген оқушы
2. Приложениедегі посттарды ең көп оқыған оқушы
3. Приложениедегі посттарға ең көп коммент жазған оқушы
4. Приложениедегі "Мамандықтар" бөлімінде ең көп мамандық қараған оқушы
5. "Мүмкіндікті анықтау" кнопкасы арқылы ең көп грантқа түсу мүмкіндігін көрген оқушы
25 мамыр сағат 15:00-де инстаграм парақшамыздағы Тікелей эфирде кездескенше 🙌
22/05/2021
Сені мазалап жүрген сұрағыңды қой.
Егер комментарийде сенің сұрағың болса, соған лайк бас.
5 лайк жинаған сұрақтардың барлығына жауап береміз.
20/05/2021
Қалай 2 грант ұтуға болады?
1-ші грантты ҰБТ тапсырып, шектік баллдан асырып, грант конкурсына қатысып ұтуға болады.
2-ші грантты біздің марафонға қатысып ұтуға болады.
Ол қалай?
Біздің марафонға қатысып жатқан оқушылардың арасында КазГЮУ, Нархоз, AIU университеттерінің 5 ішкі гранттарын ойнатамыз. 30 маусым күні 5 оқушымызға тікелей эфирде осы 5 грантты табыстаймыз.
Ойлап қарашы, 5 оқушы жалпы грант конкурсы басталмай жатып қолдарында гранттары болады. Жалпы грант конкурсынан да грант ұтып алса, оның басты проблемасы 2 гранттың қайсысын қолданайын деп бас қатырады. Неткен керемет проблема! 😅
Осы оқушылардың бірі болғың келсе, дәл қазір марафонға қатыс. Сілтеме сториста!
Бізде қуанышты жаңалық 😍
9 серияны көріп үлгердің ба? 😂
Айтпақшы, бізде МАРАФОНға тіркелу әлі жүріп жатыр.
1-ші ҰБТ-да төмен нәтиже алып, екіншісінен жақсы нәтиже көрсеткің келсе, марафонға жазыл!
- 5 пәннен, 1 ай дайындаймыз.
- Күніге кем дегенде 2-3 пробныйдың тесттерін береміз.
- 5 күн сабақ, 6 күн жаттығу жасау
Құны 9.900 ₸. Ватсапп номер стористе.
13/05/2021
Таңдау пәніңнің бірі ХИМИЯ ма?
Саған керемет жаңалық 🔥
Менделеев және Тұздар ерігіштігі кестесінің қағаз нұсқасын тестілеуге алып кіруге рұқсат берілді 😍
Бірақ, компьютер бетінде де осы екі кесте болады.
ХИМИЯ таңдаған досыңды белгіле 👇
11/05/2021
Көптен күткен Тарих даталары шықты!
Дидар Смағұлов уәде еткен 2021 жылы ҰБТ-да Қазақстан тарихы пәнінен кездесетін даталар тізімі шықты.
Ол үшін testcenter.kz сайтына кіріп, "Баспасөз-орталығы" бөлімінідегі "Жаңалықтар"-дың ішіне кіресің.
Ең бірінші тұрған жаңалық сол туралы.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Almaty