Kazakh National Women's Teacher Training University

Kazakh National Women's Teacher Training University

Share

QYZPU
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ресми парақшасы

Photos from Kazakh National Women's Teacher Training University's post 18/06/2026

Қырғыз Республикасының ғалымдарымен байланыс артуда

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы Қырғыз Республикасының ғылым, білім беру, халықаралық қатынастар, тарих, экономика және мемлекеттік басқару салаларындағы жетекші ғалымдарымен кездесті.

Қырғыз Республикасы тарапынан кездесуге «Ала-Тоо» халықаралық университетінің профессоры Мариям Эдилова, Қырғыз Республикасы Президентіне қарасты Ж.Әбдірахманов атындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілі Асыл Болпонова, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академияның профессоры Темирбек Нурматов, Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің өкілдері Назира Момошева мен Салтанат Омурова, Орталық Азиядағы Америкалық университеттің ғалымдары Наргиза Мураталиева мен Жылдыз Нишарапова, сондай-ақ энергетика және ирригация саласының сарапшысы Марат Мусуралиев пен Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академияның бас маманы Канышай Аскарбекова қатысты.

QyzPU тарапынан кездесуге Басқарма Төрағасы – Ректордың кеңесшісі Думан Жекенов, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Салтанат Джакубаева және Стратегиялық даму департаментінің директоры Нұрболат Құдайбергенов қатысты.

Кездесу барысында бауырлас екі ел арасындағы ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму бағыттары талқыланды. Тараптар ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу және академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеушілер алмасуын кеңейту, халықаралық ғылыми жарияланымдар әзірлеу, конференциялар, форумдар мен симпозиумдарды бірлесіп ұйымдастыру, сондай-ақ жас ғалымдарды қолдау бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесудің маңызды бағыттарының бірі Қазақстан мен Қырғызстанның ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми және академиялық байланыстарды одан әрі кеңейтуге, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.


————————-

Развивается сотрудничество с учеными Кыргызской Республики

Председатель Правления – Ректор Казахского национального женского педагогического университета Каримова Бейбиткуль Сарсемхановна провела встречу с ведущими учеными Кыргызской Республики в области науки, образования, международных отношений, истории, экономики и государственного управления.

С кыргызской стороны во встрече приняли участие профессор Международного университета «Ала-Тоо» Мариям Эдилова, представитель Академии государственного управления при Президенте КР имени Ж. Абдрахманова Асыл Болпонова, профессор Дипломатической академии при МИД КР Темирбек Нурматов, представители Кыргызского национального университета имени Ж. Баласагына Назира Момошева и Салтанат Омурова, ученые Американского университета в Центральной Азии Наргиза Мураталиева и Жылдыз Нишарапова, а также эксперт в области энергетики и ирригации Марат Мусуралиев и главный специалист Дипломатической академии при МИД КР Канышай Аскарбекова.

Со стороны QyzPU во встрече участвовали советник Председателя Правления – Ректора Думан Жекенов, руководитель отдела международного сотрудничества Салтанат Джакубаева и директор департамента стратегического развития Нурболат Кудайбергенов.

В ходе встречи стороны обсудили текущее состояние и перспективы развития научно-образовательного сотрудничества между двумя братскими странами. Особое внимание было уделено совместной реализации научных исследований, участию в международных грантовых программах, развитию академической мобильности, а также расширению обмена опытом между профессорско-преподавательским составом и молодыми учеными.

Кроме того, были рассмотрены возможности подготовки совместных международных научных публикаций и организации различных научных форумов. Одним из ключевых векторов диалога стало изучение общего историко-культурного наследия Казахстана и Кыргызстана и укрепление взаимодействия в сфере гуманитарных наук.

По итогам встречи стороны выразили готовность к дальнейшему расширению научно-академических связей, успешной реализации совместных проектов и выведению партнерства между вузами двух стран на новый уровень.

Photos from Kazakh National Women's Teacher Training University's post 18/06/2026

100 Faces of QyzPU

№4 кейіпкері — Әсел Кендірбек ✨

Келесі кейіпкер ретінде кімді көргіңіз келеді? 👀
Пікірге өз ұсынысыңызды қалдырыңыз! 💬👇

Photos from Kazakh National Women's Teacher Training University's post 18/06/2026

QyzPU талапкерлерді қабылдауға дайын

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы оқу орнының Қабылдау комиссиясының 2026 – 2027 оқу жылына талапкерлерді қабылдауға дайындығын тексерді.

Жұмыс барысында Қабылдау және кәсіби бағдар бөлімінің басшысы Әбікенова Салтанат Мәуленқызы комиссия орналасқан арнайы аумақты таныстырып, университет тарапынан құжат қабылдау науқанына барлық қажетті жағдай жасалғанын айтты.

Қазіргі уақытта қабылдау комиссиясының жұмысына жауапты мамандар, техникалық хатшылар және кеңесшілер жұмылдырылған. Сонымен қатар талапкерлер үшін демалыс аймақтары, медициналық көмек көрсету және кеңес беру кабинеттері қарастырылып, комиссия қажетті техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Ректор қабылдау комиссиясының мүшелерімен кездесіп, қабылдау науқаны университеттің имиджі мен талапкерлердің болашақ мамандығын таңдаудағы маңызды кезең екенін атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – әрбір талапкерге сапалы, ашық әрі қолжетімді қызмет көрсетіп, жан-жақты кеңес беру арқылы қабылдау кезеңін жоғары деңгейде ұйымдастыру. Сондықтан қабылдау науқанына қатысатын әрбір қызметкер өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс», – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Қабылдау комиссиясы ресми түрде 20 маусымнан бастап жұмысын бастайды.

Қабылдау науқаны аясында университет құрамындағы 5 институт атынан мамандықтар бойынша 14 техникалық хатшы және студенттер қатарынан құрылған 16 кеңесші жұмыс істейді. Олар талапкерлерге 2026–2027 оқу жылына қабылдау ерекшеліктері, білім беру бағдарламалары, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу тәртібі мен құжат тапсыру кезеңдері туралы толық ақпарат беріп, бағыт-бағдар көрсетеді.

Талапкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылдау комиссиясында арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы ұйымдастырылған. Мұнда талапкерлер Platonus электрондық жүйесіне тіркеліп, құжаттарын енгізе алады. Кейін электрондық кезек алып, өз кезегі келген уақытта қажетті құжаттарын техникалық хатшыларға тапсырады. Сондай-ақ университетте әрбір білім беру бағдарламасы бойынша кеңес беретін жеке кабинеттер мен келушілерге арналған арнайы демалыс орындары қарастырылған.

Бүгінде университетте 12 мыңнан астам студент білім алуда. Оқу орнының құрамында колледж және 5 институт жұмыс істейді. Олар: Педагогика және психология институты, Филология институты, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Жаратылыстану институты, сондай-ақ Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты.


📌 Қабылдау комиссиясының жұмыс мерзімі:
20 маусымнан 25 тамызға дейін.
🕰️ Жұмыс уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00 – 18:00
📌 Мекенжайы: Бас оқу корпусы, 1-қабат (Гоголь көшесі, 114/1)
📞 Байланыс нөмірі: +7 727 237 00 77
📲 Әлеуметтік желі: qyzpu_qabyldau
📁 E-mail: [email protected]
[email protected]


————————-

QyzPU готов к приему абитуриентов

Председатель Правления – Ректор Казахского национального женского педагогического университета Каримова Бейбиткуль Сарсемхановна проверила готовность Приемной комиссии к приему абитуриентов на 2026–2027 учебный год.

В ходе визита руководитель отдела приема и профессиональной ориентации Абикенова Салтанат Мауленовна ознакомила с инфраструктурой комиссии, отметив, что в университете созданы все необходимые условия для проведения приемной кампании.

Зона оборудована техническими средствами, предусмотрены места отдыха, кабинеты для медицинского обслуживания и консультаций, а к работе привлечены ответственные специалисты, технические секретари и консультанты.

В ходе встречи с членами Приемной комиссии ректор подчеркнула важность данного этапа для формирования имиджа вуза и определения профессионального пути будущих студентов.

«Наша главная задача – организовать приемную кампанию на высоком уровне, предоставляя каждому абитуриенту качественные, прозрачные и доступные консультации. Каждый сотрудник, задействованный в этом процессе, должен подойти к своим обязанностям с максимальной ответственностью», – отметила Бейбиткуль Сарсемхановна.

Официальный старт работы Приемной комиссии запланирован на 20 июня.

В рамках кампании от 5 институтов университета будут работать 14 технических секретарей и 16 консультантов из числа студентов. Они предоставят подробную информацию об особенностях приема, образовательных программах, порядке участия в конкурсе государственных грантов и этапах подачи документов.

Для удобства поступающих организована зона самообслуживания, где можно зарегистрироваться и загрузить документы в электронную систему Platonus. Затем абитуриенты получают электронную очередь и в назначенное время передают оригиналы документов техническим секретарям. Также функционируют индивидуальные консультационные кабинеты по каждой образовательной программе и зоны отдыха.

В настоящее время в университете обучаются более 12 тысяч студентов. В структуру вуза входят колледж и 5 институтов: Институт педагогики и психологии, Институт филологии, Институт физики, математики и цифровых технологий, Институт естествознания, а также Институт социально-гуманитарных наук и искусства.

📌 Приемная комиссия работает с 20 июня по 25 августа, с понедельника по пятницу, с 09:00 до 18:00.
📍 Адрес: Главный учебный корпус, 1 этаж (улица Гоголя, 114/1).
📞 Контактный телефон: +7 727 237 00 77.
📲 Социальные сети: qyzpu_qabyldau.
📁 E-mail: [email protected],
[email protected].

Photos from Kazakh National Women's Teacher Training University's post 18/06/2026

📁 Бакалавриат білім беру бағдарламалары

📞 Қабылдау бөлімі: +7 (727) 237-00-77
QYZPU, Қабылдау комиссиясы

••••••••••••••••••••••••••••••••

📁 Образовательные программы бакалавриата

📞 Приёмная комиссия: +7 (727) 237-00-77
QYZPU, Қабылдау комиссиясы

17/06/2026

QyzPU инфрақұрылымы жаңаруда

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басшылық құрамы университеттің оқу ғимараттары мен студенттік жатақханаларының қазіргі жай-күйімен танысып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жұмыстарды талқылады.
Аппарат басшысы Кожина Бота Саматқызы, Басқарма мүшесі – Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Тоқтыбаев Ернар Дүйсенбекұлы және университеттің құрылымдық бөлімшелері жетекшілері Бөгенбай батыр, Гоголь және Әйтеке би көшелерінде орналасқан оқу корпустары мен студенттік жатақханаларды аралады.
Жұмыс сапары барысында жауапты мамандармен бірге университет ректорының ерекше бақылауындағы өзекті мәселелер қарастырылып, оларды шешу жолдары талқыланды.
Нысандарды аралау кезінде ғимараттардың техникалық жай-күйіне, білім алушылар мен қызметкерлер үшін жасалған жағдайларға, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жөндеу және жаңғырту жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылды.
Университет басшылығы қажетті жөндеу және абаттандыру жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар студенттер мен қызметкерлер үшін қолайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық жоспарланған құрылыс және жөндеу жұмыстарын жеделдетіп аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Университет инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған бұл жұмыстар білім беру сапасын арттыруға және қызметкерлердің тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.


—————————

Модернизация инфраструктуры QyzPU

Руководство Казахского национального женского педагогического университета ознакомилось с текущим состоянием учебных корпусов и студенческих общежитий, а также обсудило планы по их дальнейшему развитию.

Руководитель аппарата Кожина Бота Саматовна, член Правления – проректор по инфраструктурному развитию Токтыбаев Ернар Дуйсенбекович и руководители структурных подразделений университета посетили учебные корпуса и общежития, расположенные на улицах Богенбай батыра, Гоголя и Айтеке би.

В ходе рабочего визита совместно с ответственными специалистами были рассмотрены актуальные вопросы, находящиеся на особом контроле ректора университета, и обсуждены пути их решения. Особое внимание было уделено техническому состоянию зданий, условиям для обучающихся и сотрудников, а также качеству проводимых ремонтных и модернизационных работ.

Руководство университета подчеркнуло важность качественного и своевременного выполнения ремонтных работ и благоустройства. С целью формирования комфортной, безопасной и современной образовательной среды были даны конкретные поручения ускорить и завершить все запланированные строительно-ремонтные работы до начала нового учебного года.

Модернизация инфраструктуры вуза призвана способствовать повышению качества образования и созданию благоприятных условий для эффективной работы коллектива.

Photos from Kazakh National Women's Teacher Training University's post 17/06/2026

📁 Магистратура білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерге арналған құжаттар тізбесі

📞 Қабылдау бөлімі: +7 (727) 237-00-77
QYZPU, Қабылдау комиссиясы

••••••••••••••••••••••••••••••••

📁Перечень документов для поступающих
в магистратуру

📞 Приёмная комиссия: +7 (727) 237-00-77
QYZPU, Қабылдау комиссиясы

Photos from Kazakh National Women's Teacher Training University's post 16/06/2026

📁Бакалавриат білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерге арналған құжаттар тізбесі

📌Тізімде көрсетілген барлық құжаттардың сканерленген электронды нұсқасы PDF форматында болуы керек.

🔹Талапкердің ЭЦҚ кілті (ЭЦП), егер талапкер 18 толмаған жағдайда ата-анасының ЭЦҚ кілті міндетті түрде қажет.
 
🔹Конверт А5.

📞 Қабылдау бөлімі: +7 (727) 237-00-77
QYZPU, Қабылдау комиссиясы

••••••••••••••••••••••••••••••••

📁Перечень документов для поступающих
на бакалавриат

📌Все документы, указанные в списке, должны быть отсканированы и представлены в электронном виде в формате PDF.

🔹Ключ ЭЦП абитуриента, если абитуриенту не исполнилось 18 лет, обязательно нужен ключ ЭЦП родителя.

🔹Конверт А5.

📞 Приёмная комиссия: +7 (727) 237-00-77
QYZPU, Қабылдау комиссиясы

Photos from Kazakh National Women's Teacher Training University's post 16/06/2026

QyzPU-да Lesson Study «Жазғы мектеп – 2026» басталды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ағымдағы жылдың 15–19 маусым аралығында профессор-оқытушылар құрамына арналған «Білім берудің белсенді әдістері (Lesson Study)» атты Жазғы мектеп өтуде.

Жазғы мектеп бағдарламасы аясында университет оқытушылары білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында кәсіби дағдыларын жан-жақты жетілдіруде. Қатысушылар оқу процесінің өнімділігін арттыруға және студенттердің пәнге деген қызығушылығын оятуға бағытталған заманауи интерактивті оқыту форматтары мен цифрлық құралдарды тәжірибеде меңгеру үстінде. Бұдан бөлек, шара оқытушылар қауымы үшін өзара озық педагогикалық тәжірибе алмасатын, оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелерді бірлесе талқылайтын тиімді кәсіби алаңға айналды.

Сонымен қатар, Жазғы мектеп шеңберінде педагогтік қайта даярлау курсының тыңдаушылары қорытынды аттестаттаудан өтіп жатыр.

Педагогтердің кәсіби шеберлігі мен білім сапасын арттыруға бағытталған, сабақты бірлесе жоспарлау мен талдауды көздейтін бұл жапондық зерттеу технологиясын – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті елімізде алғашқылардың бірі болып дипломдық жұмыстарды жазу тәжірибесіне енгізген болатын.

—————————


В QyzPU стартовала Летняя школа – 2026 «Lesson Study»

В Казахском национальном женском педагогическом университете в период с 15 по 19 июня текущего года проходит Летняя школа для профессорско-преподавательского состава на тему «Активные методы обучения (Lesson Study)».

В рамках программы Летней школы преподаватели университета всесторонне совершенствуют свои профессиональные навыки с целью вывода качества образования на новый уровень. Участники на практике осваивают современные интерактивные форматы обучения и цифровые инструменты, направленные на повышение продуктивности учебного процесса и стимулирование интереса студентов к дисциплинам. Кроме того, мероприятие стало эффективной профессиональной площадкой для преподавательского сообщества, где они могут обмениваться передовым педагогическим опытом и совместно обсуждать актуальные вопросы методики преподавания.

Вместе с тем, в рамках Летней школы проходят итоговую аттестацию слушатели курса педагогической переподготовки.

Казахский национальный женский педагогический университет одним из первых в стране внедрил в практику написания дипломных работ эту японскую технологию исследования, направленную на повышение профессионального мастерства педагогов и качества обучения через совместное планирование и анализ уроков.

16/06/2026

🎓 QYZPU — болашақ көшбасшылар мен әр саланың үздік мамандарын дайындайтын білім ордасы

🏛️ Университетіміз заман талабына сай әрбір студентке жан-жақты даму мен кәсіби өсуге шексіз мүмкіндіктер ұсынады. Педагогикадан бастап, өнер, ғылым және инновациялық бағыттарға дейін – өз қалауыңды таңда! Сен де қатарымызға қосыл!

✨ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен бірге жаңа биіктерге жол аш!

📌 Қабылдау комиссиясының жұмыс кезеңі:
🗓️ 20 маусым – 25 тамыз
⏰ 09:00 – 18:00
📍 Гоголь к-сі, 114

🔗 Ресми сайт: qyzpu.edu.kz

Сізді күтеміз, талапкер!

15/06/2026

🏛️ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Директорлар кеңесінің шешімімен университеттің Басқарма мүшесі – Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректоры лауазымына Тоқтыбаев Ернар Дүйсенбекұлы тағайындалды.

🎓 Ернар Дүйсенбекұлы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде экономика магистрі дәрежесін алған. Торайғыров университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

🗒️ Еңбек жолын «Сайра-НТ» ЖШС-де менеджер қызметінен бастаған. Әр жылдары Астана қаласы Қаржы басқармасының инспекторы, Астана қаласы Қаржы басқармасының коммуналдық меншік объектілерінің тізілімі және оларды мониторингтеу бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің бухгалтерлік есеп және мемлекеттік активтер басқармасының бас сарапшысы, ҚР БҒМ Қаржы департаментінің мемлекеттік активтер басқармасының бас сарапшысы, аталған басқарманың басшысы, Қаржы департаменті директорының орынбасары, Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары, Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

🔹 Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаментінің директоры қызметін атқарды.

✨ Ернар Дүйсенбекұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы жұмысына толағай табыс, зор денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!

—————————

🏛️ Решением Совета директоров Казахского национального женского педагогического университета на должность члена Правления – проректора по инфраструктурному развитию университета назначен Ернар Дуйсенбекович Токтыбаев.

🎓 Ернар Дуйсенбекович окончил Казахский университет экономики, финансов и международной торговли по специальности «Финансы». Кроме того, получил степень магистра экономики в Таразском региональном университете имени М.Х. Дулати. Также имеет высшее образование по специальности «Юриспруденция (Торайгыров университет (ToU).

🗒️ Трудовую деятельность начал с должности менеджера в ТОО «Сайра-НТ». В разные годы работал инспектором Управления финансов города Астаны, главным специалистом отдела реестра объектов коммунальной собственности и мониторинга Управления финансов города Астаны, главным экспертом Управления бухгалтерского учета и государственных активов Департамента финансов и инвестиционных проектов Министерства образования и науки Республики Казахстан, главным экспертом Управления государственных активов Департамента финансов МОН РК, руководителем данного управления, заместителем директора Департамента финансов, заместителем директора Департамента финансов и государственных закупок, заместителем директора Департамента финансов и бюджетного планирования.

🔹 В последние годы занимал должность директора Департамента инфраструктурных проектов, государственных закупок и активов Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

✨ Поздравляем Ернара Дуйсенбековича с назначением на новую должность и желаем ему крепкого здоровья, профессиональных успехов и новых достижений в дальнейшей работе!

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Улица Гоголя, 114 к1
Almaty
050026

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00