19/05/2025
Shoqan Parents Forum: мектеп, отбасы және оқушы — біртұтас команда!
Shoqan мектебінде біз оқушыларымызға тек білім беріп қана қоймаймыз —
біз XXI ғасырда мектеп ұғымын қайта қалыптастырудамыз. Осы күндері өткен ата-аналар форумы ең маңызды тақырыпқа арналды.
Оқушыларымыздың өзін құрметтейтін және шабыттанатын, үйлесімді сезінетін орта қалай құрылуы керек? Мектебімізде білім беруді жәй
стандартқа сай емес, әр оқушыныңжеке даму траекториясымен жұмыс жасауды көздейміз.
Біз
дербес білім беру, сенім туралы, отбасымен мектептің келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігі туралы әңгімелестік.
Тәжірибелерімізбен, жаңа өзгерітерге қатысты көзқарастарымызбен бөлістік.Және осы тақырыптар айналасындағы талқыларымыздың шынымен ортақ болғанын
қаладық. Өткен жыл бізге аналармен болған әңгімемен есте қалды.Биыл — алғаш рет әкелермен бас қостық. Бұл — шынымен шынайы, ашық әрі терең
диалог болды. Ешқандай ресми, жасанды безендірусіз. Тек ең маңыздысы —балалар, жауапкершілік және мән-мағына туралы.
Шынымызды
айтсақ: мектеп қанша тырысса да, осындай форумдарға ата-аналар өте аз келеді.Кейде балаларды тек өзіміз ғана оқытып жатқандай сезінеміз. Бірақ біз ешкімді
кінәламаймыз. Біз диалогқа шақырамыз. Себебі біздіңжасап жатқанымыздың барлығы:мектеп
архитектурасынан бастап жаңа бағдарламаларға дейін — жалғыз мақсатпен көздейді.Әр оқушымыз өз-өзімен үйлесімде дамуы үшін. Жалғыз емес.
Қолдау көрсететін мектеп және түсінетін, қолдайтын отбасыменбірге.
Бұл
форум — көп еңбектің жемісі. Бұл жұмысқа бір жыл бойы пікірлес адамдардыңкомандасы атсалысты. Біз оған көп күш, уақыт және жанымызды салдық. Себебі
Shoqan Parents Forum — бұл тек мектеп туралы емес. Бұл — бәріміз туралы.Балаларды тәрбиелейтін, бағыттайтын және шабыттандыратын әрбір тұлға туралы.
Шоқан Уәлиханов
атындағы жекеменшік мектебініңнегізін қалаушы
Тасмағамбетова
Әсел
17/02/2025
14 ақпан күні Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектебінде мәртебелі қонақтарды қарсы алу құрметіне ие болдық. Білім беру саласындағы беделді ұйымдардың басшылары – «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының президенті Өте Дархан Ермаханұлы және «Білім Орда» қорының директоры Биржикеев Ерік Көшекбайұлы мектебімізге арнайы келіп, білім ордамыздың тыныс-тіршілігімен жақын танысты.
Кездесу барысында қонақтар мектебіміздың білім беру жүйесі, инновациялық әдістемелері мен оқушылардың даму мүмкіндіктері жайлы кеңінен мағлұмат алды. Сонымен қатар, оқушылардың білім деңгейін арттыру, үздік тәжірибелермен алмасу және заманауи білім беру үрдістерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Осы кездесудің нәтижесінде екі білім ордасы арасында тығыз ынтымақтастық орнату, бірлескен жобалар әзірлеп, түрлі іс-шараларды бірге өткізу туралы келісімге келдік.
Мектептің негізін қалаушысы Әсел Тасмағамбетова білімнің ұлт болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті:
"Біз заманауи білім беруді ұлттық құндылықтармен үйлестіре отырып, жан-жақты дамыған, жауапкершілігі жоғары, көшбасшылық қабілеті бар жас ұрпақты тәрбиелеуге ұмтыламыз. Өскелең жас ұрпақты жаңартылған жүйемен оқыту болашақтағы сапалы білімнің кепілі. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектептері – білім беру саласындағы ең озық жүйелердің бірі. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз бізге үлкен шабыт береді."
Мектебімізбен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ», «Білім Орда» қорлары арасындағы серіктестік – білімнің дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам. Өзара тәжірибе алмасу арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуына зор мүмкіндік жасайтынымызға сенімдіміз!
11/02/2025
Әлемдік деңгейдегі мектеп: Shoqan School – CIS мүшесі!
Бүгін Shoqan School ресми түрде Council of International Schools (CIS) мүшесі атанды – бұл білім беру саласындағы ең беделді халықаралық ұйымдардың бірі! Бұл тек мойындалу ғана емес, сонымен қатар біздің жоғары халықаралық стандарттарға сай екеніміздің және үнемі жетілуге ұмтылатынымыздың дәлелі.
CIS мүшесі болу – мектеп өмірінің барлық қырларын терең талдауды талап ететін күрделі және көпсатылы процесс. CIS сарапшылары мектептің стратегиялық басқаруын, мұғалімдердің кәсіби дамуын, білім беру сапасын және мектеп ортасының ұйымдастырылуын бағалады. Ерекше назар біздің миссиямызға, көзқарасымызға, құндылықтарымызға және даму жоспарына аударылды – дәл осы факторлар мектептің болашақтағы бағытын айқындайды.
CIS құрамына кіру – бұл жай ғана мәртебе емес, үздіксіз даму, өсу және озық халықаралық білім беру тәжірибелерін енгізу мүмкіндігі. Бұл біз ұсынатын білім сапасының жоғары екенін және әрбір оқушы үшін қолайлы орта қалыптастыруға ұмтылатынымызды дәлелдейді.
CIS мүшелігі бізге қандай мүмкіндіктер береді?
🌍 Халықаралық мойындау және бедел – енді Shoqan School жаһандық білім беру қауымдастығының ресми мүшесі.
📚 Озық әдістемелерге қолжетімділік – мұғалімдеріміз үздік халықаралық тренингтер мен білім беру бағдарламаларына қатыса алады.
🤝 Жаһандық серіктестік желісі – әлемнің 1300-ден астам мектебі мен университеттерімен тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік бар.
🎓 Түлектеріміз үшін артықшылықтар – біздің мектептің дипломы әлемнің жетекші университеттері тарапынан жоғары бағаланады.
🛡 Оқушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – CIS инклюзивті, жайлы және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыруға ерекше мән береді.
Бұл жетістік – Shoqan School ұжымы, оқушыларымыз және ата-аналарымыздың қажырлы еңбегінің жемісі. Біз осы белесті мақтан тұтамыз және болашаққа сеніммен қараймыз, өйткені алда – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен жетістіктер күтіп тұр! 🚀💙
30/01/2025
Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп экология мен тұрақты даму жолында еңбек етеді!
Мектебіміз халықаралық экологиялық стандарттарға сай келетінін растайтын LEED сертификатының иегері екенін мақтан тұтамыз. Біз – ТМД аумағында осы беделді сертификатқа ие болған алғашқы әрі жалғыз білім беру мекемесіміз.
Бүгін біз экологиялық жауапкершілікке тағы бір қадам жасадық: мектебімізде Freedom Holding Corp. және «Freedom Шапағат» қорының қолдауымен әзірленген Қазақстандағы алғашқы фандомат орнатылды. Бұл бірегей құрылғы пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды қабылдап, оларды қайта өңдеуге жібереді.
Фандомат тек қалдықтарды бөлек жинауға көмектесіп қана қоймай, саналы тұтынуды ынталандырады. Тараны өткізген әрбір оқушы мен ата-ана ақшалай сыйақы ала алады немесе қаражатты қайырымдылыққа аудара алады.
Құрылғының корпусы қайта өңделген темірден жасалған, ал оның электроникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуі қазақстандық инженерлердің еңбегінің нәтижесі.
Алғашқы фандомат D блогында, спортзалдың жанында орнатылды. Біз бұл құрылғы оқушыларымыздың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады деп сенеміз.
Жиналған шикізат келесі өнімдерді өндіруге қолданылады:
• Бушлаттар мен арнайы киімдер;
• Кілем бұйымдары;
• Ауыл шаруашылығына арналған геотекстиль;
• Төсек-орын жабдықтары, спорттық киімдер, жейделер және басқа да заттар.
Фандоматты қалай пайдалану керек?
1. Тараны дайындаңыз: пластик бөтелкелер мен алюминий банкалар таза, жапсырмасы мен штрих-коды сақталған, көлемі 2 литрден аспауы керек.
2. «Тапсыру» батырмасын басыңыз.
3. Белгіленген уақыт ішінде тараны қабылдағышқа салыңыз және «Салу аяқталды» батырмасын басыңыз.
4. Сыйақыны алу тәсілін таңдаңыз:
• Freedom Bank картасына немесе Apple Pay, Google Pay, Samsung Wallet арқылы ақша алыңыз;
• Немесе қаражатты қайырымдылыққа аударыңыз.
Фандомат – бұл жай ғана құрылғы емес, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған кешенді тәсілдің бір бөлігі. Біз оқушыларымызға табиғатты қорғауды, саналы шешімдер қабылдауды және жарқын болашаққа үлес қосуды үйретеміз.
Қоршаған ортаға қамқорлық жасап жүргендеріңіз үшін рақмет!
24/01/2025
Достар! Осы дүйсенбі күні мектептің негізін қалаушысы Кеңес Рақышевтің ЖЕКЕ МЕНТОРЛЫҚ бағдарламасына қатысушылар арасынан жеңімпаздардың есімдерін білетін боламыз.
Бұл байқау – мектептің екі оқушысына әлемнің жетекші университеттеріне түсуге бірегей мүмкіндік береді.
Ендеше барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, оларға жылы лебіздерімізді пікірде жазайық.
__
Друзья! Уже в понедельник мы узнаем имена победителей участников программы ЛИЧНОГО МЕНТОРСТВА от Кенеса Ракишева – основателя школы.
Этот конкурс — даст уникальную возможность двум ученикам нашей школы, поступить в ведущие университеты мира.
Давайте вместе пожелаем удачи всем участникам и напишем им теплые пожелания в комментариях.
13/01/2025
SHOQAN-дықтардың жаңа жеңістері!
3-тоқсанды керемет жаңалықтармен бастайық!
«Дарын» орталығы ұйымдастырған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің нәтижелері шықты, бөлісуге қуаныштымыз:
🥇 1-орын
1. Чевиккан Ремзиявуз, 9 сынып, физика, жетекшісі: Жумагулов Султанбек Казбекович
🥈2-Орын
2. Пак Белла, 10 сынып, Биология, жетекшісі: Гадаборшева Аза Рахмановна
3. Алуадин Олжас, 11 сынып, Биология, Жетекшісі: Гадаборшева Аза Рахмановна
🥉3-орын
4. Ержан Әуел 9 сынып, Биология, Жетекшісі: Гадаборшева Аза Рахмановна
5. Мерекеева Аяулым, 10 сынып, Химия, Жетекшісі: Тютенов Канат Серикович
6. Фазылов Бекжан, 11 сынып, Химия, Жетекшісі: Тютенов Канат Серикович
📋 Мақтау қағазы
7. Орынгалиев Илияс, 11 сынып, Информатика, Жетекшісі: Сабирова Рамина Токтасыновна
Оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Олимпиаданың келесі Республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз! Жетістіктеріміз молынан болсын! 🔥
Shoqan School тек алға!
19/12/2024
С гордостью поздравляем победителей олимпиад!
Дорогие ученики частной школы имени Шокана Уалиханова,
Ваши блестящие успехи на олимпиадах стали для нас настоящей гордостью! Эти победы — результат вашей целеустремлённости, упорного труда и стремления к знаниям. Вы доказали, что настойчивость и стремление к совершенству неизменно приводят к успеху.
Поздравляем учащихся, ставших победителями и призерами районного этапа Республиканской олимпиады среди учащихся 7-8 классов, организованной центром «Дарын»:
🏆 1 место:
Хайдарова Дария (8 класс) – Физика
Руководитель: Жумагулов Султанбек Казбекович.
🥈 2 место:
Асильбекова Мариям (8 класс) – Английский язык
Руководитель: Омар Оразкуль Оспанкызы.
Турсунова Камила (7 класс) – Биология
Руководитель: Гадаборшева Аза Рахмановна.
Оспан Инжу (8 класс) – Биология
Руководитель: Гадаборшева Аза Рахмановна.
Әубәкір Айша (7 класс) – Химия
Руководитель: Тютенов Канат Серикович.
Аюпова Индира (8 класс) – Казахский язык
Руководитель: Кубесова Майра Есалыкызы.
🥉 3 место:
Омарханов Алихан (7 класс) – История Казахстана
Руководитель: Биримжанов Алмас Талгатович.
Дауенова Мира (8 класс) – История Казахстана
Руководитель: Биримжанов Алмас Талгатович.
Козлова Софья Евгеньевна (7 класс) – Казахский язык
Руководитель: Кубесова Майра Есалыкызы.
Арманкызы Алина (7 класс) – Казахский язык
Руководитель: Жумахметова Гулдана Жумабековна.
Уланулы Ахан (8 класс) – Казахский язык
Руководитель: Жумахметова Гулдана Жумабековна.
Омаров Тимур 7 класс по физике 3 место занял
Руководитель: Жумагулов Сұлтанбек Казбекович
📜 Грамота:
Мамесейіт Данель (8 класс) – Математика
Руководитель: Кожахметов Нариман Нурланулы.
Призёры районного этапа Республиканской олимпиады среди учащихся 9–11 классов:
🏆 1 место
Ержан Ауел (9 класс, биология) — руководитель: Гадаборшева Аза Рахмановна
Алуадин Олжас (11 класс, биология) — руководитель: Гадаборшева Аза Рахмановна
Орынгалиев Илияс (11 класс, информатика) — руководитель: Сабирова Рамина Токтасыновна
Чевиккан Ремзиявуз (9 класс, физика) — руководитель: Жумагулов Султанбек Казбекович
Мерекеева Аяулым (10 класс, химия) — руководитель: Тютенов Канат Серикович
🥈 2 место
Уразбаева Руани (10 класс, английский язык) — руководитель: Бақыт Дина
Бузурбаева Адель (9 класс, английский язык) — руководитель: Юсупова Фатима Фахритдиновна
Пак Белла (10 класс, биология) — руководитель: Гадаборшева Аза Рахмановна
Мансур Диас (10 класс, информатика) — руководитель: Сабирова Рамина Токтасыновна
Сламкулова Далила (10 класс, история Казахстана) — руководитель: Рахимбаева Галия Балтабековна
Асыл Аружан (11 класс, основы права) — руководитель: Галия Балтабековна
Қайрат Зере (9 класс, казахский язык) — руководитель: Аныкбаев Еділ Уакілұлы
Кравчук Назар (10 класс, казахский язык) — руководитель: Кенбаева Зухра Рысбековна
Әубәкір Айша (9 класс, химия) — руководитель: Тютенов Канат Серикович
Фазылов Бекжан (11 класс, химия) — руководитель: Тютенов Канат Серикович
🥉 3 место
Нурлыбекова Милена (10 класс, география) — руководитель: Биримкулова Баян Аскарбековна
Сапарбек Арқат (9 класс, математика) — руководитель: Кожахметов Нариман Нұрланұлы
Мы гордимся вами и желаем не останавливаться на достигнутом!
19/12/2024
Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің оқушыларын, зерттеу және шығармашылық жұмыстар байқауының
жеңімпаздарын құттықтаймыз!💐
Құрметті оқушылар,
Сіздердің керемет жетістіктеріңіз біз үшін үлкен мақтаныш! Бұл жеңістер – сіздердің табандылықтарыңыздың, қажырлы еңбектеріңіздің және білімге деген құштарлықтарыңыздың жемісі. Сіздер табандылық пен үздікке ұмтылу әрдайым жеңіске жетелейтінін дәлелдедіңіздер.
🏆Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының аудандық кезеңінің жүлдегерлері:
1. Берік Аян (3 «В») – 2 орын (жетекшісі: Мұрат А.М.) – секция: медицина, психология, экология
2. Рақыш Иман, Ғалым Алинұр (3 «В») – 2 орын (жетекшісі: Әнапияева А.Қ.) – секция: этномәдениеттану
3. Шайхыстан Омар, Ускенбай Арман (5 «А») – 3 орын (жетекшісі: Мельдебекова Г.Р.) – секция: қазақ тілі
4. Бекнұр Бегім (6 «В») – 3 орын (жетекшісі: Тастанбекова А.А.) – секция: химия, биология
5. Аскарова Данель, Сабыржан Алиша (6 «L») – 1 орын (жетекшісі: Амитова А.А.) – секция: орыс тілі
🏆 Республикалық ЗЕРДЕ зерттеу және шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпаздары:
🥇орын
•Біздің жас зерттеушілеріміз Рақыш Иман мен Ғалым Алинұр Республикалық байқауға жолдама алды.
Жетекшісі: Әнәпияева Әзира Қожабекқызы.
Сәттілік сендерге!♥️
🥉 3 орын
• Аскарова Данель және Сабыржан Алиша (6 «Л») – жетекшісі: Амитова А.А. – орыс тілі секциясы
Сіздердің жетістіктеріңіз бізді шабыттандырады! Біз сіздермен мақтанамыз және алға қойған мақсаттарыңыздан таймауды тілейміз!
27/11/2024
🏆 Shoqan School-дың жаңа мектеп президентін құттықтаймыз! 🏆
Кеше Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектепте өзін- өзі басқару ұйымының президентін сайлау аяқталып, жеңіске 10-сынып оқушысы Мажибаев Санжар жетті!
Бұл жетістік – оның табандылығы мен көшбасшылық қасиеттерінің, сондай-ақ мектеп оқушыларының оған деген зор сенімінің нәтижесі. Санжар – белсенділік, сенімділік және өзгеріске ұмтылу арқылы басқаларды шабыттандыратын жарқын тұлға.
Оның сайлауалды бағдарламасы көптеген дауыс берушілердің жүрегін жаулап алды. Енді оның алдында үлкен жауапкершілік тұр – мектеп өмірін одан әрі жарқын және қызықты ету үшін өз идеяларын жүзеге асыру.
Санжар, біз сенімен мақтанамыз және сенің көшбасшылық жолың сәттілік пен жетістіктерге толы болатынына сенеміз! Барлық жоспарларың мен жобаларыңды жүзеге асыруда табыс тілейміз!
Сонымен қатар, 10А сынып оқушысы Мамыт Айяға ерекше алғысымызды білдіреміз, ол өткен оқу жылында өзін-өзі басқару ұйымының президенті міндетін абыроймен және адалдықпен атқарды.
Айя, сен Шоқан мектебінің тарихында ерекше із қалдырдың!
Сенің шабыттандыра білуің, ұйымдастырушылық қабілетің және көшбасшылық қасиеттерің ерекше әсер қалдырды. Сенің еңбегіңнің арқасында:
🌟 оқушыларды біріктіретін қызықты мектепішілік шаралар ұйымдастырылды;
🌟 еріктілер қызметі жолға қойылып, оқушылар арасында көмектесу және қолдау рухы қалыптасты;
🌟 қайырымдылық жобалары жүзеге асырылып, өзгелерге қамқор болудың жарқын үлгісі көрсетілді.
Сен өз міндетіңді үлкен жауапкершілікпен атқарып, мектепке елеулі үлес қостың.
Айя, сен Шоқан Уәлиханов мектебінің мақтанышысың, оқушылар жетістікке жету жолында сені үлгі тұтады.
Саған шын жүректен алғысымызды білдіреміз! ❤️
🏆 Shoqan School-дың жаңа мектеп президентін құттықтаймыз! 🏆
Кеше Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектепте өзін- өзі басқару ұйымының президентін сайлау аяқталып, жеңіске 10-сынып оқушысы Мажибаев Санжар жетті!
Бұл жетістік – оның табандылығы мен көшбасшылық қасиеттерінің, сондай-ақ мектеп оқушыларының оған деген зор сенімінің нәтижесі. Санжар – белсенділік, сенімділік және өзгеріске ұмтылу арқылы басқаларды шабыттандыратын жарқын тұлға.
Оның сайлауалды бағдарламасы көптеген дауыс берушілердің жүрегін жаулап алды. Енді оның алдында үлкен жауапкершілік тұр – мектеп өмірін одан әрі жарқын және қызықты ету үшін өз идеяларын жүзеге асыру.
Санжар, біз сенімен мақтанамыз және сенің көшбасшылық жолың сәттілік пен жетістіктерге толы болатынына сенеміз! Барлық жоспарларың мен жобаларыңды жүзеге асыруда табыс тілейміз!
Сонымен қатар, 10А сынып оқушысы Мамыт Айяға ерекше алғысымызды білдіреміз, ол өткен оқу жылында өзін-өзі басқару ұйымының президенті міндетін абыроймен және адалдықпен атқарды.
Айя, сен Шоқан мектебінің тарихында ерекше із қалдырдың!
Сенің шабыттандыра білуің, ұйымдастырушылық қабілетің және көшбасшылық қасиеттерің ерекше әсер қалдырды. Сенің еңбегіңнің арқасында:
🌟 оқушыларды біріктіретін қызықты мектепішілік шаралар ұйымдастырылды;
🌟 еріктілер қызметі жолға қойылып, оқушылар арасында көмектесу және қолдау рухы қалыптасты;
🌟 қайырымдылық жобалары жүзеге асырылып, өзгелерге қамқор болудың жарқын үлгісі көрсетілді.
Сен өз міндетіңді үлкен жауапкершілікпен атқарып, мектепке елеулі үлес қостың.
Айя, сен Шоқан Уәлиханов мектебінің мақтанышысың, оқушылар жетістікке жету жолында сені үлгі тұтады.
Саған шын жүректен алғысымызды білдіреміз! ❤️
03/10/2024
ӘДЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Көптеген адамдар әдетті қалыптастыруда ми деңгейінде іс-қимылдардың автоматтандырылу механизмін түсінбегендіктен қиындықтарға тап болады. Өзім де бірнеше әдетті сәтсіз қалыптастырған едім, себебі нейрофизиологияны ескермей, тікелей тәсіл қолдандым.
Кез келген әдеттің (пайдалы немесе зиянды) қалыптасуы үш негізгі элементтен тұрады: триггер, іс-әрекет және марапат.
Әдет миымыздың автоматтандыру бөлімі - стриатум деңгейінде қарапайым бағдарлама түрінде жүреді. Онда триггер (шарт), функцияны (әрекет) іске қосады, нәтижеге қол жеткізеді, бұл нәтижені бекітуге болады (марапат).
Міне, триггерлердің және оларға байланысты іс-әрекеттер мен марапаттардың бірнеше мысалы.
Әр уақытта біз әдетті алғаш рет бағдарламалағанда, стриатум триггер мен марапатты нейрондық тізбекке біріктіреді, іс-әрекетті бекітеді, бұл екеуін бір-бірімен байланыстырады.
Стриатумның бір бөлігі бағдарламаны жазуға жауапты, ал бір бөлігі оны сынақтан өткізеді. Егер іске қосу сәтті өтсе, табыс жасушалары белсендіріледі. Егер бірдеңе дұрыс болмаса және марапат алынбаса, қателік жасушалары іске қосылады.
Ең қызығы, егер әрекетті бірнеше рет қайталасақ, мидың «сынақтан өткізушілері» бағдарламаның дұрыс реттелгенін шешіп, қателіктерді - марапаттың болмауын - елемей бастайды. Әдет автоматты бола бастаған кезде, марапаттың болуы міндетті емес!
Сондықтан көптеген зиянды әдеттер, тіпті олар ләззат бермей қойса да, біздің мінез-құлқымызға әсерін сақтап қалады. Стриатум қателіктерді (марапаттың болмауын) байқамайды, ол триггерге жауап беріп, іс-әрекеттер тізбегін іске қосады. Мұның бәрі бейсаналық деңгейде болады. Бұл ми ерекшелігін пайдалы әдеттерді қалыптастыру үшін қолдануға болады. Мұны істеу үшін бастапқыда іс-әрекетті марапатпен нығайту жеткілікті. Әрекет автопилот режиміне ауысқан соң, марапатты алып тастауға болады.