Abai University

Abai University

Share

Абай атындағы ҚазҰПУ - Қазақстанның ең алғашқы жоғары оқу орны

Photos from Abai University's post 10/11/2025

🏆КӘРІМ ӘЛІМХАНҰЛЫ – «ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

⚜️Абай университеті Өнер факультетінің деканы, философия докторы, суретші Кәрім Әлімханұлы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. Бұл сыйлық оның шығармашылық және ғылыми әлеуетіне беріліп отыр.

🎖️«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы – дарынды жастардың ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметін және жоғары спорттық жетістіктерін мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын беріледі. 1992 жылдан бастап беріле бастаған сыйлық арнайы бекітілген номинациялар бойынша тағайындалады. Суретші Кәрім Әлімханұлы бейнелеу өнері саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, шығармашылық еңбегімен танылған жан. Ол 2009–2013 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша білім алып, 2013–2015 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін қорғады. Кейін 2015–2020 жылдары Анкара қаласындағы Хаджеттепе университетінде «Өнертану» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алып, 2023 жылы «Өнер» саласы бойынша философия докторы атанды.

🎨Кәрімнің шығармашылық еңбектері Қазақстан мен Түркиядағы көптеген көрмелерге қойылған. 2013 жылы Таразда өткен «Бояулардың да сыры бар» атты алғашқы жеке көрмесінен бастап, 2018 жылы Анкарада «Сапырылысқан әлем», 2019 жылы «Жасампаз қолдар» атты көрмелерін ұйымдастырды. Сондай-ақ халықаралық көрмелер мен байқауларға қатысып, 2016 жылы «Чанаккаленің 100 жылдығына арналған» конкурста Гран-при, ал 2019 жылы «Чайиолу Ротари Клубы» кескіндеме байқауында III орын иеленді.

🔹Қазіргі уақытта ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультетінің деканы ретінде еңбек етіп, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосып келеді. Оның жетекшілігімен ұйымдастырылған «Абай жолымен» атты көрме алғашында ҚР Орталық мұражайында ашылып, бүгінде факультеттің жасампаз галереясында жалғасқан.

📌 Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Баспасөз қызметі

Photos from Abai University's post 07/11/2025
07/11/2025

🏛️ Қазақ университеттері үздіктер қатарында

🔹Бірнеше қазақстандық жоғары оқу орны Азияның үздік университеттері деп танылды. Оларды марапаттау рәсімі Сеул қаласында QS Азия-Тынық мұхит аймағының жоғары білім саммиті аясында өтті. Еліміздің жоғары оқу орындары қандай жетістіктері үшін марапатталды және Қазақстан мен Оңтүстік Корея университеттері қалай ынтымақтасады?

♻️2004 жылдан бері британдық QS - Куакварелли Симмондс компаниясы жариялап келе жатқан әлемдік университеттер рейтингі - ең беделді тізімдердің бірі болып саналады. Бұл компания жоғары оқу орындарын бес балдық жүйе бойынша бағалайды. Сеулде өткен Азия-Тынық мұхит аймағының жоғары білім саммитінде Қазақ ұлттық медицина университеті, Нархоз және Алматы менеджмент университеті төрт жұлдызға ие болды.

🌟Ал бес жұлдызды университет атағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне берілді. QS жұлдыздары білім сапасы, түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы, ғылыми зерттеулер және басқа да көрсеткіштер бойынша табысталады.

👤Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры:

💭 — Бұл дегеніміз, біріншіден, біздің әлемдік жоғары білім кеңістігіне тездетіп енуіміз, екіншіден, осы кеңістіктегі үлкен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесі. Сондықтан елімізде осы жүлдеге ие болған қазіргі таңда екінші жоғарғы оқу орны болып табыламыз. Бұл әрине университетіміздің үлкен ұжымының қажырлы еңбегінің жемісі.

05/11/2025

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ✅

⚜️Бүгін Абай университетіне UNESCO Teacher Education Centre (Шанхай, Қытай) ресми делегациясы келді. Қонақтарды университет тарапынан Стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Төлеутайқызы қабылдады.

📌Іс-шараның мақсаты - педагогикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми-зерттеу бағыттарын кеңейту және мұғалімдерді даярлаудағы заманауи әдістемелер бойынша тәжірибе алмасу болды. Кездесуде ресми делегациямен кездескен университеттің Стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгүл Төлеутайқызы халықаралық серіктестікті нығайту мен ғылыми әлеуетті арттырудағы бұл жүздесудің маңыздылығын атап өтті.

🔹Келіссөз барысында тараптар білім беру сапасын арттыру, инновациялық тәсілдерді енгізу және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Шанхай ЮНЕСКО Мұғалімдерді даярлау орталығының делегациясы Абай университетіне ынтымақтастық туралы меморандумға отыруды ұсынды. Университет өкілдері құжатты жан-жақты қарастырып, келісім қабылданған жағдайда рәсімдеу үдерісін онлайн форматта өткізуге болатынын жеткізді.

🔰Шанхай тарапынан кездесуге директордың орынбасары Гуойонг Ху, жоба менеджерлері Цзисин Лю мен Руимиао Ли, сондай-ақ докторант Ольга Хребтовска қатысты. Кездесу жемісті болып, одан әрі ынтымақтастыққа нақты қадамдар жасауға мүмкіндік береді деп есептейді тараптар. Болашақта бұл серіктестік мұғалімдерді даярлау сапасын арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізбек.

✏️Айта кетсек, UNESCO Teacher Education Centre (Шанхай, Қытай) 2021 жылғы 7 қазанда Шанхай қалыптастыру университетінде ашылған. Мұғалімдерді даярлауды дамыту, олардың үздіксіз білім алуына ынталандыру және жаһандық білім беру тәжірибесіне қытайлық идеялар мен тәжірибені ұсынуды мақсат етеді. Орталық аясында білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған әртүрлі жобалар мен кездесулер ұйымдастырылады.

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз қызметі

04/11/2025

III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ😍

2025 жылғы 4 қараша күні Абай университетінде қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Серік Пралиевтің еңбегін еске алуға арналған «Білім беру стратегиялары: болашақ кадрларды даярлау» атты III Халықаралық педагогикалық форум болып өтті. ✅

🔹Форум жұмысына Қазақстаннан басқа Ресей, Корея, Өзбекстан елдерінің жетекші ғалымдары, педагогика саласының сарапшылары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

📚Форумда заманауи білім беру стратегияларын талқылап, болашақ педагог кадрларды даярлаудағы тиімді әдістер мен инновациялық бағыттарды айқындау мәселелері қаралды. Сондай-ақ білім беру сапасын арттыру, инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу, цифрлық оқыту жүйесін жетілдіру, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.

⚜️Халықаралық форум аясында академик Серік Пралиевтің педагогикалық мұрасына арналған арнайы естелік сессия ұйымдастырылды. Онда ғалымның Қазақстан білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, реформаторлық идеялары мен ұлағатты ұстаз ретіндегі тұлғасы туралы баяндамалар тыңдалды. Іс-шарада секциялық отырыстар, панельдік пікірталастар, шеберлік сабақтар өтіп, жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

✏️Форум соңында С.Пралиевтің құрметіне арналған «Үздік зерттеуші – 2025» байқауының жеңімпаздары марапатталып, оларға арнайы ақшалай сыйлықтар табысталды.

📌Естеріңізге сала кетейік, Серік Жайлаұлы – көрнекті ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, қоғам және білім беру саласының ірі қайраткері. Ол Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің дамуына, педагог кадрларды даярлау ісіне және ғылым мен білімнің интеграциясына зор үлес қосқан тұлға.

03/11/2025

⚜️АЗАМАТ деген атқа лайық болайық!

✨ «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының кезекті шығарылымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Нығыметханова Жайдары азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне назар аударды.

💭Оның айтуынша, жеке деректерді сақтау ең алдымен сол деректердің иесінің жауапкершілігінде болуы тиіс. Бұл үшін әрбір адам фактчекинг дағдыларын меңгеріп, қандай ақпаратқа сенуге болатынын ажырата білуі қажет. Мұндай білімді ерте жастан бастап, әлеуметтік желіні қолданушыларға үйретудің маңызы зор екенін айтты.

#абайуниверситеті #білім #студент #педагогика #Хабар #Азамат

Photos from Abai University's post 05/03/2025

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, Физика және Информатика факультеті, физика кафедрасының профессоры, физика ғылымдарының PhD докторы, Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары академиясының академигі Досан Баймолда Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ғылым, білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Моңғолияның ең жоғары мемлекеттік наградасы -«Найрамдал» (Достық) медалімен марапатталды.👏🏻👏🏻👏🏻

Профессор Досан Баймолда мырзаны мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!🙌🏻


batir
ppf

zhgf




04/03/2025

🏆Біздің университет ғалымдарының кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!!!😍

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ғалымдарына профессор және қауымдастырылған профессор атағы берілді🥳

1. Каймулдинова Куляш Дуйсенбаевна - профессор ғылыми атағы, жаратылыстану және география факультеті;
2. Махаева Айткуль Шайымкуловна - профессор ғылыми атағы, тарих және құқық факультеті;
3. Ғалымбек Қанат - қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, жаратылыстану және география факультеті;
4. Мукатаева Жазира Сағатбековна - қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, жаратылыстану және география факультеті.


batir

ppf

zhgf



Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


Пр. Достык, 13
Almaty
050010

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00