ATU Career Center

ATU Career Center

Share

Центр Карьеры АО “ATУ”

Photos from ATU Career Center's post 31/12/2025
24/12/2025

23 желтоқсан күні сағат 15:00-де Efes Kazakhstan компаниясының университеттердің мансап орталықтарымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында компанияның жаңа кеңсесі таныстырылып, мансап орталықтарының жаңа өкілдерімен танысу ұйымдастырылды, сондай-ақ өткен жылдағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтылды.
Диалогқа ерекше назар аударылды: Efes Kazakhstan өкілдері студенттер үшін қандай форматтар, мүмкіндіктер мен бағыттар қызықты болатынын, университеттермен ынтымақтастықты одан әрі тиімді дамыту үшін талқылады 🤝
Кездесуге келесі жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты: АТУ, ҚазҰУ, Каспий университеті, Тұран университеті, ҚБТУ, UIB.
Кездесу жылы әрі нәтижелі атмосферада өтіп, болашақтағы өзара іс-қимылға арналған идеялар мен пайдалы инсайттармен алмасуға мүмкіндік берді ✨

23 декабря в 15:00 состоялась встреча Efes Kazakhstan с карьерными центрами университетов.
В рамках встречи нам представили новый офис компании, познакомили с новыми представителями центра карьеры, а также рассказали о результатах работы за прошедший год и планах на будущий год.
Особое внимание было уделено диалогу: представители Efes Kazakhstan поинтересовались, какие форматы, возможности и направления были бы наиболее интересны студентам, чтобы выстраивать более эффективное сотрудничество с вузами 🤝
Во встрече приняли участие представители следующих университетов: АТУ, КазНУ, Каспийский университет, Университет Туран, КБТУ, UIB.
Встреча прошла в тёплой и продуктивной атмосфере, с обменом идеями и полезными инсайтами для дальнейшего взаимодействия ✨

19/12/2025

12 желтоқсанда Назарбаев Университетінде жоғары оқу орындарының, жұмыс берушілердің және мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктірген Employer Appreciation & Labour Market Roundtable кездесуі өтті 🤝
Іс-шара аясында «жоғары оқу орны – жұмыс беруші» өзара іс-қимылының негізгі мәселелері, студенттердің жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту және жас мамандарды қазіргі еңбек нарығының талаптарына даярлау тақырыптары талқыланды.
Тақырыптық шағын топтардағы жұмыс пен практикалық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ болашақ мамандарды дамытуға қосқан үлесі үшін жұмыс берушілерге алғыс білдірілген Employer Appreciation Session салтанатты рәсіміне ерекше назар аударылды.
Назарбаев Университетінің Мансап орталығына шақырғаны және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Еңбек нарығының болашағын қалыптастыратын бастамалардың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз!

12 декабря в Назарбаев Университете прошла встреча Employer Appreciation & Labour Market Roundtable, объединившая представителей вузов, работодателей и государственных органов 🤝
В рамках мероприятия были обсуждены ключевые вопросы взаимодействия «вуз – работодатель», развитие навыков трудоустраиваемости студентов и подготовка молодых специалистов к требованиям современного рынка труда.
Особое внимание было уделено работе в тематических подгруппах и обмену практическим опытом, а также церемонии Employer Appreciation Session, ставшей знаком признания вклада работодателей в развитие будущих профессионалов.
Благодарим Центр карьеры Назарбаев Университета за приглашение и отличную организацию. Рады быть частью инициатив, формирующих будущее рынка труда!

18/12/2025

18 желтоқсан күні Philip Morris Kazakhstan фабрикасында (Өтеген батыр ауылы)
техникалық және өндірістік бағыттардағы кадрлық әлеуетті дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
🔹 студенттердің өндірістік және инженерлік мамандықтарға қызығушылығын арттыру жолдары;
🔹 қазіргі таңда өнеркәсіп саласында сұранысқа ие құзыреттер;
🔹 жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді өзара іс-қимыл форматтары;
🔹 студенттерді кәсіби ортаға ерте кезеңде тарту тәжірибелері.
Студенттердің болашақта техникалық және өндірістік салада жұмыс істеуіне ынталандыру тетіктеріне ерекше назар аударылды.
👥 Дөңгелек үстелге мансап орталықтарының өкілдері,
2 кафедра меңгерушісі, сондай-ақ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қатысты.
🤝 Кездесу бизнес пен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, үздік тәжірибелер мен сараптамалық пікір алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

18 декабря на фабрике Philip Morris Kazakhstan состоялся круглый стол, посвящённый развитию кадрового потенциала в технических и производственных сферах.
В ходе встречи участники обсудили:
🔹 как повысить интерес студентов к производственным и инженерным специальностям;
🔹 какие компетенции сегодня наиболее востребованы в промышленности;
🔹 эффективные форматы взаимодействия вузов и работодателей;
🔹 практики раннего вовлечения студентов в профессиональную среду.
Особое внимание было уделено вопросам карьерной ориентации и созданию условий, при которых выпускники в будущем выбирают работу именно в техническом производственном секторе.
👥 В круглом столе приняли участие представители карьерных центров,
2 заведующие кафедрами, а также декан факультета инжиниринга и информационных технологий.
🤝 Встреча стала площадкой для обмена лучшими практиками, экспертными мнениями и укрепления сотрудничества между бизнесом и образовательными учреждениями.

03/12/2025

Бүгін, 3 желтоқсан 2025 жылы, Бас оқу корпусының кіші акт залында «AMERICAN TRIP» ЖШС компаниясымен түлектерге арналған төлемді тағылымдама шарттарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі және Туризм білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Шараға халықаралық бағдарламалар директоры David Causer және компания өкілі Қожахметова Айнұр Маратовна келіп, бағдарламаның мүмкіндіктері мен талаптарын таныстырды.

Сегодня, 3 декабря 2025 года, в малом актовом зале Главного учебного корпуса состоялась встреча со студентами по вопросам условий платной стажировки для выпускников совместно с компанией «AMERICAN TRIP».
Участниками стали студенты образовательных программ Ресторанное дело и гостиничный бизнес и Туризм.
На встрече выступили директор международных программ David Causer и представитель компании Кожахметова Айнур Маратовна, поделившись возможностями и условиями программы.

Today, December 3, 2025, a meeting was held in the Small Assembly Hall of the Main Academic Building together with “AMERICAN TRIP” LLP to introduce and explain the conditions of paid internships for graduates.
Students of the programs Restaurant and Hotel Business and Tourism took part in the session.
International Programs Director David Causer and company representative Ainur Kozhakhmetova presented the opportunities and requirements of the internship program.

03/12/2025

3 желтоқсан 2025 жыл
Бүгін Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінде, оқу корпусы №2Б акт залында EFES Kazakhstan компаниясының эйчар бизнес-партнеры Диара Утебай «Өндірістегі мансаптық жоспарлау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Студенттер өндірісте мансап құрудың тиімді тәсілдері мен HR саласынан құнды кеңестер алды.
Шара мазмұнды сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.

3 декабря 2025 года
Сегодня на факультете Инжиниринга и информационных технологий в актовом зале учебного корпуса №2Б эйчар бизнес-партнер компании EFES Kazakhstan Диара Утебай провела мастер-класс на тему «Карьера в производстве и планирование развития».
Студенты получили ценные рекомендации и практические инсайты о построении карьерного пути в производственной сфере.
Мероприятие завершилось содержательной сессией вопросов и ответов.

December 3, 2025
Today, at the Faculty of Engineering and Information Technology, in the assembly hall of Academic Building №2B, EFES Kazakhstan HR Business Partner Diara Utebay held a master class on the topic “Career Planning in Production.”
Students gained valuable insights and practical recommendations on building a successful career path in the industrial sector.
The event concluded with an engaging Q&A session.

28/11/2025

Бүгін, 28 қарашада, бас оқу ғимаратының кіші акт залында Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің студенттері үшін мазмұнды және тиімді мастер-класс өтті.
Персоналды басқару бөліміның басшысы Жанар Мирасқызы және жетекші маман Назым Қажымханқызы өз тәжірибелерімен бөлісіп, келесі тақырыпта практикалық сессия өткізді:
«Тиімді түйіндеме жазу және Mock-сұхбаттан сәтті өту».
Студенттер келесіні үйренді:
✨ көзге түсерлік түйіндеме қалай жасауға болады,
✨ үміткерлер жиі жіберетін қателіктер,
✨ сұхбат кезінде өзін сенімді ұстау жолдары,
✨ Mock-сұхбатта жиі қойылатын сұрақтар.
Шара өте белсенді әрі қызықты атмосферада өтті — студенттер практикалық тапсырмалар орындап, сұрақтар қойып, нақты сұхбат жағдайларында өзін сынап көрді.
Спикерлерімізге кәсіби кеңестері мен шабыт бергені үшін алғыс айтамыз!

Сегодня, 28 ноября, в малом актовом зале главного корпуса прошёл яркий и продуктивный мастер-класс для студентов факультета Дизайна, технологий текстиля и одежды.
Начальник отдела управления персоналом Жанар Мирасовна и ведущий специалист Назым Қажымханқызы поделились своим опытом и провели практическую сессию на тему:
«Эффективное резюме и успешное прохождение Mock-интервью».
Студенты узнали:
✨ как составить резюме, которое выделяется,
✨ какие ошибки мешают кандидатам получить работу,
✨ как уверенно вести себя на собеседовании,
✨ какие вопросы чаще всего звучат на Mock-интервью.
Атмосфера была очень живой — студенты участвовали в практических заданиях, задавали вопросы и пробовали себя в реальных ситуациях собеседований.
Благодарим наших спикеров за профессиональные советы и вдохновение!

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address


ул Толе би 100/1
Almaty
050012

Opening Hours

Monday 08:30 - 17:30
Tuesday 08:30 - 17:30
Wednesday 08:30 - 17:30
Thursday 08:30 - 17:30
Friday 08:30 - 17:30